Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпелілердің мәдениеті мен өнері



бет4/9
Дата26.12.2021
өлшемі1,04 Mb.
#105621
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
мәдениеттану 2практика

Ғұндардың жазуы

  • Ғұн империясы дәуірінде ғұндардың жазуы болғандығын растайтын археологиялық айғақтар әзірше табылмаған. Қытай деректерiнде «ғұндарда  жазу жоқ, заңдары ауызша айтылады» делінген. Алайда, «сүйекке сызып ағашты оюлап, өрнектеген «kemu>кему» жазулары бар, оны шумақтап уәзiрлерi талқылайды» деген деректер де кездеседі.

Ғұн батыры – Еділ (Атилла)

  • Аттила - әйгілі Ғұн империясының әміршісі, шамамен 400 - 453 жылдары өмір сүрген. Оны Аттила деп сол кездегі латын тілінде, яғни Рим империясының мемлекеттік тілінде атағандықтан тарихта осы есім қалыптасты. Алайда оны әр халық әр түрлі атайды. Ғұн ордасымен тығыз байланыста болған герман тайпалары мен Скандинавия тарихында Этцель (Еtzеl), славяндарда Атыл, қазақ және басқа түркі халықтарында Еділ деген атпен белгілі. Бабамыздың есімінің түбірі Еділ өзенінің атауымен байланысты болуы мүмкін.434 жылы Ғұн империясының билеушісі Руғила өлгеннен соң мемлекет билігі оның немере інілері Бледа мен Аттиланың қолына тиеді. Аттила 10 жылдай немере ағасы Бледамен бірге билік етеді. 445 жылдан бастап билікті өз қолына алады.Аттиланың тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. Шығыста - Кавказға, батыста Рейнге, солтүстікте - даниялық аралдарға, оңтүстікте - Дунайға дейінгі жерлер Ғұн империясының иелігіне айналады. Аттила әскері 447 жылы Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопил мен Константинопольге дейін жетеді. Қуатты Шығыс Рим империясына (Византия) жорық жасап, оны тізе бүктіреді. 451 жылы Галлияға басып кіреді. Мұның соңы тарихта бұрын болмаған үлкен қырғын, осы дәуірдің ұлы оқиғасы - Каталаун (Франция жерінде) шайқасына алып келеді. 452 жылы Италияны ойрандап, Падуя, Милан секілді қалаларын алады. Алайда ол Рим қаласын қиратпай, тек салық жинап кері кайтады. Еділ патшаның кезінде Ғұн империясы аумағын кеңейтіп, көркейе түскен. Осылайша Ғұн империясының даңқын аспанға шығарған жаужүрек Еділ қаған 453 жылы қайтыс болды. Оның денесі Тисса өзенінің арнасына жерленген. Аттиланың өлімінен кейін ғұн тайпалар одағы ыдырап, тарап кетті.Жер қайысқан қолымен Еуропаны тізе бүктіріп, қол астына қаратқан бабамыз Еділ - Аттиланың есімі «адамзат тарихындағы ұлы адамдар - Александр Македонский мен Юлий Цезарь есімдерінің қатарында» аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет