Осы бағдарламалар арқылы мемлекет жастардың шет елде білім алуына көп мүмкіндік туғызып отыр». «Жастар арасындағы өзекті мәселелер мұнымен шектеліп қоймайды. Қазіргі ақпараттарға сүйенетін болсақ, бүгінгі таңда жастар арасында өзекті мәселелер мен қоғам өмірінде теріс бағытқа апарар түрлі жолдар өте көп кездеседі. Оларға психикалық проблемалар, зиянды әдеттер, зорлық, суицид және т.б. жатқызылады . Айтылған мәселелер жастар арасындағы ең көп таралғаны болып табылады. Ең бастысы егемен еліміздің ертеңгі болашағы бүгінгі жастардың біліктілігі мен саналы әрекеттеріне байланысты».
Қорытындылай келе қазақ жастарының негізгі бөлігін ауыл жастары құрайтындықтан, бұл сұрақты көтеріп, талдау жасау керек және осы жастардың жағдайын, олардың ұлттық мәдениетке, ұлттық рухқа, білімге деген көзқарастарын өзгертетін арнайы құрал есебінде саналатын кітапхана, клуб барі жабылып, керек десеңіз ауылда электр энергиясының жоқтығынан кейбір ауылдарда әлі күнге дейін әлем жаңалықтары түгелі, Қазақстандағы жаңалықтардан хабар аламай, өзге бөлек болып қалыптасып қалған ауылдар қаншама, соларда тұрып жатқан жастар жағдайлары не болмақ, жұмыссыз жүрген жастарымыз, қылмыстың жастар арасында дамуы, өсуі болашақ үшін үлкен проблемаға айналғалы тұр деп айтқымыз келеді.
Бұл мәселелердің негізгі мәні , қазақ жастарының, ол ауыл немесе қала болама, жастардың арасындағы жұмыссыздық, мәдени және саяси сауатсыздық, білімге деген, ғылымға деген құштарлықтардың жоқтығын жойып, сауатты қазақ жастарын қалыптастыру және жастар проблемаларын шешу.