Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінен 2 аралық бақылау сұрақтары



Дата15.12.2021
өлшемі25,46 Kb.
#101241
Байланысты:
ТАРИХ РК гос
Әлеум-саясат тест емтихан 300 сұрақ, Әлеум-саясат тест емтихан 300 сұрақ, ТАРИХ РК гос, 4 поток (1), 4 поток (1), 4 поток (1), Кинематика (1), Кинематика (1), Сүттің зияны және пайдасы

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінен 2 аралық бақылау сұрақтары

1.1992 жылы ТМД шеңберінде Достастық елдерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери-саяси ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылған ұйым:
Ж: Ұжымдық қауіпсіздік келісімі

2. «Ғасыр келісімі» деген бағаға ие болған келісім, қай мемлекеттер арасында жасалды?


Ж:Қазақстан мен АҚШ арасында Каспийшельф пен Қарашығанақ мұнай көздерін игеру туралы

3.2010 жылғы ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы кезекті отырысында қарастырылған мәселелер:
Ж: Еуро-атлантикалық және Еуразиялық кеңістіктердегі тұрақты қауіпсіздік мәселелері, Ауғаныстан түйткілі, тоңы жібімей келе жатқан қақтығыстарды шешу жайлы Саммиттің негізгі тақырыптары ретінде талқыланды

4. Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеті:
Ж: Қазақстан Республикасындағы қоғамдық – саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету



5.2004
жылғы маусымда Нұр-Сұлтан қаласында ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің кезекті отырысында қаралды:
Ж:Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы негіздерінің мәртебесі, оларды әзірлеу, қабылдау және іске асыру тәртібі туралы шарт

6. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының бөлімдерін көрсет:


Ж: І.-бөлім ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ: 1. Атқа міну мәдениеті 2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия 3. Аң стилі 4. Алтын адам 5. Түркі әлемінің бесігі 6. Ұлы Жібек жолы 7. Қазақстаналма мен қызғалдақтың отаны . ІІ-бөлім. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ: 1. Архив – 2025 2. Ұлы даланың ұлы есімдері 3. Түркі әлемінің генезисі 4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі 5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы 6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі



7. 2001 жылы 12 қыркүйекте Қазақстанмен Қытай арасындағы келісімге қол қойылды:
Ж: Шекара мәселесінің толық шешілуі трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім

8. 1994 ж. "Бейбітшілік үшін әріптестік" бағдарламасы:
Ж: Қазақстан мен НАТО арасында

9. 1998 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген заң:


Ж: Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заң

10.1992 ж. мамырында Қазақстан Республикасы қандай халықаралық ұйымға мүшелікке енді


Ж: Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымына

11.«Лаңкестік, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы» деп аталатын құжат қандай ұйымда қабылданды:


Ж: Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

12.2000 жылдың 10 қазанында Астана қаласында өткен саммитте Кедендік одаққа қатысатын республикалар басшылары кездесу барысында келісім-шарт жасасты:


Ж:Еуразиялық экономикалық қоғамдастық «ЕурАзЭҚ» құру жөніңде

13.Қазіргі кезеңдегі Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа дәлел болатын фактілер:


Ж: 2002 жылдан бастап Лондонда достықты дамытуға бағытталған Британ – Қазақ ҚОҒАМЫ «БҚҚ» әрекет етуде


14.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін орындалуға тиіс тапсырманы көрсетіңіз?
Ж: Іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын графикасымен басып шығару

15.Бес институционалды реформаны жүзеге асырудағы Ұлт жоспарының атауын көрсетіңіз:


Ж:«100 нақты қадам»

16.Екі мемлекет басшыларының шешімімен қай жыл Ресейдегі Қазақстан жылы болды?


Ж: 2003ж

17.Елбасы қазіргі заманғы лаңкестік, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары және оларға қарсы күрес шараларын қамтыған 2003 жылы жарық көрген еңбегінде: «Қазақстанда діни экстремизм-үлкен аяда көрініс таба қоймаған құбылыс, алайда түптің түбінде. Конфессияаралық тұрақсыздық процесі бізде де төбе көрсетуі мүмкін деген қауіп белгілі дәрежеде бар. Әрине мұндай қуатты қауіп-қатер, оны дер кезінде сезінбеген немесе алдын алмаған жағдайда төбе көрсетпек»,-деп жазды. Бұл қай еңбегі?


Ж:«Сындарлы он жыл»

18.1997 ж. 28 ақпанда Алматыда Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан президенттері қатысуымен өткен саммит қандай маңызды мәселеге арналды


Ж:Арал теңізі мәселелері

19.Қазақстан Республикасының шетелдегі тұңғыш Елшілігі қай мемлекетте ашылды –


Ж:Түрік Республикасында

20.1998 ж. 6 шілдедегі ХХІ ғасырға бағдарланған «Мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы» Декларация қай мемлекеттер арасында жасалды –


Ж:Қазақстан мен Ресей арасында «Москвада»

21. Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудың бірінші кезеңі:


Ж:Бірінші кезең – 1991 – 1994

22.ҚР-да еңбекті қорғаудың құқықтық негізі болып табылатын, 1993 жылы 22 қаңтарда Жоғары Кеңестің қаулысымен күшіне енген заң:


Ж:Азаматтық , отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы 1993 жылғы 22 қаңтардағы конвенцияға Хатттаманы бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 24 маусымдағы №399 – I заңы

23.Оқу орындарын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ететін Ы.Алтынсарин ат. Қазақ білім академиясының басылымы:


Ж:

24.1998-2000 жылдарды қамтыған білім реформасының 4-ші кезеңі:


Ж: білім жүйесін тұрақтандыру жəне оның дамуының стратегиялық бағдарлану кезеңі.

25.2007 жылы Қазақстандағы жоғары оқу орындарының саны:


Ж:176

26.2010 жылы 1 ақпанда қабылданған "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты –


Ж: Қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру

27. Республикада ғылыми зерттеулермен шұғылданатын қызметкерлер саны 1998 жылы 17600 болса, 2002 жылы олардың саны қанша?


Ж:16,0 мың

28.2002 жылдан ҚР үкіметі зейнетақы мәселесін шешу мақсатында қандай бағыттар бойынша жұмыстар атқарды:
Ж:Зейнетақының бұрынғы қарызын жабу, зейнетақыны уақытында төлеу, зейнетақы жүйесін реформалау

29. 2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстандағы қазақтардың үлесі:
Ж: 63,1%

30.2000 жылы Қазақстанға «нарықтық экономикалы ел» деген мәртебесін берген халықаралық ұйымды атаңыз:


Ж: Еуропалық Одақ

31.1995 жылдың 20 сәуірінен шетел қазақтарына арналған апталық басылым:


Ж: "Қазақ елі"

32.XXғ. 90 жылдарынан кейінгі көші-қондағы Қазақстан үшін жағымды құбылыс:


Ж: Алыс және жақын шетелдердегі қандастарымыз атажұртқа оралуы

33.Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген бағдарлама?
Ж: Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

34.Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген?
Ж: Қазақстан Республикаасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары

35.1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасы экономикасының өсу қарқыны жоғарылағандығы байқалды. Оған басты себеп болған?
Ж:Мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауылшаруашылық ұжымдарын жеке меншікке айналдырып, нарықтық қатынастарға көшу

36. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мұралар тізіміне енген ескерткіштер:


Ж: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Тамғалы петроглиф тас кешені

37. Құрамында Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Армения, Қырғызстан мемлекеттерінің экономикалық өсуін қамтамасыз етуді мақсат етіп құрылған одақ;


Ж: Еуразиялық экономикалық одақ

38. Тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру, археологиялық зерттеулер жүргізу, Қазақ тарихына қатысты алыс және жақын шетелдердегі қолжазба деректерді зерделеу және т.б. мақсат еткен бағдарлама:
Ж: «Мәдени мұра»

39. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайлануына байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың үндеуі жарияланды:
Ж: 2016жыл 29 маусым

40. 2016 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясынының XXIV сессиясында қабылданды?
Ж:«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық актісі

41. ҚР-ның 2008 жылғы 29 тамыздағы «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасында қандай ұйымға 2010 ж. төрағалық ету үшін жағдай жасау көзделді:
Ж: ЕҚЫҰ «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы

42. 1993 жылдан 1999 жылға дейінгі кезеңде республикаға қанша адам көшіп келді?


Ж: 1643 адам көшіп келді

43. Мәскеу мемлекеттік университетінде Президент Н.Ә. Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын айтқан жыл


Ж: 1994ж наурыз

44. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында сөйлеген сөзінде Н.Ә.Назарбаев Азиядағы қауіпсіздік пен өзара байланысты нығайту үшін диалог алаңын құру туралы қай жылы бастама көтерді.
Ж: 1992 қазан.

45. 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының атауы:
Ж: «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»

46. Президент Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіздіктің 15 жылдығы қарсаңында жазылған, егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының шежіресіне айналған еңбегі -


Ж: "Қазақстан жолы"

47. 2019 жылдың наурыз айындағы Елбасы үндеуінің мазмұны:


Ж: Қызметін тоқтату туралы шешім

48. 2019 жылы Қарағандыда ашылған зауыт:
Ж: «YDD Corporation» зауыты Ферроқорытпа зауыты



49. «Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік бағдарламасының үшінші басым бағыты:
Ж: Жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру



50. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылға Қазақстан халқына Жолдауы (2020, қыркүйек )
Ж: Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі


@zharaaskyzyy

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет