Қазақстан халықтарының тәуелсіздікке ұмтылған асыл арманы, қасиетті мұраты 1991
жылы желтоқсан айында жүзеге асты. Ал 1992 жылы 4 маусымда ұлттық болмысымыз
бен қазақ елінің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы, әрі
мемлекетіміздің өткені мен бүгінгі және болашағы
арасындағы сабақтастықтың
жарқын көрінісін айқындайтын рәміздеріміз дүниеге келді. Рәміздер – отан тарихының
әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын негізгі фактор. Мемлекетіміз саяси
салмағы жағынан ілгерірек тұратын басқа елдермен иық теңестіруге мүмкіндік беретін
мәртебеге ие болды. Тәуелсіздік талай игі істерге қол жеткізуімізге себеп болды. Әрбір
мемлекет үшін Отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның
даңқты да
қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп,
еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы
пайымдап, «...бұл міндет білім берудің,
мәдениет органдарының, қоғамдық
ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына
қатысты. Ал
оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды,
өкіметті
құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: «Қазақстан – менің
Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген
қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн» – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: