Қазақстандағы



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі24,47 Kb.
#95090
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
БӨЖ Қазақстандағы Тәй-тәй бағдарламасының ерекшелігі


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
БӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ:Қазақстандағы «Тәй-тәй» бағдарламасының ерекшелігі
Орындаған: Абдуали Мөлдір

Группа:1201-10


Қабылдаған:Балажанова Жұпар


Қазақстан Республикасының егемендігі, ондағы туындап жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер, Республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескеретін қазіргі кезеңдегі мемлекеттік білім беру саясатының жүзеге асырылуын және жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта құруды талап етуде.


Қазіргі уақытта дамуында проблемалары бар балалар саны артып отырғаны шындық. Тұлғаға бағытталған білім беру логикасы ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балаларды жеке дамыту траекториясын құруды көздейді. Инклюзивті білім беру – ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады.
Инклюзивті білім беру – бұл балалардың арасын бөлетін тосқауылдарды жоюға; барлық балаларды жалпы білім беру процесіне толық қосуға; жасына, жынысына, ұлтына және дініне, дамуда кейін қалуына немесе экономикалық жағдайына қарамастан отбасының белсенді қатысуымен, түзету-педагогикалық және баланың жеке қажеттіліктеріне және баланы бейімдеуге емес, ортаны баланың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес атаулы әлеуметтік қолдау көрсетуге, яғни білім берудің парапар жолын құруға бағытталған мемлекет саясаты.
Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін дамытудағы мемлекеттік тұжырымдамасында жеке адамның жалпы мәдениетінің қалыптасуы, жан – жақты дамуы үшін жағдай жасалуымен оның әлеуметтік өз орнын анықтауы жайында сөз етіледі.
Тәй-Тәй” технологиясы стандарты балаларға бағдарланған педагогтардың оқу үрдісін баланың даму деңгейіне, жеке бас қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына, сонымен қатар әртүрлі түсініктер мен ұғымдарға сәйкестендіре бағыттап, іске асыра алатын оқу мекемелерін құруға әсерін тигізу мақсатымен дайындалған. Оқу орындарына, педагогтарға арналған стандарттар барлық балалар үшін сапалы білім алу жағдайын қалыптастыруға бағытталған жеке тұлғалардың, оқу орындарының, қоғамдастықтардың күш салысуларын қажет етеді. “Тәй-Тәй” технологиясының инклюзивті оқыту тұжырымдамасын сипаттай отырып, стандарт барлық балалар мен олардың жанұяларының технологияға қатысуларын қамтамасыз етеді, сонымен қатар кейбір дамуында мүмкіндігі шектелген, ерекше мұқтаждықты қажет етуші балалардың қызығушылықтарына қажетті жағдайды тудырады.
Тәй-Тәй” технологиясы инклюзивті оқытудан жанұялардың, жалпы қоғамның, мектептердің көп ұтатындығына сенімді. Бұл ұйғарым стандарттың негізінде жатыр және осы құжаттың басынан бастап соңына дейінгі көрсетілген мысалдарда сипатталған.
“Тәй-Тәй” технологиясы бойынша жұмыс жасаушы педагогтар оқу орындарына арналған стандарттар педагогтар, оқу орындағы қызметкерлер, жанұялар, қоғамдастық мүшелерінің балаларға сапалы білім, тәрбие берудегі жұмыстарына көмек болатын жоспарлау құралы. Сонымен қатар стандартқа негізделген бақылауларды тіркеуге арналған балалар мекемесінің ағымдағы жағдайын және оқыту тәжірибесінің жағдайын бағалау үшін қолдануға болатын бағалау парағы ретінде жасалған үлгі ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет