Ќазаќстан Республикасыныѕі білім жјне єылым министрлігі



бет10/120
Дата05.02.2022
өлшемі1,61 Mb.
#22181
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   120
IV –ші апта.


4 кредит сағат
4 дәріс
Тақырыбы: Қарсыласының тактикалық ойын ескеру
Жеңіске жетудің сенімді әрі тиімді жолын таңдап алу үшін палуан қарсыласының
тактикалық ойын біліп алуы, сөйтіп оны ескеру, оның әрекетінің алдын алуы тиіс. Сонда ғана ол қарсыласынан тактикалық жағынан басым түседі. Палуан сөйтіп қарсыласының көздеген әрекеттерін орындатуға, қарсы шаралар қолдануға сонымен қатар өзінің тактикасын орындауға, яғни қарсыласта күтпеген жерден тәсіл қолданып, жеңіске жетуіне тырысады.
Ең дәл жасалды деген жоспарды да жүзеге асыра білуі керек. Жекпе-жекке түскен кезде күні бұрын белгіленген тәсілдерді қолдануды қиындататын сәттер жиі болады. Өзіне өзі сенімі аз, әлсіз не тәжірибесіз палуан мұндай жағдайларда көбінесе белгіленген жоспарынан бас тартып, қалай болса солай әрекет етеді де, соның салдарынан қарсыласының еркіне көлдіру. Сондықтан барлық ерік күшін, табандылығымен палуан жарыс кезіндегі қимылын жеңуге жұмсап, ілгері ұмтылып, қарсыласынан өзінің тактикасын орындауға еріксіз көлдіруі тиіс. Бұл үшін ең алдымен көзделген техникалық және тактикалық әрекеттерді аса жетік меңгеру қажет. Күрес кезінде ақылмен қауіпті қимылға да барып, белсенді әрекет ету де керек. Әйтпесе қарсыласынан басым түскен көптеген қолайлы сәттерде айырылып қалып, сөйтіп белгіленген жоспардың орындалмай қалуы мүмкін.
Бәсекеге түскен екі спортшы да алдарына жеңіске жету міндетті қояды. Сондықтан бәсекеге түскен кезде олардың біреуінің жағдайы екіншісінен жақсырақ болып шығатыны табиғи нәрсе. Белдесудің бір кезеңінде жеңіске жету артықшылық алғаннан кейін жекпе-жектің тағдыры шешімді деп есептеп, арқаны кеңге салуға мүлде болмайды. Төрешінің финалдық ысқырығына дейін палаун жинақы, ықтияқты, абай болуға, қандай болса да, күтпеген жағдайда қалған қарсыласы әр уақытта күшін жинап, шабулға шығу үшіе сәл мүмкіндіктің күшін пайдаланып кетуге әзір жүретінін есте сақтап, палуан қапы қалмау үшін ерекше сақ болуы керек. Сонымен қатар қарсыласын иницатива алуға да мүмкіндік бере алмайды. Осы мақсатпен қарсыласы маневр жасайды, ұстау әдісін және айқас қарқынын өзгертеді, қарсыласын тұқырта ұстап, оның күш жинап, әдіс қолдануына, дайындалуына мүмкіндік бермейді. Бәсекелесінің инициатива алып кетуіне, сондай-ақ жалған шабуылдар да кедергі жасайды. Оны шын шабуыл ретінде көрсете жүріп палуан қарсыласын қорғауға көшуге мәжбүр ете алады.
Егер қарсыласы қорғанысқа көшкен болса, оны белсенді қималдауға мәжбүр ететін (адамдар) амалдар қолданған орынды.
Бәсеке палуанныңпайдасына шешілмейтін болған қиын сәттерде барлық күшін де, барлық шеберлігін де өзін жеңіске жеткізетін тәсілдерді орындауға жұмсағаны жөн.
4 практикалық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет