Қазақстан республикасынын білім және ғылым министрлігі


Ерекше жағдайларды өңдеуді,expection класы



бет21/22
Дата23.01.2023
өлшемі119,43 Kb.
#166120
түріМазмұндама
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Алгоритм практика Азиза 2пвт (1)

Ерекше жағдайларды өңдеуді,expection класы
Ерекше жағдай деп бағдарламаны орындау барысында пайда болатын қандай да бір қате жағдайды айтады. Ерекше жағдайлар әр түрлі себептерден болуы мүмкін, мысалы нөлге бөлуге болмайтын жағдайда және т.б.

Қандай жағдай болмасын, бұл жағдай туралы хабарлама шығады.


Delphi-де ерекше жағдайларды өңдеудің глобальды және локальды өңдеушілері болады. Глобальды өңдеуші Application объектісі арқылы орындалады. Ол қолданушыға қате туралы ақпарат шығарады, бірақ оның себебін жөндемейді.


Локальды өңдеуші қате пайда болған жағдайда бағдарламаның арнайы дайындалған кодына көшуге мүмкіндік береді. Бұл тіл конструкциялары арқылы жүзеге асады, олар бағдарлама кодының фрагментін «күзетеді», және егер кодтың қорғалған бөлігінде қате жіберілсе, шақырылады.


Кодтың қорғалатын бөлігінің басын белгілеу үшін try сөзі, ал соңын белгілеу үшін end сөзі жазылады.


Қорғалған бөліктердің екі типі бар: try...except және try...finally, олардың синтекситері ұқсас, бірақ қызметтері әр түрлі. Бірінші тип ерекше жағдайларды өңдеу үшін қолданылады. Оның синтаксисі:


try
{Орындаған кезде қате тудыруы мүмкін операторлар}
except
{Қате пайда болған кезде орындалуы тиісті операторлар}
end;

try...except конструкциясы ерекше жағдайларды болған жағдайда бағдарламаның жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру үшін қажет. Except секциясы бірнеше бөліктерге on...do бөлінуі мүмкін, олар әр түрлі кластарды өңдеуге арналған. on...do кострукциясынан кейін else бөлімі орналастырылуы мүмкін, ол бүкіл блокқа қатысты болады. Жұмыс істеу логикасы бойынша on...do құрылымы case операторына ұқсайды.


Өзінің локальды өңдеушілері жоқ ерекше жағдайларға глобальды өңдеушілер механизмі қолданылады. Ол Application объектісі арқылы орындалады.
try
{Орындалуы кезінде қате тууы мүмкін операторлар}
except
{ Қате пайда болған кезде орындалуы тиісті операторлар }
Оп on Exception1 do ...;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет