Үлгерімнің төмендеуінің алдын алу және оқушылардың оқу деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында бақылаудың тиімді түрлерін пайдалана отырып, үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты күшейту қажет. Оқушылардың сабаққа қатысуын, пән мұғалімдерімен жеке консультацияларды, білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша өзге де іс- шараларға қатысуды жүйелі бақылауға алу қажет. Үлгерімі төмен білім алушылар үшін табысқа жету жолдарын белгілеу, «сынып жетекшісі - оқушы - ата-аналар-педагогтер» ынтымақтастықта жұмыс жасауы маңызды.
Ата-аналармен жұмыста: оларды үйде білім алушылармен сабақ оқуға тарта отырып, тұрақты байланыста болу, психологиялық-педагогикалық қолдау
қызметімен бірлесіп үлгерімді жақсарту бойынша кеңестер мен ұсыныстар беру, әңгімелер жүргізу қажет. Білім алушылардың саналы түрде оқу тәртібін дамыту, оқудың оң уәждемесін қалыптастыру бойынша жұмыс жасау қажет.
Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім беру жүйесін ескере отырып орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын орта білім алу деңгейлері бойынша үздіксіз кәсіптік бағдар беру жүйесі құрылуда.
Орта білім беру ұйымдарындағы кәсіптік бағдар беру жұмысын мынадай түрге бөлу ұсынылады:
1-4-сыныптар. Бұл кезеңде ең маңыздысы баланың ішкі психологиялық ресурстарын дамыту болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысының жетекші қызметі: ойын, шығармашылық, ізденіс, зерттеушілік.
1-4-сынып оқушыларын ерте кәсіптік бағдарлаудың мақсаты: әр адамның өміріндегі еңбектің орны туралы бастапқы идеяларды кеңейту; әртүрлі кәсіптер туралы негізгі түсініктерді егжей-тегжейлі көрсету; ойын және басқа әдістер арқылы әртүрлі қызмет түрлеріне ену мүмкіндігін қамтамасыз ету.
1-сынып – әлеуметтік білім алу. Құрастыру сабақтары, үй қолөнерімен танысу, мектеп ішінде экскурсиялар, әртүрлі мамандықтағы адамдармен кездесулер;
2-3-сыныптарда әлеуметтік ақиқатқа құндылық қатынасын қалыптастыру. Рөлдік ойындар, нәтижелі ойындар («Поштада», «Ауруханада», «Дүкенде» және т. б.);
сынып – дербес қоғамдық іс-әрекеттер тәжірибесін алу. Балалар мен ересектердің бірлескен білім беру түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |