5.Сұрақ:
Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз. Көне түркі жазба ескерткіштері
мен зерттелу деңгейін анықтаңыз
Жауап:
«Түрік» этнонимінің шығуы туралы зерттеушілер арасында белгілі түркітанушы А.Н.
Кононовтың пікірі тарих ғылымында үстемдік алып келеді. Оның ойынша, бұл
этноним «күшті» деген мағына береді екен. Қазіргі кездегі отандық тарихшылар қытай
жылнамаларының қазақша аударылған мәтініне сүйеніп, «түрік» этнонимі «бас киім»,
«дулығалылар» деген атауды білдіреді деген көзқарасты ұстануда. Түріктердің шығу
тегіне қатысты «Күлтегін» жазбасында, «Жоғарыда Көк Аспан, төменде Қара Жер
пайда болғанда, ортасында менің бабаларым өмір сүрді...», – деп көрсетілген. Көне
қытайлық «Вейьши» мен «Суйшу» жазба деректерінде «түріктер – ғұндардың
ұрпақтары» деп көрсетіледі. Аталған деректерде «ғұн шаньюының 10 жасар баласы
мен қасқырдың қаншығынан таралатын түріктер» жайлы аңыз берілген. Бұл аңызда
тарихи шындық та бар. Б.з.ІІ ғасырында ғұндар Батыс және Шығыс болып екіге
бөлінеді. Олардың негізгі бөлігі Батысқа жылжу арқылы тарихта «Халықтардың Ұлы
қоныс аударуы» деген кезеңнің қалыптасуына мұрындық болды. Ал Орталық
Азиядағы бұрынғы Ғұн мемлекеті орнын алдымен Сяньби, артынан Жужан мемлекеті
басты. Ал ғұндардың сол аймақта қалған бөлегі, қытай деректерінде 542 жылы
«туйцзю (түрік)» атымен қайтадан тарих сахнасына шықты. Түріктер бастапқыда
Алтай тауының Шығыс бөктерін мекендеп, Жужан қағанаты құрамында оларға темір
қару түрінде салық төлеп тұрды. 546 жылы түріктер өздеріне «теле (оғыз, қарлұқ,
қимақ, және т.б.)» тайпалық бірлестігін бағындырды. 551 жылы Түріктер Жужандарды
талқандап, жаңа мемлекеттің негізін қалады. Жужандардың бір бөлегі Солтүстік
Қытайға, енді бір бөлегі Батысқа қашты. Түріктер өздеріне көршілес қидан, татар
тайпаларын бағындырғаннан кейін Ұлы Жібек Жолына назар аударды. Бұл кезеңде
Жібек жолы Қытайдың Чанан қаласынан шығып, Ферғана өлкесінде орналасқан
Соғды, Әмудария мен Сырдария арасында орналасқан Эфталит мемлекеттері жерімен
өтіп, Иран жері арқылы Византиямен байланысып жатты. Түріктер алдымен өзіне
жақын орналасқан халқы саудамен айналысатын Соғды мемлекетін бағындырды.
Жібек жолында жаңадан күшті мемлекет болғанын эфталиттер қаламады. 560 жылдары
Түрік қағанаты Иран мемлекетімен әскери одақ құру арқылы эфталиттерді талқандады.
Түріктердің шекарасы Әмударияның сағасына дейін кеңейді. Иран өзінің тәуелсіздігін
алумен қатар Тохарстан (қазіргі Ауғанстан) жерін қосып алды. 570 жылдары Солтүстік
Қытайда билік құрған екі әулеттің орнына бір ғана әулеттің билігі орнады. Солтүстік
Қытайдың күшеюін қаламаған Түрік қағанаты солтүстік Қытайға жорық жасап,
өздеріне салық төлеуге мәжбүрледі. Түріктер Қытайдан алған Жібек маталарын
Византияға тікелей сату арқылы пайда тапқысы келді. Иран Түрік қағанатының
Византиямен жібек матамен сауда жасауына қарсы болды. Кешегі одақтастар арасында
кикілжің туындады. Бұл жағдайды түзету үшін Түрік қағанаты атынан соғды көпесі
Маниах бастаған елшілік Византияға аттанды. Түріктің жібек маталарын Византияға
тікелей сату арқылы пайда тапқысы келді. Иран Түрік қағанатының Византиямен жібек
матамен сауда жасауына қарсы болды. Кешегі одақтастар арасында кикілжің
туындады. Бұл жағдайды түзету үшін Түрік қағанаты атынан соғды көпесі Маниах
бастаған елшілік Византияға аттанды. Түріктің жібек маталарын Византияға тікелей
сату және Иранға қарсы әскери одақ құру негізгі мәселелер қатарынан табылды.
Алайда Византия Иранға қарсы әскери одаққа келісімін бергенімен өздерінде
өндірілетін жібектің жеткілікті болуын сылтауратып, түрік жібегін сатып алуға
келісімін бермеді. Нәтижесінде, Түрік қағанаты мен Византия Иранға қарсы соғыс
әрекеттерін бастады. Екі жаққа бір мезгілде соғысу қиын болғандықтан Иран Түрік
қағанатына жылына 46 мың алтын ақша түрінде салық төлеуге ұсыныс білдірді.
Түріктер бұл ұсынысты қабылдағаннан кейін, соғыс біржақты Иран мен Византия
арасында жалғасын тапты. Енді Түріктер Каспий теңізінің солтүстік бөлегін айналып
өтіп, Қара Теңіз жағалауында Византия жеріне жорық жасады. Түріктер өздерінің бұл
әрекетін Византияны паналап отырған өздерінің бұрынғы ата жаулары аварлармен
(жужандар) байланыстырды. VI ғасырдың аяғында түріктер Орталық Азия, бүгінгі
Қазақстан, Әмудария мен Сырдария арасын алып жатқан алып империя құрды. Бұл
мемлкеттің ыдырауына алдымен сыртқы фактор әсер етті. Иран мен Византия
арасында соғыстың аяқталуымен Иран салық төлеуден бас тартты. Солтүстік Қытайда
жаңа Тан әулетінің билікке келуімен Түрік қағанаты жібек мата түріндегі салықтанда
айрылды. Сыртқы фактор ішкі факторға өз әсерін тигізді. Сырттан түсетін табыстан
айрылу, жергілікті тайпалардың көтерілістері салдарынан Түрік қағанаты Батыс және
Шығыс болып екіге бөлінді.
1. Көне Түркі жазуларының зерттелуі Сібір және Монғолия далаларына таралған
жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден – ақ білетін еді. Оларды
«Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған»
таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары бұл жазуларды көне Угор
тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды
зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы
Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И.
фон Стралленберг 1721 – 1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады.
Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің «Санкт-
Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында» жарық көріп,
Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730
жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың
көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір
ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск
аймағынан табылған бұл жазулар үзік – үзік және соған сәйкес жарияланған
мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа – қысқа және жазулардың өзі
жартылай өшіп қалған болатын. 1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Монғолия далаларынан
тапқан жазулары Көне жаулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми
ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен
грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893
жылы дат филологы В. Томсен бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы – ақ
В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 ж. Енисей
жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.
2. Дала жазуларының тарихы Б.з.б. VIII ғасырларда көшпенділер даласына Брахми
және Кхарошхи жазулары таралған. Бұлар Көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан
қалған қысқа жазуларды оқу мысалы, Қытай жазбаларындағы «шаньюй» (Моде
шаньюй) деген сөздің Ғұн тілінде «Сеңгір» деп дыбысталатынын анықтап берді. Бұл –
«биік», «асқақ», «жоғары» деген мағына береді де қазіргі Түркі тілдерінде, мысалы
Қазақ тілінде «Сеңгір таулар», «Заңғар көк» сияқты тіркестерде кездесіп отырады.
Көне Қытайлықтардың б.з.б. дәуірлердегі «Хунну жазуы» деп отырғаны осы жазу.
Кейін б.з.б. III ғасырлардан бастап далалыққа Соғды жазулары тарады. Ол ежелгі
Қаңлы мемлекетінде б.з.б. ІІІ және б.з. V ғасырлары аралығында кеңінен қолданылған.
Мысалы қазіргі Қазақстанның оңтүстігінен табылып отырған «Күлтөбе жазулары»
б.з.б. II – I ғасырларға жатады. Көне Түркі жазулары негізінен VI – X ғасырлар
аралығында Ұлы Түркі қағандығы және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығы
кезінде қолданылған. Таралу аймағы Монғолия – Сібір далаларынан ТИбет жеріне
дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне
Түркі жазуларының орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды
кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына
байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб
жазулары ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі
халықтары Латын және Кирилл әліпбилерін қолданады.
3. Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы Көне Түркі жазулары немесе Көне
түркі алфавиті – дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады.
Негізінен,VI – X ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар
үш топқа бөліп қарайды: 1. Енисей ескерткіштері. 2. Талас ескерткіштері. 3. Орхон
ескерткіштері. Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының
айрмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар
жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей –
Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Монғолия далаларына, Орхон жеріне, одан
Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал
жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.
1. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай
республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан
және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс
бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары V – VII
ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба
ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150 – дей.
2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы
мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі
Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай VIII ғасыр. Ескерткіштердің
жалпы саны шамамен 20 шақты.
3. Орхон ескерткіштері. Монғолиядағы Орхон, Селенгa, Тола өзендерінің бойынан
және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған
мезгілі VII – VIII ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді,
ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан
«Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор»
ескерткіштерінің орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары V – VIII ғасырлар
аралығында Сібір, Монғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей
жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп
отырған тарихи мезгіл (V – VIII ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі
қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен
Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумағы мен өмір сүрген
дәуіріне сәйкес келеді. Бұдан басқа қазіргі ғылымға Көне Түркі жазуларының Тибет
аймағындағы және Еуропалық даладаларғы нұсқалары белгілі.
Бұл жазу қалай шыққан:
1. Бұлар ру таңбаларына, мағыналық белгілерге ұқсайды. Бұл пікірді жақтайтындар
бұл жазуды Түркілердің өздері жасап шығарған дейді;
2. Көне замандағы финикия жазуының арамей тармағына ұқсас жерлері бар; Бұл
жазулар неліктен қолданылмай қалды. Оны Көне Ұйғыр жазулары және кейін Араб
жазуы біртіндеп ығыстырып шығарды. Көне Түркі жазуларына ұқсас жазулар бар ма?
Шығыс еуропа далаларынан табылған Руникалық жазулар Көне Түркі жазуларына көп
жағынан ұқсас келеді. Оларды VIII – XI ғасырлардағы Хазарлар, Бұлғарлар және
Қыпшақ, Мажар тайпалары қолданған. Бұл жазулар Көне Түркі жазуынан шыққан деп
есептеледі.
|