«Қазақстан тарихы» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы



бет2/5
Дата26.12.2019
өлшемі0,64 Mb.
#54981
1   2   3   4   5
Байланысты:
ОШ ҚБ Қазақстан тарихы 7 сынып




Бөлім: XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы



Тақырып

XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы


Оқу мақсаты

7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін түсіндіреді




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білу және түсіну


Тапсырма

Әбілқайыр ханның Ресей императорына хат жазуының себептерін ішкі және сыртқы саяси факторларға жіктеп, орналастырыңыз.


  1. Хандық билікті сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен беруді жүзеге асыру

  2. Саяси қарсыластарын әлсірету

  3. Орыс қарамағындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтату

  4. Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтарып алу

  5. Үш жүздің басын біріктіріп, өзі билігін нығайту

  6. Ресеймен сауда байланысын нығайту




Ішкі саяси жағдайға байланысты


Сыртқы саяси жағдайға байланысты







Дескриптор

Білім алушы:




  • Әбілқайыр ханның Ресей императорына хат жазуына себеп болған ішкі саяси жағдайларды анықтайды;

  • Әбілқайыр ханның Ресей императорына хат жазуына себеп болған сыртқы саяси жағдайларды анықтайды.




Бөлім



XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы


Тақырып

Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталауы


Оқу мақсаты

7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау


Бағалау критерийі

Білім алушы




Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма
Суреттер бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.














Әр суретті жеке-жеке сипаттаңыз:

  • Не көріп отырсыз?

  • Қандай қорытынды жасауға болады?

Суреттерді қолдана отырып қарастырып отырған тарихи кезең бойынша әңгіме құрастырып, қазақ халқының қоғамдық-саяси өмірі қалай өзгеруі мүмкін екенін жазыңыз.


Дескриптор

Білім алушы:



  • берілген суреттерді алған білімдеріне сүйеніп сипаттайды;

  • суреттердің негізінде оқушылар қазақ жеріне Ресей империясының енуіне байланысты болған өзгерістерді анықтайды;

  • суреттердің негізінде оқушылар Ресей империясының қазақ жерін отарлауына байланысты болған кемінде 1 өзгерісті болжайды.




Бөлім

XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы


Тақырып

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты


Оқу мақсаты

7.3.2.3 Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатын бағалау


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына баға береді




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатындағы ерекшеліктеріне, төмендегі сұрақтар негізінде, талдау жасаңыз.


Талдау сұрақтары

Ішкі саясаттағы

Сыртқы саясаттағы

Ерекше оқиға







Нәтижелі оқиға







Айрықша, мәнді оқиға










Дескриптор

Білім алушы


  • Абылай ханның ішкі/сыртқы саясатындағы ерекше оқиғаларды жазады;

  • Абылай ханның ішкі/сыртқы саясатындағы нәтижелі оқиғаларды жазады;

  • Абылай ханның ішкі/сыртқы саясатындағы айрықша, мәнді оқиғаларды жазады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет