ОқупәнініңмазмұныбойыншаҮлгілікоқубағдарламаларынаенгізілгенөзгерістер мен толықтырулар
2022/2023оқужылында«Қазақстантарихы»оқупәнібойыншаоқупроцесі«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 2019 ж. 26 шілдедегі № 334, 2019 ж. 7 наурыздағы
№ 105 және 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға (жаңартылған мазмұндағы және оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылады.
2022/2023оқужылында«Қазақстантарихы»оқупәнібойыншаоқупроцесінұйымдастыруда келесіоқубағдарламаларықолданылады: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы
«26» шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылғанмазмұндағыүлгілік оқу бағдарламасы,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы
«27»қарашадағы № 496 бұйрығымен бекілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен оқужүктемесітөмендетілгенүлгілік оқу бағдарламасы;
Жалпыортабілімберудеңгейінің10-11-сыныптарыбойынша: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «7» наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің
10-11-сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018382);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы
«27»қарашадағы № 496 бұйрығымен бекілген Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған
«Қазақстан тарихы» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы қолданылады.
Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту:
білім алушылардың ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктерін, қазақ халқының мәдени және тарихи мұрасының құндылығы мен ерекшелігін түсіну, қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
5-9-сыныптарда «Қазақстан тарихы» оқу пәніне бөлінген 2 сағат оқу жүктемесі сақталған (18.1-кесте) және осы сыныптарда «Қазақстан тарихы» Үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 7-9-сыныптарда «Қазақстан тарихы» оқу пәніне 1 сағат бөлінген (18.1-кесте) және осы сыныптарда «Қазақстан тарихы» оқужүктемесітөмендетілгенүлгілік оқу бағдарламасымен оқытылады.
Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша
«Қазақстан тарихы» оқу пәнінен 7-9-сыныптарға арналған Үлгілік оқу бағдарламасында (негізгіүлгілікоқубағдарламасындағы) қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған, айырмашылық тақырыптар мен оқыту мақсаттарына өзгерістер енгізілген.
Мысалы, 7-сыныпта XVIII ғасырдағы халық ауыз әдебиеті және материалдық мәдениет тақырыптары; 9-сыныпта Тәуелсіздік жылдарындағы білім, ғылым және мәдениеттің дамуы тақырыптары біріктірілді. Сонымен қатар, бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары нақтыланып, кейбір оқыту мақсаттарының реті өзгертілді.