Байланысты: аза станны азіргі заман тарихын кезе деу
«Алаш» партиясының құрылуы мен қызметі. «Алаш» партиясының бағдарламасы.
1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ ұлт-зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді.Тұңғыш жалпықазақ сьезін шақыру туралы шешім 1917 жылы сәуір айында өткен Торғай облыстық сьезінде қабылданып, сьезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынұлы басқарған қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды.
1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші жалпықазақ сьезінде төрағасы Ә.Бөкейханов болған Алаш атты партия құрылып, бұл сьезде 14 мәселе қаралды. Олар:
1. Мемлекеттік басқару формасы.
2. Автономия құру мәселесі.
3. Жер мәселесі.
4. Халық милициясын құру.
5. Сот ісі.
6. Дін мәселесі.
7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.
8. Құрылтай жиналысын шақыру.
9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.
10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.
11. Халық ағарту ісі.
12. Земство
13. Әйел мәсселесі
14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің сеьздіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.
Сьездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі,1917 жылы 21 қарашада Алаш партиясының бағдарламасы болып жарияланды.
Алаш 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолында айтарлықтай қызмет атқарды. Бұл ең алдымен, партияның программасының жобасын дайындаудан, қазақ ұлттық мемлекетін құру ісіне белсенді түрде кірісуден, қазақ қауымынан Құрылтай жиналысына депутаттар ұсынып, оларды сайлау ісіне қажырлылықпен ат салысудан аса айқын көрінеді. Бұл әрекеттердің барлығы 1917 жылдың екінші жартысында жасалды. 1917 жылғы шілде айынан бастап Алаш партиясы сол кездегі мүмкіндіктер аясында саяси күреске белсене араласа бастады.Алаш партиясының құрамына ғылыми және шығармашылық зиялылардың белгілі өкілдері М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж. Досмұхамедовтер кірді.
Қоғамдық саяси аренада Алаш партиясы небәрі 3 ай ғана қарқынды жұмыс істеді.
Алаш қоғамдық – саяси қозғалысының көсемдері сан ғасырлар бойы Ресей империясының отары болып келегн Қазақстанды тар шеңбердегі таптық тұрғыдан емес, керісінше жалпыұлттық мақсат-мүдделер негізінде дербес ел етуге ұмтылды. Бірақ, бұл мақсаттарына жете алмай, алаш зиялылары, интелегенциялары сол жолда құрбан болды. Алаш партиясының әр мүшесі қудаланып, атылды.