Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар


-сұрақ. "Қазақ" газетінің, «Айқап» журналының қазақ халқының ұлттық болмысын қалыптастырудағы рөлі



бет30/52
Дата18.12.2022
өлшемі165,98 Kb.
#163157
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52
Байланысты:
Тарих 100 сұрақ
бөөж, Химия БӨЖ 20231011 101119 0000
57-сұрақ. "Қазақ" газетінің, «Айқап» журналының қазақ халқының ұлттық болмысын қалыптастырудағы рөлі.
“Айқап” журналының алғашқы саны Троицк қаласында 1911 жылдың қаңтарында жарық көрді. Оның шығарушысы, демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин болды. Ол журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пайда серіктікке пай жинай жүріп шығарды. Біраз уақыттан соң журнал өз қаржысымен шыға бастады, оған жәрдемдесуші- лерде табылды. Дегенмен қаржының тапшылығынан ол алғашқы жылы айына бір реттен, кейде шағын көлемді болып жарық көрді.
Жәрдемшілер көбейіп және қаржыға ие болғаннан кейін, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен, 12-24 бет көлемде шықты. Проыуссор Қ. Бекқожиннің дәлелдеу- інше “Айқаптың”тиражы 1000 дана болған. Жалпы, журналдың 5 жыл ішінде 89 саны жарық көрген.
“Айқаптың” алғашқы санындағы “Қызмет иесі санындағы мырзаларға” деген мақалада: Журнал шығарудағы мақсат атақ шығару, білім сату емес, халыққа қызмет ету болды… “Айқап” әр материялдың мазмұны мен тақырыбына жете көңіл бөліп отырды. Бірінші бетіне елдің ішкі өмірінде болған жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші, үшінші беттерінде “Ашық хат” деген айдарымен оқырмандар хаттарын жариялаған. Проблемалық мақалалар (жер туралы, сьезд, сайлау т.б. тақырыптар) бойынша 4-6 беттеріне орналасқан. “Фельетон ”, “Хабарлар” бойынша айдарымен материялдар журналдың орта тұсынан орын алған. Ал шетел жаңалықтарынан, көңіл айтулар мен басқармадан ускертулерді, жаңа кітап туралы рецензияларды журналдың соңғы беттерінен оқуға болатын.
58-сұрақ. Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір. Кеңес өкіметінің орнауы. Ресей халықтарының құқықтары Декларациясының жариялануы (1917 ж. 15-қазан).
Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін” деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды.
1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталд. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет