шығару салалары - мұнай, көмір саласы және түсті металлургияны дамытудың негізі
болды. Риддер, Қарсақбай полиметалл комбинаттары, Қарағанды көмір кеңдері қайта
қалпына келтірілді.Шымкент
қорғасын зауыты, Балқаш және Жезқазған мыс қорыту,
Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының құрылыстары басталды.
Индустрияландыру өзін-өзі ақтамаған асқақ жоспарлар мен қарқынды арттыру
жағдайында жүзеге асырылды. 1931 - 1940 жылдары республикаға 559 мың жұмысшы
келді. Жұмыс күшін толықтырудың тағы бір қайнар көзі арнайы қоныс аударылғандар:
орталык аймақтар мен Сібірдің кулакқа жатқызылып, дүние-мүлкі тәркіленген
шаруалары болды. Республика комсомолы жетекшілерінің бірі,
ұлттық бағыт ұстанған
қазақ зиялысы - Смағүл Сәдуақасов республикаға елдің басқа аудандарынан «бос»
жұмысшы қолын жаппай қоныстандыруға қарсы шықты. Ол өзінің 1928 жылы
«Большевик» журналына (№1 саны) жариялаған «Ұлттар және ұлт адамдары» деген
мақаласында индустрияландыру туралы ұстанымдарын ашып жазды.
Индустрияландырудың жетістіктері: 1926 - 1940 жылдардағы индустриялық даму
Қазақстанды ірі жетістіктерге жеткізді. Индустрияландыру арқасында Қазақстан 1941
жылы ірі ауыл - шаруашылық өндірісі бар индустриялы республикаға айналды. Елде
көмір өнеркәсібі қауырт дамыды, 1940 жылы оның 90 пайызы Қарағанды бассейнінің
үлесіне тиді. Қарағанды көмір бассейні Донбасс пен Кузбастан кейінгі КСРО-ның
үшінші көмір ошағына айналды. Республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібі де іргелі
жетістіктерге жетті. Алматыда аяк киім және екі тігін фабрикалары,
Семейде тері
илейтін комбинат және ет комбинаты, Атырау балық-консерві және Алматы жеміс-
көкөніс комбинаттары, Талдықорғанда, Меркеде, Жамбылда қант зауыттары,
Алматыда
темекі фабрикасы, нан пісіретін және май шайқайтын зауыттар қатарға
қосылып, өз өнімдерін шығара бастады. Нәтижелері — Қазақстан Одақ бойынша
өндірістің жалпы өнімінің көлемі жөнінен 7 - ші, электр қуатын өндіруде 6 - шы, тас
көмір және мұнай өндіруде 3 - ші, қорғасын өндіруде 1 - ші орынға шықты; түсті
металдардың негізгі өндірушісіне айналды; никель, қалайы, вольфрам өндіру жұмысы
жолға қойылды. Қиындықтары – Қазақстанның экономикалық жағынан артта қалуы;
— патриархалды - феодалдық қатынастардың қалдықтары;
пайдалы қазбалардың
өндірілуінің қиындығы; — тұтыну заттары өндірісінің басым болуы;
инфрақұрылымның болмауы; маманданған жұмыс күшінің тапшылығы. Келеңсіз
жақтары – Ауылдағы өндірістік күштердің күйреуі, Қазақстан өнеркәсібінің
шикізаттық бағыты, Кәсіби мамандардың басқа аймақтардан келуі.
Достарыңызбен бөлісу: