«Қазақстанды таны» сериясы


Тарих ата: Сол тұста Ұлы Жібек жолында ауызға іліккен тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады



бет62/75
Дата05.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#6671
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75
Тарих ата: Сол тұста Ұлы Жібек жолында ауызға іліккен тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады.
Тарихи деректер бойынша Испиджап IX- X ғасырларда әскери маңызы күшті бекіністі қала болған. Кезінде арабтардың шабуылына төтеп беріп, кейіннен Бағдат қаласына салық төлеп тұруымен тынған, бірақ тәуелсіздігін сақтап қалған. Сонымен, Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған.
Сайрам Жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде 3 жылдай ерлікпен қорғанып, ақыры 1684 жылы құлаған, яғни қалмақтар қаланы өртеп, тұрғындарын түгелдей қырып жіберген. Испиджап атауы соғды тілінде «Ақ су» деген мағынаны береді.
Түсініктеме: Қарашаш ана күмбезі- ХІІІ-ХІV ғасырларда Қожа Ахмет Иассауидің анасы Қарашаштың басына тұрғызылған архитектуралық ескерткіш. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауылында орналасқан.
Тарих ата: Сол тұста өмір сүрген қалалардың алғашқысы Тараз қаласына тоқталамын. Ұлы Жібек жолы өзінің өткен жерлерінде алдымен қалалардың, қыстақтардың, елді мекендердің бой көтеріп, одан кейін қолөнердің өркендеуіне, экономиканың дамуына тікелей әсер етті. Сондай қалалардың бірі Құлан еді (ол Кеңестер одағы тұсында Луговое атанып, қазір қайтадан тарихи атына көшті). Шамамен осыдан 1000 жыл бұрын ауыл шаруашылығы кең өркендеген, Құлан оазисі 50 шаршы шақырым жерді алып жатқан.
Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі – цитаделі, мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар, құсханалар орналасқан. Тараздың бір ғажабы, оның керуен сарайына өз тауарлары мен белгілі адамдарын бүкіл ел жіберіп, тығыз қарым- қатынас жасап отырған. Тараздың даңқы базарымен ғана емес, алтын, күміс, мыс секілді түсті металдардан жасалған асыл бұйымдарымен де аты шыққан. Тараз өңірінен түсті металдардың өзге түрлері де өндіріліп отырған: балқытқан, құйған, әшекейленген. Мәселен, Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидің кесенесіндегі диаметрі 2,2 метр, салмағы 2 тонна келетін тайқазан осы Тараз қаласында құйылған. Әрине, оны жай ғана адамдар емес, аса дарынды темір ұсталары мен түсті металл шеберлері жасаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет