3.3 Қашықтан оқытуда цифрлық технологияларды қолдану Тірек мектептерге бекітілген шағын жинақты мектептердің білім беру процесін
«Математика», «Физика», «Химия», «Биология» және «Ағылшын тілі» пәндері бой-
ынша қашықтан ұйымдастыруға болады.
Пәндерді қашықтан оқыту 4 модель бойынша ұйымдастырылады: 1-модель: нақты уақыт режимінде синхронды оқыту, педагог пен білім алушы-
лардың өзара қарым-қатынасы тікелей оқу процесінде жүреді;
2-модель: асинхронды оқыту, мұнда педагог пен білім алушы белгілі бір уақыт
режимінен тыс оқу кезеңінде байланыста болады;
3-модель: білім алушылар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушы-
лар үшін ата-аналармен және (немесе) өзге де заңды өкілдермен өзара байла-
нысты пайдаланып, қашықтан оқытуды және офлайн-форматты біріктіретін ги-
бридті оқыту;
4-модель: консультациялық оқыту, мұнда негізгі мәселе педагогтің белсенді
қолдауымен білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере оқыту.
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін тірек және шағын жинақты мектептердің
«бірыңғай» жұмыс оқу жоспары әзірленеді, ол педагогикалық кеңестердің бір-
лескен отырысында бекітіледі.
Берілген жұмыс түрі Ақтөбе облысындағы ауылдық мектептер мен шағын жи-
нақты мектептерді дамыту бойынша пилоттық жоба апробациясы нәтижелері
бойынша ұсынылған.
Қашықтан оқыту кезінде педагогтер білім беру платформаларының мазмұнын
(BilimlLand, Daryn Online, Roged Science, Күнделік), электронды оқулықтары бар
платформаларды пайдалана (TopIQ.kz, Opig.kz), сондай-ақ әртүрлі интерактивті
қосымшаларды (Wordwall, Padlet, Socrative, Kahoot және т.б.) қолдана отырып,
жеке оқу тапсырмаларын әзірлей алады.
Назар аударыңыз! Қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдары Академия-
ның https://uba.edu.kz/ru/metodology/3?page=21 сайтында қолжетімді
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
70