Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


STEM/ STEAM технологияларын қолдану бойынша ұсынымдар



бет31/55
Дата25.12.2023
өлшемі385 Kb.
#199124
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57

STEM/ STEAM технологияларын қолдану бойынша ұсынымдар


Материалды іріктеу және дайындау үшін STEM технологиялары нег.ізінде әртүрлі графикалық құралдарды пайдалану, бұйым жасау үшін эскиздерді дайындау, сонымен қатар графикалық және технологиялық құжаттарды әзірлеу кезінде жобалық жұмыс бойынша тәжірибелік сабақтарда мультимедиялық технологияларды қолдану қажет.
«Музыка» пәні бойынша музыкалық шығармашылық бөлімінде шығармашылық жұмыстарда практикалық тапсырмалар мен жобаларды қолдану, білім алушылардың жеке, топтық және ұжымдық жұмыс дағдыларын меңгеруін талап ететін тапсырмаларды енгізу ұсынылады.
«Көркем еңбек» пәні аясында сәндік-қолданбалы өнер бөлімінде
«Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері», «Аксессуарлар», «Бұйымды әшекейлеу» тақырыбы бойынша өз жұмыстарын көрсету үшін мультимедиялық технологияларды, интерактивті тақтаны пайдаланады.
Білім беру сапасын арттыру және теориялық білімді практикамен ұштастыру мақсатында еңбекке баулу, бейнелеу өнері, көркем еңбек пәндерінен кейбір тақырыптық сабақтарды қауіпсіздік ережелерін сақтап, жергілікті жағдайларды ескере отырып, «Жасыл мектеп» жылыжайларында, табиғат аясында, жануарлар саябақтарында, мұражайлар және көрмелерде өткізу ұсынылады.

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ





«Дене шынықтыру» білім саласының мазмұны денсаулықты нығайтуға, негізгі дене сапасын дамытуға және ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған; қозғалыс мәдениетін қалыптастыру, жалпы дамытушылық және түзету бағытындағы дене жаттығуларымен қозғалыс тәжірибесін байыту; дене шынықтыру – сауықтыру және спорттық-сауықтыру іс-әрекеттерінде дағдылар мен біліктілікке үйрету, дене шынықтыру жаттығуларын өз бетінше ұйымдастыруға негізделген.


Дене шынықтыру сабағына қатысушылардың қызметін қатаң реттеу қажет. Бұл сабақтың сауықтыру бағытына ішінара қол жеткізеді. Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жүктемелерді саралауды сақтау қажет. Оқу процесінде өз денсаулығын нығайту және ұзақ уақыт сақтау, еңбек қызметін оңтайландыру және белсенді демалысты ұйымдастыру үшін дене шынықтыру құндылықтарын белсенді пайдалана алатын білім алушылардың жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастыру қамтамасыз етілуі тиіс. Жұмысқа кіріскен кезде педагог білім алушылардың денсаулық жағдайын, жынысын, физикалық дамуын, физикалық дайындығын, психикалық қасиеттерін т.б. даму ерекшеліктерін ескеруі керек.
Дене шынықтыру сабақтарын өткізу кезінде педагогтің басты назары білім алушыларды техникалық даярлауға бағытталуы тиіс.
Білім алушы алдыңғы жаттығуда талаптарды орындағанға дейін жаттығуларды қиындату ұсынылмайды. Жаттығуларды таңдауда білім алушыларды қызықтыра отырып, жаттығуларды орындаудағы техникалық шеберліктерін өсіруге ынталандыру керек.
Дене шынықтыру сабағы кезіндегі білім алушылардың алдына қойылған міндеттердің қиындығын біртіндеп арттыру қозғалыс тұрғысынан да, қабылдау тұрғысынан да сақталуы керек.
Дене шынықтыру сабағының тиімділігі сабақты өткізу әдістемесімен ғана емес, сонымен қатар бірқатар ұйымдастырушылық шарттармен де анықталады:

  • қолда бар жабдықтарды ұтымды пайдалану;

  • оқытудың техникалық құралдарын қолдану;

  • сабақты өткізу орнының ерекшелігін есепке алу (спорт залы немесе мектеп жанындағы спорт алаңы, стадион немесе саябақ, тегіс немесе тегіс емес жер);

  • сыртқы ортаның сипаты және т. б.

Сабақты ұйымдастыру үшін төмендегі жағдайларды қамтамасыз ету:

  1. санитарлық-гигиеналық жағдай жасау;

  2. материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

  3. сабақта айналысатын қызметті ұйымдастырудың әдісін (тәсілін) таңдау, тапсырмаларды жақсы орындауға мүмкіндік береді.

1-4-сыныптарда білім алушылар «салауатты өмір салты» ұғымын білуі,
«жаман әдеттердің» не екенін түсінуі, өздерінің физикалық қасиеттерін анықтай білуі керек.
5-9-сыныптарда қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру бойынша тапсырмаларды орындауы (жалпы дамыту жаттығуларының әртүрлі жиынтықтарын құрастыру, дене шынықтыруға арналған жаттығуларды таңдау), спорттық ойындарда, жарыс әрекеттерінде пайдалану үшін креативті ойлауды дамыту, сонымен қатар бос уақытын ұйымдастыра білуі керек.
10-11-сыныптарда оқушылардың оқу жүктемесі мен демалысын жоспарлай білуі, денені дамыту жаттығуларын таңдау, дене жаттығуларының техникасын талдау, алған білімдерін өз бетінше оқуға қолдана білу керек.
Сабақтарда дене тұрқының дамуына әсер ететін қозғалыс сапаларын ғана емес, шығармашылық қабілеттерді де дамыту, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру қажет.
Қауіпсіздік ережелері сабақ кезіндегі жарақаттарды азайтуға бағытталған және оқу процесінің барлық қатысушылары үшін міндетті болып табылады. Қауіпсіздік ережелері келесіге бөлінеді:

  1. дене шынықтыру сабақтарындағы қауіпсіздіктің жалпы ережелері;

  2. сабақтың алдында, уақытында және соңындағы қауіпсіздік ережелері;

  3. спорттық – бұқаралық және дене шынықтыру – сауықтыру іс-шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары;

  4. жазатайым оқиғалар мен төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік талаптары.

Қауіпсіздік ережелерінің мазмұны спорт түріне және сабақ өтетін орынға байланысты. Әр спорт түрінің өз ережелері мен талаптары бар.
«Дене шынықтыру» пәні сабақта білім алушылардың жеке қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Адамгершілікке тәрбиелеуде үлкен нәтижеге жету үшін әр сабақта әр түрлі тәрбие құралдарын пайдалану қажет. Оларға мыналар жатады:

Жеке қасиеттерді тәрбиелеу үшін білім алушыларға қиын, бірақ орындауға болатын міндеттерді қойып, мақсатқа жетуді ынталандыру қажет. Сонымен, батылдық пен табандылықты тәрбиелеу үшін шешім қабылдай алмау мен
қорқыныштан арылуға байланысты жаттығуларды қолдануға болады, мысалы, тірек секіру, гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар және т. б.
Дене шынықтыру педагогтеріне «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу- тәрбие процесін ұйымдастыруда оқу-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Ұлттық ғылыми- практикалық дене тәрбиесі орталығы әзірлеген әдістемелік материалдарды пайдалану ұсынылады.
Ерекше қажеттіліктері бар балалар оқытылатын сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарында олардың дағдыларын, қабілеттерін, денсаулық жағдайын ескере отырып, жеке тәсілді жүзеге асыру қажет, сабақты оқыту әдістері мен балаларға жүктемені бөле отырып, соған сәйкес жоспарлау және нысандарды таңдау керек.
Инклюзивті білім беруді іске асыру шеңберінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған Инклюзивті білім беру жағдайында «Дене шынықтыру» пәнінің оқу бағдарламаларын іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар пайдалануға ұсынылады. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА – Астана, 2023. (https://uba.edu.kz/ru «Әдістемелік ұсынымдар» бөлімі).
Жаңа оқу жылынан бастап білім алушылардың денсаулығын нығайту және дене белсенділігін арттыру мақсатында барлық орта білім беру ұйымдарында міндетті таңертеңгілік жаттығулар өткізу ұсынылады.
Міндетті таңертеңгілік жаттығуды өткізу үшін Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығы әзірлеген «Дене сергіту» челленджін өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алу ұсынылады. Әдістемелік ұсынымдар https://www.nnpcfk.kz/index.php/kk/adistemeli-m-teri-ld-r сайтында қарастырылған.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында Білім беру ұйымдарында мектептен тыс спорттық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әзірлеген спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар пайдалануға ұсынылады (https://www.nnpcfk.kz/index.php/ru/metodicheskie-materialy, «Әдістемелік материалдар» бөлімі).
Жалпы білім беретін мектептердің 5-9-сыныптарына арналған «Дене шынықтыру» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы аясында «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» оқу курсының мазмұны жүзеге асырылады. Дене шынықтыру сабақтарында қауіпсіздік ережелері бойынша негізгі тақырыптармен қатар мыналарды оқып-үйрену ұсынылады:

    • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайында, орманда және тұрғын кварталдарда жүріс-тұрыс ережелері;

    • зиянды әдеттердің алдын алу;

    • шамадан тыс шаршау: себептері және алдын-алу;

    • дұрыс тамақтану;

    • шұғыл жағдайларда алғашқы көмек.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша сабақ кестесін жасау кезінде бір спорт залында бірнеше сыныптарда сабақ қатар жүргізілетін болса, білім
алушылардың жас ерекшеліктерін сақтауды ескеру қажет. Мысалы, бір уақытта 5-6; 7-8 және 9, 10-11-сыныптарда сабақ өткізуге болады.
Бұқаралық спортты насихаттау, білім алушыларды дене шынықтыру мен спортқа жүйелі түрде баулу, салауатты өмір салтын насихаттау аясында жыл сайын Ұлттық мектеп лигасы өткізіледі.
2023-2024 оқу жылында Ұлттық мектеп лигасы спорттың 10 түрінен («Шұбар доп» волейбол, «Алтын доп» баскетбол, «Былғары доп» футбол,
«Теңбіл доп» футзал, «Ұшқыр доп» гандбол, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық,
«Ақбоз ат» шахматы, үстел теннисі, жеңіл атлетикалық кросс) өткізіледі.

АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ


Алғашқы әскери және технологиялық дайындық білім алушыларға әскери- патриоттық және адамгершілік тәрбие берудің жалпы жүйесінде олардың өзіндік санасын, танымдық қызығушылықтарын, коммуникативті дағдыларын, ерік- жігер қасиеттерін, алғашқы практикалық іскерліктерін, әскери іс дағдыларын, робототехниканың теориялық негіздерін, автокөлік жүргізу, цифрлық фото және видеоқұралдарды пайдалану дағдыларын дамытуда маңызды орын алады. Оқу пәні қазақстандық армияның даму тарихымен танысып, оның қазіргі жай-күйін зерделей отырып, ерік-жігері мықты, қайсар, дені сау, функционалдық сауатты әскери тұлғаны дамытуға бағытталған.


Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және практикалық сабақтарда да жүзеге асырылады: теориялық сабақтар негізінен дидактикалық материалды, техникалық құралдарды және оқытудың инновациялық әдістерін пайдалана отырып әңгіме және әңгімелесу түрінде өткізіледі; практикалық сабақтар оқу-жаттығу құралдарын және басқа да жабдықтарды пайдалана отырып, оқытылатын материалды бекітуге бағытталған. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері және ақпараттық технологиялар бөлімінде азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері бойынша сабақтар, бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының халқын табиғи апаттардың, ірі авариялардың, апаттардың зардаптарынан қорғау бойынша жүргізілетін іс-
шаралар және терроризм актілері қарастырылған.
10-сыныпта оқушылардың практикалық іскерліктері мен дағдыларын дамыту, сонымен қатар әскери істерді оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру мақсатында оқу жылының соңында әскери бөлімдердің базаларында (әскери бөлімдердің қолбасшылықтарының келісімі бойынша) немесе тиісті оқу-материалдық базасы бар білім беру ұйымдарында жас жігіттермен 30 сағат көлемінде бес күндік далалық (лагерь) оқу-жаттығу жиындары өткізіледі.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабақтары әртүрлі интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып, тәжірибеге бағытталған болуы керек. Тәжірибелік сабақтардың басталуына дейін тыңдаушылар негізгі міндеттерді орындау және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндетті нұсқамадан өтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет