«Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті»


-тақырып: Дін философиясы Дәрістің мақсаты



бет36/39
Дата20.02.2022
өлшемі113,9 Kb.
#132573
түріКонспект
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Философия конспектілер

14-тақырып: Дін философиясы


Дәрістің мақсаты – философия мен дін арақатынасын пайымдау.


Дәріс сұрақтары:

  1. Дін анықтамалары. Дін және өнер. Діннің алғашқы формалары. Ұлттық, мемлекеттік және әлемдік діндер. Дәстүрлі және дәстүрлі емес діни наным-сенімдер.

  2. Діни-философиялық концепциялар (Ф. Шлейермахер, С. Кьеркегор).

  3. Қазіргі заман мәдениетіндегі дін философиясы. Брахма, дао, логос және теос.



Кілт сөздер: дін, философия, натурализм, пантизм, деизм, политеизм, монотеизм, брахма, дао, логос, теос. Кьеркегор, Шлейермахер, Абай.

Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім. Дін және өнер. «Дүниежүзілік діндер» феномені. Діннің алғашқы формалары. Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм (У. Тейлор), структурализм (Леви-Брюль, Леви-Строс), марксизм (С. Токарев). Буддизм және оның негізгі бағыттары. Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары. Ислам. Исламның қалыптасуы, догматикасы және тарихи формалары. Суфизм (Аль-Газали, Ходжа АхметЯссауи). Неміс романтизм өкілдерінің діни философиялық концепциясы (Ф.Шлейермахер). С.Кьеркегордің діни философиясы.


Ғылым мен техниканың дамуына, адамзаттың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына толыққанды жағдай жасаған XX ғасыр да тарих қойнауына енді. Өте ерте заманда-ақ пайда болған дін әлі күнге өз позициясын адамзат санасының басқа түрлерінің алдында бермей келеді. XXІ ғасырда түрлі конфессиялар мен діни ұйымдар ойдағыдай әрекеттесуші институттар ретінде өркениеттің бір саласы болып өмір сүре бермек. Діннің тұрақты сақталып келе жатқаны факт болып табылады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін рухани ояну процесі басталды. Бұл – кең көлемдегі тоқтаусыз процесс. Болашаққа қол созған жарқын істеріміздің, ұдайы алға жетелейтін үмітіміздің маңызды бір бөлігі – діни өрлеу. Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. Қоғамда діни сана үнемі болып келді. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын феномендер. Өркениетті деп саналатын батыс елдерінде де, бізде де дін мемлекеттен бөлінген, бірақ, ол қоғамнан ажыратылмайды. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мемлекеттің субстанциясы. Әлемнің діни жетекшілері 2006 жылы жиылып, діндерге ортақ, адамзатқа ортақ, жалпы өркениетті қоғамға ортақ қандай мәселелр бар және де діндердегі қандай мәселелер өркениеттік жолмен қоғамдарды, елдерді, мемлекеттерді бір-біріне жақындастырады деген өзекті тақырыптар төңірегінде сөз қозғады. Адамзат баласына ортақ дүниелер көп. Біздің ойлау жүйемізде, діни жүйеде не ортақ екен? Ол ортақтық өркениетке, адамзаттың болашағына қалай қызмет етеді екен? Осы мәселелер ізгілік жолындағы адамзат баласын толғандырып отыр. Өйткені, осы кезге дейін біз бүкіл дүние жүзінің халықтарын дін-дінге бөліп, бөлектеп-бөлшектеп келдік. Тіпті өткен тарихтарға көз жүгіртсек, дін үшін қырғын соғыстардан миллиондаған адамдар опат болды, қасірет кешті. Осындай қасіретті азайтуда, не мүлдем жоюда діндер бір ортақ келісімге келе ала ма? Ортақ келісімге келудің уақыты туды. Бүгінгі таңда әркім өзінің діни сеніміне берік бола отырып, ортақ адамзаттық келісімге келу өркениеттік сананы қажет етпек. Өркениеттік сана дегеніміз әрбір адамның өз болмысымен, дінімен, елдік санасымен бірге адамзатқа ортақ мәселелер туралы келелі сөздер айта білуі. Халықтар, елдер арасында, діндер арасында ұрыс-керіс, жанжал емес, бүгінгі бұрқ-сарқ етіп қайнап тұрған XXI ғасырда мәдени сұхбат қажет. Исламды саясаттандыру төңірегіндегі әрекеттер исламның қазіргі қоғамдағы орнын даулы проблемаға айландыруға себепші болып отыр. Негізінде дін мен саясат екі бөлек феномендер. Дін адамның ұятында, арында, яғни оның иманында. Саясат болса, ол адамдардың қауымдасып, ұлт, халық болып, мемлекет құрып өмір сүрудегі тәсілі. Дін саясатқа жанасып кетсе-ақ, өз қадірін жоғалта бастайды. Сондықтан асылы Дін мен Саясат бөлек-бөлек болғаны абзал.
Діндердің барлығы «әділдік пен махаббат» жолына үндейтінідігі ақиқат. Бірақ, сол әділдік пен махаббатқа білімсіз жету мүмкін емес. Діни білім туралы мұсылман дінтанушысы Абу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед Әл-Ғазали (1059-1111) былай деген: «Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Пайдалы білім – дүниенің жамандығын, ақыреттегі жағдайдың қауіптілігі мен қорқыныштылығын түсіндіретін білім. Дүниеге беріліп, ақыреттен бет бұрған адамдардың надандығы мен ақымақтығын, олардың бойындағы өркөкіректік, күншілдік, екіжүзділік, өзін-өзі сүюшілік, атаққұмарлық пен мансапқұмарлық, дүниеге құштарлық сияқты жүрек дерттерінің дауасы не екендігін білдіретін білім – пайдалы білім».


Әдебиет

  1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.

  2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.

  3. Мырзалы С. Философия: оқу құралы. – Аcтана: Бастау, 2014/16. – 646 б.

  4. Бертран Р. История западной философии. – М.: Издатель Litres, 2018. – 1195 с.

  5. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. – Алматы: «Ұлттык аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 216 б.

  6. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 360 б.

  7. Канке В.А. Философия: Учебное пособие для студентов выс­ших и средних специальных учебных заведений. – М.: Логос, 2001. – 272 с.

  8. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика философиясы / Ғылыми ред. Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 408 б.

  9. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы / Ғылыми ред. Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 б.

  10. Армстронг К. Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: ҚҰДАЙТАНУ БАЯНЫ. – Астана: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 432 б.

  11. Гараджа В. Социология религии. www.gumer.info/bogoslov_Buks/Relig/gar/





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет