тіліндегі деректерде сақ тайпаларының сыйынатын басты құдайы «Күн» деп
көрсетіледі. Сақ- скиф тайпаларында күннің символы ретінде жылқы малы таңдап
алынады. «Тарих» шығармасында массагеттер жайлы айта келіп «олардың құрмет
тұтатын жалғыз құдайы ғасырлар бойы Күн. Оған арнап жылқыны құрбандық шалады.
Мұның мәнісі құдайға ең жүйрік жануарды құрбан ету», - деп көрсетедi. Ежелгi
жазба
және әкесінің денесін бөлшектеп бірге археологиялык деректерінен сақ-скиф
тайпаларының діни әдет-ғұрыптары жайлы мағлұматтарды ішінара кездестіре аламыз.
Бірақ оларға сыни көзбен қараған жөн. Геродот «исседондардың ғұрыптары мынандай.
Әлде біреудің әкесі кайтыс болса, баласы көп мал әкеліп құрбандық шалады. Сойылған
мал мен өлген әкесінің денесін бөлшектеп бірге асады», - деп жазады. Бұл мәліметті
сол күйінде қабылдауға болмайды. Тарихшы сақтардың арасында болмаған.
Мәліметтерді саяхатшылардың айтуымен ел аузынан жинақтаған. Зороастризм дінінде
жер, су, от қасиетті саналады. Оларды ластауға болмайды деп саналған.
Сол себепті де
адамның денесін ау-құзға немесе ағашқа іліп, денесі сүйегінен бөлінгеннен кейiн
дәстүрі болған. Сақ тайпаларында да бұл діннің элементтері болған. Өздерін
өркениетті санаған гректер өзгелерді 16 «жабайыға>> балап, жоғарыдағыдай ой
айтқан. Автор осындай ғұрып массагеттерде де болатынын атап көрсетеді. Геродоттың
келесі бір баяндайтын ғұрпы скиф патшасының өліміне байланысты жайт. «Скиф
патшасы кайтыс болғанда оның денесін арбаға салып елді мекендерді аралайды. Мұны
көргенде әйелдер шаштарын жайып, беттерінен тырнап қан шығарады» деп көрсетеді.
Қазақ халқында ерлері қайтыс болғанда әйелдері шашын жайып,
осыған ұқсас қайғыру
салты күні кешеге сақталып келді. Сақтардың діни наным- сенімдерінде зороастризм
дінінің белгiлерi көрініс тапқан. «Тарих»шығармасында әдет-ғұрыптар жан- жақты
баяндалумен қатар, сақтардың заттай мәдениетіне қатысты, атап айтқанда, тұрғын үйі,
қару-жарақтары, тағам, сусын дайындаулары және тұрмыста қолданатын заттарына
қатысты мәліметтер де кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: