108.Тәуелсіз Қазақстан Республикасында индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары. Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда «индустриялық-инновациялық даму» бағыты көзделген. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бəсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш — оның экономикасы. Экономиканың бəсекеге қабілетті болудың басты бағыты — индустриялы-инновациялық экономика құру жəне шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процестерге бет бұру.
«Индустрияландыру» ұғымын терминологиялық көзқарас жағынан қарастырайық. Уикипедия танымал электронды энциклопедиясына сəйкес: «Индустрияландыру (немесе өнекəсіптік төңкеріс) (лат. тілінде Industria) — дамудың дəстүрлі кезеңінен индустриялы кезеңге экономикада өнеркəсіптік өндірістің басымдылығымен үдетілген əлеуметтік-экономикалық ауысу үдерісі. Бұл үдеріс жаңа технологиялардың дамуымен байланысты, əсіресе энергетика жəне металлургия салаларында. Индустрияландыру барысында қоғам да кейбір өзгерістерге ұшырайды, оның əлемдік тануы өзгереді. Еңбекке позитивті көзқарас, жаңа технологияларды жəне ғылыми жаңалықтарды мейлінше тезірек қолдануға ұмтылу да өндірістің жəне халық табысының үдемелі өсіміне өз үлесін қосады. Нəтижесінде, аса кең ауқымды, ақыр аяғында, өнімнің жəне қызметтің барлық түрлерінің əлемдік нарығы қалыптасады, бұл, өз кезегінде, əрі қарай экономикалық өсімнің инвестицияларын ынталандырады [1].
Қазақстанда ең алғашқы үдемелі индустрияландырудың қажеттілігі жөнінде ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев ««Қазақстан–2050» Стратегиясы. «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында жариялады. Бұл Жолдауға сəйкес, үдемелі индустрияландыру — бұл жаңа салаларды қалыптастыру үдерісі, сондай-ақ экономиканың бəсекеге қабілеттілігін анықтайтын инновацияларды жəне жоғары технологияларды енгізу негізінде дəстүрлі салалардың дамуы [2]109.Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер..
Бүгінгі Қазақстан үшін ең маңызды қос мәселе - Көші-қон мен демографиялық өсім екені түсінікті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты да аталған мәселені оңтйлы шешуге қарата бағытталып отырғаны жайлы жазып келеміз.
Қазақ халқы небір алмағайып күндерді бастан кешті. Десе де, халқымыз «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» бүгінгідей бақытты, бейбіт күнді ешқашан көрмеген болар. Бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған байтақ даласы бізге қалай мирас болса, осы ел мен жердің тәлейіне туған Нұрсұлтан Назарбаев алыстағы ағайынды Отан құшағына оралтып, қазақ тарихында алтын парақтар ашты.
1999 жылғы санақ жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық бөлінісіне сәйкес, оның әкімшілік-территориялық бірлігінен 84 қала және 200 кент, 2036 округ және 7684 ауылдың елді меккендер кіреді. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан тұрғындарының 56%-і қалалық елді мекемеерде, 44%-і ауылдық елді мекендерде тұрады.
Этностың әртүрлі компоненттерінің өзгеруі (рухани және материалдық мәдениеттің жеке элементтері, тіл, әлеуметтік құрылымдар, сана және т.б.), тарихи даму барысында этникалық процестер атауына ие болған. Этникалық қоғамның өзгеруі немесе этникалық процестер адамзаттың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымен бірге жүріп бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұл өзгерістерді тудыратын процестер этникалық қауымдастықтың жақтарына әсер етуі әр түрлі. Алғашқы қауымдық құрлыстан қазіргі кезеңге дейінгі қоғамдық тарихи формацияның ауысып отыруына байланысты олардың ішінде ең әуелі әлеуметтік-экономикалық процестерді бөліп алуымыз қажет.