Контейнерлермен, сұхбаттық терезелер
Контейнер компоненттері құрамына басқада басқару құралдарын және соның ішінде контейнерлердіде қоюға арналған. Контейнердің рамкасы және жазуы болады. Көп қолданылатын контейнерлер:
Panel;
· ScrollBox;
· PageScroller);
· GroupBox;
· RadioGroup;
· TabControl и PageControl;
· ControlBar и CoolBar.
Компонент Panel (панель)
Panel компоненті TPanel класына жатады. GroupBox қарағанда онда тақырып жолы жоқ, сондықтан элементтерді функционалды топтастыруда ыңғайлы емес. Екінші жағынан, оның Caption қасиеті мәтіндік жол түрінде көрсетіледі және хабар шығару үшін қолданылуы мүмкін. Бұл кластың компоненттері формаға оған қойылған аналық компоненттері терезе өлшемінің өзгеруіне қарамастан терезенің бір жағына тізбектей орналасуы үшін қойылады.
Panel компонентінің кейбір қасиеттері
BorderStyle
|
Рамка стилін анықтайды: bsNone – рамка жоқ; bsSingle – периметрі бойынша компонент 1 пиксель қалыңдықты сызықпен жаңартылады.
|
FullRepaint
|
Панельді және барлық аналық элементтерін оның өлшемінің өзгеруі кезінде қайта салуға рұқсат береді/бермейді.
|
Locked
|
OLE объектісімен жұмыс істеу кезінде пайдаланылады.
|
Компонент үшін OnResize оқиғасы қарастырылған, өңдеуіште программист компонент өлшемінің өзгерісіне қажет реакцияны алдын-ала болжай алады.
Компонент GroupBox (контейнер)
GroupBox компоненті TGroupBox класына жатады. Бұл компонент аналық компоненттерді орналастыру үшін арналған контейнер қызметін атқарады. Көбінесе оның көмегімен функционалды міндеті бойынша біріктірілген басқармалы элементтер тобы ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |