Байланысты: Ќазаќстан республикасынын касипкерлик (3)
біркелкі (қалыпты) бұл жағдайда бәсеке субъектісінің іс-әрекеттері нарықтың аталған сегментінде бәсекелік ортаға қолдау көрсетеді;
бәсеке объектісінің күштілігі жағынан,бұл жағдайда субъект аталған сегментке объектті қосып алады немесе шеттетеді, ал кейбір жағдайда олардың жұмысын тоқтатуы мүмкін;
Бәсеке нысандары: заттық – бірдей қажеттілікті қанағаттандыратын тауарлар ассортиментінің топтары және ұқсас объектілер арасындағы бәсеке;
функционалды – алмастыруға болатын тауарлар (объектілер) арасындағы бәсеке;
тұлғалық.
Бәсеке әдістері: тауар сапасын арттыру негізінде (бағалық емес);
тауарды тұтынушыларға, қызмет көрсету сапасын арттыру көрсеткіштері негізінде;
бағаны төмендету негізінде;
тауар тұтынушыларының эксплуатациялық шығындарын төмендету негізінде;
басқару үрдістерінің сапасын арттыру негізінде;
объект пен субъекттің барлық бәсекелік артықшылықтарын пайдалану негізінде (интегралды).
Бәсеке келесі деңгейлерде жүргізілуі мүмкін:
жергілікті (топта, бөлімде, ұйымда және т.б.);
аймақтық (аймақта, қалада, облыста және т.б.);
ұлттық (елде);
ұлтаралық (бірнеше елдерде);
ғаламдық (елдері нақты анықталмаған әлемдік масштабта).
Нарық – этикалық, құқықтық нормалар мен ережелерді ұстанудың, бәсекенің белгілі бір интенсивтілік жағдайында, тауардың нақты түрін сату сатып алу мен сауда мәмілелерін жасауды жүзеге асырудың шартты орны.
Нарық жетілген және жетілмеген болуы мүмкін.
Жетілген нарық моделі сауда мәмілелерінің барлық қатысушылары, тек айрықша экономикалық – құқықтық және этикалық қағидаларды негізге ала отырып, іс-әрекет етеді деген болжамға негізделген. Сонымен қатар, жетілген нарық үшінкелесідей жағдайлар тән: - белгілі бір түрдегі барлық тауарлар сапасына, сыртқы түріне және қорапталуына байланысты ұқсас және олардың бағасы сәйкес келеді;
- бәсекелік күрес жағдайлары барлық сатушылар мен сатып алушылар үшін бірдей, оларда қандай да бір кеңістіктік, тұлғалық және уақыттық сипаттағы артықшылықтар жоқ;
- нарықтың мөлдірлігі: сатушылар мен сатып алушылардың нарықты толық шолуға, мәмілелерді өткізудің барлық жағдайлары (бағалары, жеңілдіктері, тауар сапасы, жеткізу мен төлеу шарттары) туралы жеткілікті ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Нарық түрлерінің ерекшеліктерімен сипаттамасы 14-кестеде келтірілген.
14 - кесте – Нарық түрлерінің сипаттамасы
Параметрлері
(нарық белгілері)
Нарық нысандары
Жетілген немесе таза бәсеке
Монополиялық бәсеке
Олигополия
Монополия
Өндірушілер (сатушылар) саны
Көп
Көп, бірақ тауарлардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар
Шамалы (2-8)
Біреу
Сатып алушылар саны
Көп
Көп
Екі және одан да көп
Бір немесе бірнеше
Бәсеке күші
Өте күшті
Күшті
Әлсіз
Жоқ
Нарықтағы үлестері
Шамалы
Шамалы
Үлкен
Барлық нарық
Нарыққа қол жетімділігі
Ашық
Қиындау
Қиындау
Жабылған
Сату көлемдері
Тауарға деген сұраныс пен бәсекеқабілеттілікпен анықталады
Тауарға деген сұраныспен, бәсекеқабілеттілікпен және қатысушылар келісімімен анықталады
Тауарға деген сұраныспен, бәсекеқабілеттілікпен және қатысушылар келісімімен анықталады