6.Сұрақ:
Үйсін, қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап
көрсетіңіз. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
Жауап:
Біздің дәуірімізге дейін шамамен III ғасырда бүгінгі күнгі Қазақстан территориясында
негізгі рөлді үйсіндер мен қаңлылар атқарды. Үйсіндер Жетісудың шұрайлы
жазықтарын мекен еткен болатын. Олардың территориялары Шу өзенінен бастап Тянь-
Шань тауының сілемдеріне дейін, Балқаш көлінен Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына
дейін созылып жатты. Олардың көшінің батыс шекарасы Талас өзені болып табылды.
Үйсін мемлекеті батысында қаңлылармен, шығысында ғұндармен, оңтүстігінде
Ферғанамен шектесіп жатты. Қытай деректері бойынша Үйсін мемлекетінің астанасы
Чигу-Чэн (Қызыл аңғар) қаласы болған. Ол Ыстық көлдің жағасында орналасты.
Белгілі қытайтанушы тарихшы-ғалым Н. Мұқаметқанұлы: «Үйсін мемлекеті дегеніміз
– үйсін тайпалар одағынан құрылған Қазақстан аумағында б.з.д. ІІ-VI ғасырларда өмір
сүрген байырғы мемлекеттердің бірі», – деп атап көрсеткен. Үйсін деген этноним ең
алғаш қытай тарихшысы Сыма Цянның «Тарихи жазбалары» («Ши цзы») еңбегіндегі
Хұндар тарауы арқылы белгілі болды. Қытайлар үшін «батыс өлкедегі ең күшті
мемлекет» саналды. Қытай деректеріне сәйкес, үйсіндердің 120 мың түтіні, 630 мың
адамы, 188 мың 800 әскері болған. Үйсін елінің ең жоғарғы билеушісі гуньмо (күнби)
деп аталды. Гуньмо елдегі барлық қарулы күштердің ең жоғары қолбасшысы болды.
Оған ру-тайпаларды басқаратын бектер бағынды. Бүкіл үйсін елі өз ішінен оң қанат,
сол қанат және орта болып үш әскери-әкімшілік бөлікке бағынды. Оң қанат пен сол
қанатты екі қолбасшы басқарса, гуньмо ортада отырып барлығының үстінен қарады.
Үйсін мемлекетінде ондық басқару жүйесі қолданылды. Гуньмо өзіне қараған елді
балаларына бөліп беріп, мыңнан әскер және көшіп -қонатын жер бөліп беріп отырды.
Үйсін мемлекеті құрылғаннан бастап елді басқаратын үкіметтік ұйым болды. Олардың
негізгі лауазымдары: гуньмо, дулы, қолбасы, оңқа (оңқы), дарту, абыз, ұлыс бегі, орда
бегі, атқосшы. Осылaрдың негізгілеріне тоқтaлaр болсaқ, гуньмо – күнби бүкіл
мемлекеттің ең жоғaрғы билеушісі, aлғaшқы кезде тек бір ғaнa гуньмо болғaн. Б.з.д.
53-жылдaн бaстaп мемлекетте екі гуньмо, ұлы гуньмо және кіші гуньмо бaсқaрaтын
болғaн. Дулы – Хaн пaтшaлығының (Хань мемлекеті (б.з.б. 206 ж – б.з. 220 ж) қазақ
тіліндегі әдебиетте Хан мемлекеті деп қолданылады) бaс уәзірі дәрежелес лaуaзым,
үйсін елінің әкімшілік бaстығы. Бұл лaуaзымғa бір aдaм ғaнa тaғaйындaлды. Қолбaсы –
оң қaнaт қолбaсы, сол қaнaт қолбaсы, бұл лaуaзымғa екі aдaм тaғaйындaлды. Сол қaнaт
қолбaсының мәртебесі жоғaры болып, бүкіл мемлекеттегі қaрулы күшті бaсқaрды.
Оңқa – ел ішіндегі рутaйпa бaсшылaры (үш aдaм). Қaңлы мемлекеті (б.з.д.II ғ.-б.з.V ғ.)
– Оңтүстік Қaзaқстaндa құрылғaн aлғaшқы мемлекеттік бірлестіктердің бірі. Қытaй
деректері бойыншa aстaнaсы Битянь қaлaсы болғaн. Жaпон ғaлымы Сирaтори Битянь
қaлaсын қaзіргі Түркістaн қaлaсының мaңы деп болжaм жaсaйды. Қaңлылaрдың хaны
қыстa Ұлы орын деген жерде тұрaды. Жaздa жaйлaуғa шығaды. Битянь мен Ұлы
орынның aрaсы aтқa жеті күншілік жер. Битянь қaлaсы мен жaйлaуының aрaлығы 9340
1 шaқырым. Қaңлылaр үйсіндерден солтүстік бaтысқa қaрaйғы территорияны
мекендеді. Қaңлы тaйпaлaрының, негізінен, шоғырлaнғaн жері – Сырдaрия өзенінің
ортa aғысы. Шығыс жaғындa қaңлылaрдың территориясы Бaлқaш көліне дейін жететін
болғaн. Қaңлылaр Сырдaрия өзенінен оңтүстікке қaрaй отырықшы хaлықтaрды
бaғындырып отырды. Демек, б.з.д. ІІІ ғaсырдaн бaстaп жaзбa деректерде
көрсетілгендей қaңлы елінің негізгі территориясы Сырдaрияның ортa aлқaбы мен
Қaрaтaу өңірінде болғaн. Қaңлылaрдың күшейіп гүлденген кезінде олaрдың
қaрaмaғынa Тaшкенттен Хорезмге дейінгі территория енген еді. Б.з.д. І ғaсырдың
aяғындa қaңлы елінің территориясы Ферғaнa, Соғды өлкелеріне дейін кеңейген. «Ши
цзыда» каңлылар туралы мынадай мәлімет белгілі: «Кангюй Даванның солтүстік
батысында шамамен алғанда 2000 ли жерде жатыр. 20 000 әскері бар юечжилерге
ұқсайтын көшпелі иелік. Кангюй Даванмен шектес және күшінің аз болуына қарай
оңтүстікте юечжилердің билігін, шығысында ғұндардың билігін таниды». Қаңлы
мемлекетінің ең жоғарғы билеушісі хан, одан кейін ханның орынбасары болған. «Хан
патшалығы тарихы, Чин Таңның өмірбаяны тарауында»: «Қаңлы ханының орынбасары
неше мың әскерімен Чигу қаласына шабуыл жасап, ұлы кунмуға қарасты мыңдаған
адамды өлтіріп, малын талады», – делінген. Қаңлылардың билеушісіне бес иелік
бағынды. Яғни мемлекет бес иелікке бөлінді. Әр иеліктің кіші хандары болған. Олар
ұлы ханға бағынды. Бұл иеліктер өздерінің орталық қалаларының атымен аталған.
Үйсіндер мен қаңлылардың қоғамдық құрылысы мен мәдениеті туралы, негізінен,
қорғандарға жүргізілген қазба жұмыстарынан және қытай деректерінен білеміз.
Үйсіндер мен қаңлылардың обалары Шу, Қарғалы, Шелек өзендері алқабында, сол
сияқты қазіргі Тараз бен Алматы қалалары маңынан табылып отыр. Қорыта келгенде,
үйсін және қаңлы мемлекеті Қазақстан мен Орталық Азия территориясында ежелгі
мемлекеттер ретінде аймақтың саяси, экономикалық, мәдени дамуына өзіндік үлесін
қосып, болашақ мемлекеттер мен ұлттардың қалыптасуына негіз салып кетті.
Б.з.III-б.з. II ғасырларында Орталық Азия аумағын мекендеген ғұн, үйсін, қаңлы
тайпалары жайлы мәліметтер көне қытай тіліндегі деректерде жазылған. Қытай
экспанциясының батысқа бағытталуы Шығыс Түркістан, Қазақстан мен Орта Азияны
мекендеген халықтар мен тайпалардың мінез-құлықтары мен әдет-ғұрыптарын, өмір
сүру салты мен тұрмысын, саяси құрылымы мен соғыс өнерін білуді қажет етті. Алғаш
қытайдың нормативті тарихнамасының негізін салушы Сыма Цянь (б.з.б. 145-86 жж)
болды. Оның «Ши цзи» («Тарихи жазбалар») шығармасында Қазақстан мен Орта Азия
аумағын мекендеген тайпалар жайлы көлемді, бағалы мәліметтер бар. Шығарманың
«Өмірбаян» атты бөлімінде «Сюнну туралы хикая» және «Давань туралы хикая» деген
екі тарауы бар. Бұл тарауларда ежелгі дәуірден автордың өзі сүрген дәуірге дейінгі
тарихи кезең қамтылады. Атап айтқанда ғұндардың шығу тегі, ғұн мелекетінің
қалыптасуы, мелекеттің негізін қалаушы Мөде шаньюдің билікке келуінен бастап, ғұн
мемлекетінің күшеюінің шарықтау шегіне дейін жеткен кезеңіндегі маңызды оқиғалар
бар. Жалпы қытай тарихшылары Хан әулеті мемлекетін жанжағын жабайы халықтар
қоршаған «Орталық мемлекет» ретінде қарастырады. Жағымсыз көшпелілер «қара күш
иелері – инь» деп саналды. Қытайдың аспан денелері жүйесінде көшпелілерге –
солтүстікпен, қыспен, соғыс әрекеттерімен үндесетін Меркурий планетасы бөлінген.
Қытай императоры У – диға, Хан әулетінің ірі шенеуніктерінің бірі Ань– го
«көшпелілер жабайы құстар мен аңның жүрегін иеленгендер» деп ескертеді. Сол
себепті де ежелгі қытай жылнамашыларының еңбектерінде ғұндар «бет әлпеті адам,
жүректері жабайы аңға тән» аяушылықты білмейтін, жабайылар түрінде суреттеледі.
Жылнамашының көзқарасы бойынша, көшпелілер адамзатқа тән және тән емес барлық
қасиеттерге ие. «Олар тұрақты мекендері мен тұрғын үйлері, жазуы мен күнтізбелері
(яғни, тарихы) жоқ, егін егу мен қолөнерді білмейді. Шикі етті жеп, үлкендерге
құрметпен қарамайды, шаштарын қытайлар сияқты өрмейді, шапандарының етегін ...,
ең сорақысы өздерінің шешелері (!) мен ағаларының жесіріне үйленеді. Мұндай
халыққа қалай құрметпен қарауға болады?!» деп көрсетеді. Аталған фактілерден Сыма
Цянь шығармасында ғұндар жайлы объективті мәліметтермен қатар сын көтермейтін
тұстары бар екеніне көзімізді жеткіземіз. Әсіресе, көшпелі тайпаларға тән «әмеңгерлік»
мәселесін «аналарына үйленеді» немесе соғысу әдістеріне қатысты «аттарын кері
бұрып артқа шегінуін өздеріне намыс көрмейді» дейтін тұстары автордың көшпелі
тайпалардың әдет-ғұрыптары мен соғыс өнері жайлы терең білмейтіндігін білдіреді.
Ғұндар жайлы жазылған келесі бір дерек – біздің заманымыздың І ғасырында жазылған
Бан Гудің «Хань шу» («Хан әулеті жылнамасы») шығармасы. Еңбекті оның қарындасы
Бан Чжао аяқтаған. Жалпы Бан Гу Қытайда тарихи шығармалардың жаңа жанры –
әулеттің тарихын жазудың негізін қалады. «Хан әулеті жылнамасында» б.з.б. ІІ
ғасырынан бастап, Бан Гудің өзі өмір сүрген кезге дейінгі Қытайдағы 26 әулеттің
тарихы баяндалады. Шығармада жат жерліктерге арналған «Сиюй чжуань» («Батыс
өлке туралы хикая») деген арнайы тарау бар. Жалпы 200 жылдай кезеңді қамтитын
шығармада Давань, Усун, Кангюй, сондай-ақ Сюнну елдері жайлы, аталған
аймақтарды мекендеген этникалық топтар, олардың соғыс өнері мен көрші елдермен
қарым-қатынасы, соғыс өнері, шаруашылықтары мен сауда істері жайлы жан-жақты
баяндалады. Сонымен бірге ғұндардың оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінуі,
солтүстік ғұндардың билеушісі Чжичжидің иеліктері жайлы мол мағлұматтар берілген.
Б.з.V ғасырында қытай жылнамашысы Фан Е өзінің «Хоу Хань шу» («Кейінгі Хан
әулеті жылнамасы») шығармасында Бан Гудің «Хан әулеті жылнамасына»
толықтырулар енгізді. Ол Қытайдың сыртқы саясаты мен «батыс» жерлермен
байланысына көп көңіл бөлді. Қытай деректерінен байқайтын бір жайт – олардың
көшпелілердің өмір сүру салтын түсіне алмағаны. Олар үшін көшпелілер әскери
тұрмысқа бейімделген, соғыс әрекетіне дайын тұратын, сол арқылы Қытайға қауіп
төндіретін қоғам ретінде қараған. Жалпы көшпелілердің тұрмысы қытайлық –
Конфуциандық өмір сүру салтына еш ұқсамайтындықтан оларды «жабайы аңдарға»
теңеуі үнемі кездесіп отыратын фактілер қатарынан табылып отыратын фактілер
қатарынан табылып отырған. Керісінше көшпелілердің Қытаймен дипломатиялық
байланысқа баруы отырықшылар тарапынан «алдыңғылардың кейінгілердің алдында
бас ұруы» деген жаңсақ пікірге баруына итермелеп отырған. Қытай деректерінде
билеуші әулеттің сарайына келген қандай да болмасын елшілікті олардың империяға
тәуелділігінің көрінісі ретінде қарастыруы, ал көшпелілер тарапынан әкелінген қандай
да болмасын сый түрі салықтың көрінісі ретінде қабылданған. Сол себепті студент
жазба дерек мәліметімен танысқанда көрсетілген жайтқа сыни тұрғыдан қарағаны
дұрыс. Жалпы алғанда қытай деректері ежелгі ғұн тайпалары жайлы бірден-бір дерек
көзі болып табылады. Деректердегі жер-су, ру-тайпа, тарихи тұлғалар атаулары
бұрмаланып қытай тілінде берілгенімен, ондағы мәліметтердің нақты екендігіне еш
күмән туғызуға болмайды. Жылнамалар белгілі бір әулеттің тарихына арналғандықтан,
сарай тарихшыларына тән әсіре бағалау немесе жеке оқиғаның маңызына ерекше
тоқталу – жазылған ортаның талабынан туындаған жағдай деп түсінген жөн.
Сұрақ7
.Қимақ мемлекеті: этносаяси тарихы мен мәдениеті мен шаруашылығын
сипаттаңыз.
Қимақтар туралы мәліметтер VIII ғасырдан бері белгілі. Белгілі зерттеуші Б.Е.
Көмековтің дерек көздерінің мәліметтеріне сүйенсек қимақтардың этникалық және
тілдік негіздері түрік екеніне ешбір күмәнданбаймыз. Қимақ сөзінің этимологиясын
қарастырған П. Пельо оны түріктің құт, моңғолдардың химах сөздерімен
байланыстырған болатын. Қимақ тайпаларының одағы: ими, имак, татар, баяндур,
қышшақ, ланиказ, аджлад. Қимақтардың шығу тегі туралы генеологиялық аңыз-
әңгімелер Гардизи шығармаларында сақталған. Қимақтардың VIII ғасырларда
тұрғылықты мекені Алтайдың солтүстігіндегі Ертіс маңайы болған және бұл тарихи
кезеңде қимақтар Батыс Түрік қағанаты құрамында болған. Гардизидің мәліметі
бойынша қимақтардың басшысы «шад – түтік» деп аталған және осы атақ – мәртебе
орхон – енисей
ескерткіштерінде де кездеседі. IX ғасырдың басында қимақ тайпаларында
миграциялық үрдістер орын алды. Бұл үрдістер Жетісудың солтүстік –шығысын және
оңтүстіктікте Орал тауларын қамтыған болатын. Тамим Ибн Бахадүр мәліметі бойынша тоғыз
– оғыздар мен қимақтардың арасында шекара пайда болған. Ұйғыр қағанатының құрамындағы
тайпалардың бір бөлігі (эймур, баяндур, татар) қимақтардың тайпаралық одағына қосылған.
Қимақтар оғыздармен, қарлұқтармен саяси одақтастығы IX ғасырдың соңына қарай орнықты,
олардың әскери одағы Сырдария ойпаты мен Арал маңындағы далалықтарға соққы берген.
Қимақтардың рулық – тайпалық бірлестігінде әскери институттар үлкен рөл атқарды, айталық
басқарушылар бір мезетте әскери қақтығыстарға да қатысып, өздерінің қызметі үшін де үлесті
жер телімдерін алып отырған. Әрбір әскери көсем этникалық бірлестіктердің белгілері
негізінде әскерге қоластындағылардың белгілі бір санын беруге міндетті болған. Әлеуметтік
бөлшектеңу бірте-бірте қағандықта көшпелі малшылар аристократиясы мен кедей
кошпелілердің пайда болуына әкелді. Махмұд Қашқари өзінің шығармашылығында оларды
ятук – терминімен атайды. Ал Идрисидің келтірген мәліметі бойынша қимақтар жекелеген
құнарлы жерлерге бидай мен арпа сепкен, қажетті қару-жарақтар жасаған, соның ішінде садақ,
жебе, найза жасау кеңінен тараған еді. Сонымен жоғарыдағы тарихи материал төмендегідей
фактілерді айғақтайды, олар: көшпелі мал шаруашылығы, аң аулау, егін шаруашылығыжәне
мамандандарылған кәсіп түрлері болатын. IX ғ. Соңы – XI ғ. Басында қимақтар бірлестігі
ертефеодалдық мемлекеттік құрылым түрінде болған және оларды мұрагерлік жолымен қаған
басқарған. Қағандық билік тайпалық ақсүйектерден мұрагерлік жолмен тағайыңдалған және 11
басқарушы арқылы жүргізіліп отырған. Қалалардың көпшілігі сауда жолдарында
орналасқандықтан оларда сауда мен әртүрлі кәсіптердің дамуына қолайлы орта қалыптасқан
болатын. Дерек көздерінде қимақтардың темір, күміс, алтын және бағалы тастар өндіргендігі
туралы құнды мәліметтер келтіріледі. Қимақтардың отырықшы елді мекендері туралы
деректерді көптеген ортағысырлық авторлар көрсетеді. Худуд әл – алам шығармасында
Имақия қағанның жазғы ордасы деп көрсетіледі. Әл – Идриси еңбектерінде қимақтардың 16
қаласы туралы едәуір мәліметтер бар. Әрбір қалада атқарушы – аймақтық жүйені бас қаратын
әскерлер тұрған. Дерек көздері қалалардың барлығында қамал – қабырғалары, темір
қақпалары, Сондай-ақ базарлар мен ғибадатханалардың болғандығы туралы хабарлайды.
Патриархалды – феодалдық қайшылықтар мен мемлекеттің алғашқы формалдық дамуы
қимақтар қағанатын ішкі қарама – қайшылықтар мен орталықа бағынбау үрдістерінен тыс
қалдыра алмады. Дегенмен, қимақ қағанаты ыдырауының басты себептерінің бірі жоғарғы
билеуші және тәуелді аймақтар арасындағы күрес пен қақтығыстардың күшейе түсуі еді. Этно
– саяси үдерістердің одан әрі қарқын алуы қимақ тайпаларын одан әрі әлсіретті және бұдан
қыпшақтар қуатынын артуы мемлекеттің біржолата ыдырауына алып келді. Қимақтардың бір
бөлігі Ертіс бойындағы жерлерді сақтап қалса, басқа бір бөлігі қыпшақтар бірлестігінің
құрамына еніп, оңтүстік далалық жерлерге қарай қозғалды
8.
Оғыз мемлекеті: этносаяси тарихы, мәдениеті мен шаруашылық ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Араб дерек көздеріндегі оғыздар туралы алғашқы мәліметтер ІХ ғ. Орта шенінде пайда болды.
Бірқатар тарихшылардың пікірі бойынша «оғыз» термині түркі тілдес тайпалардың бірінің
санын анықтаушы жалпы атауы болған, кейінірек біртектілігін жоғалтқан тайпалардың
этникалық ұғымы ретінде қалыптасқан. Мұнда ескеретін бір жайт, қытай, түрік
дереккөздерінде «оғыз» термині шаруашылық субъектісі ретінде қарастырылады. Оғыз
тайпалары туралы ең алғашқы мәліметтер ибн Джабира ал – Балазури «Китаб футух ал –
Будан» (ІХ ғ.), шығармасында келтірілген. Оғыздар туралы кейбір хабарламалар арабтілді
географиялық әдебиеттер ішінде ибн Хордадбехтің (820 – 912 ж.ж.) «Китаб ал – масалик ва – л
– мамалик», кітабында жазылған. Печенегтермен ұзақ жылдар бойына күрес оғыз тайпалық
одағының ІХ – Х ғ.ғ. саяси бірігуі мен қалыптасуына алып келді. Осы бірлестік шеңберінде
Орталық Азия мен Қазақстан аумағында оғыз этникалық тобының қалыптасуы жүре бастады.
Оғыздардың тарихи қауымдастық ретінде қалыптасуының алғышарты Сырдария, Арал маңы
және Солтүстік Каспий ойпатындағы этникалық даму барысымен дайындалған болатын.
Оғыздардың этникалық топ ретінде бірігуіне орталығы Янгикент қаласы болған сырдариялық
жабғу мемлекетінін құрылуы едәуір әсер етті. Осынау далалық держава құрылымына кірген
рулар мен тайпалар «оғыз» деген жалпы атауды иемденді. Бұл оғыз мемлекетінің қарқынды
қалыптасуының яғни әкімшілік және алым – салық институттары құрылуының бастапқы кезеңі
еді. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін оғыздар Жетісуда басым рөлге ие болу үшін күресе
бастады, бірақ жеңіліс тауып 766 ж. шамасында Жетісудан Арал маңына қарай бет алды.
Оғыздар бұл аумақты тек ІХ ғ. Орта шенінде, осы жерлерді мекендеген печенегтерді
жеңгеннен кейін ғана жаулап алды. Печенегтермен күресте оғыздар Хазар қағанатымен,
қарлұқтармен, қимақтармен уақытша одақтасу тактикасын қолданды. Арал маңы
жайылымдары үшін күрес ІХ ғ. Араб – парсы географиялық әдебиеттерінде «Дешт-і Оғыз»
атауының пайда болып кеңінен тарала бастағаны жөніндегі деректерде айтылады. ІХ ғасырда
оғыздар аса зор аумаққа иелік етіп онда мейлінше кең жерлерді басып алды.
Шаруашылықжүргізудің негізгі түрі мал шаруашылығы болды. Оғыздар үшін жартылай
көшпелі және жайылымдық мал шаруашылығы тән болатын. Шаруашылық және
экономикалық болмыста сауда-саттық іс-әрекеттері маңызды орын алды. Көшпелі оғыздар
отырықшы – егінші оазистермен тығыз байланысты болды. Оғыздардың Х – ХІ ғ.ғ Жетісумен,
Хорезммен, Мәуереннахырмен сауда байланыстары күшейе түсті. Бұл тарапта Сырдария
ойпатында орналасқан қалалар едәуір рөл атқарды. Бұл қатарда Янгикент, Кят – Хорезм
астанасы, Сауран, Испиджаб және т.б. қалаларды атауға болады. «Джами ат – тауарих»
оғыздардың бузук және учук деп аталатын екі үлкен тайпалық топтан құрылғанын еске салады.
Рашид ад – Диннің хабарлауы бойынша бузуктар оғыздардың оң қанатын, ал учуктар сол
қанатын құраған. Ортағасырлық шығыс авторлары бұл бөліністі мифологиялық Оғыз – хан
есімімен байланыстырады. Аңыз бойынша Оғыз ханның ұлдары үш садақ пен үш жебе тауып
алады. Оғыз хан садақты үш үлкен ұлдарына, ал жебелерді үш кіші ұлдарына береді. Осыдан
барып садақ алған ұлдардан тараған ұрпақтар «бозок» аталады да, олар әскердің оң қанатын
құрайды. Үш кіші ұлдарға қатысты айтар болсақ олардың ұрпақтары – учуктар әскердің сол
қанатына басшылық жасайды. Тақ пен патшалық билікті ол үлкен ұлдары мен солардың
ұрпақтарына өсиет етіп қалдырады. Байқасақ бузуктар мен учуктардың одан әрі бөліну
үдерістері әскери – аумақтық ұйым белгілері бойынша жүзеге асқан. Оғыз әскерінің екі
қанатын құраған тайпалардың әрқайсына бекітіліп берілген жайылымдық аумақтары мен
телімдері болған. Оғыздар, Сондай-ақ ұрықтарға бөлінген, «ұрық» термині түрік халықтарында
рулық бөлімдердің белгісі болып саналады. Өз кезегінде ұрпақтар ірі тайпалық одақтарды
құраған, және мұндай тайпаларды «иль» деп атаған. Ильдердің басшылығында иликтер,
ильхандар, ильбашылар тұрған. Х ғ. Соңы және ХІ ғ. Алғашқы жартысында сырдариялық
джабғу мемлекетінің (патшалығының) саяси шеңберінде оғыз халқы қалыптасуының үдерісі
қарқынды жүрді, мұның өзіескі қандас – бауырлас байланыстарды құрайтын жаңа аумақтық –
шаруашылық бірлестіктерді құруға және ерте феодалдық қатынастарды нығайтуға жол ашты.
Дегенмен бұл үдеріс аяқталмай қалды, оның басты себебі: ХІ ғ. Қыпшақ тайпа одағының
басқыншылық шабуылдары нәтижесінде оғыз мемлекеті опатқа ұшырады. Қыпшақтардан
қашқан оғыз тайпалары бұдан кейін оңтүстік орыс далаларына, Балқантауға және кіші Азияға
қарай ойысып, сол жақтардан мекен табады. Оғыздардың едәуір бөлігі қарахандық
Мауереннахрдың, Сондай-ақ Хорасан, Гурган және Хорезмді билеген селжүктердің
қарамағына өтеді. Қыпшақтардан ойсырай жеңілген оғыздардың қалдықтары Дешті – Қыпшақ
– түркітілдес тайпаларының құрамына еніп, сіңісіп кетеді.
9
. Қыпшақтардың этносаяси тарихының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Қыпшақтардың дербес тайпасы ежелгі түрік этногенезінің орталығы болған Орталық Азия
аумағындағы этникалық тарихтың ғұндар кезеңі конгломератынан (қырық ру) бөлініп шыққан.
Тарихи дерек көздерінде «қыпшақ» терминінің пайда болуы б.д.д. ІІІ – ІІ ғ.ғ. жатады.
«Қыпшақ» этнонимін екі мағынада қарастыру қажет: 1) тайпаға, тайпалық одаққа қатысты
этникалық мағынасында; және 2) қыпшақтар құрған әлеуметтік – саяси қоғамдастық
құрамындағы бағындырлып, қосып алынған тайпалық топтарды айқындау мақсатындағы
кеңейтілген, этносаяси мағынасында. Араб жағрафиялық әдебиеті қыпшақ этнонимін алғаш
рет ибн Хордадбехтің тарихи шығармаларында жариялайды, және қыпшақтарды қимақтардан
ажыра43 тып, басқа, бөлек ел деп көрсетеді. Қыпшақтар туралы «Худуд – ал – алам» дерек
көзінің белгісіз авторы, Сондай-ақ Гардизи, ибн – аль Асир өз еңбектерінде мәліметтер жазып
қалдырған. Бұл терминді Низами, Навои шығармаларынан және «Огуз – наме» нұсқаларының
бірінен көруге болады. Қыпшақтарды «половецтер» және «кумандар» деп атау терминінің
шығу тегі бөлек мәселе болып табылады. Көптеген зерттеушілер аталған терминдерді ежелгі
орыс сөзі «половый», яғни сары шашты, ақ сары түсті деген ұғыммен байланыстырады. Олар
еуропалық халықтарға «певияне», «плавцы», «флеви», «флавон» деген атаулармен белгілі
болған. Қыпшақтардың тарихын зерделеуге аса маңызды дерек көзі ретінде XIV ғ. Codex
cumanicus деген аталыммен белгілі латын алфавиті негізінде жарық көрген сөздікті ерекше
атап көрсету қажет. Бұл сөздіктің екінші дәптерін половецтік – немістік сөздік құрайды және
бұл сөздік әртүрлі мағынадағы сөздер мен сөйлемдерді біріктірген. Қимақ қағанаты дамуының
ұзақ уақыт бойына бейбіт кезеңі мен, күшті орталық билік қамтамасыздандырған мерзімі, көп
кешікпей жекелеген билеушілердің орталыққа бағынбауы салдарынан өзара кақтығыстарға
жалғасты. XI ғ. басында қыпшақ тайпалары батыс бағытқа қарай жорыққа аттанды. Қыпшақ
тайпаларының ХІ ғ. соңы – ХІІ ғ. басындағы әскери жорықтары туралы деректер ал – Марвази
(селжұқ шахтарының сарайлық дәрігері), ХІ ғ. армян тарихшысы Матвей Эдесский
жазбаларында кездеседі. Ал – Марвазидің мәліметі бойынша кайлар (жыландар) және кундар
«сары» тайпасын ығыстырды, ал олар болса, өз кезегінде түркмендердің, гуздардың және
печенегтердің жерлеріне басып кірді. Матвей Эдесскидің көрсетуінде жыландар халқы «сары
шаштылар», яғни сарыларды ығыстырды, соңғылары болса гуздерге қарсы аттанды, ал гуздер
печенегтермен бірлесіп Византияға шабуыл жасады. Дәл осы ХІ ғ. Қыпшақтардың батыс және
оңтүстік бағыттарға жорықтары басталды. Бұл қыпшақ хандарының Дешті – Қыпшақтағы
саяси өрлеуімен байланысты болған еді және бұл Қараханидтердің, Хорезмшахтардың,
Селжүктердің, және Газневилердің мұсылман билеуші әулеттерінің этносаяси байланыстарның
күшеюіне, Сырдария және Жетісу қалалары мен сауда орталықтары үшін күрестің шиеленсуіне
әкеп соқтырды. Дәл осы уақыттан бастап, зерттеуші Б.Е. Көмековтің пікірі бойынша «қыпшақ»
термині тек қана қыпшақтардың емес, сонымен бірге қимақ және куман тайпалары үшін ортақ
политонимге (саяси ұғымға) айнала бастады. Қыпшақтардың тайпалық бірлестіктерінің бірі
батысқа қарай жорыққа шығып, оғыздар және печенегтермен болған соғыста бірқатар
жеңістерге жеткеннен соң қыпшақтар орыс княздарымен ортақ тіл табысты. Орыс дерек
көздерінде торктар деп аталатын тайпамен әскери одақ құрып екі тарапқа да ортақ жау –
оғыздарға қарсы Всеволод Ярославичпен бірге аттанды. Бірақ, көп ұзамай бұл одақ ыдырайды
да қыпшақтардың орыс князьдықтарына қарсы (Ростовец, Неятин қалаларына шабуыл)
жекелеген әскери іс-қимылдары басталады. Қыпшақ қоғамы ертефеодалдық мемлекеттік
құрылым кезеңінде өмір сүрді. Зерттеуші С.М. Ақынжановтың пікірінше қыпшақтардың
мемлекеттік ұйымдастырылуы моңғолдарға дейінгі кезендегі қыпшақ қоғамында мұрагерлік
билік формасының ертефеодалдық мемлекет құру алғышарттарын қалыптастырды.
Қыпшақтардың арасындағы таптық, мүліктік әртүрлілік белгілі бір дәрежеде отырықшылыққа
және түпкі есепте, егіншілікке өтуге ықпал етті. Уақыттың сол бір кезеңінде Дешті –
Қыпшақта, кем дегенде екі билеуші әулет жүйесі болғаны байқалады. Қыпшақтардың
қоғамдық ұйымдастырылу жүйесі тайпаға біріккен рулар институтына және «иль» (халық) деп
аталған ірі бірлестіктерге негізделді және бұл бірлестіктерде тайпалар мен рулардың араласуы
және қайта топтасулары тұрақты түрде жүріп жатты. Қыпшақтарға тән бір жайт, тайпа атауы
сол тайпаны басқарып отырған атақты ру атымен аталған. Қыпшақ атқамінерлері өздерінің
руластарын жаншып, басып алуға әлі де қауқарсыз болғандықтан көшпелі тайпаларда
қалыптасқан қоғамдық құрылымдарды сақтап қалуға мәжбүр болған.
10.
Қарахан мемлекеті: этно – саяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени
өркендеуін сипаттаңыз.
X ғасырдың орта кезінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір
бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталығы –
Баласағұн қаласы.
Жазба деректерге қарағанда, Қарахан мемлекетінің құрылып, оның дамуының алғашқы
кезенінің саяси тарихында, қарлұқ тайпалар бірлестігінің орны ерекше болған. Мәселен:
Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Бограхан (915 – 955 жж.) Қарлұқ қағаны Білге
Қыдырханның немересі. Сатұқ Бограхан Таразды билеуші Оғұлшаққа қарсы шығып, оны
талқандайды, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырады. 942 жылы ол Баласағұн билеушісін
құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялайды. Жаңа билік иелерінің басшысы өзін «қара
қаған» немесе «қара хан» деп атады. Осыдан келіп тарихта бұл әулет қарахандықтар әулеті деп
аталды. Шын мәнінде, Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталды.
Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде – ақ
негізінен екі әулеттің Әли Арслан – хан мен Хасан Боғра – ханның ұрпақтары арасындағы
өзара қырқысқан күреске толы болды.
Мемлекеттің этникалық құрамы: шігіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы сияқты т.б түрік тілдес
тайпалардан тұрған. Шігіл және Яғма тайпалары негізгі роль атқарған. Өкімет басындағы
билеушілер алма – кезек осылардан тұрған.
Жоғарғы өкімет билігі хақанның (ханның) қолында болды. Ол мұрагерлікке қалып отырған.
Үстем тап өкілдеріне ханның ұрпақтары тегіндер, ілек (ел) хандар, бектер, нөкерлер жатқан.
Билік үлестік жерлер арқылы жүргізілген. Үлестік жерлер ірі және кіші болып бөлінген.
Қырдағы аймақтағы мал шаруашылығымен айналысатын халықты басқару тәртібі басқаша
болды. Ол да иерархиялық принциптерге негізделіп тұрса да, көшпелі қауымдардың әкімшілік
басқаруы рулық – тайпалық басшы топтар арқылы, көбінде елші басына, бектер мен хандарға
бағынатын ру басылары арқылы жүзеге асырылды.
Қарахан бектерінің билігі үстем болды. Олар тәртіп сақталуын қадағалады, оларға сот
үкімдерінің және әдеттегі құқық нормаларының (тору) орындалуын бақылау міндеттелді,
шекараларды қорғау да соларға жүктелді.
Қарахан елші – басшылары, бектер мен хандар (ел) ілек – хандарға бағынды, олар үлесті
жерлердің билеушілері болды. Хақандар тәрізді олардың өз әкімшілік орталықтары қызметін
атқарған сарайлары (қаршылары) және тұрақты ставкалары (ордалары) болды. Ілектер үлесті
жерлердің қалалары мен селолық округтерін басқарды. Шонжарлар арасында ілектің алдында
жерді сүю дәстүрі болды, бұл вассалдық билеушіге (сюзеренге) тәуелділігінің белгісін
білдіретін.
Тұтас алғанда Қарахан мемлекетінің мемлекеттік – әкімшілік жүйесі феодалдық негізде
орнықты. Ол отырықшы және көшпелі халық бұқарасын қанап, бағынышта ұстау
мақсаттарына қызмет етті.
Алғашқы кезде бұрыңғы мемлекеттік құрылымдардың дәстүрлерін жалғастырған Қарахан
мемлекеті, алайда, экономикалық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да, олардың қарапайым
қайталануы болған жоқ. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды институт әскери – лендік жүйе
болды. Хакандар мемлекетке халық жиналатын жерлерді өздерінің туыстарына және жақын
адамдарына тарту етіп сыйға берді. Мұндай тартулар парсы тілінде «Икта», ал иеленушілер
иктадар деп аталынса, арабша иеленуші «Мукта» деп аталынған.
Иктаны берудің бірнеше жолдары болған. Ол муктаның қоғамдағы орнына байланысты болды.
1. Егер мукта қаған әулетінен болса, оған ірі жер үлестері берілген.
2. Орташа үлестік жерлер бектерге.
3. Кіші үлестік жерлер тәуелді қызметкерлерге берілген.
Қарахан мемлекетіндегі жер иеленудің және бір үлкен көп тараған түрі әскери үлестік (лендік)
жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілетін болған. Үлеске берілетін жердің мөлшері әскери
қызметтердің дәрежесіне, сіңірген еңбегіне, қоғам алдындағы бет-беделіне байланысты болды.
Иктамен қатар жер иеленудің басқа да түрлері болды. Қарахан билеушілері қазынаға түсетін
салықтардың көзі және уақытша сыйлық беру қоры болған үлкен-үлкен жер учаскелерін
иеленді. Бұл қарахан әулетінің жаулап алынған жерлер, сондайақ мемлекет қарамағындағы
жерлерден тұрды.
Ірі жер иеленумен қатар мұсылман дін басыларының негізгі материалдық базасы діни
мекемелердің пайдасына атақты және бай жер иеленушілер мен көшпелі – әскербасылары
өсиет етіп қалдырған учаскелерден тұратын вақфтық жерлер де болды. Әдетте, вакфтық
жерлерден мемлекет пайдасына салықтар алынбады. Ірі және орташа феодалдық жер
иеленумен қатар ұсақ шаруалар меншігі мен қауымдық иелену сақталды.
Сонымен жоғарыдағы көрсетілген әлеуметтік жағдайлар, Қарахан мемлекетінің өзінен
бұрыңғы феодалдық мемлекеттердің жай ғана жалғасы болып қоймай, олардың дамыған
жалғасы екендігін көрсетеді. Олай болса бұл кез (X-XII ғғ.) Қазақстанның Оңтүстік және
Оңтүстік-шығыс аудандарында феодалдық қатынастың қалыптасып болғандығына толық
дәлел.
11
.Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (VI – XII ғғ.)
Ортағасырларда Қазақстан территориясын мекен еткен түркі тайпалары өзіндік
қалыптасқан рухани мәдениетімен және материалдық мәдениетімен ерекшеленді.
Рухани мәдениеті
Қазақстан мен Жетісу жеріне VI ғасырдың ортасында Түркі қағанатының құрылуына
байланысты көне түркі тайпаларының жаппай қоныс аударуы басталады. VI-VIII ғғ.
Қазақстан мен көршілес территорияларда бірнеше көне түркі тілді топтар қалыптаса
бастайды: бұлғар – хазар,батыс түрік (оғұз), қарлұқ. VIII-X ғғ. – да Ертіс маңында
қимақ – қыпшақ көне түрік тіл тобы қалыптасабастайды. Түркі тілді топтармен қатар
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан территориясында иран тілді (негізінен соғдылықтар)
топтар сақталды. Мәселен, Шу өңірінде VI-VIII ғасырлары 18 қаладан кем емес ірі
қалалар мен қалашықтар болып, оның негізгі халқы түркілер, соғдылар, сириялықтар,
парсылар болды.
Көне түркі жазуы – «руна» немесе «бітік» жазуы түркілерде VII ғасырдың бірінші
жартысында пайда болды. Бұл әліпби алғашында өзара бірікпейтін 37 немесе 38
таңбадан тұрды. Бұл жазу ағашқа немесе тасқа түсірілді. Түріктердің әліпбиі өздерінің
ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Көне түрік руна әліпбиінің өрлеу
кезеңі VII-IX ғасырларда өтті.
Түркілер қоғамында жазу кеңінен қолданыс тапты. Мәселен, 568 жылы Юстиниан
сарайына Константинопольге келген түркі елшесі соғдылық Маниах византиялық
тарихшы Менандрдың айтуына қарағанда «скиф жазуымен» жазылған хат алып келді.
Жалпы көне түрік тілінде 200-ден астам жәдігерлер табылған. Жазу өнерінің дамуына
байланысты VIII ғасырда түріктердің жазба әдебиеті дүниеге келеді. Түрік жазба
әдебиетінің көне ескерткіштері "Күлтегін" және "Тоныкөк" жазулары. Орта ғасырларға
жататын әдеби шығармалар "Қорқыт ата" кітабы мен "Оғызнама" дастаны болды.
Көне түркілердің VII-VIII ғасырларға жататын ежелгі жазбалары Орхон, Енисей және
Селенга өзендері бойынан табылып зерттелген. Бұл Орхон-Енисей жазба ескерткіштері
деп аталды.
Арабтардың оңтүстік аймақтарды жаулап алуы және ислам дінінің көшпелі ақсүйектер
арасында кеңінен тарала бастауы түріктердің руна жазуын араб графикасының
ығыстырып шығаруына алып келді. Ал мұның өзі ортағасырлық ғылымды дамытуға
үлкен ықпал жасады.
Көне түркі тайпалары исламға дейін өзіндік ерекшелігі бар діни – наным сенімдерін
ұстанып келді. Көк Тәңірі – Аспан құдайы, түркілердің діни жүйесінің сөзсіз негізгі
болды. Сондықтан, көптеген зерттеушілер көне түркілердің наным –сенімдерін
тенгризм немесе тәңіршілдік деп атайды.
Түркі тайпалары сонымен қатар, әйелдер құдайы, ошақ және балалар қамқоршысы
Ұмайға табынды. Көшпелілер отқа, қасиетті тауларға, ағаштар мен Жер – Суға,
батырлар рухына табынды. «Тос», «онгун» аталған және т.б. құдайлардың және
рухтардың бейнелері қолданыста болды. Тотемизмнің атқа, қасқырға және т.б. табыну
сияқты элементтері де кездесті. Сонымен бірге, анимизммен тығыз байланысты ата-
баба рухына табынушылық та кең қолданыста болды.
Жалпы түркілердің діни наным-сенімдерін өз заманы үшін алдыңғы қатарлы
дамығандар қатарына жатқызуымызға болады. Жерорта теңізі мен Сары теңізге дейінгі
аралықта өткен Ұлы Жібек жолы арқылы Ұлы Далаға буддизм, христиандық,
манихейлік т.б. діни идеялар келіп әсер етсе, екіншіден Сібір сияқты кең
территорияның көршілес орналасуы далалық өмірдің түп төркінін еске салып тағы бір
жағынан өзінің ықпалын тигізіп отырды. Осы және тағы басқа факторлар түркілердің
дін туралы негізгі білімін, дүниетанымын көрсетеді.
VI – VIII ғғ. – да несториандық бағыттағы христиан діні Оңтүстік Қазақстан мен
Жетісу қалаларында кең таралды; көпшілігінде шіркеулер болды. Әсіресе қарлұқтар
бұл діннің ықпалына түсті. IX ғасырда христиандықтың несториандық бағытын
наймандар мен керейіттердің ақсүйектері қабылдады.
960 жылы Жетісу территориясында 200 мың үй түркі тайпаларының ислам дінін
қабылдады. Қарлұқтар арасында жаңа діннің таралуы Қарахан мемлекетінің негізін
салушы Сатұқ Боғра Қара – хан (915 – 955 жж.) есімімен байланысты болды.
Материалдық мәдениеті
VI-IX ғғ. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалалық мәдениет дамыған. Оңтүстік
Қазақстанда Отырар, Йасы, Сауран, Құлан сияқты қалалар болған.Жетісуда Тараз,
Талхир, Алмалық Қойлық қалалары болған.
Сауда негізі үш бағытта жүрген: халықаралық сауда, қалалардың өз аумағындағы
сауда, қалалықтардың дала тұрғындарымен сауда байланысы. Сауда түріктерге жібек,
қағаз, айна және т.б. қымбат бағалы заттар әкелген. Орта және Таяу Шығыстан
кілем,асыл тастар, інжу-маржандар, шыны, әртүрлер жеткізілген.
Сонымен қатар саулет өнері де орта ғасырлардағы түріктер дәуірінде жақсы
өркендеген. Қалаларда, қоныстарда архитектуралық құрылыстар, мешіттер көптеп
салынған. Сәулет өнерінің өркендеуіне Х-ХІІ ғасырларда ислам дінінің кең қанат
жаюы үлкен әсер етті. Ислам 35 дінінің енуіне байланысты бірнеше кесенелер
тұрғызылды. Мысалы Бабаша хатун кесенесі, бұл кесене Х-ХІ ғасырларда салынған аса
қадірлі сәулет өнерінің туындысы. Кесене Тараз қаласының маңында орналасқан. Ал,
Айша бибі кесенесі ХІ-ХІІ ғасырларда тұрғызылған. Кесене Тараз қаласына жақын
жерде орналасқан. Бұл кесене –Қарахан мемлекетінің сәулет өнерінің туындысы.
Қарахан кесенесі сол дәуірдің үлкен сәулет өнерінің туындысы. Ол Тараз қаласының
маңында орналасқан.
Қазақ жеріндегі бейнелеу өнерінің бір көрінісі - ертедегі түріктердің жартастарға
салған суреттері болды. Көне түрік жазуында тас мүсіндерді "блбл", орхон жазуында
"балбық" деп жазған. Балбал тастар Орталық Қазақстанда, Жетісуда өте көп кездеседі.
Ол қаза болған қолбасшы, атақты адамның басына қойылған.
Қорыта келгенде түркілердің VI-XII ғасырлардағы материалдық және рухани
мәдениеті өзіндік ерекшелігімен айшықталып, аймақтың дамуына ықпалын тигізді.
12
. Ұлы Жібек жолы және оның Евразия халықтарының тарихындағы рөліне түсінік
беріңіз.
Еуразияның Ұлы трансқұрлықтық күретамырына айналған Жібек жолын б.з.д. II
ғасырдың ортасында Хан әулетінен шыққан У Ди императордың билігі кезінде Чжан
Цян ашқан болатын. У Ди б.з.д. 139 жылы Орталық Азиядағы үлкен юэчжи
тайпаларымен одақты нығайтып, олармен бірігіп, сюндерге (ғұндарға) төтеп беру
мақсатында Чжан Цянді елші ретінде Батысқа жөнелтті. Содан он жыл өткен соң ол
Ауғанстанның солтүстік аудандарына жеттіжәне Қытайдың орталық аудандарынан
Орталық Азияға тікелей жолмен өткен болатын. Сол кезден бастап батысқа қытай
жібегі, ал Қытайдың ішкі аудандарына Орталық және Батыс Азияның тауарлары: иіс
майлар, қымбат тастар, әйнектен жасалған бұйымдар әкеліне бастады. Б.з.д. III-ІІ
мыңжылдықтарда Ұлы Еуразия даласы арқылы сауда керуендері өтіп жатты. Бадахшан
тауынан лазурит (көк лағыл) кені, ал Хотон аймағындағы Яркендарияның жоғарғы
ағысынан нефрит (көк минерал) кені ашылуына байланысты жолға қойылған болатын.
Бадақшаннан шығарылған лазурит Парсы еліне, Месопотамияға, Анталийге, Мысыр
мен Сирияға тасылды. Бадахшан лазуриті І мыңжылдықтың жартысында Қытайға да
жеткізіле бастады. Орта Азия мен Орта Шығысты Жерорта теңізімен және Үндімен
байланыстырып жатқан «Лазурит жолымен» қатар дүниеге келген «Нефрит жолы»
Шығыс Түркістанды Қытаймен байланыстырды. Ал б.з.д. І мыңжылдықтың орта
шенінде «Дала жолы» деген атпен белгілі жол болды. Геродоттың айтуынша, Қара
теңіздің жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы
етегінен Ертіске, Алтайға, сонан Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген
аргипейлер еліне қарай созылады. Аталған жолмен былғарылар мен терілер, парсы
кілемдері, құнды металдардан жасалған бұйымдар кең таралып жатты. Б.з.д. VI-V
ғасырларда Қытайдан жібек батысқа шығарыла бастады. Сюань-Цзян 629 жылы
«Будданың қасиетті қалдықтарын көзбен көру және дін ілімін шындап зерттеу үшін»
Қытайдан Үндіге сапар шекті. Ол Қытайды Батыспен байланыстырып жатқан және
техникалық жаңалықтарға діни мұраттар мен мәдени жетістіктерге мұрындық болып
тұрған осы халықаралық жолмен жүрді. Чань-Аньнан шыққан саудагерлер керуені
Гоби шөлін жағалап, Дунхан арқылы Хами мен Турфан алқаптарын, Тянь-Шаньның
солтүстік бөктерімен, шамасы Музур-Ола жоталарын басып өткен Сюань-Цзян мен
оның сапарластары «Көкмөлдір көлге» жетті.
Сюань-Цзан осы өзенді айналып өтіп, Суяб қаласына келді. Сюань-Цзян түрік
қағанымен кездесуін былай сипаттайды: «Бұл жателдіктердің аттары керемет екен.
Қаған үстіне жасыл жібек шекпен киген, жалаң басына ұзындығы бір чжан (3,2 м),
ұштары желкесіне түскен жібек шалма (сәлде) орап алған. Оған оқалы-зерлі жібек
шапан киіп, шаштарын айдар-тұлымдап өрген екі жүзден астам тархан (нөкер) еріп
жүрді. Өзге жауынгерлер тері астарлы киім, бастарына жұмсақ бас киімдер киіп,
айбалта, садақ асынып, ту көтеріп жүреді. Түйеге, атқа мінгендердің көптігі сонша,
көзбен шамалаудың өзі мүмкін емес». Ұлы Жібек жолы шығыстан батысқа қарай
қазіргі Қытай, Қазақстан, Орталық шығыс Ауғанстанның, Иран, Ирак пен Түркияның
жерінен өтетін. Сауда керуенінің екі жаққа баратын жолы әдетте бір-екі жылды
алатын. Саудагерлерге жолда көптеген қауіп төніп тұратын. Ондай тәуекелге барудың
негізгі себебі саудадан түсетін зор табыс болды. Жібекті батысқа Римге, ал кейін
Византияға жеткізу қомақты табыс әкелетін. Бұндай көлемдегі байлық сауда керуені
жолындағы көптеген қалалардың гүлденуіне септігін тигізді. Б.з.д. VI ғасырдың өзінде
Сырдария мен Әмудария жағалауларынан Еділ жағалауына және одан әрі апаратын
жолдар белгілі болған деген деректер бар. Шамамен б.з. І ғасырында сонда мекендеген
орстарға түйелерге артумен үнді және вавилон кілемдері әкелінетін. Бұл мәлімет
Каспий теңізінің айналасында құрлық бойы оңтүстік батыстан Кавказ арқылы және
оңтүстік шығыстан Түркменстан арқылы сауда жолдарының болғандығы туралы
айтады. Жібек өндіру құпиясының VI ғасырда Қытайдың батысындағы елдерге
таралуына байланысты Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы пайда болды. Ол
Орталық Азия мен Шығыс Еуропаны біріктірген жандандырылған сауда трассасына
айналды. Жібек өндірудің құпиясы Қытай тарапынан ұзақ уақыт құпия ретінде
сақталып келгенімен сыры ашылды. Каспий теңізін XVIII ғасырдың алғашқы
жартысында зерттеген Сайманов Ф.И. Гильяндегі (Каспий теңізінің оңтүстік
жағалауындағы провинция) жібек шығару әдісін былайша сипаттайды: «Ондағы
тұрғындар көлемі мен түсі апиынның дәніне ұқсас болып келетін жібек құрттардың
жұмыртқаларын жинап, оларды құрттар пайда болғанша жылы жерге қояды, кейде
тіпті өзінің жылуымен жылытады. Құрттарды арнайы жасалған сөрелері бар
шалаштарға орналастырады және тұт ағашының жапырақтарын жегізеді.Құрттар
адамның кіші саусағындай ұзындық пен ендік көлеміне дейін өскен кезде адамның
шашынан жіңішке жібек жіпті шығарып, сонымен өзін айналдыра ораумен кокон тоқи
бастайды. Кокондар жиналып және қорғасын қазандардағы ыстықсуға шалынып
алынады. Бұл әрекетті орындау үшін уақытын білу қажет, себебі көбелекке айналмас
бұрын сары сұйықты бөледі, ол жібек коконды бүлдіреді. Суға шыланғаннан кейін
құрттар өледі, ал кокондар тарқатылады және сол арқылы өздерінен артынша жібек
мата тоқылатын жіптер алынады».
Оңтүстік шығысында және оңтүстігінде Арыс, Теріс өзендерінен басталып, солтүстік
батысында Жалғыз ағаштың бұлағына дейін 420 км-ге созылып жатқан Қаратаудың
оңтүстік шығыс етегімен Ұлы Жібек жолының Солтүстік (Шаш – Түрік) тармағы
өткен. Осы тармақтың Қаратаудың оңтүстік және солтүстік беткейлерімен жүрген
болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |