Жауға шаптым ту байлап, Шепті бұздым айғайлап. Дұшпаннан көрген қорлықтан, Жалынды жүрек қан қайнап, Елді-жұртты қорғайлап, Өлімге жүрміз бас байлап!
Қазақтың ханы Абылай Абылай ханым, бұл қалай? Ақиықты аспанға Ұшпастай ғып торлады. Құлағанға ұқсайды Қазақтың қамал қорғаны. Қайғырмаңыз, ханзадам, Айтпасыма болмады, Батырың өтті Бөгенбай. Қиядан қиқу төгілсе, Аттың басын тартпаған, Қисапсыз қол көрінсе, Қорқып жаудан қайтпаған, Қазақ деген халқынан Батыр шыққан даңқынан, Қарсыласқан асылдар Қорғасындай балқыған, Батырың өтті Бөгенбай.
Жақсыны алыс, жаманды жақын көрме, Жақсы атансаң, басқаның хақын жеме. Жақсымын деп момынның малын жеме, Жаман адам сол болар, мақұл деме. Екі арыстан қосылса, дәуді өлтірер. Ажал келсе, ауру түгіл, сауды өлтірер. Ауылыңда шайпау тілді жаман болса, Аман тұрған басыңа дау келтірер.
Берілген өлең жолдарынан қандай ақпарат алуға болады?
ХVIII ғасырдағы шығармалардағы ортақ ой __
ХVIII ғасырдағы ақын-жыраулардың қоғамдағы орны
Дескриптор
Білім алушы
ақын-жыраулардың шығармаларындағы басты ақпаратарды жазады;
ақын-жыраулардың шығармаларындағы ортақ ойды жазады;
XVIII ғасырдағы ақын-жыраулардың қоғамдағы орнын сипаттайды.
Бөлім
XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті
Тақырып
XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті
Оқу мақсаты
7.2.2.4 Қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Қолданбалы өнердің жетістіктеріне баға береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма XVIII ғасырдағы қолданбалы өнердің негізгі бағыттары мен дамуы бойынша кестені толтырыңыз. (кестенің «бұрыны», «бүгіні» бөліміне қолданбалы өнердің бағыттары мен дамуы туралы жазыңыз, «болашағы» бөліміне өз болжамыңызды жазады)
Бұрыны
Бүгіні
Болашағы
Ұсталық өнер
Ат әбзелдері
Зергерлік өнер
Дескриптор
Білім алушы
ұсталық өнердің өткені мен бүгінін сипаттап, болашағына болжам жасайды;
ат әбзелдерінің қолданысы бойынша өткені мен бүгінін сипаттап, болашағына болжам жасайды;
зергерлік өнердің өткені мен бүгінін сипаттап, болашағына болжам жасайды.