Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпелілердің мәдениеті мен өнері



бет7/9
Дата26.12.2021
өлшемі1,04 Mb.
#105621
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
мәдениеттану 2практика

Үйсіндер мәдениеті

  • Үйсіндер  ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін мекендеген.  Олар – Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай тау бөктеріндегі далалы өңірде өз ізін қалдырған. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады. Үйсін атауы Қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі.
  • Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер негізінеен Жетісуда шоғырланған.
  • Археологиялық ескерткіштері Ақтас қорымы (Алматы),  Қарғалы тау шатқалы (Қарғалы диадемасы).
  • Үйсіндер тау бөктеріндегі тұрақты үйлерінде тұрған. Қыста шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай құйып қаланған үйлерде тұрған.  
  • Үйсіндер мал шаруашылығымен айналысқан, төрт түлік мал баққан, егіншілікпен шұғылданған. Қолөнер, зергерлік бұйымдар жасау, қыш ыдыстар жасау, кен өндіру кәсібімен шұғылданған.
  • Үйсіндер о дүниеде тіршілік жалғасады деп түсінген, жаратушы кңүшке сенген, сол жаратушы күшке арнап құрбандықтар шалып отырған. Үйсіндердің салт-дәстүрлері туралы ғылыми деректер жоқтың қасы. Үйсіндер түркі тілінде сөйледі деп кесіп-пішіп айту қиын. Түркі тілінің түп тегі қайдан және қай мың жылдардан басталатыны – ғылымда басы ашылмаған мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет