Б.з.б. II ғ. Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда Жетісу жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген Жазба деректер бойынша үйсіндерді алғаш рет тарих ғылымына таныс еткен Н.В. Кюнер мен академик Н.Я. Бичурин. Бұлардың аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып академик В. Бартольд өзінің атақты «Жетісу тарихының өчеркі» атты еңбегінде үйсіндердің қысқаша тарихын жазды.Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, зерттеуде еңбек еткен ғалымдар академиктер Ә. Марғұлан мен А. Бернштам болды. Қазіргі кезде сақ-үйсіндер тарихымен ұзақ жылдардан бері айналасып жүрген К.А.Акишев. Ол үйсін тайпалардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік–экономикалық жағын бір жүйеге келтіріп, үйсіндер мемлекеттік дәрежеде таптық құрылыста өмір сүрген деген қорытындыға келді.Үйсін деген сөз Қытай деректері арқылы белгілі. Сөздің мағнасы осы уақытқа шейін белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді.Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс Иран тайпаларынан шыққан деп, екінші біреулері үйсіндер – түріктердің арғы аталары, олар түрікше сойлеген деп есептеді. Бірақ, қалай болсада, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі «үйсін» деп аталады.Үйсіндердің саяси құрылымы.Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы қызыл алқап (Чигучен) Ыстық көлдің жағасына орналысты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды. Олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен шектеседі. Шығысында хундармен ортақ шекара болды, ал Онтүстігінде олардың иелігі Ферганамен ұштасып жатты