«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері мен



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата18.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#197558
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
Билет-Жауабы-Тарих

14 Сұрақ:
Қазақстан территориясындағы ежелгі қалалар мен елді мекендер тарихын 
деректер негізінде таңдаңыз 
Жауап: Қазақстанның кең байтақ территориясы отырықшы және қала тарихи – мәдени 
ірі орталықтарымен ерекшеленді. Сондай орталықтар қатарына Оңтүстік Қазақстан 
мен Жетісу жатады. Осы аймақтар Орта Азия мен Орталық Қазақстан, Сібір, Орал 
және т.б. территорияларын байланыстырады. Мұнда өзара етене баланысты үш аудан 
бөлініп шығады: Оңтүстік Қазақстан (Сырдария аңғары), Оңтүстік – батыс Жетісу 
(Талас пен Шу өзендерінің арасы), солтүстік – батыс Жетісу (Іле аңғары).
Оңтүстік Қазақстан территориясында Қаратау жотасы орналасқан. Жотаның 
баурайында Боралдай, Шаян, Бугун, Баялдыр, Икансу тау өзендері ағады. Егіншілікпен 


қатар малшаруашылығы үшін қолайлы аймақ болып есептеледі. Сырдария өзен 
аңғарында (Яксарт, Сейхун,) комплексті болып табылатын малшаруашылық – 
егіншілік шаруашылық түрлеріне қолайлы мекен.
Екінші ірі аймақ – оңтүстік – батыс Жетісу Талас пен Шу өзендерінің арасын алып 
отыр. Солтүстік шекарасы Мойынқұм шөлі, оңтүстік шегі Талас және Қырғыз 
Алатауы, батысы Джувалинск үстірті арқылы, шығысы Шу мен Іле таулы аймақтары 
арқылы өтті. Осы жерде ең ірі өзендер қатарында Талас пен Шу. IX-X ғасырларда 
солтүстік-шығыс Жетісуда да қалалар салына бастаған. Іле өзені бойындағы 
көшпелілер қоныстарының орнына пайда болған бұл қалалар тез арада – ақ қолөнер 
мен сауда орталығына айналды. IX ғасырда және Х ғасырдың бірінші жартысында 
Жетісуда билік қарлұқтар қолына өтуіне байланысты көшпелі халықтар 
отырықшылыққа жедел көше бастады. Көшпелі тайпалардың ақсүйектері құнарлы 
жайылымдарды басып алу, соғыс жорықтары және сауда арқылы байыды. Қоғамның 
қарапайым мүшелері топ – тобымен отырықшылыққа көшіп, егіншілердің, 
қолөнершілердің қатарын толықтырды. Осыдан барып үлкенді – кішілі елді мекендер 
мен қалалар көбейе бастады. 
Солтүстік-шығыс Жетісуда IX-XІІ ғасырлардың басында қалалар саны артқан. Егер IX-
X ғасырларда мұнда 10 ғана қала болса, XІ-XІІ ғасырлардың басында олардың саны 70-
ке дейін көбейген.
Қазақстандағы орта ғасырлардағы қалалардың төмендегідей бірнеше бөліктері болды: 
шахристан – қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы, рабад – 
қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі, цитадель – қаланың қорғаныс 
бөлігі, яғни қамал мен бекіністер. 
VІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар қалалар қатарына Тараз, Отырар, 
Сауран, Құлан, Суяб, Мерке, Үзкент, Сығанақ, Испид – жаб, Иасы (Түркістан), 
Баласағұн т.б. қалалар енді. Жалпы көлеміне қарай ғалымдар қалаларды келесідей 
топтарға бөліп қарастырады. Бірінші топқа көлемі 30 га-дан асатын қалашықтар 
жатады. Олар: Сайрам, Отырар – төбе, Шор – төбе, Құйрық – төбе, Сұнақ – Ата, 
Сауран, Жанкент, Жан – қала, Құмкент. Екінші топтағы ескерткіштердің көлемі 15-30 
га-ды құрайды. Олар басым жағдайда Испиджаб қалалар реестіріне кіретін қалалармен 
сәйкестендіріледі. Үшінші топтағы қалашықтар саны жағынан ең көп болып 
есептеледі. Олар, Газгирд, Тамды, Будухкет, Тамтаж, Абаржадж т.б. Оларды көп 
жағдайда керуен – сарайлар деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет