тұлғасын: «Артынан келіп қарасам, қаһардан пайда болңандай, алдынан келіп қарасам,
лапылдан пайда болғандай,»
- деп
сүйсіне жырға қосты. Ол 1399 жылы Литва - Польша әскері
мен Тевтон ордені
рыцарьларының біріккен жасақтарына күйрете соққы берді. 1408 ж. Едіге орыс
әскерлерін талқандап, Мескеуге дейінгі жерлерді жеңісті жорықпен жүріп өтті. Оның
есімі тарихи шежіре жылнамалардың бәрінде де үлкен құрметпен аталды.Ноғай
Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық өмір шын мәнінде Едіге ұрпағы
маңғыт әмірлерінің қолында болды және оны рудағы жасы үлкендігіне қарай мұраға
қалдырып отырды. Алтын Ордадан бөлектенген бірқатар
иеліктердің аумақтарында
Шыңғыс ұрпақтарынан қайсыбір адамды хан көтеру Едіге ұрпак
қтарының келісімінсіз жарамсыз деп танылатын дәстүр болған.Шығыс Дешті
Қыпшақтың саяси өмірінде XV ғ Едігенің ұрпақтары маңызды рөл атқарды.Ол
алғашқы қазақ ханы Жәнібектің тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен
қазақтарды “Екі туысқан орда” деп атаған. Мұндай қатынастар кейінде ,мәселен,
“Қазақтар мен ноғайлардың ханы аталатын Хақназар хан тұсында да сақталды.XV ғ
Ноғай ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық қатынасы дами бастады.15
ғ екінші жартысында Астрахань мен Казан хандықтары Ресейдің қол
астына өтуінен
кейін Ноғай ордасы бірнеше дербес иеліктерге бөлініп кетті,оның ыдырау процесінде
халықтың бір бөлігі Кіші жүз құрамына енді,Солтүстік шығыста тұратын ноғай рулары
Сібір иеліктеріне қарап кетті.
Достарыңызбен бөлісу: