Қазақстан Республикасының



бет11/13
Дата23.10.2016
өлшемі2,34 Mb.
#35
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Дәрісті бекіту сұрақтары:1 Соғыс кезіндегі ел өмірі шындығы суреттелетін

Т.Ахтановтың қандай шығармасы бар екен?

2.Тақырыбы – соғыстың өзі емес, оның алыс

қазақ ауылындағы жаңғырығы қай жазушының

шығармасында бейнеленеді?

3. Соғыс кезінің шындығын Н.Ғабдуллин қай романда суреттеді?

4. Соғыс кезінің шындығы тағы кімдер өз

шығармаларына арқау еткен?


Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,15,26,27,28, 29,30,33,34,44,64,73.

Тәжірибелік сабақтардың қысқаша сипаттамасы.
1. Тәжірибелік сабақ: 1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы
Сабақтың мақсаты: 1960-2000 жылдардағы әдебиеттің дамуын қандай дәрежеде меңгергенін тексеріп, бағалау .

Сабақ жоспары: 1.Жаңғыру кезіндегі қазақ әдебиеті.

2.Мал шаруашылығын өркендетуге байланысты туған шығармалар.

3. М.Әуезовтің "Өскен өркен "романы жайында.

4. Қазақстандағы тың көтеруге байланысты туған жаңа

туындыларға шолу.

5.Зеиін Шашкиннің «Ұядан ұшқанда» , «Тоқаш Бокин»,

«Темір қазық», «Доктор Дарханов» , «Сенім» «Өмір

тынысы» шығармаларындағы жаңа адам бейнесі.

6. Қ.Исабаевтің «Сұңқар самғауы» романы.

Әдістемелік нұсқау:. Қазақ әдебиетінің алпысыншы жылдардан кейінгі даму сипаты туралы әдеби-эстетикалық, қоғамдық саяси ойлардың маңызы мен мәні. Жаңа бетбұрыс пен даму процесіндегі көлемдік, сапалық өзгерістер.Дәстүр мен жаңашылдыққа,түр мен жанрдағы ізденістерге,әдебиеттегі саннан сапаға мән беріле бастауына көңіл аудару керек.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5,7, 8, 9, 10, 11, 12, 13,14, 15, 17, 21, 22,23 ,24, 38, 41,45,58, 60, 70.
2. Тәжірибелік сабақ: 1960-2000 жыл кезіндегі әдебиеттің әдеби-

эстетикалық, саяси әлеуметтік даму жайы
Сабақтың мақсаты:: Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетінің тарихын жүйелей оқыту мен зерттеудің басты принциптерін қандай дәрежеде меңгергені тексеріп бағалау.

Сабақ жоспары:1. Қазақ әдебиетінің 60-ншы жылдардан кейінгі даму

сипатына тоқталу.

2. Жаңа бетбұрыс пен даму процесіндегі көлемдік, сапалық

өзгерістер.

3.1989 жылдардан басталған Алаш арыстары

шығармаларының әдеби айналымға ене бастауы.

4. Ел тәуелсіздігі және әдебиеттегі көркемдік-эстетикалық,

ұлттық-гуманистік өркендеу үдірісі.



Әдістемелік нұсқау: Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетінің тарихын жүйелей оқыту мен зерттеудің басты принциптері. Қазақ әдебиетінің алпысыншы жылдардан кейінгі даму сипаты туралы әдеби-эстетикалық, қоғамдық саяси ойлардың маңызы мен мәні. Жаңа бетбұрыс пен даму процесіндегі көлемдік, сапалық өзгерістер. С.Сейфулин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сықылды қазақ әдебиетінің негізін салушы жазушылардың шығармаларының әдеби ағымға оралуы, олардың творчествосының зерттеле басталуы.

1989 жылдардан басталған Алаш арыстары шығармашылықтарының әдеби айналымға ене бастауы. Ел тәуелсіздігі және әдебиеттегі көркемдік-эстетикалык, ұлттық-гуманистік өркендеу үдірісі.


3. Тәжірибелік сабақ: 1960-2000 жылдардағы проза жанрының

тақырыптық тенденциялары

Сабақтың мақсаты: Тақырыптық тенденция дегеніміз не екендігін толық меңгердіме тексеріп, бағалау.

Сабақ жоспары: 1. Әдебиеттің көп жанырлығы.

2. Қазақ прозасының көркемдік өсуі мен дамуы.

3. 1970-1980 жылдардағы қазақ прозасының әкелген жаңалықтары.

Әдістемелік нұсқау: Қазіргі әдебиетіміздегі проза жанрының тақырыптық тенденцияларына байланысты жазылған ғылыми еңбектерді қараңыз. Қазақ прозасының көркемдік өсуі мен дамуына байланысты жазылған ғылыми мақалаларға назар аударыңыз. Пайдаланатын әдебиеттер тізіміндегі осы тақырыпқа байланысты кітаптарды тауып оқыңыздар.

Әдебиеттер: 1,2,3,4, 5,7, 8, 9, 10, 16, 17, 20,21, 22, 23, 25, 22,23 ,25, 41,45,58, 62.
4. Тәжірибелік сабақ: Ұлы Отан соғысына қатысқан ақын

жазушылардың шығармашылықтары
Сабақтың мақсаты: Ұлы отан соғысын бастарынан кешкен ақын-жазушылардың шығармаларын толық меңгердіме тексеріп, бағалау.

Сабақ жоспары: 1. Ұлы Отан соғысын бастарынан кешкен ақын-жазушылар және олардың

шығармалары .

2.Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер»романының сюжеттік желісі.

3.Соғыс туралы деректі прозалар Ә.Шәріпов пен Қ.Қайсеновтің

партизан жазбалары.

Әдістемелік нұсқау: Ұлы Отан соғысы тақырыбы сол соғысты басынан

кешкен М.Ғабдуллиннің «менің майдандас достарым»,Б.Момышұлының «Төлеген Тоқтаров», «Біздің генерал», Ә.Шәріповтың «Ормандағы от», Қ.Қайсеновтың «Жау тылында» атты публицистикалық толғау, роман,повесть,әңгіме, партизан ақын Ж.Саинның «Жорық жолдары»,Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін, Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз», С.Мәуленовтың «Жеңіс жүрек», Т.Бердияровтың «Оқ пен гүл», т.б. алуан жанрдағы туындыларында бейнеленуі.Ұлы Отан соғысы жастық шағы сол кезеңге дөп келген ұрпақ өкілдері Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді», М.Мағауиннің «Бір атаның балалары», Д.Исабековтың «Біз соғысты көргеміз жоқ», С.Мұратбековтың «Жабайы алма» повесть-романдарында,Е.Ибраһимнің «Өмір өлмейді», Ө.Нұрғалиевтың «Соғыстың соңғы жазы», т.б. поэмалары мен өлең кітаптарында көрініс табуы.



Әдебиеттер: 1,2,3,4, 5,8, 9, 10, 16, 17, 20,21, 22, 23, 25, 22,23 ,25, 41,45,58,62.
5. Тәжірибелік сабақ: Ұлы поэзияның жаңа көркемдік белестері

Сабақтың мақсаты: Ұлттық поэзияның түр саласындағы ізденістері де дәуір сыпатынан туатындығын, жалпы поэзияның осы жылдардағы дамуын студент қандай дәрежеде

меңгергенін саралап бағалау.



Сабақ жоспары:1.1960-1970жылдары әдебиетке келген жас ұрпақтардың, лириканы жаңа

сапаға көтергендігі .

2.Туған жерге арналған өлеңдер.

3. Осы кездегі қазақ поэзиясындағы лириктік жаңа беталыс.

4.Осы жылдардағы қазақ поэмалары.

5.Ж.Молдағалиев,Х.Ерғалиев,Ғ.Қайырбеков поэмалары.



Әдістемелік нұсқау:1960-1970жылдары әдебиетке келген жас ұрпақтар

Ғ.Қайырбеков,І.Мәмбетов,Т.молдағалиев,Қ.Мырзалиев,С.Жиенбаев,М.Мақата,Е.Ибрагим,Ш.Мұхамеджанов,Ж.Нәжімеденов,Т.Айбергенов,С.Асановтардың поэзияны,әсіресе,лириканы жаңа сапаға көтергеніне назар аудару керек.



Әдебиеттер : 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 26, 27, 28, 29, 30, 41, 44, 45, 64 .
6. Тәжірибелік сабақ: Жаңғыру кезіндегі драматургияның дамуы
Сабақтың мақсаты: Осы кезеңдегі таңдаулы драмалық шығармаларды, олардағы сөз бен іс,тартыс сипатын қаншалықты меңгергені, драма,комедия,пьеса,трагедия дегенімізді ажырата алама соны тексеріп бағалау.

Сабақ жоспары: 1.Қазақ халқы өмірінің әр кезеңін шығармаларына арқау етіп, жарқын

тұлғалар жасаған драматург Ш. Құсайыновтың пьесалары.

2.Ә.Тәжібаевтің «Көңілдестер»,«Жалғыз ағаш орман емес», «Майра»,

«Той боларда» пьесалары.

3.М.Әуезовтің,3.Шашкиннің,Қ.Мұхамеджановтың,

С.Адамбековтің комедиялары.

4.Драманың түрлері мен даму тарихы.

5.Драманың қазіргі жай-күйі.

6. Драмадағы дәстүр мен жаңашылдық сипаты,

7. Драманың өзекті мәселелері Әдістемелік нұсқау: Қазақ халқы өмірінің әр кезеңін арқау еткен, Кеңестік асыра сілтеу науқандары тұсында,бас көтерер адал адамдарды шырмаған жалақорлыққа қарсы үн көтерген драмаларға назар аудару.



Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 31, 32, 33, 41, 43, 45.

7. Тәжірибелік сабақ: Әдеби сын мен әдебиеттану тарихы және қазіргі

әдеби үрдістің жаңашылдық қырлары
Сабақтың мақсаты: Әдеби сын мен әдебиеттану тарихының, қазіргі әдеби үрдістің

жаңашылдық қырларын қандай деңгейде меңгергендігін тексеріп бағалау.



Сабақ жоспары: 1. Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының тарихи белестерінің кезеңдері.

2. Қазақ әдебиетінің даму жолдарын саралау.

3. Ұлттық әдеби сынның тарихын жасауға жарық көрген еңбектер.

4. Қазіргі әдеби сынның жаңашылдық қырлары.



Әдістемелік нұсқау: Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының тарихи белестерінің әр

кезеңдеріне назар аудар. Қазақ әдебиетінің даму жолдарын саралау барысында жазылған

еңбектерді оқыңыз.Ұлттық әдеби сынның тарихын жасауға байланысты жарық көрген

еңбектерді қараңыз.



Әдебиеттер:1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,12,13,14,15,17,18,20,21,22,23,24,25,35,36,37,38, 39,40,41,42,43,44,45,46,47,48,49,50,58,64,66.
8. Тәжірибелік сабақ: Жаңғыру кезіндегі сын және осы жылдары жарық

көрген зерттеу еңбектері
Сабақтың мақсаты:Ғалымдардың жарық көрген сын,зерттеу еңбектерімен, монаграфиялармен таныстыма тексеріп, бағалау.

Сабақ жоспары: 1.1956-1966 жыл аралығындағы жарық көрген сыни еңбектерге тоқталу.

2. Зерттеулер жасауға қатысқан аға жазушылардың еңбектері жайлы.

3. Қазақ халқының ауыз әдебиетіне арналған жаңа зерттеулер

4.Бұл дәуірдегі бірталай бағалы зерттеулер демократтық-ағартушылық

әдебиетке арналғандығы

5.Бұл дәуірде сын мақалалар жинақтарын жариялау жайлы.

6.Қазақ әдебиетінің тәуір туындыларының дүние жүзіне таныла түсуі.

Әдістемелік нұсқау: Бүгінгі әдеби процесс пен тарихи әдебиетке қатысты әр

кезде пікір айтып, ақыл-кеңестерімен көмектескен, тіпті зерттеулер жасауға қатысқан аға жазушылардың еңбектерін назарда ұстау. Мысалы: М.Әуезовтің «Әр жылдар ойлары» (1959), «Уақыт және, әдебиет» (1962) атты мақалалары мен зерттеулері, С.Мұқановтың «Өсу жолдарымыз» (1960) атты мақалаларының жинағы мен «Жарқын жұлдыздар» (1964) деген Шоқан мен Абайға арналған зерттеуі жарық көрді.



Әдебиеттер:1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,12,13,14,15,17,18,20,21,22,23,24,25,35,36,37,38, 39,40,41,42,43,44,45,46,47,48,49,50,58,64,66.
9. Тәжірибелік сабақ: Қазақ прозасының тарихи тақырыпты кең

құлашпен игере бастауы
Сабақтың мақсаты Студент-тарихи тақырыпқа арналған шығармалардағы көркемдік көрініске, тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстарға, болған уақиғаларға сол заманда өмір сүрген тұлғалардың арқау болғандығына назар аударды ма соны тексеріп бағалау.

Сабақ жоспары: 1.60-70-жылдарда жарық көрген тарихи романдар.

2. Бұл дәуірдегі қазақ әдебиетінде тарихи романдарды халықтық жаңа

сапаға ие бола дамуы

3. Ғабит Мүсірепов «Оянған өлкенің» екінші кітабы «Жат қолында»

жайлы.

4. Қазақ тарихының кейбір мәселелері көрініс тапқан Ә. Әлімжановтың



«Махамбеттің жебесі» (1969), «Ұстаздың қайтып оралуы» романдары.

5. X. Есенжановтың «Ақ жайық»,Ғ.Слановтың «Асау

арна» романдары.

Әдістемелік нұсқау:М.Әуезов негізін салған тарихи роман дәстүріннің жал-ғастырылуы.Қатпары қалың тарихтың Ғ.Мүсіреповтің«Жат қолында»,Ғ.Мұста-финнің «Көз көрген»,Х.Есенжановтың «Көп жылдар өткен соң»,«Тар кезең», «Жүнісовтер хикаясы», Ә.Нүрпейісовтың «Қан мен тер»,Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш», Тағдыр»,Д.Досжановтың «Жібек жолы» т.б.шығармаларының шешімін табуы.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 7, 9, 10, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 38, 40, 41, 45, 51,58, 62, 63.
10. Тәжірибелік сабақ: 1960-2000жылдарда тарихи адамдар өмірінен

алынып жазылған шығармалар
Сабақтың мақсаты: Тарихтың әр кезеңінде өмір сүрген ұлы тұлғалардың өмірі мен

кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесін дәріптейтін ғұмырнамалық мәліметтер негізінде

жазылған туындыларды қандай дәрежеде меңгергенін тексеріп, бағалау.

Сабақ жоспары: 1.С. Мұқановтың, Ж. Молдағалиевтің, Д.Әбілевтің, С. Жүнісовтің,

З. Ақышевтің әдебиет тарихында елеулі мән-мағынаға ие болған туындылары жайлы.

2. Жеке қайраткерлерге арналған шығармалар Қ.Сәрсекеевтің «Қызыл

жалау» Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» , «Жұлдызды көпір» романдары.

3. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Аманкелді Имановтың

жастық шағына арналған «Қоғабай» романына тоқталу.

4. Өнер адамының өмірін суреттеуге арналған шығармалар.

Әдістемелік нұсқау:Қоғам өмірінде анық ізі қалған оқиғаларды іріктей отырып, нақты заман кейіпкерінің қыры мен сырын ашатын, ғұмырнамалық мәліметтер негізінде жазылған Сәбит Мұқановтың Шоқан Уәлихановқа арналған «Аққан жұлдыз» (1967-1969), Ж. Молдағалиевтің Ыбырай Алтынсарин туралы «Алғашқы қоңырау» (1978), Д.Әбілевтің «Сұлтанмахмұт» (1965-1971), С. Жүнісовтің «Ақан сері» (1971-1978), З.Ақышевтің «Жаяу Мұса» (1981) романдары әдебиет тарихында елеулі мән-мағынаға ие болған туындылар екендігіне назар аудару қажет.

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 7, 9, 10, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 38, 40, 41,62, 63, 74, 75, 76, 77, 78.
11. Тәжірибелік сабақ: І.Есенберлиннің, М.Мағауиннің, Ә.Кекілбаевтің

тарихи тақырыптағы шығармалары
Сабақтың мақсаты:Осы жазушылардың тарихи шығармаларының оқиғаларын салыстырып оқыту барысында студентттерге тарихи шығармаларды толық меңгертіп және әр жазушы стильн ажырататындай дәрежеге жеткізу.

Сабақ жоспары:1. I. Есенберлиннің тарих беттеріне арнаған «Қаһар»романына тоқталу.

2. І. Есенберлиннің тарихи тақырыпқа жазған соңғы шығармасы –

«Алтын орда» атты үш томдық романы жайлы.

3. Қазақ-Ресей қарым-қатынастарын суреттейтін шығарма

Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» атты екі томдық романы.

4. Қазақ-орыс қарым-қатынасының кейінгі тарихын суреттейтін

Ә.Кекілбаевтың «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары.

Әдістемелік нұсқау:Тарихи оқиғаларға байланысты жарияланған мерзімді

баспа беттеріндегі мақалаларды,монаграфияларды қарау.Мысалы:Жанбибі Дүйсенбаеваның 2007 жылы «Арыс» баспасынан шыққан «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарих тағылымы» деген еңбегін қараңыз.



Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 7, 9, 10, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 40, 41, 45, 51,58, 62, 63.
12. Тәжірибелік сабақ: Кеңестік дәуірде жарық көрген қазақ романдары
Сабақтың мақсаты: Кеңестік дәуірде жарық көрген романдардың негізгі

проблемасын студент қандай дәрежеде меңгергенін тексеріп бағалау.



Сабақ жоспары: 1.Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» (1981) романы.

2. Тақырыбы – соғыстың өзі емес, оның алыс қазақ ауылындағы

жаңғырығы болған Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді»

романы.


3. Соғыс кезінің шындығын арқау еткен Н.Ғабдуллиннің «Жігер»

романы.


4. Қ.Қазыбаевтың «Ызғар» романы.

5. Ш.Мұртазаның «Қара маржан» романдарына тоқталу.

6. Қазіргі қазақ романдарындағы проблемалық сипаттар.

Әдістемелік нұсқау: Қазақ романы ішінде біздің замандастарымыздың бейнесін

олардың өндіріс орындарында істеп жүрген мамандығымен,ондағы өзіндік қарым-қатынастары арқылы көрсетуді де мақсат еткен шығармалар аз емес. Олардың қатарында З.Қабдоловтың «Жалын» (1970), М.Сәрсекеевтің «Жаңғырық» (1979), А. Жақсыбаевтың «Егес» (1975), «Қорған» (1991), «Бөгет» (1981), Р.Сейсенбаевтың «Өмір сүргің келсе» (1978) атты романдары бар.



Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6,7,8, 9, 10,12,13,14,15,25, 38,40,41,42, 45,47,55,70.
13. Тәжірибелік сабақ: Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуіріндегі қазақ

повестері мен әңгімелерінің жанырлық дамуы
Сабақтың мақсаты: Қазақ повестері мен әңгімелерінің жанырлық даму жолы, қалыптасу тарихы,стильдік қыры және жазушы дүние танымын студент қандай дәрежеде меңгергенін

тексеру.


Сабақ жоспары: 1.Повестің жанрлық дамуы.

2. Ғабит Мүсіреповтің озық туындылары «Кездеспей кеткен бір бейне»,

«Ұлпан» повестері.

3. Халық тарихының қилы-қилы кезеңдері мен тарихи

4.Бұл дәуірдегі әдебиетке ауыл өмірін жырлай келген жастардың

шығармаларына тоқталу.

5. Қазіргі қазақ повесінің сәтті ізденістері.

6.70-80-жылдарда әңгіме жанрының өркендеуі.



Әдістемелік нұсқау: Көшпелі халықтың қаһармандық салты мен рухани биік өмірін

романтикалық бояулармен жаңғыртуға арналған Ә.Кекілбаевтың «Ханшадария хикаясы»,

«Күй», А.Сүлейменовтің «Бесатар», Н.Әбутәлиевті «Қайран Нарын», Қ.Мұхамбетқалиевтің

«Ежелгі дұшпан» сияқты повестерін назар аудару.



Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6,7,8, 9, 10,12,13,14,15,25, 38,40,41,42, 45,47,55,70.
14.Тәжірибелік сабақ: Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуіріндегі қазақ

поэмалары.

Сабақтың мақсаты: Қазақ поэмалары және олардың жанрлық дамуын,тақырыптық ерекшеліктерін студент қандай деңгейде меңгергенін тексеріп,бағалау.

Сабақ жоспары: 1. Бұл жылдарда қазақ поэмасының дамуы.

2. Адам еңбегін, оның қоғамды жаңартудағы күшін суреттеу

тақырыбына байланысты жазылған поэмалар.

3. Еңбек адамының жиынтық бейнесін жасауға арналған кең көлемді

сюжетті эпикалық поэмалар.

4. Отан соғысы оқиғаларын еске алу түрінде жазылған поэмалар.

5. Тарихи оқиғаларды суреттеуге арналған поэмалар.

6. Өнер адамдарын жырға қосқан поэмала.

7. Сюжетсіз лирикалық- философиялық поэмалардың жазылуы.

Әдістемелік нұсқау: Бұл жылдарда сюжетсіз лирикалық- философиялық поэмалар көптеп жазыла бастады. Мұндай ізденістерге Қ.Бекқожиннің,Х.Ерғалиевтың,Ж.Молдағалиевтың,

Ә.Тәжібаевтың,М.Әлімб-евтың,Т.Бердияровтың, Қ.Мырзалиевтың,М.Мақатаевтың шығармаларын жатқызуға болады .



Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,15,26,27,28, 29,30,33,34,44,64,73.
15. Тәжірибелік сабақ: 1960-2000 жылдарда жарық көрген шығармаларда

ауыл өмірінің бейнеленуі

Сабақтың мақсаты: 1960-2000 жылдарда ауыл өмірінен алынып жазылған

шығармаларды қандай деңгейде меңгергенін тексеріп, бағалау.



Сабақ жоспары: 1.Соғыс кезіндегі ел өмірі шындығы суреттелетін Т.Ахтановтың

«Шырағың сөнбесін» (1981) романы жайлы.

2. Тақырыбы – соғыстың өзі емес, оның алыс қазақ ауылындағы

жаңғырығы Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» (1961)

романында сөз болады.

3. Соғыс кезінің шындығын романдарына арқау еткен Н.Ғабдуллиннің

«Жігер» (1983) жайлы айту.

4.Қ.Қазыбаевтың «Ызғар»,Ш.Мұртазаның «Қара маржан» романдарына

тоқталу.

Әдістемелік нұсқау: Бұл жылдарда жарық көрген шығармалар қатарында соғыс кезіндегі ел

өмірі шындығы суреттелетін Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» (1981) романы,

Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» (1961), Н.Ғабдуллиннің «Жігер» (1983),

Қ.Қазыбаевтың «Ызғар», Ш.Мұртазаның «Қара маржан» романдары бар. Бұл романдардың

тақырыбы соғыстың өзі емес, оның алыс қазақ ауылындағы жаңғырығы.
Студенттердің оқытушының басшылығымен

орындайтын өздік жұмысына әдістемелік нұсқау
І Реферат жазу.

Өздік жұмысының мақсаты: Дәріс, семинар сабақтардың ғылыми мәнін арттыру, студерттердің қабілетін дамытып, ойын шашыратпай, ғылыми тұрғыда жазуға баулу.

Әдістемелік нұсқау: Реферат А4 форматта жазылады. Қолдан жазылған реферат көлемі 13-15 бет, ал компьютерден басылған реферат көлемі 10-12 бет болу керек. Реферат құрылымы: 1)жоспары; кіріспе; негізгі бөлім: қорытынды; қолданылған әдебиеттер тізімі. Сыртқы беті стандартқа сай, комьпютерге басылған болуы тиіс.
ІІ Конспект жазу.

Өздік жұмысының мақсаты: Студенттерді жүйелі,мағыналыжазуға баулу.

Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырыпты түсінікті етіп қысқаша, тұжырымдап,

ықшамдап, көшіріп жазу. Жазу барысында тақырыптан ауытқымай,жүйелеп жазу керек.Конспект қолмен жазылады.


IIІ Тарихи романдарды оқу.

Өздік жұмысының мақсаты: Студент назарын тарихи тақырыпқа арналған

шығармадағы көркемдік көрініске, тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақты құбылыстарға, болған уақиғаларғ сол заманда өмір сүрген тұлғалардың арқау

болатындығына аударту.

Әдістемелік нұсқау:Мына шығармаларды қараңыз:.Алпысбаев Қ.Тарихи шығарма: таным және көркемдік. А, Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы.А.,1979ж,Дәдебаев Ж.Қазақтың тарихи романы: дәстүр мен жаңашылдық.А.,1988ж,Бердібаев Р. Роман және заман. А.,1967ж, Қазақ романы. А., 1975ж,Лизунова Е. Қазіргі қазақ романы.А.,1966ж,Елеукенов Ш.Қазақ романы және қазіргі дәуір.А., 1968ж,Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі.А.,1982ж,Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы.
ІV Баяндама жазу.

Өздік жұмысының мақсаты:Қысқа,жүйелі сөйлеуге баулу.

Әдістемелік нұсқау:Тақырыпқа байланысты жүйелі түрде қысқаша

баяндау керек.


Студенттердің оқытушының басшылығымен

орындайтын өздік жұмыстары.

1 СОБӨЖ Ғ.Мүсіреповтің «Жат қолында» шығармасы (Ауызша)

Өздік жұмысының мақсаты: Жазушының тарихи шығарма жазудағы шеберлігін таныту.

Әдістемелік нұсқау: «Жат қолында» романы «Оянған өлкенің» екінші кітабы. «Жат қолында» романының композициялық бітімі, тарауларға жіктеу тәсілдері, оқиғалардың даму, өрбу, өсу, тыну логикасы, кейіпкерлерді сомдау принциптері «Оянған өлке» романының эстетикасымен үндес. Романда шетел капилатының қазақ жеріне сұғына кіруі, ауылдағы таптық жіктеліс, қазақ оқығандары арасындағы әр түрлі ағым, жұмысшы ұйымдарының құрыла бастауы, коммунистердің тарихи ролі осы алуандас әлеуметтік мәселелер жеке тағдырлар, адам образдары арқылы эстетикалық жіктеу, көркемдік талдау табады.
2 СОБӨЖ Проза, оның даму сатылары және дәстүр мен жаңашылдық (Реферат)

Өздік жұмысының мақсаты: Қазіргі қазақ прозасының жанрлық байлығы мен стильдік көп қырлығын таныту

Әдістемелік нұсқау: Прозаның гуманистік мазмұнының тереңдеуі. Адамның адамгершілік және іскерлік қабілеттерінің суреттелуі. Ауыл мен қала, өндіріс пен шаруашылық мәселелерінің көріністері. Тоғышарлық пен тоқырау белгілері. Жұмысшы, шаруа және интелегенция образын жасаудағы ізденістер, жетістіктер. Тартыс сипаты мен характер ерекшелігі. Заман тынысы мен замандас тұрғысы. Әлеуметтік-философиялық проза. Психологиялық проза. Публицистикалық проза. Лирикалық проза. Хроникалық проза. Биографиялық проза. Документальды проза. Прозаны бұлайша топтастырудың шарттылығы. Образ жасаудағы ізденістер. Сөз бен істің үндестігі мен қарама-қайшылығы және олардың характер шындығын танытудағы ролі. Жазушының портрет жасаудағы шеберлігі. Монолог пен диалог. Образ жасаудың амал-тәсілдерінің өзара байланысы. Ә.Нүрпейісов, Т.Ахтанов, Ә.Нұршайықов, З.Қабдолов, О.Бөкей, Қ.Жұмаділов, Б.Соқпақбаев, І.Есенберлин, Ә.Кекілбаев, Қ.Ысқақов,т.б. қаламгерлер шығармаларындағы көркемдік-идеялық ізденістер.
3 СОБӨЖ О.Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» романы (Ауызша)

Өздік жұмысының мақсаты: Романды оқыту барысында ХХ ғасырдың бірінші

ширегінде үлкен дүрбелең туғызған өзгерістің қазақ даласындағы көрінісін меңгерту.



Әдістемелік нұсқау: Романда тапқа жіктелген қоғам, алмағайып, аласапыран кезең уақиғасы адамдар тұлғасы, олардың іс-әрекеті, бір-біріне қарым-қатынасы қат-қабат тартыс аясында баяндалады.Роман оқиғасы бес салаға жіктелген. Әрбір сала бүгін мен баяғының бейнесін беретін тараушаларға бөлінген. Жазушы адамдар тағдырын танытуға ерекше көңіл бөледі.Шұрайлы тілмен өрнектелген кейіпкерлер болмыс, тынымсыз ой мен шиыршық атқан сезімдер, ашу мен ақыл, парықсыздық пен парасат, сатқындық пен адалдық, аярлық пен тазалық сияқты қарама-қайшы ұғымдар авторлық баяндау және суреттеулер арқылы шарпысып отырады.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет