Мезолит грекше аударғанда орта тас ғасыры дегенді білдіредi, ол б.з.д. 12 - 7 мын жыл.
Бұл кезең Казакстан тарихында ен аз зерттелген. Тек сонғы он жылда оншақты мезолит
тас индустрия кешендерiне жататын ескерткіштер және тұрактар табылып отыр.
Жерлеу кешендері, алгашкы кезеңдер сиякты анықталмаған.
Неолит- жана тас ғасыры, ол б.з.д. 6-4 мын жылды камтиды.
Сонғы жылдардағы
зерттеулер бiрнеше неолиттiк мәдениеттердi аныктауға мүмкiндiк бередi. Тобыл
бойындағы Маханджар, Есілде - Атбасар және Орталык Қазақстан ескерткіштер тобы.
Бұлардан ертерек Батыс Казакстанда - Кельтеминар, Шығыс Қазакстанда - Усть -
Нарым мәдениеттерi табылған. Неолит тас индустрияландыру дамыған кезі. Тас өңдеу
технологиялары пайда болды: аралау, бурғылау, сүргілеу.
Энеолит - мыс пен тас ғасыры, б.з.д. 4-3 мын жылды қамтиды. Сонғы уакытка дейiн
энеолитті тас ғасырынан кола ғасырына өтетін өтпелі кезең деп қарастырған.
Алайда
біркатар зерттеушiлер энеолитті тарихтағы маңызды кезең деп бiледi және оны бiздiң
елiмiздiң оңтүстiгiнде мал және жер шаруашылығымен айналысатын тайпалардың
гүлденуiмен байланыстырады. Казакстаннын далалык және орманды бөлiктердегі
энеолит дәстурi аңшылык балыкшылык кезен ретiнде карастырылады, бірақ Тобыл,
Есіл бойындағы энеолит ескерткiштерiн зерттеу өзгерiстер әкелдi.
Қазақстан аумағында адамнын өмiр сүргендiгi туралы мағлұматтар,
тастан жасалған
еңбек құралдары шапқылар,қырғыштар. үшкір тастар - төменгі палеолитке жатады
(шамамен 1 млн. жыл бурын). Ең көне енбек кұралдары - шапқылар, қырғыштар, үшкір
тастар, шакпак тастар Онтүстiк Казакстанда, Каратау бөктерінің оңтүстік батыс
беткейіндегі Арыстанды өзенiнiң ен жоғарғы жайылмасынан Кенiрдек елдi мекенiнен
табылған. Ерте палеолит тұрактарында табылған мындаған артефактілер үшкір тастар,
нуклеустер, піспектер Жамбыл облысының Каратау бөктерiнiн солтүстік шығысынан
табылған. Бұл тұрақтар – Қызылтау, Бөрiказган, Тәңiрқазған. Сол кезендегі
ескерткіштер Казакстаннын баска да өңiрлерiнен кездеседi, Орталык Қазақстандағы
Сарыарқанын шығысындағы тұрақтар: Семізбұғы, Құдайкөл,
Жезказғанда орналаскан
Жаман - Айбат тұрағы. Қарағанды облысы Жезді ауданында орналаскан Обалысай
тұрағы, Шығыс Қазақстандағы Қолғұтты өзенiнiн бойында. Құршым ауданынын
Каратоғай ауылынын жанында орналасқан Козыбай тұрағы.
Ерте палеолит кезеңі. Алғашкы ескерткiштер ретiнде ен көп қызығушылықты
тудыратын ашель тұрақтары: Қызылтау, Бөрiқазған және Тәңiрказған тегіс шында
орналаскан, жер кабатындағы қақпа тас, доломит, алеврит сиякты минералдардан
түзелген, баска да табиғи минералды түрлерден құрастырылған қабаттардан тұрады.
Орналаскан жері Жамбыл облысы Талас ауданы.
Келесі ерте палеолиттік ескерткiштiн табылған жері
Токалы елдімекені, Көктал
өзенінен 5 км жерде орналаскан. Бул жерде кремниден жасалған өте көп заттар
табылған, сонымен катар шапкыш кұралдар, нуклеустер және ірі піспектер. Токалы
материалдарының мерзiмiн кейінгі палеолиттiн ашель - мустье саты- сына тенестiредi.
Қаратаудың солтустік шығысынан 25 км жерде орналасқан Кемер шатқалдарында
табылған палеолиттік бұйымдардын жиынтығы Қаратау бөктерiндегi
аудандарда мекен
еткен адамның ең ежелгi құралдарынын iрi коллекцияларынын бiрi болып табылады,
ғалымдар оны ерте ашельдiк кезеннің ескерткiштерiнiн катарына коскан.
Кейiнгi палеолит дәуiрi кезеңдегi жаксы зерттелген ескерткiштерге Шығыс
Қазақстандағы Шульбинка, Оңтүстік Казакстандағы көп кабатты Ш. Уалиханов
атындагы палеолит тұрақтары және жанадан ашылған Майбұлақ тұрақтары жатады.
Казiргi танда Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік
ескерткіштер табылған. Қазакстаннын неолиттік ескерткiштерi бiрнеше аймактық
топтарды кұрады, мүмкiн, мәдениеті жағынан бір-біріне ұқсас болуы – туысқан
тайпалардың өмір сүру аумагына сай.
Археолог Х.А. Алпысбаев 1959 жылы Оңтүстік Қазакстан облысынын Караүнгiр
қуысындағы неолиттік тұракта жүргiзген қазба жұмыстарынын нәтижесiнде үнгірді
мекендеушiлердiң түрлi тас құралдарының топтамасын тапты. Аншылыктын негiзгi
объектiсi құландар, аюлар, бұғылар, карақұйрыктар, еліктер, қабандар, жылкылар,
қасқырлар, өгiздер, кеклiктер, кырғауылдар мен тасбакалар болған. Үңгірден табылған
калдык заттар осыған дәлел. 1992 жылы Қазакстан - Ресей елдерiнiн бiрлескен
археологиялык экспедициясы үңгірдегі казба жұмыстарды жалғастырды.
1989-1990 ж. Батыс Қазакстаннын Атырау облысында неолиттік тұрактар табылған:
Шатпаккөл, Құлсары 1-5, Шандауыл, Қыземшек, Кайнар,
Жылан-Қабақ, Қойқара,
Сарықамыс, Шаянды және т.б.
Қазақстан аумағында әзірге бiрнеше ғана неолиттік обалар табылған, әсіресе, олар
Солтүстiк Казакстанда шоғырланған.Обалардың бірде біреуінде де жердің үстіңгі
қабатында белгілері жоқ. Мәдени дәстүрлердің өзіне тән ерекшелігі мен өзгешілігін
сақтай отырып, Қазақстандағы неолит дәуіріндегі тайпалар көршілес жатқан аудандар
мен облыстардағы өзге тайпалармен де тығыз байланыста болған.
Достарыңызбен бөлісу: