«Қазақстан тарихы» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы



бет1/5
Дата26.12.2019
өлшемі0,64 Mb.
#54981
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ОШ ҚБ Қазақстан тарихы 7 сынып

«Қазақстан тарихы» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
7-сынып

Нұр-Сұлтан қаласы, 2019 жыл


Құрметті мұғалім!

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.

Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.



Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.


Мазмұны


I тоқсан 4

Бөлім: Қазақ-жоңғар соғыстары 4

Бөлім: XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы 8

II тоқсан 11

Бөлім: XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті 11

Бөлім: Отарлау және ұлт-азаттық күрес 13

III тоқсан 16

Бөлім: Отарлау және ұлт-азаттық күрес 16

Бөлім: Қазақстан Ресей империясының құрамында 17

Бөлім: Қазақстан Ресей империясының құрамында 20

IV тоқсан 23

Бөлім: XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті 23




I тоқсан




Бөлім: Қазақ-жоңғар соғыстары



Тақырып

Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы

Оқу мақсаты

7.2.2.1 Халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығына баға береді

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Дерекпен жұмыс. «Елім-ай» әніннің сөзін оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

«Елім-ай» - қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, босқан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлең. Кейінгі зерттеулерде оның нақты авторы - Қожаберген жырау Толыбайұлы деп беріледі.

Елім-ай

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

Елім-ай, Елім-ай.

Ел-жұртынан айрылған жаман екен,

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді,

Елім-ай, Елім-ай.

Мына заман қай заман? Бағы заман,

Баяғыдай болсайшы тағы заман,

Елім-ай, Елім-ай.

Атадан ұл, енеден қыз айрылды,

Көздің жасын көлғылып ағызамын,

Елім-ай, Елім-ай.

Мына заман қай заман? Қысқан заман,

Бақыт құсы алаштан ұшқан заман,

Елім-ай, Елім-ай.

Көк аспаннан топырақ, шаң борады,

Күні суық қаңтардан, қыстан жаман,

Елім-ай, Елім-ай
Өлең жолдарынан қандай тарихи оқиға туралы ақпарат алуға болады, қысқаша тоқталыңыз. _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Осы тарихи кезеңдегі қазақ халқының жағдайын төменде берілген салалар бойынша талдап жазыңыз.



Қортынды ой жазыңыз: ________________________________________________




Дескриптор



Білім алушы:


  • берілген әндегі тарихи оқиғаны сипаттайды;

  • қазақ халқының әлеуметтік жағдайын талдайды;

  • қазақ халқының саяси жағдайын талдайды;

  • қазақ халқының экономикалық жағдайын талдайды;

  • қорытынды ой жазады.







Тақырып

Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы

Оқу мақсаты

7.3.1.1 Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға береді

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары


Тапсырма
Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының маңыздылығын анықтаңыз.


Оқиғаның маңыздылығы

Критерийлер




Ұпайлар (маңыздылығы бойынша): 1 2 3 4 5

Нақты сол уақытта оқиға қаншалықты маңызды болды:

Маңыздылық 1 2 3 4 5

Дәлел:

 

Құрылтайлардың нәтижелері:

Маңыздылық 1 2 3 4 5

Дәлел:

 

Бүгінгі күндегі маңызы:

Маңыздылық 1 2 3 4 5

Дәлел:

 







Дескриптор

Білім алушы:




  • Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының сол уақыттағы маңыздылығын бағалап, дәлел келтіреді;

  • Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының нәтижелерін бағалап, дәлел келтіреді;

  • Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының бүгінгі күндегі маңызын бағалап, дәлел келтіреді.




Бөлім



Қазақ-жоңғар соғыстары


Тақырып

Қазақ-жоңғар шайқастары


Оқу мақсаты

7.3.2.1 Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін сипаттайды




Ойлау

дағдыларының

деңгейі

Қолдану


Тапсырма
Сурет бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Қандай қорытынды шығара аласыз?


Осы оқиғаларға қатысты тарихи тұлғаларды атаңыз




Берілген сурет бойынша не айта аласыз?









Дескриптор

Білім алушы:



  • суреттегі тарихи оқиғаны анықтайды;

  • оқиғаларға қатысты тарихи тұлғаларды атайды;

  • қорытынды ой жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет