112. Қазақстан Республикасының жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шараларының мәні. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту.
Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:
1. Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
3. Жастардың әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
4. Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту.
113. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты. Қазақстандық конфессияаралық келісімнің символына айналған діни лидерлер съезінің беделі жыл санап артып келеді. Оған дәлел, үстіміздегі жылғы съезге әлемдік аренада өзіндік орны бар БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Финляндия Президенті Саули Ниинисте сияқты тұлғалардың арнайы келіп қатысуы.
«Діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік пен даму жолындағы диалогы» тақырыбында өткізілген V съездің нәтижесінде қабылданған декларацияда қамтылған уағдаластықтардың бүгінгі таңдағы жаһандану үрдісінде орын алып жатқан түйіткілі көп мәселелерді шешуде өзіндік ықпалы мол болатынына сеніміміз кәміл.
Аталған декларацияда діни лидерлердің саяси қайраткерлермен, халықаралық ұйымдармен және азаматтық қоғаммен тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жанжалдарды болдырмау және реттеу мақсатындағы диалогына жәрдем етуі - шындығында, бұл үлкен жанашырлықтың белгісі, адамзат болашағына алаңдаудың көрінісі болып табылады. ККонференцияның басты мақсаты - қазақ ұлтының тарихында ислам дінінен басқа діннің болмағандығын, сан ғасырлар бойы осы дінді ұстанып келген ата-бабамыз әртүрлі діндер мен діни ағымдарға бөлінбей, өзге дін өкілдерімен өзара түсіністікте өмір сүре білгендігін бүгінгі өскелең ұрпақтың санасына сіңіру болып табылды.онференцияның басты мақсаты - қазақ ұлтының тарихында ислам дінінен басқа діннің болмағандығын, сан ғасырлар бойы осы дінді ұстанып келген ата-бабамыз әртүрлі діндер мен діни ағымдарға бөлінбей, өзге дін өкілдерімен өзара түсіністікте өмір сүре білгендігін бүгінгі өскелең ұрпақтың санасына сіңіру болып табылды. Конференцияның басты мақсаты - қазақ ұлтының тарихында ислам дінінен басқа діннің болмағандығын, сан ғасырлар бойы осы дінді ұстанып келген ата-бабамыз әртүрлі діндер мен діни ағымдарға бөлінбей, өзге дін өкілдерімен өзара түсіністікте өмір сүре білгендігін бүгінгі өскелең ұрпақтың санасына сіңіру болып табылды.