Ќазаќстан республикасыныњ


Ө зін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет63/102
Дата04.11.2022
өлшемі1,95 Mb.
#156625
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   102
Байланысты:
Ќазаќстан республикасынын касипкерлик (3)

Ө зін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасы неде?

  2. Кәсіпкерлік мәдениеттің құраушы элементтерін атап өтіңіз.

  3. Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуына әсер ететін жағдайлар қандай?

  4. Кәсіпкерлік ұйым мәдениетінің мазмұны неде?

  5. Іскерлік қатынас пен іскерлік әңгіме қалай сипатталады? Олардың ерекшелігі неде?

  6. Іскерлік әңгіме қағидаларын атап өтіңіз.

  7. Іскерлік келіссөздердің мәні неде?

  8. Іскерлік келіссөздерді өткізу сатыларын атап өтіңіз.

  9. Іскерлік келіссөздерді өткізу барысында қандай әдістер қолданылады?

  10. Іскерлік келіссөздердің қорытындысын талдаудың мәні неде?

  11. Кәсіпкерлік этика қалайша сипатталады?

  12. Кәсіби этиканың ерекшеліктерін атап өтіңіз.

  13. Неліктен іскерлік және кәсіби этика кәсіпкерлік мәдениеттің маңызды элеменеттері деп саналады? Олардың мәні неде?

  14. Кәсіпкерліктегі іскерлік этикеттің рөлі.

  15. Әмбебап этика дегеніміз не?


КӘСІПКЕРЛІК АЯСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ ЖӘНЕ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІК




11 - тақырып:
11.1 БӘСЕКЕ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ. БӘСЕКЕНІҢ ДАМУЫ


Бәсекетабиғи жағдайда немесе заңнама аясында объективті және субъективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бәсекелестер арасындағы күресте жеңіске немесе басқа да мақсаттарға қол жеткізу үшін субьектінің өзінің артықшылығын басқару үрдісі.
Жоғарыда келтірілген анықтамаға сәйкес келесідей үрдістердің болуы мүмкін:
– қоғамдық және жеке;
– экономикалық, құқықтық, әлеуметтік және табиғи;
– басқарушылық және өндірістік;
– қамтамасыз ету, түрлендіру және аяқтау үрдісі;
– материалдық және виртуалдық;
– объективті және субъективті;
– тепе – теңдікті сақтайтын (баланс) және ұдайы өндірістік;
– логикалық және эмоционалдық және т.б.
«Бәсеке» түсінігіндегі «басқару» сөзінің құраушылары:
Бәсекелік артықшылықты іздестіру, жасап шығару, қолдау, пайдалану, дамыту және оның ескіру.
«Бәсеке» түсінігінде «субъектілер» ретінде кез-келген әлеуметтік, өндірістік және биологиялық жүйелер болуы мүмкін.
Субъектілердің бәсекелік артықшылықтары мұрагерлік, құрылымдық, технологиялық, ақпараттық, біліктілік, басқарушылық, табиғи-климаттық және т.б. болуы мүмкін.
Жүйе мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін:
– кәсіпорын миссиясын орындау;
–спорттық немесе шығармашылық конкурстарда жеңімпаз болу, нарықтық жүйеде нақты тауардың бәсекелестігімен жеңіске жету;
– сыртқы және ішкі даму немесе бәсекелесті өз құрамына қосып алу арқылы белгілі бір жоғары деңгейге қол жеткізу;
– қол жеткізілген деңгейді сақтау және жақсарту;
Қажеттіліктер төмендегідей болуы мүмкін:
– объективті (табиғат немесе қоғам туындатқан) немесе субъективті (басқару субъектісімен арқылы);
– бастапқы немесе жоғарғы;
– өткен, қазіргі және болашақтағы;
– байланысқан немесе байланыспаған;
– ғаламдық және жеке;
– теріс немесе оң;
– дара немесе қоғамдық және т.б.
Заңнама жүйесіне мыналар кіреді:
бәсекелік күрес, экологиялық құқық, Азаматтық кодекс, Салық кодексі, кедендік жүйе, еңбек құқығы және т.б.
Бәсеке интенсивтілік дәрежесі бойынша келесідей болуы мүмкін:

  • тартымды, осы жағдайда аталған сегментте субъект өз қажеттіліктерін сапалы түрде қанағаттандырады және алдыңғы сегментке қарағанда табысты көбірек алады;



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет