Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары


-тақырып.Алаш партиясының халықтың қолдауына ие болу себебі неде?



бет17/82
Дата22.12.2021
өлшемі3,59 Mb.
#926
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82
5-тақырып.Алаш партиясының халықтың қолдауына ие болу себебі неде?

XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі «Алаш» партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихында алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Бірақ белгілі обьективті себептерге байланысты бұл әрекеттері   нәтиже бермеді.

Қазақ зиялылары тарапынан осы мазмұндағы әрекеттің нышандары 1913 жылы қайтадан бой көрсетті. М.Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегіне шоғырланған қазақ зиялылары ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама   көтерді.

Сонымен, жалпықазақ кеңесін шақырып, онда ұлт өміріне қатысты өзекті мәселелерді қарау, соған сай саяси партия құру ісін қолға алуға қажетті алғышарттар тек ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты .

Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған   айрықша бюроға тапсырды .

Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан М.Шоқай өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып:»Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды» — дейді. Бірінші жалпы қазақ съезін ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 24 -маусым күнгі санында съездің  тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді. Бұл тезистер, белгілі дәрежеде, сол тарихи кезеңдегі қазақ демократиялық интеллигенциясының күрделі аяси мәселелерге байланысты ұстанған айқындамасынан, көзқарас деңгейінен хабар беретін еді.

Мысалы, бюроның түсінігі бойынша, съезде қаралуға тиіс ең негізгі мәселе, әрине мемлекеттік дербестік мәселесі еді. Олай болса бюро мүшелері өздері сұраған ұлттық автономия   мазмұнын қалай    түсінді?

Бұл сауалға   біз тезистерден мынадай жауап аламыз:

«Қазаққа мемлекеттік автономия ма, әлде уалаяттық автономия ма? Бұл екеуінің арасындағы айырмашылығы: мемлекеттік автономия болса өз Г.Думасы болмақ; өзіне керек закондерді сол думасы шығармақ; ақшасын өзі жасап шығармақ, барша шаруашылық ісі, темір жол, почта, телеграф сияқты істерінің бәрі де өзінде болмақ. Жер суының билігі де өзінде болмақ. Өз алдына әскер ұстамақ.

Бюро осылайша автономия жөнінде өз түсінігін ортаға салып «біздің қазақ автономия бола аламыз десе, осылардың бәрін қарап, ар жақ-бер жағын таразылап, тексеріп барып» белгілі бір қорытындыға келуі керек деген пікірді айтты.

Саяси партия құруға байланысты айтылған бұл тұжырымның мынадай мәні бар. Біріншіден, ол тарихи деректермен толық таныс емес қайсібір авторлардың «Алаш» партиясы шілдедегі жалпы қазақ съезіне дейін-ақ қалыптаса бастады деген пікірін бір жола жоққа шығарды. 1917 жылғы жалпықазақ съезіне дейін қалыптасып дамыған «Алаш» партиясы емес, кейін алаштық атанған ұлттық интеллигенция басқарған ұлт-азаттық қозғалыс болатын. Ал бұл қозғалыстың бастаушы ұйытқысының саяси партияға бірігуі бірінші жалпықазақ съезінен басталғаны тарихи факті. Екіншіден, бұл айтылған тұжырым «Алаш» партиясының саяси мәнін кеміту мақсатында оны ресейлік кадеттер партиясының филиалы есебінде бағалаушылар пікірініңнегізсіз екендігін көрсетеді». Империялық езгідегі қазақ қоғамы  жағдайында «Алаш»  партия  ретінде өзінің идеологиялық   негізі етіп,   әрине,   жалпыұлттық   мүддені,   қазақ шындығын алуға тиіс болды. Бұл толық табиғи құбылыс және басқаша  болуы да мүмкін еместін.

Сонымен бірге съезд  ұйымдастырушылары өз тұжырымдарын талқыға ұсына отырып, тек біздің айтқанымыз ғана оң деген ойдан аулақ еді. Съездің ашылар қарсаңында, анығырақ айтқанда, «Қазақтың» 4-шілде күнгі санында Ә.Бөкейхановтың  «Қазақ  депутаттары»  атты  мақаласы жарияланады.

Ұйымдастыру бюросының атынан жазылған бұл материалда ол «осы ақыл жұрт пайдасы-ау деп» бюроның «қазақ жұртынан депутат болатын жігіттердің атын» атағанын, съезд қолдаған адамдарды бүкіл қазақ болып сайлайтындығын,  депутат саны адам санынан тәуелді екендігін, ал Құрылтай Жиналысына екі  жүз  мың  адамнан бір  депутат сайланатындығын халыққа жан-жақты таратып түсіндіре келіп, қазақ халқының 1917 жылдың орта тұсындағы жалпы санына тән мынадай қызықты фактілерді келтіреді: «1897 жылғы есепте қазақ тілін ана тілім деген адам 4 миллион 48 мың еді. Бір жылдағы адам баласының таза өсімі екі жүзге адам болады.

Осы есепке салса біздің 9 облыс, бір губерниядағы қазақ биыл 5 миллион 400 мың болса керек.  Бұлай болса, қазақ депутаты 27 болмақ. Бұларға 13-14 кандидат сайланбақ. Сонда біздің депутатымыз   40-41 болмақ».

Ә.Бөкейханов «бұл      болып тұрған заман Алаштың азаматына зор жүк. Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті.  Кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере-бере жүретін алдымызда зор шарттар бар! Осыны аңғар, жұртым қазақ!» деп көрсетіп, бюроның атынан депутаттыққа кандидат деген 43 адамның атын атап, халықтың талқысына ұсынады. Олардың арасында Ж.Ақбаев, А.Бірімжанов, Х.Досмұхамедов, Р.Мәрсеков сияқты белгілі қайраткерлерден бастап А.Кенжин, С.Сабатаев, М.Төлебаев сияқты саясатқа енді араласа бастаған жастар;  Уақытша үкімет комиссарлары мен мұғалімдер,дәрігерлермен шығармашылық интеллигенция өкілдері бар еді.

Сонымен, тұңғыш жалпықазақ съезі 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өтті. Съезд жұмысына Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан барлығы он төрт мәселе қойылып, олардың арасында мемлекет билеу түрі, қазақ автономиясы, қазақ


облыстарындағы жер жағдайы, әскер құру, земство, әйел теңдігі және басқа мәселелер бар еді. Съезд қаулысы «Қазақтың»  1917   жылғы  31  шілде  күнгі санында жарияланған.

Съезд қабылдаған қаулы бойынша, Ресей «демократиялық федеративтік парламенттік Республика болып, қазақ облыстары қоныс-ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Демек, съезд пікірі бойынша, бұл кезде қазақ автономиясы бүтін қазақ жерлерін негізге алып емес,»қоныс-ұлт жігіне қарай» жариялануға тиіс еді. Бұл арада, өрине,  дүдәмал жағдайлардың көп екендігі түсінікті. Жалпы басқа да деректерді саралай отырып, қазақ демократиялық интеллигенциясының мемлекеттік автономияға байланысты көзқарасы 1917 жылдың күзіне қарай айқындала түскенін аңғаруға болады.

Сонымен, бірінші жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы шешім қабылдайды. Ал бүдан кейінгі уақытта оның қалыптасу барысы,  қызметі қалай жүрді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет