1943 жылы Қазақстан өз ресурстарынан Ресейдің Краснодар және Ставрополь өлкелеріне, Украинаның шығыс облыстарына 2700 трактор, 123 комбайн, 880 сеялка, 2500 соқа және көп мал, азық-түлік, киім жіберді. Осының бәрін жеткізіп апарғандардың ішінен 295 комбайншы, 636 трактор бригадасының бригадирі, 115 механизатор, 115 агроном, 65 МТС директоры сонда қалып, шаруашылықты қалпына келтіруге көмектесті.
Терминологиялық сөздік:
Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына(Мажарстан, Италия, Румыния, Финляндия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстыңең маңызды және шешуші бөлігі.
Тыл — 1.соғысушы елдердің соғыс қимылдары жүріп жатқан ауданынан басқа, адам және экономикалық ресурстарымен бірге алғандағы барлық аумағы;2.Соғыс және бейбіт уақытта армия мен флотты техникамен қамтамасыз ететін тыл қызметінің күші мен құрал-жабдықтары;3.Майданда әрекет етуші әскер шебінің артқы бөлігі немесе арт жағы.
Депортация (лат. deportatio - шығару) — мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады
Сұрақтар:
Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақстандық әскери дайындықтан өтті?
Ұлы Отан соғысы кезінде қандай зауыт-фабрикалар салынды?
"Бәрі майдан үшін,бәрі Жеңіс үшін!" ұраны қалай жүзеге асты?
Достарыңызбен бөлісу: |