«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері мен



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата18.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#197558
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Билет-Жауабы-Тарих

57-сұрақ.
Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы себептері мен 
ұжымдастыру саясатының салдарын түсіндіріңіз 
Жауап: ЖЭС-ті жүзеге асыру мәселесі шаруашылыққа біраз өзгерістер әкелді. Ең 
алдымен кооперативтік қозғалыс дамыды. 
Ұжымдастыру қарсаңында 1072 ұжымдық шаруашылық жұмыс істеді. 1929 жылы 
республикадағы мал саны 40,5 миллионға дейін жетті. Бірақ Ф. И. Голощекиннің 
«ауылды кеңестендіру» бағыты игі нәтижелерге кері әсер етті. 
1928 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі мен Орталық 
Атқару Комитеті «Ірі бай шаруашылықтарын, жартылай феодалдары конфискелеу 
және жер аудару» декретін қабылдады. Нәтижесінде 657 бай жер аударылып, олардан 


145 мың мал алынды. Малдар, негізінен, колхоздарға берілді. Көптеген орташа 
шаруалар байлардың қатарына жатқызылды. 
Ауыл шаруашылғын күштеп ұжымдастыру 
Коммунистік партияның XV съезінде ауыл шаруашылғын ұжымдастыру ісінің 
аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақ жерінде колхоз құрылысы 1922 жылдан 
бастап кеңейді. 
Ұжымдастыру ісіне көмек ретінде ауылды жерлерге 8000 жұмысшы жіберілді. 25 
мыңдықшылар деп аталған 1204 "ұжымдастырушы" Мәскеу, Ленинград сиқты 
орталықтардан жіберілді. 
Ауыл шаруашылығының ұжымдастырылуы өте қатал жағдайда жүргізілді. 1931 жылы 
көшпенді және жартылай көшпенді шаруаларды жаппай отырықшыландыру жөнінде 
міндет қойылды. Ұжымдастыру жедел және жоспарсыз жүргізіле бастады. 
1928–1931 жылдардағы ұжымдастыру барысы: 
республика шаруашылығының 1928 жылы 2% -ы, 
1930 жылы сәуірде 56,4%-ы, 
1931 жылы қазанда 69%-ы ұжымдастырылды. 
Ауыл шаруашылық өнімдерін және малдарды күшпен алды. Мысалы, 1931–1932 
жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы етке өткізілді. Балқаш ауданының 
халқына 297000 малға салық салынды, ал Балқаштың барлық малы 173000 ғана болды. 
Торғайдағы 1 млн. малдың 98 мыңы ғана қалды. 
Кулактарды жою ісі қатал жүргізілді. Шолақ белсенділер орташалармен қатар кедей 
шаруаларға да зорлық жасады. 
Ұжымдастыру зардабы.
1929–1933 жылдар аралығында Қазақстандағы біріккен мемлекеттік саяси 
басқарма(ОГПУ) 3386 адамды ату, 13151 адамды түрмеге қамау туралы үкім шығарды. 
Көптеген адамдар өздерінің малдарынан айырылды. 
1930–1932 жылдары Қазақстанды әйгілі ұлы жұт аштық жайлады. 
Тәркілеу. Бай мен кулактарды жою. 
Елде аграрлық саясатты іске асыру барысында кеңес өкіметі ірі байлардың, «жартылай 
феодалдардың» ең әуелі малын, сосын еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын 
үйлерін тартып алып, жер аударып жіберуге бағыт алды. 1927 ж. желтоқсанында 
Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі-ірі байлар шаруашылғын тәркіге салу 
жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. Комиссияның төрағасы болып 
Е. Ерназаров тағайындалды. Оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмақов, Ғ. Тоқжанов, 
О.Жандосов т. б. кірді. 1928 ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен 
Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң 
жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Ауыл-ауылға тікелей 
мыңнан астам өкіл жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді. 


Қазақстан бойынша көшпелі аудандарда Қаулыға сәйкес 400-ден аса малы бар 700 
шаруашылықты, жартылай көшпелі аудандарда малы – 300, ал отырықшы аудандарда 
малы 150 ден асатын шаруашылықты тәркіге салу белгіленді. Бұл науқанды 1928 
жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды. Науқанның қорытындысы бойынша іс 
жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, олардың 619-ы тұрған округінен тыс 
жерлерге айдалды. Тәркіленгендерден ірі қараға шаққанда 145 мыңдай мал және ауыл 
шаруашылық саймандары тартып алынды. 
Тәркіленген малдың 80 мыңы кедейлермен батырақтарға, 30 мыңға жуығы 
ұжымшарларға берілді. Мал мен құрал сайманға ие болған кедейлер ауылдағы 
орташалар тобы қатарына көтерілді. 
1920-шы жылдардың аяғында Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі 
қазақтарды отырықшыландыруға бағытталған шаралар іске асырылды. Мұның өзі 
бастапқыда кейбір жеңілдіктер беру арқылы бірте-бірте жүргізілетін болып 
белгіленгенмен, күштеп отырықшыландыру әдісі белең алды. Көптеген жерлерде 
көшпелі шаруашылықтар бір жерге иіріліп, киіз үйлерден көшесі бар қалашықтар 
құрылды. 10–15 күннен кейін ондағы адамдар жан-жаққа ешкімді тыңдамай қашуға, 
көшуге мәжбүр болды. 1930–31 жылдарда осындай зорлап отырықшыландыру 
зобалаңына ұшыраған мал шаруашылығымен айналысатын 25 ауданнан 35 мыңнан 
астам шаруашылықтар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Жалпы Қазақстан 
бойынша 1931 жылдың тамыз айына дейін 281 мыңнан астам шаруа қожалықтары 
республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. 
58.
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен 
отырықшылыққа көшірудің зардаптарын талдаңыз (1928-1932 жж). 
1920 жылдың аяғында төтенше астық жинау науқаны мен тәркiлеу ауыл 
шаруашылығын ұжымдастыру әкiмшiлiк - зорлықшылдық сипатындағы қасiреттi 
жылдарды тарих сахнасына алып келдi. Бұл үрдiстер тарихы XX ғасырдың 60 - 
жылдарына дейiн «отырықшылыққа көшу - өркениет жолы» ретiнде және байларды 
жою - көздеген мақсатқа жетудiң алғышарты ретiнде қарастырылды. Қазақстандағы 
ұжымдастыру бүкіл елдегі науқанның құрамдас бөлігі бола тұрса да, одан әсіресе 
көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларының ауыр азап шеккенін, қазақ 
этносының аяусыз қырғынға ұшырағанын, сөйтіп, аса ауыр шығынды басынан 
кешкенін көрсетеді. 
Қазақ даласында жүргiзiлген жаппай ұжымдастыру, отырықшыландыру және кәмпеске 
науқанының салдары қазақ жерiне үлкен қоғамдық - экономикалық және әлеуметтiк 
өзгерiстер әкелгенi, тiптi асыра сiлтеушiлiк - 30-жылдар басындағы ашаршылық 
сияқты ауыр қасiретке ұрындырғаны тарихымыздан жақсы белгiлi. 
Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі даму жолымен келе жатқан қазақ ауылы, осы 
ауылдың тіршілік көзі болған мал шаруашылығын күйрету 1925 жылғы қыркүйек 
айында Қазақ өлкелік партия комитетіне Ф.И.Голощекиннің жауапты хатшы қызметіне 
келуімен тығыз байланысты. 
Отырықшыландыру науқаны жаппай ұжымдастыру науқанымен қатар жүргізілді. 
Отырықшыландыру барысында жеделдету мақсаты қойылып, қазақ ауылының 
ерекшеліктері ескерілмей, екі жолмен жүргізілді. Оның біреуі - жүздеген 


шаруашылықты бір жерге иіріп әкеліп, шоғырландыра орналастырып, малын өнім 
дайындау қорына өткізу. Екіншісі - әлгіндей көп халықтың киіз үйлерін қар үстіне 
көше секілдендіріп тігіп, поселкелер құру, бұлардан ұжымшар жасау. Осылайша Ресей 
секілді егіншілік өңірлердің ұжымдасу формасы малшы өңірге күштеп таңылды. 
Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа сталиндік күштеп көшіру 
саясаты қазақ этносының тіршілік ету жүйесін мықтап бұзды. 
Отырықшыландырудың алғашқы жылының қорытындылары бұл бағыттың қате 
екендігін көрсетіп берді. Бірде - бір бағдар бойынша міндеттер мен жоспарлар 
орындалмады. Салықтық қысымдар мен ет дайындау науқандарынан күйзелген қазаққа 
өз қаржысымен отырықшыландыру қазақ халқын босқынға ұшыратты. 
59.
1929-1931 жж. ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді талдап көрсетіңіз. 
1927 жылы партияның ХV съезінде елді ұжымдастыруға бағыт алуға шешім 
қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің «Правда» газетінде жарияланған «Ұлы 
бетбұрыс» деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР 
Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің «Бай шаруашылықтарын тәркілеу» 
туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай 
шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Патшалық 
Ресейдің саясатына деген наразылықтың алғашқы белгілері 1928 жылдары жүргізіле 
бастаған тәркілеу кезінде пайда болды деуге болады. 
1928 жылы қазақтың ірі байларын кәмпескелеу науқанынан кейін қазақ барынан 
айырыла бастады, тұрмысы жүдеді, осы жағдайда халық амалсыздан, басқа жолы 
қалмағандықтан көтерілді. Негізінен бұлар ашаршылық үшін емес, жүргізіп отырған 
саясатқа, зорлық-зомбылықтарға қарсы атқа қонған, халықтың бұлқынған рухының 
қарсылығы болатын. Ал көтерілістерден кейін қазақ даласында жаппай ашаршылық 
басталды. 
Алайда, жаппай ұжымдастыру науқаны басталысымен бірқатар аудандарда негізгі 
қозғаушы күштері кедей және орташа шаруалар болған көтерілістер бұрқ ете түсті. 
Көтерілісшілер кеңес және партия мекемелерін талқандап, кұжаттарды өртеді. 
1929 жылы басталған халық наразылығы 1931 жылға дейін жалғасты. Үш жылдың 
ішінде 372 көтеріліс тіркелген. Бұл көтерілістерді жаншып басу кесірінен қанша ел 
бастаған тұлғалар қырылды, халық өзінің рухани көсемдерінен айырылды. 
1929-1931 жылдарғы халықтың барлық бой көрсетулері жеңіліске ұшырады. Мұның 
басты себебі көтерілісішілердің нашар қарулануы мен жеткіліксіз 
ұйымдаспағандығында еді. Көтеріліс козғалысының төмендеуіне 1930-31 жылдардағы 
аштық та аз рөл атқарған жоқ. Әлсіреп, қалжыраған, аштыққа ұшыраған қазақтар өз 
мүдделерін қолдарына қару алып қорғай алмады. Солай наразылықтың негізгі 
формасы – Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аудару болды. 
60.
1931-1933 жж. аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық 
зардаптарын талдап көрсетіңіз. 
Омарбеков Талас Омарбекұлы 


Ұжымдастыру салдарынан және т.б жайттардан соң бар дүниесінен, мал - мүлкінен 
айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті. 1931 — 1933 
жылдары бүкіл Қазақстанды қамтыған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн 
қырылды. Біз үшін ашаршылықтың зардабы өте ауыр тиді. Ғалымдар оның қазақ 
халқының дамуын 110 жылға кейін шегергенін айтады. 1930-1931 жылдар аралығында 
1 млн 70 мың адам Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. 616 мыңы қайтып оралған 
жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды. Ресми халық санағы мен түрлі мұрағаттардың, 
құпиялығы жария болған мәліметтер бойынша 1930-1933 жылдары 2,4 млн. адам 
аштықтан қырылды, яғни бұл жайлы нақты деректер жоқ. Мысалы, Сара Камерон – 1,8 
млн., Тарихшы Бүркіт Аяған: "1932-1933 жылдары 2,3 млн. адам құрбан болды" – 
дейді. Неліктен нақты мәліметтер жоқ? Себебі, біріншіден – Бұл есеп әр дәуірдегі 
зерттеушілер мен мемлекеттік санақтың және жария етілген құпия құжаттардың 
мәліметтері бойынша жасалды. Әлі де ашылмай жатқан құпия деректер бар. 
Екіншіден – Ресей Империясы мен Кеңес Одағының алғашқы жылдарында кезінде 
қазақтар "әскерге әкетуден сақтану", "салықтан жасырыну" және "қазақ баласының 
санын айтпайтын" салты негізінде жасырып, барынша төмен көрсетті. 
Үшіншіден – Ресми билік ауыр қырғындарды жасыру үшін белігілі дәрежеде 
формалды санақтар өткізді немесе халықты көбейтіп көрсетті. 
Аштықтың қазақ халқына әкелген ауыртпалығы өте үлкен болды. Халықтың 1/3 
қырылып, бір бөлігі босып кетті. Тірі қалу үшін шөптермен қоректеніп, тіпті адам етін 
жегендер, небір жауыз әрекеттерге барғандар да болды. Б.Майлиннің осы аштық 
жайлы жазылған еңбектерінде аштықтың нәубеті айқын көрсетілген. Өзге де 
жазушылар аштықтың жаға ұстатар сұмдық жайттарын әңгімелеп көрсеткен. Сондай-
ақ белгілі профессор тарих ғылымдарының докторы Омарбеков Талас Омарбекұлының 
еңбектерінде де аштық мәселесі жан-жақты зерттелген. Осыншама зор қасірет алып 
келген аштықтың, геноцидтің 30 жыл өтсе де әлі күнге дейін лайықты түрде 
бағаланбауы, ашылып зерттелмеуі өте өкінішті жайт. 
61.
Сталиндік қуғын-сүргін және оның ауқымы мен ауыр зардаптары туралы 
түсіндіріңіз. 
Иосиф Сталин – ХХ ғасырдағы ең танымал есімдердің бірі. Ол КСРО-ны 1922-1953 
жылдар аралығында – 31 жыл басқарды. Сталиннің тұсында адамзатқа қарсы талай 
қуғын-сүргін болып, оның тұлғасына табыну шарықтау шегіне жетті. ХХ ғасырдың 
бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 млн. адам қырылып-жойылыпты. 
Солардың 110 миллионы немесе үштен екісі, комму­нистік бағдардағы елдердің 
үлесіне келеді. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында билік жүргізген, коммунистік 
сипаттағы тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаған В.И.Ленин мен тоталитарлық 
мемлекетті тікелей қалыптастырған И.В.Сталиннің тұсында 46,6 миллион жан құрбан 
болған. Сталин - тоталитарлық теорияны шын мәнінде жүзеге асырған қанқұйлы 
практик және оны дамытушы да. Ленин мен Сталиннің билігі кезінде 
контрреволюциялық әрекетте айыпталып 4 млн-ға жуық адам сотталды, 2,5 млн-ға 
жуық адам түрме мен лагерьлерге жіберілді. Сталин Рим сияқты империя құрып алды, 
бірақ бұл империяда еркін адамдар болған жоқ. Қазақстанда халыққа қысым жасау 
саясаты, әсіресе, 1925 жылы партия комитетінің бірінші хатшысы болып 
Ф.И.Голощекиннің келуімен күшейді. 1927 жылдың қарашасынан 1928 жылдың 


қаңтарына дейін КСРО-да "партиялық тазарту" жүргізілді. Әсіресе, бұрынғы 
меньшевиктерді мүлде аяған жоқ. 1928 жылы «Алаш» партиясының өкілдерін 
буржуазияшыл-ұлтшылдар деген айыппен айла-шарғымен қудалады. Сол жылы 44 
алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин ату жазасына 
кесіліп,үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. 1929 жылы Сталиннің 
нұсқауымен КСРО аумағы бойынша еңбекпен түзеу лагерьлерін көбейту жоспары 
жасалды, 1930 жылы жоба қабылданды.1930 жылы сталиндік тоталитарлық жүйе 
толық қалыптасты. Аштық пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық режимнің 
жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы осы жылдардағы басты 
оқиғалар болды. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү. Құлымбетов, Н. 
Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О. Жандосов, Т. Жүргенов партия және мемлекет 
қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды. 1936-1938 жылдары 
Қазақстанда 25 мың адам партиядан шығарылып, олардың көбіне «халық жауы» 
немесе «халық жауының сыбайластары»айыптар тағылды. 
Сталиндік қуғын-сүргінге қатысты ауқымды зерттеулер жүргізген тарихшы 
В.Н.Земсковтың деректері бойынша 1930-1940 жылдар аралығындағы ұжымдастыру 
кезеңінде КСРО-да 2,5 миллион адам түрмеге қамалса, 1930-1933 жылдар аралығында 
600 мың адам қайтыс болған. Сталиндік репрессия 1934 жылы шарықтау шегіне жетті. 
Тарихшылар мұны сол жылы КСРО-да НКВД-ның құрылуымен байланыстырады. 
Жаңадан құрылған орган да сол кезде "жұмыс істеу" үшін талайларды түрмеге жапты. 
РСФСР үкіметінің ресми мәліметі бойынша 1933 жылы 1 миллион адам, 1934 жылы 
1,2 миллион адам түрмеге жабылған. 
62. 
Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар 
мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз. 
1941-1945 жылдар аралығында күллі әлемді дүр сілкіндірген ІІ Дүниежүзілік Ұлы Отан 
соғысы қазақ халқының өмірінде де үлкен таңба қалдырды. Зұлмат жылдарда елді 
жаудан қорғау үшін Қазақстаннан жалпы есебі 1 миллионнан аса жауынгер аттанған. 
Алексеенконың «Қазақстандағы демографиялық дағдарыс» кітабында жазылған 
мәліметке сенсек, соғыс жылдарында Қазақстан 600 мыңнан аса тұрғынынан 
айырылған. Соғыс кезінде қайтыс болғандар саны 279 мыңнан асады, 43 мыңға жуық 
сарбаз госпитальдарда жан тапсырса, 271 мыңнан аса адам үйіне қайта оралмай, із-
түзсіз жоғалғандар санатына енген. 
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 615 қазақстандық азамат Кеңес 
Одағының батыры атағын алған. Оның ішіндегі 20%-ы– этникалық қазақтар. Кеңес 
Одағының батыры атағын екі мәрте алғандар қатарында ұшқыштар Талғат Бигелдинов, 
Л.И. Беда, И.Ф. Павлов және ұшқыш-жойғыш С.Д. Луганский бар. Қазақ қыздарының 
ішінде екі адам – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының батыры 
атағын алған. 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Ал 
ұшқыш Хиуаз Доспановаға «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағы берілді. 


Бауыржан Момышұлы - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік 
соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Батыс 
майданындағы 16 армияның 316 атқыштар дивизия, Панфилов атындағы 8-гвардиялық 
дивизиясы мен батальон командирі. Матронино деревнясының жанында Волоколам 
тасжолында 316 атқыштар дивизиясы жаудың аз уақыт ішінде танк,моторлы және 2 
жаяу әскерін талқандап,ерлікпен соғыс жүргізді. 1942 жылдың 6 маусымында "Қызыл 
Жұлдыз" орденімен марапатталады. Оның ерлігі өз дәрежесінде бағаланбай, Кеңес 
Одағының батыры атағы 1990 жылы Н.Ә.Назарбаев араласуымен берілді. 
Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Ұлы 
Отан соғысы кезінде 54-ші атқыштар дивизиясының атқыштар құрамында 
мергендігімен ерлік көрсеткен. 1944 жылдың қаңтарында құрамында Молдағұлова бар 
54-ші атқыштар дивизиясы Насва станциясындағы теміржолға шығады. 
Ворошиловскийдің естелігі бойынша, сол шайқаста жау кеңес әскерилерін тоқтаусыз 
оқпен күтіп алған. Сол шайқаста Әлия Молдағұлова үш рет жау оғына тойтарыс 
берген. Шайқаста фашистер кеңес әскерінің алдыңғы шебін атып тастайды. 
Батальонды Алия: «Бауырлар, Алға» деп айғайлап, жаудан беті қайтып қалған 
майдандастарын алға жетелеген. Сол шайқаста Әлия жау оғынан ерлікпен қаза тапты. 
1944 жылы Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. 
Талғат Бигелдинов – гвардияның аға лейтенанты, гвардиялық авиациялық полк 
командирінің орынбасары, ұшқыш-шабуылдаушы. 1940 жылдан бері Қызыл Әскер 
қатарында. 1942 жылы Астрахань қаласындағы ұшқыштардың авиациялық мектебін 
бітірген. Ең алғаш рет соғыс аспанына 1943 жылы көтеріліп, көп ұзамай жаудың 
шабуылдаушы ұшағын жарып жіберді. Талғат Бигелдинов 1944 жылдың маусымында 
155 рет әуе шабуылын жеңіспен аяқтап, жау бекіністері мен аэродромдарын, жау 
әскері жиылған топтарды талқандаған. Ол 1944 және 1945 жылдары соғыс аспанында 
көрсеткен ерлігі үшін екі дүркін Кеңес Одағының батыры атанды. Мәншүк Мәметова 
Калинин фронтындағы 101-ші атқыштар дивизиясының пулеметшісі, аға 
лейтенант.1922 жылы Орал губерниясына қарасты ауылда дүниеге келген. Қызыл 
Әскер қатарына 1942 жылдың қыркүйегінен бастап алынған. Алғашында 101-ші қазақ 
атқыштар дивизиясының хатшысы, кейін медбикесі болды. Кейін пулеметшілер 
курсын аяқтайды. 1943 жылдың 15 қазаны күні басынан ауыр жарақат алғанына 
қарамастан, пулеметпен жаудың 70-тен аса сарбазының көзін жояды. Сол шайқаста ол 
ерлікпен қаза тапқан. 1944 жылдың қазақ қыздары арасында алғаш Мәншүк 
Мәметоваға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. 
Сағадат Нұрмағамбетов- Ұлы Отан соғысына қатысқан,Кеңес Одағы батыры атағын 
алған армия генаралы. Сағадат Нұрмағамбетов Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш 
Қорғаныс министрі ретінде тарихта қалған. 
Леонид Беда – КСРО-ға еңбек сіңірген әскери ұшқыш, авиация генерал-лейтенанты, 
Кеңес Одағының батыры. Ол Сталинград, Донбасс, Таганрог, Кенигсберг қалаларын 
азат ету шайқастарына қатысты. 1944 жылдың сәуіріне дейін 109 рет әскери 
тапсырмамен әуеге көтеріліп, жау әскеріне шабуылдады. Осы ерлігі үшін оған 1944 
жылы Кеңес Одағының батыры атағы берілді. 


63.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігін сипаттаңыз. 
1941 жылы егістік жинау науқанында көптеген механизаторлық кадрлар майданға 
аттанды. Яғни ауылдық жерлердегі 16 мен 49 жас арасындағы шаруаның ерлері 
соғысқа кеткенде ауыл селодағы жұмысты ер азаматтар орнына әйелдер алмастырды. 
Соғыс аяқталарда колхозда 70-80% жұмысшы құрамын әйелдер құрды. Жұмыстағы 
әйелдер саны 1940 жылы 20 мың болса, 1945 жылы 80 мыңға дейін өсті. Соғыс кезінде 
ауылшаруашылық машина мен тракторлар азайғанына қарамастан,қиыншылықтарға 
мойын сұнбай ауыл жұмысшылары майдандағы жерлестеріне барынша көмек 
корсетті,жоғарғы еңбек нәтижесіне жетті. Мысалы,Қызылорда облысы 
«Авангард»колохозында Ы.Жақаев күріш өсіруде мол жетістікке жетті. 1943 жылы 
құрғақшылық уақытында 1 гектар жерден 170 центнер күріш алды. 
Келесі үлес қосқан Шығанақ Берсиевтің еңбек қаһармандығы Отан қорғау соғысы 
жылнамасында алтын әріптермен жазылған. Ол 1940 жылы жоғары сұрыпты тары 
өндірудің бастаушысы болды. Шығанақ Берсиев тәжірибелі 4 гектар жерден 200 
үстінде центнер тары алып әлемдік рекордқа енген. Өз қалтасынан шығарып қымбат 
танк коллона құрылғысын сатып алып, қазақстандық делегацияға көп мөлшерде нан 
жіберіп отырды. Тыл жұмыстарында әйелдер атынан да үлкен көмек көрсетілді. 
Мысалы, М.Мұхамедиева әр гектардан 500-600 ц қант қызылшасын жинады. 
Малшылар да өз күштерін аямады. Ж.Мұқашев , Ш.Шугаипова секілді тыл 
еңбектерлері мал басы соғыс жылдары 2-3 есе азайғанына қарамастан ауыл 
жұмысшыларымен бірігіп майданға шамамен 700 тонна ет жіберді. Одан бөлек ауыл, 
село, қала қазақтары жиналып 1941-42 жылдары 1,5 миллион жылы киім жинап, 
майданға жіберді. Жалпы соғыс жылдарында ер азаматтар аз болғандықтан барлық 
ауыр жұмысты әйелдер, қариялар, тіпті жасөспірімдер орындады. 1941 жылдан бастап 
әрбір колхоз-совхоздарда жергілікті саяси бөлімдер құрылып, олар ауыл шарушылық 
жоспарларының орындалуын қадағалап, жоспарын орындай алмаған шаруаны жазалап 
отырды. Сонымен бірге 1942 жылдан бастап колхоз-совхоздарда 12-16 жас арасындағы 
жасөспірімдердің еңбегі заңдастырылып, жұмыс жоспарын орындамаған жасөспірім
қылмысты ретінде жазаланды. Осыған қарамастан халықтың патриоттық серпіні 
тоталитарлық жүйе тәртіптерінен жоғары тұрды.
64) Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы мәдениеті мен 
ғылымының дамуы (1946-1965жж) 
Қазақстанныц ғылыми өміріндегі өзгерістер. Соғыстан кейінгі кезенде жекелеген 
жағымды өзгерістер де орын алды. Олардың біріне 1946 жылдың маусымында КСРО 
FA-ның Қазақстандағы филиалы базасында ҚазКСР Ғылым академиясының негізі 
қалануы жатады. Ұлттық ҒА-ның құрылуы Қазақстандағы ғылымның өз дамуында жаңа 
сапалы деңгейге көтерілгендігін, республикада көптеген ғалым кадрлардың өскендігін, 
ғылыми мекемелердің нығайып, кеңейе түскендігін куәландырады. Ғылым 
академиясының тұңғыш президенті болып Қазақстандағы көрнекті ғалым, ғылымды 
талантты ұйымдастырушы тұлға - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды. ҚазКСР FA 


жүйесінде 1950 жылдың аяғына қарай 50 ғылыми-зерттеу мекеме, соның ішінде 19 
институт, 13 сектор, 2 музей, обсерватория, 3 ботаникалық бақ пен 8 ғылыми база 
қамтылды. ҚазКСР ҒА-да 500 аспирант оқыды. ҚазКСР ҒА-ның Өскемендегі (1947 ж.), 
Гурьев пен Қарағандыдағы (1949 ж.) бірқатар ғылыми секциялар республиканың 
жекелеген аймақтарының өндіріс күштерін кешенді зерттеуді жеделдетті. 1948-1949 
жылдары ҚазКСР ҒА-ның ғылыми мекемелері халық шаруашылығына ендіру үшін 900-
ден аса ұсыныстар мен зерттеулер жіберді. Ауылшаруашылығы саласындағы 
қазақстандық ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметтерін координациялап, бағыттап 
отырған Л Б Ш А - Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы академиясының 
Қазақ филиалы болды. Филиалдың ғылыми жұысшылары мен ауылшаруашылығы 
өндірісінің жаңашылдары және практик мамандармен бірлесе отырып, 
ауылшаруашылығы мэдениетінің көптеген жаңа сұрыптарын өндірген. 40-50 жылдар 
аралығында Өскеменде 2 ғылыми-зерттеу институты құрылды: Алтай тау-
металлургиялық (АТМҒЗИ) және Бүкілодақтық түрлі-түсті металдар институты 
(БТМИҒЗИ). Олардың зерттеу диапазондары аса кең болды: геология, металлургия, тау 
ісінен химия, энергетика, құрылыс материалдарын және балқытудың түрлі эдістері мен 
рудаларды әсерлі және кешенді қолдану экономикасын зерттеу. Қазақстанның мәдени 
құрылысындағы бірқатар жетістіктерді бағалай отырып, бұл жагымды өзгерістер 
тоталитарлық режимнің әкімшіл-әміршіл жүйесінің жағдайында жасалғандығын 
ескерген жөн. Шыгармашылық уйымдардың қызметіне идеологиялық бақылау орнату. 
Осы уақытта әлеуметтік ғылымдар аса ауыр жағдайда дамыды. Оларға одан эрі БК(б)П 
ОК 1946 жылғы 14 тамыздағы ««Жұлдыз» және «Ленинград» журналдары туралы» 
жарғысы ауыр соқты, бұл жаргы зиялы қауымды, жат ойды, жаңа ізденістерді 
қуғындаудың жаңа орамының бастапқы кезеңі болды. Көрсетілген жарғы ағымында 
партиялық комитеттері де өз жұмысын құра бастады. 
Қазақстанда идеологиялық сұрақтар бойынша саяси кампаниялар 1946 жылы 25-26 
кыркүйекте республиканың эдебиет жэне мәдениет, өнер жұмысшыларының активін 
жинақтаудан басталды. Онда Қазақстанның К(б)П ОК үгіт-насихат бөлімі басшысының 
орынбасары Н.Н. Поспелов баяндама оқыды. Оның баяндамасы нақты партиялық 
идеядан тұрды. «Саясаттан жэне идеядан тыс» кеңес адамының бейнесін көрсетуге 
мысал ретінде баяндамада ұсқынсыз, тұрпайы, дэрменсіз етіп көрсеткен С. 
Мұқановтың «Герои нашего времени», Ғ. Мұстафиннің «Шығанақ» романдары 
келтірілді. 1946 жылы қараша айында Жазушылар одағының пленумы «БК(б)П ОК 
ленинградтық журналдар, театр репертуарлары және киноөнер туралы шешіміне 
байланысты Қазақстанның кеңестік Жазушылар одағы басқармасының жұмысын қайта 
құру туралы» мәселені талқылады. Қателіктер мен кемшіліктер анықталды: қазақ 
халқының тарихы бұрынға кеткендігі, хандық-феодалдық құрылымды мадақтау, идея 
жоқ ескілікті қабылдау, білімді феодалдарды идеал ретінде қабылдау, азамат соғысын, 
колхоздық құрылысты атүсті жэне қате корсету, кеңес отбасының тұрмысын 
пессимистікпен корсету. Сонымен бірге Қазақстанның сол заманғы барлық ірі 
жазушылар дерлік: М. Әуезов, F. Мустафин, F. Мүсірепов, Қ. Аманжолов сынға алынды. 
Болашақга мүндай «қателіктерді» болдырмауды мақсат ете отырып, жазушылардың 
шығармашылығына Қазақстанның кеңес жазушылары одағына (ҚКЖО) идеологиялық 


бақылауды анағүрлым күшейту ұсынылды. Көркемдік зиялылардың басты 
«бақылаушысы» ретінде шығармашылық одақтардан тыс партиялық комитетгер 
болды. Саяси кампаниялар барысында олар социалиста міндеттемелер, есептер, 
өндіріс жоспарларының қарапайым шектеулерін енгізіп, шығармашылық үдерісті өз 
құзырларының деңгейіне бейімдеді. Осылайша, 1947 жылға қарай Қазақстан 
жазушылары заманауи тақырыптарға туындылар жазуға «міндетгемелер» қабылдауға 
тиісті болды. Қазақстан КП ОК (1947 ж. наурыз) пленумының қаулысында төмендегі 
партиялық ұйымдарына «БК(б)П ОК идеологиялық сұрақтар бойынша қаулыны 
шартсыз орындау мен мәдениет, онер, эдебиет пен тарихты жариялауда саяси 
қателіктер мен ұлтшылдық бұрмалаушылықтарды большевиктік сынға алуды кеңейту» 
алғышарттары жасалды. Нәтижесінде «жау» іздеу құбылысы қайта қолға алынды. 
Республиканың ірі тарихшысы Ә. Марғұланның көзқарасы жалған ғылым деп 
жарияланды.Қазақстан К(б)П ОК «Қазақ КСР ҒА Тіл жэне әдебиет институтының 
жүмысында жіберілген дөрекі саяси қателіктер туралы» арнайы қаулысында еш 
негізсіз ұлтшьш жэне оны «экспорттады» деп Е. Исмаилов, М. Әуезов, Қ. Жүмалиев, С. 
Мүқанов жэне т.б. кінэланды. Тіл жэне әдебиет институтының директоры Е. Исмаилов 
жұмыстан алынып, артынша партиядан «институтты әлеуметтік жэне саяси жат 
адамдармен ластағаны үшін өз шығармалары мен институт жұмысына буржуазиялық 
ұлтшылдық көзқарастарды жүйелі ендіргені үшін» партиядан шығарылды. 1947 
жылдың ақпан жэне қазан айлары аралығында институттан жүмыстан 23 адам 
шығарылды, соның ішінде 9-ы саяси ой мәселесі бойынша. Саяси науқан театр, тіпті, 
эстрадаға да ауыр тиді. 1951 жылы сәуір
және қыркүйек аралығында театрлар мен концерттік ұйымдардың репертуарларынан 
«идеялық-көркемдік жағынан жарамсыз жэне өз өзектілігін жоғалтқан» деген айыппен 
30 пьеса жэне 174 өлең мэтіні алынып тасталды. 
65. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: экологиялық, экономикалық 
және әлеуметтік-демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз. 
Тың және тыңайған жерлерді игеру, нәтижелері мен салдары. Сталин қайтыс 
болғаннан кейін халық шаруашылығындағы өзгеріс ауылшаруашылығынан басталды. 
Өйткені 50-жылдардың басында аса күрделі жағдай ауылшаруашылығы саласында 
қалыптасқан болатын. 1952 ж. X IX съезде Г.М. Маленковтің астық проблемасының 
түбірлі жэне түбегейлі шешілгендігі туралы мәлімдемесіне қарамастан жоспарланған 8 
млрд пұт орнына 5,6 пұт астық жиналды. Колхоздар мен совхоздар, тіпті, бүкіл тұқым 
қорының біршама бөлігін тапсыруға мэжбүр болды. Осыған қарамастан жиналған 
астық күнделікті қажеттілікті өтеуге жетпей мемлекет қорларын пайдалануға тура 
келді. Мал басы мен ет өндіру 1916 жылы және ұжымдастыру қарсаңындағы 1928 
жылғы деңгейден төмен болды. Ресей деревнясы іс жүзінде аштықтың қарсаңында 
тұрды. Қазақстан колхоздары мен совхоздарының үлесіне Кеңестер Одағында 
өндірілетін тауарлы астықтың 2 %-ы ғана тиді. Соғыстан кейінгі жылдардағы күрделі 
қаржылардың басым бөлігі соғыстан зардап шеккен батыс облыстарға жіберіліп, 


Қазақстанға әсері шамалы тана болды. Ауылшаруашылығындағы ауыр жағдай ауыл 
еңбеккерлеріне қарсы бағытталған әміршіл-әкімшілдік биліктің салдары болды. 
Соғысқа дейінгі бесжылдықтарда халықтың бар күш-жігері ауыр өнеркәсіпті дамытуға 
жұмылдырылып, ауылдық жерлер қаланың шикізат көзі ретінде ғана дамыды. Олардың 
арасындағы тауар алмасу тепе-тең болмады. Оның үстіне жоғарыдан күштеп жаппай 
ұжымдастыру, отаршылдыққа көшіру ауыл-шаруашылығының дамуына кері әсер 
тигізді. Соғыстан кейінде өзіне-өзі келмеген ауылшаруашылығы саласының қоғамға 
бергені алғанынан әлдеқайда басым болды. 1953 жылы мемлекет колхоздарға 1 
центнер астық үшін 80 тиын төлесе, ал іс жүзінде оны өндіруге шығатын шығын 6 
сомды құрады. Картоп бағасы, тіпті, оны дайындау орындарынан жеткізетін бағаны 
өтемейтін. Колхоздар мен совхоздардың бүкіл қызметі «жоғарыға» бағынышты болды. 
1947 жылы ақпандағы ОК пленумынан кейін колхоздар іс жүзінде толығынан өзін-өзі 
басқару құкығынан айырылды. Ауыл тұрғындары қоғамдық өндірістен өз еңбектеріне 
төлемді аз алғандықтан, негізінен, өздерінің жеке меншігіндегі шаруашылығы есебінен 
күн көрді. 1953 жылы колхоздардағы әрбір отбасы мемлекетке 40-тан 60 кг-ға дейін ет, 
100-ден 280 кг-ге дейін сүт, 10-даған жұмыртқа, жүн жэне т.б. тапсыруға тиіс болатын. 
Іс жүзінде колхозшылардың жеке шаруашылығы елді етпен, сүтпен жэне картоппен 
асырап отырғандықтан, ауылда өмір сүру деңгейі қаладан әлдеқайда төмен болды. 50-
жылдардың ортасына дейін колхоз-шылар зейнетақымен жэне әлеуметтік сақтандыру 
жүйесімен қамтамасыз етілмеді. Осындай саясаттың нәтижесінде ауылшаруашылығы 
іс жүзінде артта қалды, шаруа еңбегі ауыр жэне оған материалдық ынталану өте төмен 
болды. Шаруалар калаға келуге тырысты. Одақ көлемінде жыл сайын
ауылшаруашылығы орта есеппен шамамен 2 млн адамнан айырылып отырды. 
Соғыстан кейінгі бесжылдықтың міндеттері ауыл еңбеккерлерінің аса ауыр еңбегінің, 
жоқшылық пен аштықтың, балалар мен әйелдердің еңбегін қанаудың нәтижесінде 
жүзеге асырылып жатты. Елдің ауылшаруашылығын дағдарыстан шығарудың екі 
жолы болды. Бірінші жолы өндірістік қатынастарды қайта қарау, нақтырақ айтқанда
осы уақытқа дейінгі жүргізіліп келе жатқан бағыттан бас тарту, жерді жеке меншікке 
беру, нарықтық қатынасқа көшу, осы аркылы ауыл еңбеккерлерінің өз еңбегінің 
нәтижесіне ынтасын арттыру. Екінші жолы-ауылшаруашылығын дамытудың 
экстенсивті жолы, яғни осы уақытқа дейінгі жүргізіліп келе жатқан бағытты сақтай 
отырып, оны жеделдету. Ауылшаруашылығындағы саясатты цгүгыл түрде өзгерту 
қажеттілігін Сталиннің ізбасарлары толық сезінді, бірақ олардың әрқайсысы 
ауылшаруашылығындағы қайта күруларды өзінше пайымдады. «Ұжымдық 
басшылықтың» алгашқы, билік үшін күрестің аса шиелініскен тұсымен тұспа-тұс 
келген кезеңінде аграрлық бағыттың екі нұсқасы айқындалды. Олардың басында ауыл-
шаруашылығының дамуындағы басымдықтарды өзінше түсініп, қабылдаған КСРО 
Министрлср кеңесінің төрағасы Г.М. Маленков пен КОКП OK бірінші хатшысы Н.С. 
Хрущев тұрды. 1953 жылдың тамызында өткен КСРО Жоғарғы кеңесінің сессиясында 
Г.М. Маленков ұсынған ауылшаруашылығын созылмалы күйзелістен алып шығатын 
шаралардың мазмұны ауыл еңбеккерлеріне салынатын салықтарды азайтуға, 
шаруалардың жеке меншігіндегі қосымша шаруашылықтарына әкімшілдік қысымды 
доғару жэне олардың қарапайым әлеуметтік қүқыктарын (алғашқы кезеңде төл 
қүжаттарын беру) қалпына келтіруге бағытталды. Ешқандай қосымша қаржы көздері 
жөнінде сөз болмады. Экономикалық механизмдердің қосылуы, яғни міндетті 
салықтардың күрт азаюының нәтижесінде алынған табыстарын колхоздар машина-


трактор паркін жақсартуға, өндірісті, элеуметтік саланы жэне т.б. кеңейтуге мүмкіндік 
алып береді деп үміттенді. Оның үстіне жеке меншіктегі қосымша шаруашылықтың 
еркін дамуы азық-түлік жетіспеушілігін көп уақыт өткізбей жылдам шешеді деп 
есептеді. Осылайша, экономикалық тетіктердің негізінде колхоздық-совхоздық 
экономика да, шаруашылық қожалықтары да еркін жэне табиғи дамуы тиіс болды. Н.С. 
Хрущев ауылшаруашылығын терең дағдарыстан шығару жолын өзгеше топшылады. 
Оның негізгі идеясы ауылшаруашылығын индустрияландыруға, яғни колхоздарды 
өздерінің машина-трактор базасымен ірі қожалықтарға, ал шаруаларды совхоз 
жұмысшыларына айналдыруға бағытталды. Осылардың нэтижесінде село 
тұрғындарының еңбегі, Н.С. Хрущевтің ойынша, қалатұрғындарының еңбегіне 
барынша жақындап, «майда буржуазиялық қалдықтардан» арылуға тиіс болды. Бұл 
идеялар, осыған дейін «агроқалалар» жобалары бойынша белгілі, әлеуметтік қиялдар 
мен ауылшаруашылығына басшылықтың дэстүрлі экімшілдік бюрократтык жұмыс 
әдісін ұштастыруға бағытталды. 
66. Кеңестік Қазақстанның экологиялық мәселелерін ( Семей ядролық полигоны, Арал 
теңізі, Шығыс Қазақстан республикасының оңтүстікгіндегі химиялық өндіріс) жүйелеп 
талдаңыз 
Тоқырау атына ие болған 1970-1980 жылдары республиканың қоғамдық-саяси өмірінде 
де күрделі жағдай қалыптасты. КОКП-ның әлеуметтік-экономикалық саясатта 
жіберген қателіктері мен кемшіліктері қоғам дамуының экология, мәдениет, ғылым, 
ұлт саясаты жэне т.б. салаларына да әсерін тигізбей қойған жоқ. Брежневтік басшылық 
бұл салаларда ешқандай проблема жоқ деп санады. Бірақ нақ осы кезеңце ұлт 
мәселесіндегі жағдайлар шешілуінен гөрі шапшаңырақ қордаланды. Қордаланған 
мәселенің бірі Қазақстанның экологиялық жағдайы еді. Қазақстанда қоршаган ортаның 
мәселелері, негізінен, 1960 жылдардың аяғына қарай шиеленісе түсті. Бұл өнеркэсіптің 
шексіз өсуінің, ғылыми, әскери зерттеулерді жүргізуде табиғи ресурстарды ойланбай 
пайдаланудың, ел территориясына эскери полигондарды орналастырудың нәтижесінде 
болды. Тоталитарлық тэртіп халықтың, болашақтың да қамынан күнделікті өмірдегі 
өткінші табыстарға қол жеткенге тоқмейілсілушікке жол берді. Кеңестік дэуірдегі 
ирригациялық жүйе мен жерді ешбір агротехникалық Шараларды сақтамай, есепсіз 
игеру тэсілдері Арал теңізін жоюға жеткізді. КСРО Су шаруашылығы министрлігінің 
тікелей кінәсінен Арал аймағы өлі мекенге айналды. Сырдария және Әмудария 
өзендерінің суларын мақта егісіне көптеп бөлуден Арал теңізі тартылып, оның суы 
азайды. Жер және Су қорын есепсіз пайдалану, мақта мен күріш дақылдарын өсіруге 
басымдық беру салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейін құрғап, 
жалаңаш қалды. Оның жағалауы 70-150 шақырымға кейін шегініп, суының тұздылығы 
4-5 есеге артып, 1л судың құрамы 20-30 грамға дейін тұз құрайтын халге жетті. Егер 
1950 ж. теңізде балықтың 24 түрі өсіріліп, балық аулау Жылына 500 мың тоннаға 
жетсе, ал 80-жылдардың соңына қарай балықтың 20 түрі біржола ғайып болып жэне 
теңіз өзінің балық шаруашылыгы маңызын жоғалтты. Жұмыссыздар саны көбейіп, 
кеме жасау зауыттары да өз жұмысын тоқтатты. Теңіздің кепкен табаны тұз жиналатын 
аса алып ошаққа айналды. Аймақтан ұшқан тұз аспанға көтеріліп, оның зардабы тек 


жергілікті Арал өңірінде тұрған 3,5 млн ғана халыққа емес, дүниенің түкпір-түкпіріне 
кеткенін ғалымдардың зерттеуі ашық көрсстті. Жыл сайын осы 100 млн тоннаға дейін 
атмосфераға көтсріліп жатқан тұз егістік жерлерді айналымнан шығарып, 
ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге кесірін тигізді. Ауа райының түбегейлі өзгеріп 
кету қаупі төнді, бұл экологиялық апат Арал өңірі халқын босқынға ұшыратып, соңғы 
20 жылда мыңдаган адамның туып-өскен жерінен көшіп кетуге мәжбүр етті. Әкімшіл-
әміршіл жүйенің жанталаса қарулану саясаты Қазақстанды Кеңестік империяның 
қорғаныс кешенінің үлкен ядролық полигонына айналдырды. Полигонның негізгі 
қолданушысы КСРО Қорганыс министрлігі болды. Республикада 1985 жылға дейін 
әскери өнсркэсіпті қамтитын 43 ірі кәсіпорын орналасты. Олар экологиялық жағынан 
халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға залалын тигізді. Екінші жағынан, осы 
әскери кәсіпорындардың салынып, іске қосылуы республикадағы демографиялық 
ахуалға аз әсер етті. Қазақстан территориясында атом т.б..қарулардың. Түрін сынау 
үшін Семей ядролық, Орал, Сарышағаштағы полигондар жұмыс істсді. 80-жылдары эр 
түрлі әскери объектілер рсспубликаның 18 млн га жерін алып жатты. Ал Семей 
полигонының жалғыз өзі 8372 шаршы шақырым жерді алды. Қаруларды сынау кезіндс 
бөлінетін радиация бірнеше облыстардың жерін уландырып, адамдардың 
денсаулығына әсер етіп, ұлттың сапасының, яғни генофондының төмендеуіне әкелді. 
Республикада орналасқан полигондарда барлығы 500-ден астам ядролық кару 
жарылды. Полигонға жақын аудандарда жемшөп пен мал шаруашылық, өнімдерінде 
цезийдің, стронцийдің мөлшері 30-100 есе жоғары, 1949-1985 жылдары радиацияға 
ұшыраған адамдар, онкологиялық сипаттағы аурулардан қайтыс
Болғандар Семей өңірінде 7 есе өскені, бала өсімінің азайғаны, психикалық және өз-
өзіне қол салу дерттерінің күрт өсуі байқалды. Семей полигонынан баска эр жылдарда 
Республика территориясында 27 жерде қуаты әр түрлі 38 ядролық жарылыс жасалды. 
Мұндай жарылыстар, әсіресе Атырау облысында көбірек болды, мұнда жаппай қырып-
жоятын қарудың 17-сі сыналған. Сегіз ядролық заряд Орал өңіріндегі полигондарда, 
қалғандары Ақтөбе, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жарылған. 
Бактериологиялық қарулар сынау полигоны Арал теңізіндегі Барсакелмес аралында 
жүргізілді. 
1989 ж. 29 ақпанда Семей жеріндегі жарылыстың сәтсіздігі айналадагы
Ортаға радиоактивті газ шығарганы туралы хабар халық қозгалысын туғызды. Олжас 
Сүлейменов бастаған антиядролық «Невада-Семей» қозғалысы құрылды. Абай 
ауданында мыңдаған адам митингіге шығып, қатысушылар бір-бірден тас алып, шағын 
тау жасады. Бүл олардың ядролық қаруды тоқтатуға қарсы жасаған әрекеті еді. 
Республика халқының, «Невада Семей» халықаралық ядролық апатқа қарсы 
қозғалысының әрекеттеріне қарамастан орта есеппен 1989-1991 ж. жылына 27 жер 
асты, әуеде 14 ядролық сынақ жасалынып отырған. Тіпті, айына 30-40 рет сынақ 
жасаған кездерде болған екен. 
67
)1965 – 1985 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттап 
көрсетіңіз. 


Леонид Брежнев билік басына 1964 жылғы қазан пленумының шешімімен келді. 
Биліктен Никита Хрущев алыстатылды. Бұл саяси шешім, бүгінгі тарихшылар 
пікірінше, билік үшін тартыста әдейі ұйымдастырылған төңкеріс деген ойда. Алайда, 
кейбір тарихшылардың пайымдауынша, әлемдік саясатта ұрда-жық әрекетімен, 
жеңілтектігімен, үстірт шешімдерімен келемеж күлкіге айналған, АҚШ секілді ұлы 
державаның басшыларын қорқыныш пен үрейде ұстаған Хрущевтың биліктен 
ысырылуы табиғи заңдылық ретінде де бағаланады. 
Леонид Брежнев кеңестік империяға тоқырау кезеңі деп аталған дәуірде басшылық 
жасады. Бұл дәуір тарихқа «қырғи-қабақ» соғыс атауымен енген Кеңес Одағы мен 
АҚШ арасында жанталаса қаруланумен жарысқан дүрбелеңге толы уақыт болды. 
Брежнев билік құрған 1964-1982 жылдары Кеңес Одағының халқы мамыражай өмір 
сүрді. Шындығын айтумыз керек, бұл тұтастай алғанда, бүкіл социализм дәуіріндегі 
елдің мұңсыз тірлік жасаған кезеңі еді. Теңгермешілік жүйеге құрылған жоспарлы 
экономика кемшілігіне қарамастан, халықты әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз 
етті. Ешкім «ертеңгі күнім қалай болар екен» деп алаңдамады. Бірақ, экономикадағы 
құлдырау нақ осы кезеңде басталды. Ақыры кез келген нәрсені жоспарлап бөлу 
шаруашылық салаларын тұралатып бітті. 
Экономиканың аграрлық секторында күрделi жағдай орнады . 1981-1985 жылдарда 
Қазақстанның ауыл шаруашылығына салынған күрделi қаржы 1966-1970 жылдардағы 
бесжылдықпен салыстырғанда 1.6 есе өстi. Пайдаланылатын жерлердiң 100 гектарына 
есептегенде ауыл шаруашылығының қор қамтамасыздығы осы кезең арасында 2,3 есе, 
бiр жұмыскерге шыққандағы еңбектiң қормен қамтылуы 1,8; өндiрiстiк мақсаттарға 
электр энергиясын тұтыну 2,2; еңбектiң электрмен қамтылуы 1.9 есе өсті. 
Материалдық өндiрiстiң аграрлық саласында жұмыспен қамтылған жұмыскерлердiң 
саны он жылдың iшiнде (1975-1985) 15 % -ға ұлғайды ( ауыл шаруашылығы 
жұмыстарына ұдайы тартылатын тегiн жұмысшы күші – студенттердi, қала 
қызметкерлерiн, оқушыларды, әскерді есептемегенде ). Дегенмен, аграрлық сектордың 
жалпы өнiмiнiң өсу қарқындары, жұмсартып айтқанда, жылдан – жылға өсе түскен 
шығындарға сәйкес келмеді. Мәселен, 1966-1970 жылдарда ең тиянақты деген ауыл 
шаруашылығы өндiрiсiнiң өсу қарқыны 28 % деңгейде тiркелсе, алайда ол 1971-1975 
жылдарда – 15 %, ал 1981-1985 жылдарда 0,1 % -ға дейiн темендедi. Егер аграрлық 
кешендегi жалпы өнімнің бiршама үлесiнiң халықтың жеке қосалқы шаруашылығының 
үлесiне тиетiнiн ескерсек ( жылына орта есеппен 1981-1985 жылдарда картоп бойынша 
– 56 %, көкөністер бойынша – 32 %, бақша дақылдары бойынша – 35 %, жеміс – жидек 
дақылдары бойынша – 53 %, ет бойынша – 31 %, сүт бойынша – 44 %, жұмыртқа 
бойынша – 35 %, жүн бойынша – 22 % ), онда колхоз – совхоздық жалпы өндiрiстiң 
серпiнi қарастырылып отырған жылдарда одан да нашар сипат алды. Ресми бағалар 
бойынша ауыл шаруашылығындағы еңбек өнiмдiлiгi бесжылдық сайын өсіп отырды. 
Бүгінгі есептерге сәйкес 1970 жылғымен салыстырғанда ол 1985 жылы небәрi 2 % -га 
гана өссе , ал 1980 жылға қатысты тіпті 9 пайызға төмендедi. Жалпы елдер бойынша 
салыстырмалы деректер еңбек тиiмдiлiгiнiң өте төмен екенiн айғақтайды. Мәселен, бiр 
жұмыскерге есептегендегi барлық қызметтiң таза күні Қазақстанда бар болғаны 11 мың 
сомды ғана, немесе сол жылдардағы нақты емес валюта бағамы бойынша 25 мыңға 
жуық долларды кұрады , ал АКШ – та осы көрсеткіш – 59 мың, Ұлыбританияда – 42 
мың, Германияда – 32 мың долларға жетті. Бiр жұмыскер орта есеппен жорамал 


болжам бойынша 13 адамды ғана асырады ( АҚШ – та – 80, Швейцарияда – 100, 
Нидерландыда 60 адам ). 1981-1985 жылдардың нәтижесiнде тек Қазақстанда ғана 
колхоздар мен совхоздардың 53 % -ы мемлекет мойнында отырды, ал шыққан шығын 
көлемдерi миллиардтаған сомға жетті ( Талдықорган облысында колхоздар мен 
совхоздардың – 72 % -ы, Орал облысында – 78, Семей облысында – 68, Целиноград 
облысында – 60 % -ы шығынға батты ) 
Халықтың тұрмыс сапасының аса маңызды көрсеткіші жиынтық табысты жұмсау 
шығындарының құрылымы болып табылатыны белгілі. Тиянақты қоғамдарда 
табыстың үлкен бөлігі ойын-сауықтар мен демалысқа, көрсетілетін қызметтер 
саласына, мәдени-рухани қажеттіліктерге және анағұрлым аз бөлігі - тамаққа 
жұмсалады. Жоғарыда аталған бюджеттік сараптаулар бойынша, қазақстандықтардың 
жиынтық табысының үштен бір бөлігінен көбі тамаққа, алкогольді ішімдіктер мен 
темекіге — 5%-ға жуығы, санитария жене гигиена заттарына — 1,5, мәдени тауарларға 
— 3, мәдени-тұрмыстық көрсетілетін қызметтерге - 9,2%-ы жұмсалған (әрине, 
кейінгілердің басты құрауышы театрлар немесе мұражайлар, концерттер немесе кино 
болмағаны белгілі, олар шаштаразға немесе моншаға жасалатын мәжбүрлі «жорықтар» 
еді). Ал тамақ құрамы «ең озық кеңестік ғылыми-индустриялық гигиенаға» сай 
келмеді. Сол бюджеттерге қарағанда, орташа тұрмысты Қазақстандық жылына 134,2 кг 
— нан, 88 кг — картоп, 67,5 кг — көкөніс, 58 кг — ет және ет өнімдерін, 4,7 кг — мал 
майын, 3,1 кг — өсімдік майын, 7,2 кг — балық және балық өнімдерін. 2,4 кг — сүзбе 
тұтынған. Мұның нан және нан өнімдері, қант пен картоп тұтыну басым болған 
тамақтанудың «холестеринді» құрылымы және денсаулық үшін зиянды ауыр 
көмірсулы түріндегі үлгі екенін аңғару қиын емес. Нан және нан өнімдерін тұтынудың 
есебінен тәуліктік ас мөлшерінің 45%-ға дейінгі калориялылығы және 90%-ға дейін 
өсімдік кұрамындағы белоктардың түсуі қамтамасыз етілді, бұл көкөністер мен жеміс 
мөлшері- нің тапшылығын көрсетеді. Жан басына шаққанда витаминдердін тапшы- 
лығы 30—50%-бен бағаланса, ал олардың тамақ өнімдерімен бірге тұтыну деңгейі 
АҚШ-пен салыстырғанда 2—4 есе төмен болды». 
68)
Тоқырау жылдарындағы (1971-1985жж.) ғылым, әдебиет және өнер саласындағы 
жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын беріңіз. 
70—80-жылдарда әдебиеттің тыныс-тіршілігінде көптеген маңызды қоғамдық және 
саяси оқиғалар өрбіді. КСРО мен Қазақстан Жазушыларының съездері өтіп, КОКП ОК-
нің әдеби-көркем сын, шығармашылық жастармен жұмыс жүргізу туралы қаулылары 
шықты. Осы оқиғалардың барлығы қазақстандық жазушылардың шығармаларына өз 
әсерін тигізді.С. Мәуленовтың, X. Ерғалиевтің, Ғ Ормановтың, Ә. Тәжібаевтың 
өлеңдерінде Ленин тақырыбы өз жалғасын тапты. Қ. Бекхожиннің, Ә. Сәрсенбаевтың, 
Ж. Молдағалиевтің, М. Әлімбаевтың туындылары патриоттық және
интернационалдық тақырыптарға арналды. Болмыстың мәңгі мәселелері, адамның 
дүниедегі орны, халықтың тарихи тағдырлары М. Мақатаевтың, Ә. Тәжібаевтің, Қ. 
Мырзалиевтің, О. Сүлейменовтің, К. Салықовтың шығармаларына арқау болды. 1974 
жылы Жұбан Молдағалиевке «Қыран дала» және «Сел» поэмалары үшін КСРО 
Мемлекеттік сыйлығы берілді. Осы кезең аралығында роман жанры мазмұн жағынан 
жан-жақты байып, көркемдік деңгейлері айтарлықтай көтерілді. Солардың қатарына I. 
Есенберлиннің «Қаһар», «Алмас қылыш», Ә. Кекілбаев- тың «Үркер», Ә. 
Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі», Ә. Әбішевтін «Най- зағай», М. Мағауиннің 


«Аласапыран» романдары жатады. I. Есенберлин өзінің «Көшпенділер» 
трилогиясында қазақ халқының аласапыран замандағы (XV—XVIII ғасыр) алма-ғайып 
тірлігін баяндайды. Ә. Кекілбаев «Үркер» романында Қазакстанның Ресейге қосылу 
кезеңі тарихынан сыр шертеді. Арал балықшыларының 1917 жылғы қазан айына 
дейінгі өмірі туралы жазылған Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясына 1974 
жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді». 80-жылдардың екінші жартысында 
қуғын-сүргінге ұшыраған жазушылардың шығармашылық мұраларының ғылыми орта 
мен оқырман қауымға қайтарылуы әдеби өмірдегі маңызды оқиғаға айналды. 
Замандастардың рухани өміріне Ш. Құдайбердиевтің, Ж. Аймауытовтың, М. 
Жұмабаев- тың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың шығармалары қайтадан сәулесін 
шаша бастады.Сол жылдардың қоғамдық-саяси және мәдени өмірінде О. Сүлейме- 
новтің «Аз и Я» кітабы әр түрлі пікір туындатты. «Звезда», «Москва», «Молодая 
гвардия» журналдары осы шығарманы өткір сынға алды. Кітапты ұлтшыл туынды деп 
атады. КОКП ОК-інде идеологиялық мәселелерді қадағалап отыратын М.А. Суслов 
оның «айқын орысқа қарсы және ұлтшыл бағыт ұстаған» кітап екенін айтты. Суслов 
ұзақ жылдар бойы бүкіл әдебиетті, өнерді, қоғамдық ғылымдарды, мерзімдік 
басылымдарды өз бақылауында ұстады. Ол ресми идеологияға кереғар мазмұндағы 
көркем шығармалар мен ғылыми еңбектердің сондай-ақ театр спектакльдерінің, 
кинофильмдердің жарық көруге жіберілмеуін сенімді сүзгіден өткізіп» отырды.
70—80-жылдарда республика театрлары жоғары тұрған органдардың талабы бойынша, 
бүгінгі заман көкейтесті мәселелерін қозғады. Осы жылдарда театр сахналарында Т. 
Ахтановтын «Күтпеген кездесу» (1970, реж. Мәмбетов) О. Бөкеевтің «Құлыным менің» 
(реж. Жетпісбаев), Ә. Әбішевтің «Мансап пен ұждан» (1975, реж. Мәмбетов), Қазак 
драма театрында Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» (1971, реж. Пүсұрманов, ТЮЗ-дің 
казак труппасы), Н.М. Оразалиннің «Шырақ жанған түн» (1977, реж. И.Ф. Ким. ТЮЗ-
дің Қазақ труппасы) пьесалары қойылды.Қазақ драма театрының шоқтығы биік 
сахналық туындыларының бірі Ә. Нұрпейісовтың осы аттас шығармасы бойынша 
койылған «Қан мен тер» спектаклі (1973) болды. Осы спектакльге КСРО Мемлекеттік 
сыйлығы 1974 жылы режиссер Ә. Мәмбетовке, суретші А.С. Кривошеинге, актерлар А. 
Әшімовке, Ф Шариповаға, Ы. Ноғайбаевқа берілді». 
69
)Қазақстандағы «қайта құру» саясаты мен 1986 ж. Желтоқсан оқиғасын талдап 
көрсетіңіз.
Горбачевтың «қайта кұруы» көрінеу әйгіленген жүйелік дағдарысты «тоқырау» 
құбылысы ретінде белгілеп, қоғамды осы кеселден айықтыратын ем-дом іздестіруге 
бағыттады. Бірақ, бұрынғысынша, жаңсақ диагноз қойылды. Сондықтан да сауықтыру 
жалған немесе жанама бағыттарға бұрылып кетіп жатты.«Қайта құру» саясатының 
алғашқы кезеңінде (1986 жыл - 1987 жылдың маусымы) өнеркәсіптің өндірістік 
аппаратын (станоктарды, жабдықтарды, технологиялық желілерді) түбегейлі жаңарту 
ұйғарылғаны соншалық, 1990 жылы оның 90 пайызы әлемдік сапа стандарттарына caй 
келе алатындай дәрежеде болуға тиіс делінді. Ауыл шаруашылығында аграрлық 
өндіріске егіншіліктің ғылыми жүйелерін жан-жақты енгізу және мал шаруашылығын 
дамыту бағыты қолға алынды. Осы шаралар есебінен еңбек өнімділігін күрт көтеру, ал 
сол арқылы — экономиканыңдамуын жеделдету көзделді. Сонымен бірге төртіп үшін 
күресте коғамдық бакылауды күшейту саясаты ресми түрде жарияланды (осығам 
байланысты ішімдікке қарсы наукан өрістетілді). Режим осының арқасында халық 


шаруашылығын көтерудің тағы бір «қуатты ресурсын» іске косудың сәті түседі деп 
аңғалдықпен сенді.
«Жеделдету» тұжырымдамасымен тұралап қалған режим қоғамға «социалистік 
нарық» деп аталған жаңа бір утопиялық идеяны «төбеден топ еткізді», ол «қайта құру» 
саясатының кезекті кезеңіне (1987-1989 жылдарға) тұспа-тұс келді. «Қайта құру 
сәулетшілерінің» басқа командасының — экономист – академиктердің, социализмнің 
саяси экономиясы саласындағы мамандардың (бірақ әсте нарық теориясындағы 
мамандар емес) ұсынуымен неғұрлым батыл да түбірлі өзгерістердің кажеттігі туралы 
жаңа қоғамдық дискурс пайда болды. М. Горбачев РКФСР Коммунистік партиясының 
құрылтай жиынында делегаттар мен қатысушылардың сұрақтарына қайтарған 
жауаптарында айтқанындай, «қайта кұрудың» жаңа кезеңі жөніндегі ой-ниет сайып 
келгенде «социалистік таңдау шеңберінде адамның биліктен, меншіктен, мәдениеттен 
шектетілуін еңсеру арқылы социалистік күрылысқа тыныс беруді, оның әлеуетін 
ашуды» көздеді. 
Былайша айтқанда, ел несие өтеу қабілетінен айырылды. Тарих берген «уақыт несиесі» 
де таусылып бітті. «Ұлы утопияның» акырғы сағаты жақындады, насихат қоғамға 
тастаған бұлдыр жұбаныштың ешкайсысы да төніп келе жатқан апатты енді кері серпіп 
тастай алмады. Белден баскан ұтымсыз бастаулардан зорлықтың қысымына ұшыраған 
экономика өзін – өзі күйретудің ақырғы сатысына сол көзсіз екпіндеген бойы келіп 
жетті. 
Қазақстанда қолдан қоздатылған сенімсіздік ахуалы өктемшіл өкілеттікті қайта бөлу 
проблемасын классикалық түрпаттағы этностық жанжалға ауыстырды: отарлық 
провинция метрополияға қарсы көтерілді, сөйтіп бүлік қатаң басып-жанышталды. 
Алматьщағы 1986 жылғы желтоксан окиғалары сапалықжаңа сипатқа көтерілу болып 
табылады. Республика халкы екі тандаудың алдында тұрды: не Қазақстандағы «кіші 
Қазанды» қайталауды тандау, не ұлттық өзін-өзі билеу құқығын тандау керек болды, 
ол рес- публикада басқарушыны сырттан өкелушілік институтын токтату талабынан 
көрініс тапты. 
Қазақ жастары 1986 жылдың желтоқсаны күндері ондаған жылдар бойы үстемдік 
құрып келген тоталитарлық режимге батыл қарсы тұрды, сөйтіп бұрынғы КСРО 
кеңістігінде ұлттық-демократиялық қозғалысты дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Оқиға 
баска халықтарға қарсы бағытталмаған-ды, бұл елдегі екі күштің: буыны қатпаған 
демократия мен ол кезде кылышынан кан тамып тұрған әкімшіл-әміршіл жүйенің 
тұңғыш кактығысуы болатын.Желтоқсан көтерілісінің бастауында Қ. Рыс- кұлбеков,
Қ. Айтмұрзаев, Б. Иманғожаев,О. Сейтембеков, А. Қаметов, Е. Көбесбаев,Е.
Сыпатаев, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова,И. Дәуренов және т.б. болды. 
Сөз жүзіндегі осындай айыптаулардан кейін Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан 
оқиғалары жайлы Кеңестік негізгі құжат қабылданды. 1987 жылы 16 шілдеде КОКП 
ОК «Қазақ республикалық партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және 
патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулы қабылдады. Онда жоғарыда 
айтылған айыптаулардың бәрі келтірілді және орын алған оқиғаларға: «өткен жылдың 
желтоқсанында Алматы қаласында болған тәртіпсіздіктер қазақ ұлтшылдығының 
көрінісі болды» деген баға берілді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет