Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет98/157
Дата31.08.2022
өлшемі1,59 Mb.
#148406
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   157
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

«Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығымен (толықтырулар мен өзгерістер 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықтың 15-қосымшасында берілген) бекітілген.



«Биология» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген.


Оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасында жаңартылған мазмұндағы барлық бөлімдер толығымен сақталған, айырмашылық бөлімшелер бойынша оқыту мақсаттарына өзгерістер енгізілген. Кейбір оқу мақсаттары біріктіріліп, берілсе, кейбір мақсаттар қысқартылып берілді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы (аптасына 2 сағат оқу жүктемесімен) 10 – сынып бойынша оқу бағдарламасында 3 зертханалық жұмыс, 4 модельдеу сабақтары берілген.
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11 – сыныптарға арналған «Биология» пәнінің биылғы оқу жылындағы оқу бағдарламасында (аптасына 1 сағат оқу жүктемесімен) 2017 жылы бекітілген оқу бағдарламасының мазмұны толық сақталды. Мұнда да кейбір оқу мақсаттары мен зертханалық жұмыстар қысқартылды. 11-сыныпта 3 зертханалық жұмыс, 1 модельдеу сабағы берілген.

  1. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сүйеніп, бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны

«Биология» пәні бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.



Формативті бағалау, БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша білім алушыларға тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады. (9-тармақпен толықтырылды. Жаңа редакцияда ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2022ж №193 бұйрығы)
БЖБ үшін максималды балл 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек.. (14-2-тармақпен толықтырылды. Жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2022ж №193бұйрығы)

«Биология» оқу пәнінен бөлімдер бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) қарастырылған. 16.2-16.3-кестелерде бөлім бойынша жиынтық бағалау саны берілген.


16.2-кесте. «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша БЖБ саны



Сынып


БЖБ саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7

3

3

3

3

8

3

2

3

3

9

3

3

3

3

ЖМБ 10

2

3

3

3

ҚГБ 10

1

1

1

1

ЖМБ 11

2

3

3

3

ҚГБ 11

1

1

1

1

16.3-кесте. Төмендетілген оқу жүктемесі бойынша БЖБ саны



Сынып

БЖБ саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7

1

1

1

1

8

1

1

1

1

9

1

1

1

1

ЖМБ 10

2

3

3

3

ҚГБ 10

2

3

3

3

ЖМБ 11

3

3

3

2

ҚГБ 11

2

3

3

3




  1. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес зертханалық, практикалық және модельдеу жұмыстардың саны

Практикалық дағдылар биологиялық білім беру мазмұнының маңызды бөлігі болып табылады.
Сабақта үлкейткіш құралдарды қолдану, аспаптармен және препараттық инемен жұмыс, уақытша микропрепараттар дайындау, оларды микроскоппен қарап, анықтау сияқты іс-әрекеттер де тәжірибелік дағдыларға жатады.
«Биология» пәнін оқыту зияткерлік немесе ақыл-ой дағдыларын дамытуды қамтиды. Мысалы, таным процесін жетілдіруге бағытталған атау, сипаттау, негіздеу, анықтау, салыстыру, жалпылау және т. б. сипаттамалар бар.
Білім алушылар тәжірибе жұмыстарын орындау кезінде алған деректердің негізінде жаңалықтар ашады, табиғаттағы заңдылықтарды өз бетімен табады, деректерді өңдеу, нәтижелерді талқылау, жоспарлау мен өз зерттеу сұрағына жауап іздеу үшін өзінің зерттеу жұмысын жүргізу жұмыстарын үйренеді.
Зертханалық және практикалық жұмыстардың саны төмендегі кестеде берілген.

16.4-кесте. 7-11 – сыныптарға «Биология» пәні бойынша модельдеу және зертханалық жұмыстар саны





Сыныптар

Зертханалық жұмыстар

Моделдеу

Зертханалық жұмыстар

Моделдеу

Жаңартылған мазмұн бойынша

Төмендетілген оқу жүктемесімен

7

14

4

12

2

8

14

2

9

2

9

8

6

5

4

10 ЖМБ

8

4

4

3

10 ҚГБ

5

1

5

1

11 ЖМБ

13

3

4

2

11 ҚГБ

7

2

7

2

Нәтижесінде білім алушылар биология сабақтарында практикалық тапсырмаларды шешу үшін білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған қоршаған ортаны дербес зерттейді.



  1. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстар

Үлгілік оқу жоспарына (төмендетілген оқу жүктемесімен) сәйкес, 10-11 – сыныптарға (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы) вариативтік компонентке 8 сағат бөлінген, оның ішінде инварианттық компоненттен таңдау пәндеріне 4 сағат, элективті курстарға 3 сағат берілген (1 сағат спорттық ойындар). Осыған байланысты «Биология» пәнінен де вариативтік компонент есебінен курс жүргізуге болады. Курс бағдарламасын пән мұғалімі өзі әзірлейді. Әрі қарай «Биология» пәнінен элективті курстарға ұсыныс ретінде бірқатар тақырыптар тізімі беріледі.
Қолданбалы курстарға немесе таңдау курстарына ұсынылатын тақырыптар:

  • Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер;

  • Дұрыс тамақтанудың денсаулықты сақтаудағы ролі;

  • Экологиялық этика;

  • Биологиялық белсенді қоспалар және олардың денсаулыққа әсері;

  • Үй іргесіндегі телім;

  • Денсаулықты күту және нығайтудың негізгі аспектілері;

  • Нанотехнология жетістіктері т.б.

  1. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын бүгінгі күнде өзекті әдістемелік тақырыптар

«Биология» пәні бойынша әдістемелік бірлестікте қарастыру үшін ұсынылатын өзекті мәселелер мен тақырыптар:

  • Медициналық оқу орнына даярлау сапасын арттыру тәсілдері;

  • Биологияны оқытудың отандық әдістемелері;

  • Республикалық және Халықаралық олимпиадаларға дайындау жұмыстарын ұйымдастыру;

  • «Биология» пәнін оқыту процесінде тәрбие аспектілерін қамту әдістері;

  • Шығармашылықты талап ететін тапсырмалар арқылы жеке қабілеттерін дамыту.

  1. Пән мазмұнының және оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру

«Биология» пәнінің мазмұны тірі табиғат туралы білім берумен қатар, бойында адамгершілік құндылықтарға негізделген тәрбие аспектілерін де қамтиды. Биологиялық білім беру білім алушыларды табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
«Биология» пәнінің мазмұны қамтитын тәрбие элементтері:
адамгершілік тәрбие,экологиялық тәрбие, дене тәрбиесі, гигиеналық тәрбие, патриоттық тәрбие.
Экологиялық тәрбиенің жаңа құндылықтар жүйесі:

  • табиғаттың моральдық-этикалық бағалауының өзгеруі;

  • экологиялық білім мен дағдыларды қалыптастыру;

  • экологиялық білімді, экологиялық ойлауды қалыптастыру;

  • табиғатты тұрақты құндылық ретінде түсіну;

  • адамды табиғаттың органикалық бөлігі ретінде түсіну.

Экологиялық білім мен тәрбие беру «Биосфера, экожүйе, популяция»,
«Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімшелерінде қарастырылған. Экожүйеге жағымсыз әсер ететін адамзаттың іс-әркеттері, биологиялық әртүрлілікті сақтаудың маңызы, озон қабатының бұзылуының себептері мен салдарын түсіндіру арқылы білім алушының табиғатқа деген жанашырлық сезімін оятып, қоршаған ортаны қорғауға баулу басты міндеттердің бірі болып есептеледі.
Дене тәрбиесіне қатысты оқу мақсаттары «Тірі организмдердің көп түрлілігі, құрылымы мен қызметтері» бөлімінде берілген. Мысалы, «Қоректену» бөлімшесінде ас қорыту жолы ауруларының алдын алуға, «Заттардың тасымалдануы» бөлімшесінде дене жаттығуларының денсаулыққа әсері, аурулардың алдын алуындағы вакцинаның ролі қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың айырмашылығы туралы, тыныс алу мүшелері ауруларының себептері мен олардың алдын алу жолдарын түсіндіру арқылы зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелейді.
«Қозғалыс» бөлімшесінде сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алуда спортпен айналысудың пайдасы зор екенін саналарына сіңіру қажет.
Патриоттық тәрбие «Биология» пәнінде «Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімшесінің Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өсімдіктері, Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру тақырыптарында көрініс табады.
«Микробиология және биотехнология» бөлімшесіндегі ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу тақырыптары арқылы құрт, ірімшік, айран секілді қазақтың ұлттық тағамдарын дәріптеп, ұлтқа деген сүйіспеншілікті арттыруға көңіл бөлген дұрыс болады.
Гигиеналық тәрбие мәселесі де пән мазмұнында оқу мақсаттарымен берілген. Мысалы, бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу, жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы, сифилис, гонорея сияқты жыныстық жолмен берілетін аурулардың алу үшін салауатты өмір салтын ұстануға баулумен қатар, білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтарын дарытуды мақсат ету керек.




  1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 71 және 72-тармақтарына сәйкес «География» жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегі оқу пәндеріне жатады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11 сыныптарда «География» оқу пәні екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылар санына қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде сыныпты топтарға бөлуге жол беріледі.

  1. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілік қағидаларының 24-тармағына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түріне және нысанына қарамастан оқу процесі жүзеге асырылатын үлгілік оқу жоспарларын, оның ішінде қысқартылған оқу жүктемесі бар жоспарларын дербес таңдайды. (өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 29 желтоқсандағы 614 бұйрығымен енгізілді).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес «География» міндетті пән болып табылады. (өзгерістерімен және толықтырулар ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен енгізілді, 6, 87, 88- қосымшалар).
Оқу жоспарлары бойынша «География» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;

  2. 8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;

  3. 9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;

  4. ЖМБ, 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;

  5. ҚГБ, 10-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;

  6. ЖМБ, 11-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;

  7. ҚГБ, 11-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты құрайды.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарларына сәйкес, 16, 22, 23-қосымшалары, үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқу жүктемесі 7-, 8-, 9-, 10-11- (ЖМБ) сыныптарда аптасына 1 сағатқа төмендетілді.
Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша
«География» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;

  2. 8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;

  3. 9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;

  4. ЖМБ 10-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты;

  5. ҚГБ 10-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты;

  6. ЖМБ 11-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты;

  7. ҚГБ 11-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты құрайды.

Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.



  1. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

2022-2023 оқу жылында «География» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламаларын басшылыққа алынады:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9- сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 7- 9-сыныптарына арналған «География» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған

«География» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің 10- 11-сыныптарына арналған «География» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы

  1. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны

Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 17.1, 17.2-кестелерінде берілген.
17.1-кесте. «География» пәні бойынша жиынтық бағалау саны



Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

3

2

3

3

8-сынып

3

3

3

2

9-сынып

3

2

3

3

10-сынып, ЖМБ

3

1

2

2

10-сынып, ҚГБ

2

1

2

2

11-сынып, ЖМБ

3

1

2

2

11-сынып, ҚГБ

2

1

2

2

17.2-кесте. «География» оқу пәні бойынша ұсынылатын жиынтық бағалаулар саны (оқу жүктемесі төмендетілген)





Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2

9-сынып

2

2

2

2

10-сынып, ЖМБ

3

1

2

2

10-сынып, ҚГБ

3

1

2

2

11-сынып, ЖМБ

3

1

2

2

11-сынып, ҚГБ

3

1

2

2




  1. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес зертханалық, практикалық және модельдеу жұмыстарының саны

Білім алушыларды әртүрлі географиялық ақпарат көздерімен, олардың ішінен қажетті материалдарды табу, талдау, түсіндіру, бағалау және қойылған мақсатқа жету үшін қолдану. Ақпарат көздеріне байланысты жұмыс түрлерін ұйымдастыру маңызды болып табылады.
Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында танымдық белсенділікті жандандыру, оқу материалдарына танымдық қызығушылықты қалыптастыруға және дамытуға баса назар аудару қажет.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны (АКТ) сабақта қолдану ұсынылады, бұл оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру арқылы оқу сапасына ықпал етеді. АКТ ақпаратты әр түрлі формада беруге мүмкіндік береді: тест, графика, аудио, видео, анимация және т.б.; ауқымдық ақпаратты бөліктерге бөлу, нәтижесінде оқу материалы оқулық мәтініне қарағанда оңай меңгеріледі.
Танымдық белсенділікті ынталандыратын, пәнге деген қызығушылықты дамытатын, білім сапасын арттыруға ықпал ететін оқытудың әртүрлі әдістеріне, құралдары мен формаларына ерекше назар аудару керек.
Осындай оқыту әдістері мен формаларының қатарына картамен жұмыс, шығармашылық жұмыс, тірек конспектілерді қолдану, нақты тақырыптар мен практикалық жұмыстардан тұратын Өлкетану материалдары негізінде оқу материалын саралау, оқулықтардың (оқулық басылымдарының) электрондық нысандарын, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) құралдарын, жеке бөлімдерді терең зерттеу мақсатында бейнематериалдарды пайдалану ұсынылады.

  1. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары

Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстардың ұсынылатын тақырыптары:

  1. Туризм географиясы.

  2. Этногеография.

  3. Рекреациялық география.

  4. Топография және картография негіздері.

  5. Экологиялық география.

  6. «Киелі-қасиетті жерлер» географиясы (сакральная).

  7. Гуманитарлық география.

  8. Қоғамдық география.

  1. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын әдістемелік тақырыптар

«География» пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын ұсынылатын әдістемелік тақырыптар:

  • «Жас мұғалімдерге арналған тәлімгерлік»;

  • «Дарынды білім алушылармен жұмыс»;

  • «География» пәнін оқыту сапасы және функционалдық сауаттылық»;

  • «География» пәні бойынша зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру»;

  • «Білім алушыларды «География» пәні бойынша сайыстарға, конкурстарға дайындау» және т.б.

  1. Пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру

«География» пәнін оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру пәннің ерекшеліктеріне байланысты. «География» – табиғи, қоғамдық, әлеуметтік нысандарды, құбылыстарды, үдерістерді бірлікте қарастыратын маңызды пән.
Оқу пәнінің мазмұны «Адам – Табиғат – Қоғам – Мәдениет» жүйесіндегі жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге, табиғи байлықтарды, туған өлкені тануға; Жер, қоршаған орта, табиғат, оның алуан түрлілігінің себептері, халқы және шаруашылық қызметі туралы білімді меңгеруге бағытталған.
Оқу пәнінің тәрбиелік әлеуетін іске асырудың үш негізгі бағытын атап өтетін болсақ: олар - оқу материалының мазмұнын таңдау; сабақтың құрылымын жетілдіру; қарым-қатынасты ұйымдастыру.
Білім беруді жаңғыртудың жетекші идеяларының бірі оның жалпы мәдени маңызын күшейту болып табылады, бұл оқу бағдарламасы мазмұнының тәрбиелік әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Табиғи және ғылыми таным әдісін жүзеге асыру кезінде оқушылардың географиялық және экологиялық білімін қалыптастыру процесінде табиғатқа эмоционалды және құнды қатынасын, биосфераның дамуына жауапкершілік сезімін, планетаның экологиялық әл- ауқатын тәрбиелеуге ерекше назар аудару керек. Экологиялық проблемаларды жаһандық, аймақтық немесе жергілікті деңгейде қарау ұсынылады.
География сабақтарында оқушылардың табиғи орта объектілеріне эстетикалық қатынасы қалыптасады, практикалық экологиялық маңызы бар іс- әрекеттің тәжірибесі кеңейеді, оның ішінде оқушыларды сабақтан тыс уақытта балалардың экологиялық орталықтарының жұмысына, балалардың қоғамдық бірлестіктерінің экологиялық бағдарланған ойын бағдарламаларына қосу нәтижесінде.
Жалпы орта білім беру мазмұнында патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, Еңбек және шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім беру сияқты базалық құндылықтар айқындалған. Оларды егу өлкетану компонентін оқыту мазмұнына қосумен тығыз байланысты болуы керек. Патриоттық тәрбие міндеттерін шешу аймақтық өлкетануды зерттеуден басталуы керек, сабақ барысында пәнаралық байланысты сақтау қажет.
«География» оқу пәні білім алушыларға әлеуметтік рөл мен болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі, оқушы тұлғасының жалпы мәдениетін, оның сауаттылығын қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Пәнді оқу нәтижесінде оқушылардың бойында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстанның флорасы мен фаунасын, табиғатын сақтау бойынша практикалық міндеттерді өмірде табысты шешуге мүмкіндік беретін іскерліктер мен дағдылар, құзыреттер қалыптастырылатын болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет