ПП = S Пi (1- Нст) = {
i=1
k
S (ц j – sпр j )*P j +
j=1
m
S (ц l – s l )*P l – Kp*Ikp+
l=1
n
S (цd – s d )*P d +
d=1
r
S (ц f – sпр f )*P f }(1- Нст),
f=1
мұндағы j – енгізу сатысындағы өнім түрі
k – енгізу сатысындағы өнім түрлерінің саны
ц j –j – түріндегі өнім бірлігінің бағасы
sпр j – j – түріндегі өнім бірлігіне жұмсалатын тікелей шығындар
P j – j – түріндегі өнімді өткізу көлемі
l – өсу сатысындағы өнім түрі
m – өсу сатысындағы өнім түрлерінің саны
ц l – l – түріндегі өнім бірлігінің бағасы
s l– l – түріндегі өнім бірлігіне жұмсалатын толық шығындар
P l – – l – түріндегі өнімді өткізу көлемі
Kp – өндірісті дамытуға алынған несие сомасы
Ikp – есеп-айрысу кезіндегі несие бойынша пайыздық ставка
d – нарықтың толуы мен кемелденуі сатысындағы өнім түрі
n – нарықтың толуы мен кемелденуі сатысындағы өнім түрлерінің саны;
ц d –d –түріндегі өнім бірлігінің бағасы
s d– d –түріндегі өнім бірлігіне жұмсалған толық шығындар
P d – d –түріндегі өнімді өткізу көлемі
f – төмендеу сатысындағы өнім түрі
r – төмендеу сатысындағы өнім түрлерінің саны
ц f –f –түріндегі өнім бірлігінің бағасы
sпр f – f –түріндегі өнім бірлігіне жұмсалған тікелей шығындар
P f - f –түріндегі өнімді өткізу көлемі
Ө зін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалауға деген вариантты тәсілдің мәні неде?
«Тиімді» және «тиімділік» түсініктерінің ерекшеліктері неде?
«Нәтиже» және «мақсат» түсініктерінің байланысы неде?
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалаудың негізгі қағидаларын атап өтіңіз.
Өнімнің өмірлік циклының сатыларын сипаттап беріңіз.
Кәсіпорын имиджінің көрсеткіші немен сипатталады?
Кәсіпкерлік қызмет көрсету концепциясы деп нені айтады?
"Бенчмаркинг" түсінігіне сипаттама беріңіз.
Кәсіпкерліктің тиімділігін бақылау жүйесін сипаттап беріңіз.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі қандай көрсеткіштермен сипатталады?
КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
13 - тақырып:
13.1 КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Қазақстан республикасындағы кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік тұрғыдан қолдауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл тұрғыдан алғанда мемлекет тарапынан қабылданатын іс-шаралардың негізгі мақсаты кәсіпкерліктің дамуы үшін құқықтық және экономикалық жағдайларды қалыптастыру, кәсіпорындардың тұрақты дамуы мен қызмет жасауына қолайлы әріптестік қатынастарды орнату, бәсекелік ортаны қорғау, қабылданатын экономикалық шешімдердің кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасау тұрғысынан жүргізілуін қадағалау т.б.
Мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары, нысандары, масштабтары республикадағы кәсіпкерліктің даму аясында пайда болатын экономикалық және әлеуметтік мәселелердің сипаты мен өзектілігімен анықталады.
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы оны қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларында қарастырылған. Алғаш рет бұл мәселелер 1990 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақ КСР – дағы шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы» Заңында көрініс тапты. 1992 жылы кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде пайда болатын мәселелерді шешу мақсатында «Кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заң қабылданды. 1992 мен 2010 жылдар аралықтарында 1992-1994 ж.ж, 1994-1996ж.ж, 1996-1998 ж.ж, 1999-2000 ж.ж, 2001-2003 ж.ж, 2004-2006 ж.ж, 2007-2009 және т.б. жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті Мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламалары мен іс-шаралар жүйесі жүзеге асырылды.
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамытудағы іс-шаралар негізінде келесідей жағымды өзгерістерді атауға болады:
- несиелер алу үшін жеңілдік беретін жағдайлар жасау;
- екінші деңгейдегі барлық банктермен шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендірудің минималды мөлшерін орнату (банктің негізгі қарызынан 10% төмен емес деңгейде);
- өндірістік объектілер мен алаңдарды, кеңсе орындарын сатып алуда оның құнын белгілі бір уақыт аралығында бөліп төлеу, сонымен қатар оларды жалға беру немесе сенімді басқаруға беру бойынша заңнамалық жеңілдіктер беру;
- қызметтердің түрлерін анықтау, атап айтқанда импортты алмастыратын халық тұтынатын тауарларды өндіретін кәсіпорындарды құру мен жұмыс істеп тұрғандарын дамыту және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін тереңдетіп өңдеу бойынша өндірістік жүйені дамыту;
-жеке кәсіпкерлер мен жеке кәсіпорындарды құру мен тіркеу. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктерде олардың есепшотын ашу процедураларын жеңілдету;
- бақылаушы және инспекциялық мемлекеттік органдар санын және олармен көрсетілетін ақылы қызметтер санын қысқарту.
«Қазақстан - 2030» Стратегиясы, «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасында», «Бизнсетің Жол картасы -2020» Қазақстан экономикасын дамытудағы кәсіпкерлік аяны ары қарай күшейтудің негізгі бағыттары анықталған. Бұл тұрғыда басты мақсат – индустриалды-инновациялық және технологиялық даму негізінде ұлттық экономиканы әртараптандыруды жүзеге асыруға жетекші рөл берілген. Сондықтан да Қазақстанның ұлттық экономикасының құрылымдық аясын жақсарту, салааралық және аймақтық деңгейде кәсіпкерліктің атқаратын қызмет аясын кеңейту мақсаттары белгіленген.
Кәсіпкерлікті дамыту басымдықтары жүргізілетін құрылымдық, өнеркәсіптік және сыртқы экономикалық саясаттарға сай болуы керек және олар аймақтық саясаттың негізгі бағыттарымен байланыстырыла отырып жүргізіледі. Жүргізілетін үрдістердің тұрақты болуын ескере отырып, кәсіпкерлікті дамыту үшін оның қызмет етуінің ең тиімді салаларын дамыту көзделген. Оларға мыналар жатады:
- жергілікті өндірістік және өзіндік нарықтық жүйесі бар салалар;
- өнімнің көп ассортиментін шығару мен өзгермелі сұранысқа бағытталған салалар;
- монополиялық үстемдігі жоқ салалар, яғни өнім номенклатурасы тұрақсыз болатын және технологиялары жетілмеген, даму сатысындағы салалар.
Кәсіпкерліктің дамуына, кәсіпорындардың қуатты, экономикалық құрылымдардың өндірістік желілеріне интеграциялық кірігуі септігін тигізеді. Бұл жағдайда мәселені шешуде, ерекше рөлді қаржы – өндірістік топтар атқара алады. Мұндай интеграцияның ұйымдастырушылық нысандары алуан түрлі: лизинг, франчайзинг, белгілі бір қаржылық кепілдер бойынша қосалқы бөлшектерді тасымалдауға деген ұзақмерзімді контрактілер; трастты операциялар; несиелік міндеттемелермен (қарыздармен) төлемдерді және т.б. қосқандағы өзара талаптарды есепке алудың вексельді және басқа да нысандары. Өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастырудың мұндай нұсқасының артықшылығы болып кәсіпкерлік үшін кепілдендірілген өткізу нарықтарын, әсіресе қаржы өндірістік топтардың экспорттық нарыққа қарқынды түрде шыққандағы болып табылады.
Қаржы-өндірістік топтар бір құрылымда экономикалық қызметтің бірнеше деңгейлерінің бірқатар объектілері мен субъектілерін біріктіреді. Ол ұдайы өндірісті және қаржылық, өндірістік және тауарлық капиталдардың айналымын, олардың жинақталуын, шоғырлануы мен жалпы ел экономикасы мен өнеркәсіптік сектордың басым бағыттарын тұрлаулы түрде инвестициялауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жоғарыда аталған нысандарын пайдалана отырып, кәсіпорындардың қызметіне мемлекеттің әсер етуі (тікелей және жанама) мен мемлекеттік әсер етудің (ұйымдастырушылық-құрылымдық, қаржы-салықтық және мүліктік) функционалды бағыттарына қарай топтастырылған біртұтас жүйені ұсынуға болады.
Кәсіпорындарды қолдаудың тікелей нысандары келесідей критерийлер бойынша бөлінуі керек: шағын кәсіпкерліктің дамуы үшін жалпы жағдайларды қамтамасыз ететін инфрақұрылым элементтері мен басқа да шаруашылық субъектілердің қатысуының тікелей болуы. Мысалы, шағын кәсіпорындарға тікелей салықтық жеңілдік беру Олардың болашақтағы инвестициялық жобаларын жеңілдікпен қаржыландыру үшін бюджеттік қаражаттардың бөлінуі, шағын кәсіпорындарға тегін пайдалануға немесе жеңілдікпен жалға алуға мемлекеттік алаңдарды ұсыну және т. б.
Кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың қосымша нысандарын жанама түрде – ірі және орташа өнеркәсіптік компанияларды, банктерді, сақтандыру фирмаларын, қоғамдық (сауда-өнеркәсіптік палаталар, кәсіподақтар және т.б.) және халықаралық ұйымдарды ынталандыру арқылы жүргізу қажет. Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытудың жалпы жағдайларын (оқу орталықтары, бизнес-инкубаторлар, технопарктер, лизингтік, консалтингтік және аудиторлық фирмалар және т.б) қамтамасыз ететін шағын кәсіпкерлік инфрақұрылым элементтерін іске қосу арқылы да жүзеге асырылады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің дамуының жоғары деңгейін сыйақылау ретінде, аймақтар мен жергілікті өкілдік органдарына субвенциялар мен дотацияларды бөлу ретіндегі мемлекеттік қолдау нысандарын да жатқызуға болады.
Жанама көмектің мысалы ретінде, ірі кәсіпорындарға тапсырыстар беру, ал ол өз кезегінде шағын кәсіпкерлік нысанға тапсырыстың белгілі бір мөлшерін орналастыруы болып табылады.
Аталған топтастыру, кәсіпкерлікті қолдаудың жалпы мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларының міндеттерін шешу тетіктерін таңдау кезінде қолданылуы мүмкін.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың нысандарын біріктіретін жоғарыда аталған топтарды құрамдастыру, кәсіпорындардың қызметін жоспарлауға билік органдарының әсер етуінің көптеген нысандарын тәжірибелік тұрғыдан синтездеу мен терең түрде талдауды қажет ететін міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
13.2 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Экономикалық қатынастарды ұтымды түрде дамытудың қажетті шарттарының бірі нарыққа бейімделген инфрақұрылымды қалыптастыру болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті инфрақұрылымдық қамтамасыз ету түсінігінің құраушылары:
өндірістік инфрақұрылым;
әлеуметтік инфрақұрылым;
институционалды инфрақұрылым;
ақпараттық инфрақұрылым;
экологиялық инфрақұрылым (37-сурет).
36-сурет. Кәсіпкерлік қызметті инфрақұрылымдық жүйемен қамтамасыз етудің блок-сызбасы
Инфрақұрылымды дұрыс басқаруға кәсіпорын немесе ұйым жұмысының жалпы табысы, жалпы өнеркәсіптік шығындардағы инфрақұрылымға деген шығындардың үлес салмағы, инженерлік жүйелер мен құрал-жабдықтың жағдайы, оларға қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар, инфрақұрылымды жақсарту үшін арнаулы қордың болуына байланысты болады. Кәсіпкерлік, жүйе құраушы рөлді атқара отырып, барлық экономикалық құрылымға, салааралық, салалық және аймақтық кешендерге өз әсерін тигізеді.
Кәсіпкерлік инфрақұрылым экономикалық жүйеде ерекше рөль атқарады. Өйткені тарихи және логикалық тұрғыдан еңбек үрдісінің функцияларын негізгі және қосалқы деп бөлу барысында пайда болады, ал ары қарай инфрақұрылымдық салалардың пайда болуына тікелей әсер етеді.
Кәсіпкерлік қызметті жүйелеу нәтижесінде, әртүрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалана отырып, оларды бірегей құрылымдық сызбаға жинақтауға болады (37-сурет). Бұл жағдай кәсіпкерлік қызметтік теориялық, әдістемелік негіздерін ескере отырып, оны қалыптастыру мен дамытуға мүмкіндік береді.
37-сурет. Кәсіпкерлік инфрақұрылымның қағидалары мен тәсілдердің құрылымдық сызбасы
Кәсіпкерлік инфрақұрылымды зерделеу, оның инфрақұрылымын қамтамасыз етуде ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеріп, қажетті іс – шараларды жүргізуге, құрал-жабдықтарды жасап шығаруға мүмкіндік береді.Өз кезегінде ол аймақтың, қаланың, ауданның, әлеуметтік – экономикалық дамуына үлкен әсер етеді (39 - сурет).
39-сурет. Кәсіпкерлік қызметті инфрақұрылым жүйесімен қамтамасыз етудің негіздері
Кәсіпкерлік қызметті қолдаудың тиімді шешімдерінің бірі мемлекеттің, аймақтың және жергілікті жердің өзін – өзі билеу органдарының кәсіпкерлік инфрақұрылымын құруға және дамытуға белсене араласуы болып табылады. Өз кезегінде бұл үрдіс жергілікті, аймақтық және ұлттық экономиканың тиімділігін арттыруға әсер етеді (39 - сурет).
39-сурет. Мемлекеттің кәсіпкерліктің дамуына әсері
Кәсіпкерліктің тиімді қызмет етуі тек қана оның ғана емес, сонымен қатар ол қарым – қатынас жасайтын басқа да ұйымдардың өзара үйлесімді дамуына байланысты. Олардың өзара байланысы нарықтық инфрақұрылым арналары мен элементтері арқылы қамтамасыз етіледі. Демек, әлеуметтік және экономикалық қатынастардың үйлесуіне бағытталған қоғамдағы сапалық өзгерістер біршама дәрежеде нарықтық инфрақұрылымның дамуына байланысты болады. Сондықтан барлық инфрақұрылымдық кешен мен оның құраушыларының қалыптасуының ішкі байланыстарын, дамуына әсер ететін факторларын жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді.
Кәсіпкерліктің инфрақұрылымы оны қалыптастыратын жиынтық элементтерімен біріге отырып, нарықта бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында шаруашылық жүргізу субъектілерінің қызметі мен сыртқы ортаның әсер етуінің алуан түрлілігін ескере отырып, бизнестің өсіп бара жатқан транзакциялық шығындарын азайтудың пәрменді механизмін пайдалану қажет.
Осы тұрғыдан алғанда, шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуына әсер ететін жүйелік құраушы факторлар оның қызметінің сыртқы және ішкі ортасының жиынтығымен анықталады (40-сурет).
40-сурет. Шағын және орта кәсіпкерліктің сыртқы және ішкі ортасының базалық элементтері
Шағын және орта кәсіпкерлік аясындағы мемлекеттік саясатты жасау мен жүзеге асыру тізбегін нақты түрде пайдаланған кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың толыққанды, көпдеңгейлі инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.
13.3 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ИНСТИТУТТАРЫ. ШАҒЫН БИЗНЕС ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы жеке кәсіпкерлік қызметті құрудың, қызмет етуі мен дамуының қолайлы жағдайларын қамтамасыз ететін ұйымдар кешенін сипаттайды. .
Қазақстан Республикасында мұндай ұйымдарға мыналарды жатқызуға болады:
мемлекеттік ұйымдар мен мемлекет ынтасымен құрылған ұйымдар;
үкіметтік емес ұйымдар;
халықаралық және шетелдік ұйымдар;
коммерциялық ұйымдар.
Функционалдық бағытталуына байланысты инфрақұрылым институттарының құрылымы келесідей түрде болады:
кәсіпкерліктің қалыптасуы, қызмет етуі мен даму кезеңдерінде мемлекет тарапынан қолдау көрсету;
қаржылық қолдау;
ақпаратты-талдаушылық қолдау;
білім беру мен кадрлардың біліктілігін арттыру аясындағы қолдау;
материалды-техникалық қолдау.
Ұйымдық және функционалды құрылымдарды сәйкестендіру Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму үрдісіндегі институттардың оған қатысу деңгейінің матрицасын құрастыруға мүмкіндік береді (20-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |