Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы



бет12/67
Дата28.07.2022
өлшемі256,96 Kb.
#147840
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67
Байланысты:
аза станны азіргі заман тарихын кезе деу

Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет
Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады
Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды.
Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды

  1. Қазақстандағы азаматтық-саяси қарсыласу кезеңіндегі саяси партиялардың қызметі: мұсылмандық партиялар, Үш Жүз, РСДРП бөлімдері большевиктер, кадеттер, эсерлер.

Қазақстанда ең алдымен отаршылдыққа қарсы ұлттық сұраныстарға жауап беруге бағытталған идеялар, одан туындаған қозғалыстар мен саяси партиялар құрыла бастады.
1905–1907 жылдардағы революция кезінде қазақ қоғамында қазақ интеллигенция қатарында ұлт мәселесі жөніндегі идеялар пайда бола бастады. Бұл жылдары қазақ интеллигенциясы тарапынан Ресей жеріндегі саяси партияларды қазақ жеріне тарту жұмыстары жасалды.
Кадет ұйымы Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде құрыла бастады. Олардың ұлттық мүддеге байланысты ұстанымдары жоғары айтылған мақалада айқын көрініп тұр. Кадет партиясныың мақсаты: бөлінбес біртұтас Ресей, конституциялық монархия құру, қоныстандыру саясатын қолдау еді. Кадеттер басқа саяси партиялармен солдат казармаларында еңбекшілерді соғысқа қарсы, бүкіл үкімет билігінің жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің қолына көшу жолында митингілер мен пікір сайыстар өткізді.
1917 жылдың көктемінде өлкенің ірі қалаларында, уездердің көпшілігінде, болыс орталықтарының бір бөлігінде Эсер (СР) партиясының ұйымдары құрылды. Осы ұсақ буржуазиялық партияның " жерді оны өңдейтіндерге беру керек" , " жер бүкіл халықтың меншігі" деген ұрандарды ұстанды
Үш жүз 1917 жылы қазан—қараша айларында пайда болды. Оның бағдарламалық мақсат—мүдделерінің алғашқы кезде Алаштың программасынан көп айырмасы болған жоқ. Олар соғыс мәселесі жөнінде ғана Алаштан басқа позиция ұстады.
Қорытынды жасасақ, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ өлкесінде Кадет, Эсер, Алаш, Үш жүз, Шура—и—Ислами, Муслимин—и—иттифок, Ерік саяси партиялар құрылған еді. Кадет, Эсер партиялары ұлттық мәселелерді көтерген жоқ.Тек көз бояушы партия қатарына жатқызуға болады. Ұлттық мүддені көтерген Алаш, Үш жүз партиясы Шура-И-Ислами болды. Бірақ, Үш жүз партиясы ұлттық мүддені көтерсе де, билік жолындағы талас—тартыста бұзылып, күштері басым жаққа ауысқан партия деуге болады. Ал Алаш сол кезде нағыз ұлт мәселесін көтеріп, ұлт алдында адал қызмет атқарған партия болды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет