Байланысты: БӨЖ Қазақстандағы Тәй-тәй бағдарламасының ерекшелігі
Әлеуметтік әділдік үшін білім беру: - Жеке құрылымын дамыту жайындағы тұжырым;
- Педагогикалық іскерлігі мен дағдылары, тәрбиелеу мен білім беруде қолданатын әдіс-тәсілдері туралы тұжырым;
- Өзара жеке қарым-қатынас әрі байланыс орнату;
- Айналадағы ортада, әлемде болып жатқан құбылыстармен тікелей байланыс жасау жөніндегі тұжырым;
Қамтамасыз етеді:
- әртүрлі нәрселерге шыдамдылық таныту;
- айналадағы адамдарға және өмірдің жаңа тәжірибесіне әрқашан дайын болу;
- рефлексия - өмір бойы оқу, одан шығатын нәтиже - кәсіби өсу;
- сезімдік мойындау - әр түрлілікті байқауға қабілетті болу;
- қиындықтар мен қатты ширығуды жеңу үшін өзіне өзі күле білуді, юморлық (әзілшіл﴿ сезімін ояту;
Білім беру ісінің жаңартылуы бұл ең алдымен барлық деңгей бойынша балаға деген көзқарастың өзгертілуі. өйткені бала өзіндік ішкі құрылымы бар тіршілік иесі.
Балалардың психикалық ерекшеліктері мен қабілеттері әрқашан айқын көріне бермейді, сондықтан да олардың танымдық мүмкіншіліктерін, бейімділіктерін және қызығушылықтарын диагностикалау аса қажет болып табылады.
Мақсаты: Балабақшаның оқу – тәрбие үрдісінде
«Тәй – тәй» педагогикалық технологиясын қолдана отырып инклюзивті білім беруде балалардың жан жақты дамуы мен құзіреттілігін қалыптастырып өмірге және мектепке даярлауға биімдеу.
Міндеттері: ISSA стандартына шолу
«Тәй – тәй» технологиясын зерделеу.
«Тәй – тәй» технологиясын балабақшада жүзеге асыру үлгілерін қарастыру.
Қазақстан халқының ұлттық дәстүрі негізінде «Тәй-тәй» технологиясына сүйене отырып салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыру.
Мектепке дейінгі жастаға баланың шығармашылық потенциалын дамыту.
Танымдық қызығушылығын белсендіру.
Қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықаралық дәстүрлер мен салттарды, өз өзін ұстау ережелері, нормалары, адамдардың позитивті әлеуметтік іс-әрекеті үрдісінде балалардың құндылық бағытын қалыптастыру.
Өзіндік дамуы үшін қажетті жағдай жасау, мектеп жасына дейінгі балалардың даму қабілеті.
Мектеп жасына дейінгі баланың дербестігін қолдау және дамыту. 10.«Тәй-тәй» технологиясы арқылы дамыған бала тұлғасының моделі.