Қазақстан республикасының



бет4/6
Дата13.12.2016
өлшемі1,16 Mb.
#3803
1   2   3   4   5   6

Негізгі ұғымдар: қоғамдық тәжірибе, тәрбие процесі, тәрбие заңдылықтары.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. «Тәрбие» түсінігінің педагогикадағы анықтамасы қандай?

  2. Тәрбиенің жалпы заңдылықтары қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006

  5. Ұзақбаева С. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. –А.,1991

  6. Фридман Л.М., Кулагина И.Ю. Психологический справочник учителя. – М.; 1991

  7. Педагогикалық басшылық.БМ. Т1,1987


9-тақырып: Тәрбие әдістері.

1. Тәрбие әдістері, оның мәні мен қызметі.

2. Тәрбие әдістерінің түрлері.

Тәрбиелеу әдісі дегеніміз – әлемге және өзінің жеке басына деген жоғары қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатына негізделген педагог пен бала арасындағы іс-әрекеттерді ұйымдастыру моделі.

Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Өйткені тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістері деп тәрбиенің мақсат-міндеттеріне сай оқушылардың санасы мен ерік-күшіне ықпал ету, жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданылатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

Педагогика оқулықтары мен ғылыми зерттеу әдістерін зерттеу еңбектерінде тәрбие әдістерін жіктеуге байланысты ортақ пікір жоқ. Дегенмен де қалыптасқан тәжірибе бойынша әдістерді негізінен 3 топқа жіктейміз:

1. Жеке адамның санасын қалыптастыру немесе сендіру әдісінің маңызы тұлғаның сезім мүшелері арқылы оның ақыл-ойы, санасына ықпал ете отырып, өмірлік позициясын, көзқарасын, сенімін қалыптастыру. Ол үшін жас өспірімдерге жағымды мінез-құлық нормалары мен ережелерін түсіндіріп, адам, қоғам өмірінен тәжірибе, үлгі келтіре отыра, олардың әрекеттерін ұйымдастыру қажет. Өйткені тұлғаны қалыптастыруда ең алдымен оның ішкі жан дүниесінің, санасының дамуы ерекше орын алады. Бұл тәрбие әдістеріне негізінен әңгіме, әңгімелесу, дәріс, пікірталас өнеге жатады. Олар мазмұны жағынан танымдық, саяси, этикалық, эстетикалық тақырыптарды қамтиды. Осылардың ішінде ең көп қолданылатыны - этикалық әңгімелер. Бұның негізі мораль мәселелері бойынша жүргізіледі. Этикалық әңгіменің мақсаты оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, іс-әрекеттерге, әртүрлі жағдайларға баға беруге, соның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға адамгершілік көзқарасын, қарым-қатынасын қалыптастыру.

Әңгімелесу сынып ұжымының өмірі мен оқушылардың мүддесіне сай тақырыптарды талдау, оған олардың белсене араласуын, қойылған мәселеге сын көзбен қарап, нақтылы қарытындылар жасау қажеттегінен туындайды. Тұлғаның идеялық сенімі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда дәріс тәсілі қолданылады. Дәріс тақырыбы өмірдің, қоғамның, тіпті мектеп немесе оқушылар өміріне қатысты көлемі кең өзекті мәселелерді талқылауға арналады.

Пікірталас ұйымдастыру әрі құрылымы жағынан өте күрделі боп келеді. Тәрбиенің басқа әдістерінен бұның ерекшелігі, оқушылардың жай тыңдаушылар қатарында емес, керісінше, қаралып отырған мәселеге олардың белсене қатысу жағдайында ұйымдастырылуы, оған ұжым болып пікір алмасуы, дербес ойлай білуге дағдылануы. Соның негізінде оларды сөйлей білуге, өз ойларын еркін жеткізіп дәлелдей білуге, жолдастарының пікіріне сын көзбен қарай білуге үйретеді.

Қорыта айтқанда тәрбиенің сендіру әдістері тәрбиеленушілердің санасы мен мінез-құлқын қалыптастыруда, өзара байланыста тәрбие ұрдісінің аса маңызды міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

2. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру немесе жаттықтыру әдісінің маңызы, тұлғаның тек әрекетке ғана емес жеке басының жан-жақты қалыптасып және дамитындығында.

Бұл топтағы әдістерге талап қою, жаттықтыру, тәрбиелік жағдай туғызу, тәрбиеленушілік тапсырма беруді жатқызуға болады. Жас ұрпақтың сенімін қалыптастыруда талап қоюдың қызметі ерекше. Талап қою: бүйыру, нұсқау, ақыл-кеңес беру, қадағалау амалдары арқылы тура немесе жанама түрінде атқарылады. Қоғамдық пікірді ұйымдастыру оқушылардың жалпы жиналыстарда, линейка және жиындарда, баспасөз беттерінде, дөңгелек столдарда, қабырға газеттерінде жүзеге асырылады. Қоғамдық пікірдің басқа әдістерден ерекшелігі, талқыланып отырған мәселеге сай соңынан міндетті түрде шешім қабылдануында. Үйрету – қоғам нормалары мен ережелерін орындауға баулу.

Жаттығу – үйретудің алдына қойылған мақсатын жоспарлы түрде, әртүрлі әрекет барысында жүзеге асыру болмақ. Жаттығу барысында дағды қалыптасады. Үйрету – нақтылы өмір құбылыстарын ескере отыра, тәрбиешілік жағдайлар туғызып, оқушыларда соған арнайы жаттықтыру.

3. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру немесе мадақтау және жазалау әдістерінің маңызы тәрбиелік шаралардың сапасы мен тиімділігін арттырады, оларға баға беруді, баланың мінезіндегі теріс қылықтарын тежеуді көздейді.

Тәрбие әдістерінің ішінде бұл әдістің түрі ықпалды әрі нәтижелі болып келеді. Өйткені бұған жататын мадақтау баланың мінез-құлық пен іс-әрекетіндегі бағалау және көтермелеуді, ынталандыруды мақсат етсе, жазалау ондағы жағымсыз қылықтары мен іс-әрекетіндегі келеңсіздікті түсіндіру, айыбын ұғындыру, оны сезіну, өзіне-өзі бақылау жасауға көмектеседі. Мадақтаудың тәсілдері – алғыс айту, құрмет грамотасымен марапаттау, бағалай сыйлық беру, қоғамдық мәні бар тапсырма беру, лидер етіп сайлау т.б. жатады.

Мадақтаудың ерекшелігі бала өз мінез-құлқына дұрыс баға беріп, оны түсініп әрі дамытып, дұрыстығына сенімділігі артқан жағдайда ғана нәтижелі болады. Егерде керісінше болса, онда оның жауапкершілігі төмендеп, жағымды істерін жалғастыруға теріс ықпал етеді.

Жазалау – балаға қоғамдық мінез-құлық нормалары мен оқушыларға арналған ережелерді мүлтіксіз орындауға сай талап қою, ескертпе жасау, оқушы тәртібін бағалауда төмен баға қою, ұжым алдына шығару тәсілдерінің жиынтығын құрайды.

Ынталандыру әдістерінің ішінде маңызды орын алатын әдіске – жарыс жатады. Жарыстың мәні артта қалғандары алдыңғы қатарға тарту, әрекеттерді көтеруді қамтамасыз ету.



Негізгі ұғымдар: әдістер, педагогикалық әсер ету, сендіру, үйрету, жаттықтыру.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Тәрбие әдістері, оның мәні мен қызметі қандай?

  2. Тәрбие әдістерінің түрлерін жіктеуге болатын критерилерді атаңыз.

  3. Тәрбиелеу кезінде көп жіберілетін қателіктер қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006

  5. Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері. А., 1991

  6. Керімов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелері. А., 1991

  7. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. А., 1991

  8. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі. А., «Санат», 1995

  9. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. А., «Мектеп», 1987


10-тақырып: Жаңұя тәрбиесінің негіздері.

  1. Жаңұяның тәрбиесіне сипаттама.

  2. Жаңұя тәрбиесінің міндеттері мен ерекшеліктері.

Отбасы бұл адамдардың әлеуметтік-педагогикалық тәрбие тобы, әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру және өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Отбасы белгілі дәстүрлерден, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы.

Отбасылық тәрбие дегеніміз – ата-аналар мен туыстардың күшімен нақты отбасындағы қалыптасатын тәрбие мен білім берудің жүйесі.

Отбасының негізгі міндеттері:


  • баланың өсіп, дамуына толық жағдайлар жасау;

  • балаға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;

  • өз халқының этно-мәдениетінің тәжрибесін ауыстыру;

  • баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндік жасау.

Отбасылық тәрбиенің негізгі принциптері:

  • өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық және мейрімділік көрсету;

  • балаларды отбасы өміріне еңгізу, ақылшы ретінде қарау;

  • балалармен ашық және сенімділік қарым-қатынас жүргізу;

  • талап қоюда жүйелік жасау;

  • өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау, сұрақтарға жауап беруге дайын болу.

Отбасы – адамзат қоғамның ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.

Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатан әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады.

Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі – отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінетін болады.

Отбасында баланы еңбекке баулуда ата-аналар мына төмендегі жайларды ескеруі тиіс:



  • еңбек әрекетінің негізгі мазмұнын айқындап алу;

  • еңбектің қай түрімен айналасатынын алдын ала жоспарлау;

  • еңбек етуге құрал-жабдықтарды дайындап, жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызу;

  • шұғылданатын еңбек түріне сәйкес бағыт-бағдар беру, көмектесу, басшылық жасау;

  • еңбек түрлеріне байланысты әдістемелік әдебиеттермен танысу;

  • еңбек әрекетінің әдіс-тәсілдерін меңгеру, балаларға үйретудің тиімді жолдарын қарастыру;

  • еңбек етуге баланың ынта-ықыласын, қызығушылығын үнемі арттырып отыру;

  • баланың еңбек нәтижесіне назар аударып, мадақтап оны сыйға тартуға немесе пайдаға жаратуға бағыт беру;

  • еңбектің бала жасына лайықты болуын, шектен тыс күш түсірмеуін қадағалау;

  • күнделікті тұрмыспен, салт-дәстүрмен сабақтастыра отырып баланы еңбекке тәрбиелеу.

Қазіргі тәрбие негізінде халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл-мұрасы, үмітпен қанаттандыратын сарқылмас қазынасы – ұлттық тәрбие жарық жұлдыздай жарқырайды. Ұлттық тәрбиеде халық өзінің болашағына арнаған, асыл жүректе сақтаған тәрбиенің даналық шұмақтары, әрбір халықтың өзіне тән эталондық адамгершілік қасиеттері жатыр. Халықтық тәрбие - әрбір баланың жүрегінің кілтін тауып тәрбиелеу, жылы сөзбен түсіндіру, үлгі көрсету, жамандықтан тиым салу, иландыру, кейде қорқыту.

Қорыта келгенде тәрбие отбасынан бастау алады. Халық тіршілігінде өзінің өміршеңдігін танытқан тәлім тәрбие қағидалары нәрестеге ана сүтінен дариды. Халықтық ұлттық педагогиканың негізгі мақсаты – болашақ ұрпақты адамгершілігі мол, инабатты, мейрімді, ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген, өз ұлтын, халқын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.



Ақыл-ой тәрбиесі.

1. Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуы. Олардың өзара байланысы.

2. Ақыл-ой тәрбиесінің мақсат, міндеттері мен құралдары.

3. Ақыл-ой тәрбиесі және халықтық тәлім-тәрбие.

Ақыл-ой тәрбиесі тәрбие жүйесінің маңызды бір құрамдас бөлігі. Себебі жеке тұлғаның қалыптасып дамуы оның білім алу және оқу әрекетерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады, яғни баланың рухани дамуының негізі ақыл-ой тәрбиесінен басталады.

Ақыл-ой тәрбиесінде, балаларға білім беру барысында олардың танымдық қабілеттері артады.

Ойлау білуге, дұрыс ойлауға жастарды ерте кезден, жасынан машықтандырған абзал. Ол үшін, алдымен ой-орісін айналадағы қоршаған дүниені, табиғаты, қоғамды, сонымен қатар өзінің ойлау қабілетін тани бастаған жөн. Бұл бағытта отбасы, бала бақша, мектеп тіпті жоғарғы оқу орындарының ойлау қабілеті жетілмеген студенттерді кездестіруге болады. Оқытудағы негізгі міндеттің бірі – адамзат ғасырлар бойы жасап келген ұшан-теңіз материалдық және рухани байлықтарды игеру.

Ой танымның жоғары сатысы бола отырып, сезімдік әсерленумен және практикамен ажырамастай байланысқа түседі. Жекелеген фактілерді немесе дүниедегі құбылыстарды қабылдай отырып, адам оларды ойша өңдейді және сөйтіп олардың әрқайсысының мәнісі мен өзара байланысын танып біледі.

Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты:

1. Жеке тұлғаның сана-сезімі мен рухани жан дүниесін дамыту.

2. Адамзат жасаған материалдық және рухани байлықтарды меңгерту.

3. Оларды өмірде, практикада қолдана білуге үйрету, дағдыландыру.

4. Баланы лоникалық тұрғыда дұрыс ойлау білуге үйрету.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:

1. Оқушыларды қазіргі заман талаптарына сай ғылым негіздерімен терең және берік қарауландару.

2. Білім беру негізінде оқушыларда ғылыми-материалистік көзқарасты қалыптастыру.

3. Балалардың таным қабілеттерін дамыту.

4. Оқушыларды ғылымның кейбір қарапайым әдістермен таныстырып, өздігінен оқудың тиімді амалдарын меңгеруге үйрету.

5. Балалардың білімге қызығуын арттырып, олардың бойында өздігінен білім алуды қажетсінуді қалыптастыру.

6. Ақыл-ой еңбегінің жалпы мәдениетін қалыптастыру.

Ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі құралы – мектептегі оқыту ғылымға негізделген оқу пәндері. Өйткені ақыл-ой тәрбиесі көздеген мақсат-міндеттер оқыту процесінде іске асады.

Халықтың тәлім-тәрбие оның тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты. Әр елдің тұрмыстағы әдет-ғұрпы, ой-санасы халық тағдырымен ұштасып жатады.

Қазақ халқы өскелең жас ұрпаққа ақыл-ой тәрбиесін беруде, ой-санасын дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы ерекше болған. Тұрмыстық-мәдени жағдайларға сай туып, қалыптасқан дүниетаным, білім, тәжірибе айтыс жанрларында, оның ішінде әсіресе жұмбақ айтыстарда, ауыз әңгімелерде, халқымыздың ой-қиялынан, сана-сізімінен тұған бата сөздерінде, өлең жырларында ерекше маңызға ие болған.

Негізгі ұғымдар: жанұя, әлеуметтік орта, жанұя мүшелері.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Жеке тұлғаның қалыптасуында жаңұяның тәрбиесінің ролі қандай?.

  2. Жаңұя тәрбиесінің міндеттері мен ерекшеліктері

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006

  5. Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері. А., 1991

  6. Керімов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелері. А., 1991

  7. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. А., 1991

  8. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі. А., «Санат», 1995

  9. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. А., «Мектеп», 1987



11-тақырып: Оқушылардың ғылыми дүниетанымның мәні

  1. Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымның мәні.

  2. Тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары.

Дүниетаным – адам санасының арнайы формасы, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы.

Адам баласы өзін қоршаған ортаның құбылыстарын, оның пайда болуы мен даму себептерін шындық тұрғысында танып білді. Ол ғылымда ашылған әртүрлі құбылыстардың заңдылықтарын пәндер негізінде таниды.

Дүниетанымында адамның сенімі мен мұраты үлкен роль атқарады. Сенім деп – терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Адам мұраты – адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы.

Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс. Сондықтан да адам өмірін тұтас түгел қамтиды, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымының қалыптастыру оларды осы замаңғы ғылыми біліммен қаруландыру. Бұған мектепте оқылатын барлық пәндердің қатынасы бар.

Мектепте оқылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі бір ұғым жүйесін жасайды.

Ботаника, жалпы биология курстарын оқу, мекпеттің оқу-тәжірибе учаскелерінде оқушылардың өңдірістік бригадасында жұмыс істеп жүріп өсімдіктердің даму процесін меңгереді.

Физика, химия пәндері бойынша дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы, астрология сабақтары бойынша табиғаттың сырын танып біледі.

Тарих пәні бойынша қоғамның даму заңдарын түсінуге болады; әдебиет – адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, жаңа өмірге табанды тәрбиелейді.

Дүниетанымның қалыптасып дамуына әсер ететін факторлар:

1. Адамның материалдық жағдайы.

2. Әлеуметтік орта, тәрбие, ақпарат құралдары жатады.

3. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары.

4. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу.

Бұлар жас өспірімдердің қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-өрісін кеңейтеді, олардың еңбекке, мамандық таңдауға көзқарасын қалыптастырады.

Адамгершілік тәрбиесі.

1. Тұлғаның қалыптасуында адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны.

2. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны.

3. Адамгершілік тәрбиесінің ұйымдастыру және оның тәсілдерін қолдану.

Адамгершілік тәрбиесі – тәрбие салаларының маңызды бір құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиесінің негізі – адамдарды жалпы адамзаттық мораль рухында тәрбиелеу. Мораль дегеніміз – адамдардың бір-біріне деген міндеттерімен қатынасын айқындайтын мінез-құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мораль латын тілінде «адамгершілік» ұғымын білдіреді. Моральдың принциптері адамгершіліктің мазмұнын жалпы түрде анықтайды.

Адамгершіліктің жиынтығы – борыш болып табылады:


  • адамның – адам алдындағы, қоғам алдындағы, отан алдындағы борышы;

  • ата-аналардың балалары алдындағы, балалардың ата-аналар алдындағы борышы;

  • жеке адамның алдындағы, ұжымның жеке адам алдындағы борышы т.б.

Адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз – жақсылық атаулыға деген сезімді дамыту, өзгеге болмайтын жамандық атаулыға жол бермеу деген сөз.

Адамгершілік тәрбиесінің негізі:

1. Өзекті міндеті - өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат-міндетіне сай, адамгершілік қасиеттердің тұтастығына сай тәрбиелеу, қамтамасыз ету.

2. Адамгершілік сананы, сенімді, көзқарасты тәрбиелеу.

3. Жас ұрпақты Отанға, қоғамға, еңбекке, адамдарға, өз-өзіне деген адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, дамыту.

4. Ізгілік, парасаттылық қасиеттерін тәрбиелеу.

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері:

1. Оқушылардың белсенді өмірлік позициясын қалыптастыру.

2. Қоғамдық борышқа саналы көзқарасын тәрбиелеу.

3. Сөз бен істің бірлігін қамтамасыз ету.

4. Адамгершілік нормаларын аутқуға жол бермеуді қалыптастыру.

Бұл міндеттерді шешу оқушыларды қоғамдық пайдалы, өңімді еңбекке даярлаумен тығыз байланысты. Ол баланың мектепке барған алғашқы күнінен басталады. Алғашқы еңбек дағдылары сабақ үстіндегі міндеттерді орындаудан басталады. Оқу бала үшін – еңбек, қоршаған ортаны танып-білу, жаңа ғылыми білімдерді адамгершілікке тәрбиелеудің басты құралдары болып табылады.

Ұрпақ тәрбиесін толымды жүзеге асыру үшін баланы адамгершілік мұратқа ерте бастан баулу оның жанұясынан басталып, мектеп қабырғасында жалғасын табады.

Адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу оқушылардың сана-сезімі мен мінез құлқына әсер ету қажеттілігімен байланысты болып келеді. Оны жүзеге асыруда адамгершіліктәрбиесінің әр түрлі ұйымдастыру формалары мен амал-тәсілдері қолданылады. Оларға адамгершілік тақырыбына арналған этикалық әңгіме, әңгімелесу лекция, пікір-талас және оқырмандар конференциясын жатқызамыз.


Негізгі ұғымдар: дүниетаным, көзқарас, құндылықтар жүйесі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымның мәні қандай?

  2. Тұлғаның дүниетанымдық қызығушылығын ояту үшін қандай шарттар қажет?

  3. Тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006


12-тақырып: Мұғалімнің кәсіби қызметі.

  1. Мұғалімнің кәсіби қызметінің ерекшеліктері.

  2. Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас шеберлігі.

Өмірдің әр салалары секілді, педагогикалық істе де таланттар сирек кездеседі. Әрине әр мұғалімге талантты болмауына да болады. Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға да тиіс.

Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Ең алдымен мұғалім жан-жақты білімдар, өмірдің әр саласынан хабары бар, әр түрлі жағдайда жол тауып шыға алатын, мектеп өміріне байланысты барлық мәселені түсініп шеше алатын, әр түрлі сұраққа жауап бере алатын адам болуға тиіс.

Адам бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы педагогтік шеберлікті меңгеруге көбіне көп нәрсе әсер етеді. Бейімділік балалармен жұмыс істеуге айқын бейнеленген ыңғайы мен қабілеттен көрінеді.

Мұғалім мамандығын таңдап алудағы тегі айқындаушы нәрсе – балаларға деген сүйіспеншілікті, балалармен бірге және балалар үшін еңбектенуге ұмтылу.

Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегіең басты құралдардың бірі. Егер мұғалім қандайда болмасын тәрбие мәселесін ұстамдылық пен шындыққа сүйеніп дәлелдей білсе, оқушы оның мәдениеттілігін, қамқорлығын, сөзінің әсерлілігін бірден сезе бастайды.

Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі – педагогикалық такты. Педагогикалық такты деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай жоғары адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.

Сонымен, мұғалім – шынайы адамгершіліктің үлгісі. Ол өзінің ана тілінің әдеби және ғылыми сөз байлығын жете меңгерген, өз ұлтының, әрі дүние жүзінің рухани игіліктерін бойна молынан сіңірген зиялы адам болуы керек.

Тәрбиенің субъективті факторының маңызды қатарында – тәрбиенің жеке басы болып табылады. Қазіргі білім технологиясында жеке тұлға ретінде мұғалімнің орны ерекше. “Жеке тұлға – бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:



  • адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;

  • өзіне, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;

  • іс-жүзінде асырылып жүрген әлеуметтік ролдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекетінің жиынтығы;

  • айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;

  • қажеттілік жүйесі;

  • шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жиынтығы;

  • сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы (Г.К. Селевко).

Грузин педагогы Ш.А. Амонашвили ұстазға тән мінез-құлық сапасының үш деңгейін көрсетеді:

1. Ұстаз балаларды аяламай, бәрін бірдей жақсы көру керек.

2. Өз ісіне сенімді болу, қиындықты жеңудің әдістемелік тиімді жолдарын іздестіре білуі керек.

3. Оқушыға оның көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, жарқын болашаққа жол сілтеу, қалыптастыру.

Ағартушы педагог Ы. Алтынсарин мұғалім мен қушының арасындағы дұрыс қарым-қатынастың болуына ерекше көңіл бөледі. “мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың санасына қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы тиіс. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, сабырлықпен сөйлесе білуі керек”.

Жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Сондықтан, ұстаз ізденіс үстінде, оқытудың жаңа жолдарын еңгізуді көздегені дұрыс болады. Педагогикалық қызметтің қалыптасуында қарым-қатынас түрлері ерекше орын алады, олар коммуникативтік, либералдық, демократиялық, шабыттандырушы және шығармашылық.

Коммуникативтік стиль дегеніміз – тіл табысу, баланың ой-өрісіне ену, еркін сөйлесе білуге жол табу.

Либералдық стилінде мұғаліммен оқушылар істері мен қылықтары ойластырылмаған, санасыз іс-әрекеттерге душар болады, пікір бостандықтарының мөлшерсіздігі сондай, оқушылар дөрекі мінез көрсетуге дейін барады.

Демократиялық стилінде оқушылар өз пікірлерін ашық айтуға, ынта-жігерін жасырмауға үйренеді, міндетті жұмыстарға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатынасын тиянақты орындайды. Мұғаліммен де, басқа да үлкен адамдармен де, бір-бірімен де теңдік, сыйластық қарым-қатынаста болады.

Шабыттандырушы стиль көбіне интуитивтік мұғалімдерге тән. Бұл стильдегі сабақ беретін мұғалімдер оқушылардың әлеуметтік күш-қуатын пайдалануға ұмтылады және олардың перспективтік қабілетін ашуға тырысады. Мұғалім балалардың пәнге деген тұрақты қызығуына назар аударады.

Шығармашылық стиль бойынша мұғалім өз бетімен әдіс-тәсілдерді іздеумен ерекшеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет