Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет15/19
Дата25.02.2018
өлшемі4,29 Mb.
#38240
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

жылжымалы мүлік  кепілін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарылмайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеуді;»;

201) 456-бапта:

4, 4.1, 4.1.1., 4.1.2. және 4.2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«


Рет №

Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері

Ставкалар (АЕК)

1

2

3

4.

Жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарылмайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін

 

4.1.

жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын, әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарылмайтын өкілеттікті, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарылмайтын өкілеттікті мемлекеттік тізілімнен тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын тіркегені үшін:

 

4.1.1.

жеке тұлғалардан

1

4.1.2.

заңды тұлғалардан

5

4.2.

жылжымалы мүлік кепілінің және кеменің немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарылмайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін

0,5

»;

202) 458-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Алымдарды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін тіркеу жасаудан (есепке қоюдан) бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алымдардың сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.

Бұл ретте бюджетке төленген алымдардың сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төлеушілердің салықтық өтініші бойынша олардың осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіпте төленген жері бойынша аталған тұлғалардың тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиісті тіркеу органы берген құжаттарды олар табыс еткеннен кейін салық органдары жүргізеді.»;

203) 462-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«462-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі



1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы бюджетке белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және рұқсат құжаттарын алғанға дейін төленеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жол берілген автокөлік құралдарының параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат құжаттарын ресімдемей автокөлік құралының жол жүру фактісі анықталған жағдайда алым сомасы бюджетке осындай факті анықталған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде төленеді.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жер бойынша және (немесе) ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке төленеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жол берілген автокөлік құралдарының параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат құжаттарын ресімдемей автокөлік құралының жол жүру фактісі анықталған жағдайда алым сомасы бюджетке алым төлеушінің орналасқан орны бойынша және (немесе) мемлекеттік (ақылы) автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша төленеді.»;

204) 463-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«463-бап. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін аукциондардан алынатын алым (бұдан әрі - алым) аукциондарда мүлікті (оның ішінде мүліктік құқықтарды) сату кезінде алынады.»;

205) 467-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

206) 472-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.



Бұл ретте төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенін растайтын, лицензиар берген құжатты табыс еткеннен кейін, осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіпте олардың төленген жері бойынша салық органдары жүргізеді.»;

207) 476-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Алым төлеген тұлғалар байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттарды бергенге дейін рұқсатты (рұқсаттың телнұсқасын) алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.

Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенін растайтын тиісті байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген құжатты табыс еткеннен кейін, осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіпте олардың төленген жері бойынша салық органдары жүргізеді.»;

208) 478-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан орны бойынша орналасқан салық салу объектілері бойынша төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқы бар.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы заңды тұлғаның шешімі мұндай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізіледі.

Егер төлемақыны дербес төлеуші ретінде жаңадан құрылған осы құрылымдық бөлімшені танылған жағдайда, онда осындай тану туралы заңды тұлғаның шешімі осы құрылымдық бөлімшені құрған құрған күннен немесе осы құрылымдық бөлімшені құрған жылдан кейінгі жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізіледі.»;

209) 483-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды, сондай-ақ мүлiк салығы бойынша салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін тұрғын үйлер орналасқан жер учаскелерi бойынша және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген дара кәсiпкерлерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс етеді.»;

210) 493-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан орны бойынша орналасқан салық салу объектілері бойынша төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқы бар.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы заңды тұлғаның шешімі мұндай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізіледі.

Егер төлемақыны дербес төлеуші ретінде жаңадан құрылған осы құрылымдық бөлімшені танылған жағдайда, онда осындай тану туралы заңды тұлғаның шешімі осы құрылымдық бөлімшені құрған құрған күннен немесе осы құрылымдық бөлімшені құрған жылдан кейінгі жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізіледі.»;

211) 495-бапта:

4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:



 

Рет



Отын түрлері

Пайдаланылған отынның

1 тоннасы үшін ставка (АЕК)



1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,33

2.

Дизель отыны үшін

0,45

3.

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,24

»;

10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Белгіленген нормативтерден асып түскен қоршаған ортаға эмиссия үшін осы бапта белгіленген төлемақы ставкалары он есеге ұлғаяды.»;

212) 496-баптың 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын беретін орган белгілеген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативін сатып алуға құқылы. Нормативті сатып алу рұқсат құжаты есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей ресімделген кезде ағымдағы жыл үшін алдын ала толық ақы төлеу арқылы жүргізіледі.

3. Рұқсат құжатын осы Кодекстің 498-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған кезде нормативті сатып алу рұқсат құжатын алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жүргізіледі.

4. Төлемақы сомасы ластанудың қозғалмалы көздерін қоспағанда, сомасы қоршаған ортаға эмиссиялар көзінің (объектісінің) рұқсат құжатта көрсетілген орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

Ластанудың қозғалмалы көздерінің төлемақы сомасы бюджетке:

мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша – осындай тіркеуді жүргізген кезде уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;

мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша – салық төлеушінің орналасқан орны бойынша енгізіледі.»;

213) 498-баптың 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластану объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларация табыс етедi.



Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларация салық органдарына:

мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша – осындай тіркеуді жүргізген кезде уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;

мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша – салық төлеушінің орналасқан орны бойынша декларация табыс етедi.»;

214) 507-баптың 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде орманның тозу немесе жойылу қаупі туындаған кезде ағаш ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, төленген төлемақы сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.

Бұл ретте төленген төлемақы сомасын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төлемақы төлеушінің салықтық өтініші бойынша ол мемлекеттік орман иеленушілер берген, ағаш кесу билетінің, орман пайдалануға арналған орман билетінің пайдаланылмағанын растайтын құжатты табыс еткеннен кейін, осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіпте олардың төленген жері бойынша салық органдары жүргізеді.»;

215) 508-баптың 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) (мемлекеттік табиғи ескерткіштердің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда), Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады.»;

216) 511-бапта:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Төлемақы сомасын бюджетке төлеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте жүргізіледі.»;

5-тармақ алып тасталсын;

217) 513-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан орны бойынша орналасқан салық салу объектілері бойынша төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқы бар.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы заңды тұлғаның шешімі мұндай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізіледі.

Егер төлемақыны дербес төлеуші ретінде жаңадан құрылған осы құрылымдық бөлімшені танылған жағдайда, онда осындай тану туралы заңды тұлғаның шешімі осы құрылымдық бөлімшені құрған құрған күннен немесе осы құрылымдық бөлімшені құрған жылдан кейінгі жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізіледі.»;

218) 515-баптың 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Егер осы бапта өзгесі белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленеді.

Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырмайтын және Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркелмеген резидент емес заңды тұлғалар төлемақы байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның орналасқан жері бойынша бюджетке төлейді.»;

219) 524-баптың 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Көлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган жыл сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешiктiрмей уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіпте және нысан бойынша уәкiлеттi органға навигация мерзiмi туралы мәліметтерді бередi.»;

220) 527-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Салық кезеңінің қорытындысы бойынша бюджетке енгізілуге тиіс төлемақы сомасы төлемақы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімінен кейін он күнтізбелік күннен кешіктірілмей төлемақы төлеушінің орналасқан орны бойынша төленеді.»;

6 және 7-тармақтары алып тасталсын;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Төлемақы төлеушілер төлемақы төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей төлемақы жөнінде декларация тапсырады.»;

мынадай мазмұндағы 9-тармағымен толықтырылсын:

«9. Төлемақы төлеу үшін салық кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсан күнтізбелік жыл болып табылады.»;

221) 528-баптың 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жол органдары және жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәліметтер береді.»;

222) 529-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жарнама объектілерін орналастырушы жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан орны бойынша орналасқан салық салу объектілері бойынша төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқы бар.



Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы заңды тұлғаның шешімі мұндай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізіледі.

Егер төлемақыны дербес төлеуші ретінде жаңадан құрылған осы құрылымдық бөлімшені танылған жағдайда, онда осындай тану туралы заңды тұлғаның шешімі осы құрылымдық бөлімшені құрған құрған күннен немесе осы құрылымдық бөлімшені құрған жылдан кейінгі жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізіледі.»;

223) 530-баптың 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiсi бір жағының ауданы үш шаршы метрге дейiн болатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастырғаны үшiн ай сайынғы төлемақы ставкалары мыналарға тең болып белгiленедi:

 


Рет №

Жолдардың санаттары

Төлемақы ставкасы (АЕК)

1

2

3

1.

Қалаға кiреберiстер

8

2.

I, II

7

3.

III

3

4.

IV

2

 

Габаритi үлкен жарнамалық ақпарат орналастырылған кезде ай сайынғы төлемақы ставкалары жарнама объектiсiнiң бір жағы (бетi) ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына барабар жоғарылатылады.»;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет