36-сұрақ. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Билер институты. Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді.
37-сұрақ. XIV ғасыр – XVIII ғғ. басындағы Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Көшпелі шаруашылық түрлері, олардың ерекшеліктері. Қазақ халқының дәстүрлі көшпелі шаруашылығы ол мал шаруашылығы болып табылады.Материалдык мәдениетін манызды элементтерінін бірі мал шаруашылыгы мен егіншілікен уй касіпшілігімен, коленерімен байланысты еңбек куралдары болып табылады.
Кешпелі мал шаруашылығынң ерекшелігі мезгіл бойынша мекендерін ауыстырып тұрады және т.б.
38-сұрақ. Қазақстанның қалалық мәдениеті. Қала мен даланың өзара байланысы. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымы. X ғасыр мен XIII ғасырдың басы — экономика мен мәдениеттің өркендеу кезеңі. Осы кезде Жетісу, Ертіс бойы мен Орталық Қазақстан аймақтарында қала мәдениетіңің жаңа аудандары пайда болды. Тұтастай алғанда бұл көшпелі және қалалық өркениеттердің өзара тығыз байланыстарының кезеңі болып табылады.
Х-ХІІІ ғасырдың басында қала мәдениетінің дамуында өзгерістер байқалды. Бұл ретте жаңа дін ислам маңызды рөл атқарды. Ислам мәдениеті бірінші кезекте қала тұрғындары арасына тарады. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қалалар Азияның басқа аймақтарымен салыстырғанда көшпелілердің отырықшылануы есебінен анағұрлым тез өсті. Мұны араб және парсы деректері дәлелдейді. Осы кезеңдегі отырықшылыққа, қала өміріне бейімделу жайлы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасында баяндалған.
Х-ХІІ ғасырларда қала халқы VIII-ІХ ғасырлармен салыстырғанда 20-30 есеге өсті. Ірі қалаларды мыңдаған халық мекен етті. Осы кезеңде қала тұрғындарының саны өсіп қана қоймай, олардың аумағы да кеңейді. Бұл шаруашылық пен феодалдық қатынастардың дамуымен түсіндіріледі.