116. Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәні. Көне түркі ескерткіштері
Тарихты білу, оның бастау алар кезеңдеріне үңілу, бүгінгі күнге
қажетін табуға ұмтылу – барлық халықтарға тән дәстүр. Қазақ тілі ғайыптан
пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес. Оның шыққан ата-тегі бар.
Қазақ тілі түркі тілі деп аталатын алып бәйтеректің аса бір ірі тармағына
жатады. VІ-VІІІ ғасырларда біз бүгінде дүние жүзінде түркілерден тараған
қырықтан астам ұлт болса, солардың барлығын бір ғана атаумен түркілер деп
атаған. Сол кезде бабаларымыз Түркі қағанатын құрған. Түркі этнонимі қытай
жылнамаларында 542 жылдан белгілі. Ал түркілердің мемлекеттік дәрежеге
көтерілуі 552 жылдан басталады. Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара
теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. VІ ғасырдың
жартысындағы Түрік қағанатының билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Түрік
қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтар болды. Олардың ішінде
қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т.б. тайпалар болды. Көне түркілердің зерттелу деңгейі.Көне түркілердің жазу деңгейлері
Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі
туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды Руна жазулары, яғни
скандинавия тілдерінен алғанда құпия, сыры ашылмаған таңбалар деп
атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор
тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді.
117. Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігі.
Еуразия мен Қазақстан жеріндегі көшпелі қоғамның даму эволюциясы туралы білесіңдер. Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі, көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара тиімді байланыстардың жергілікті этностық негізде жүргендігі туралы танып білдіңдер.
Көшпелілердің тарихына арналған еңбектер XVIII ғасырдан бастап пайда болды. Оның көпшілігінде көшпелілердің саяси-әлеуметтік мәселелері қарастырылып, көшпелілер ешқашан таптық, қоғамға жетпеген, оларда мемлекет болмаған делінді. Ал мемлекеттің алғашқы нышандары бар деп есептеген зерттеушілер оны өте беделді тайпа көсемдерінің релімен байланыстырды.
Осындай мағынадағы еңбектер XIX—XX ғасырларда да жарық көрді. Дегенмен шетелдерде жарияланған еңбектердің көпшілігінде көшпелілерде мемлекет болғандығы мойындалды. Олар бірақ көшпелілердегі мемлекеттіктің және империялардың пайда болуын тек жаулап алушылықпен байланыстырды. Олардың ойынша, көшпелілердегі мемлекеттер сол қоғамның өз ішінде қалыптасқан өндірістік заңдылықтар арқылы емес, көшпелілердің отырықшы халықтарды жаулап алуы, солардан үйрену арқылы пайда болған дейді.
Көшпелілер өркениетінің құрамдас белігі болып табылатын қазақ мемлекетінің пайда болуы мен дамуының тарихы тереңде жатыр. Негізін Керей мен Жәнібек салған Қазақ хандыгы XV ғасырдың 60—70-жылдары құрылды. "Сонда Қазақстан аумағында оған дейін мемлекет болмаған ба?" деген заңды сұрақ туады. Жалпы, бұған дейінгі Қазақстан тарихнамасында XV ғасырдың екінші жартысынан XIX ғасырға дейін өмір сүрген Қазақ хандығы да мемлекет ретінде саналған жоқ. Тек "қыргыз- қайсақтардың үш ордасы" деп есептелді. Көшпелі қоғам рулық-тайпалық. бірлестіктерден ғана тұрады. Сондықтан "көшпелілер отырықшы-егінші елдер мен халықтарды жаулап алмайынша, өз мемлекетін құра алмайды" делінді. Бұл ұлыдержавалық көзқарас патша үкіметінің ресми өкілдері ғана емес, буржуазиялық тарихнама өкілдері тарапынан да қолдау тапты. Отарлық саясат патша үкіметінің "мәдениет пен өркениет" миссиялары туралы сөздерімен бүркемеленді. Патша шенеуніктері: "Қазақтар — жартылай жабайы, көшпелі халық", — десе, буржуазиялық тарихшылар: "Қазақтар — жартылай алғашқы қауымдық сатыда тұрған халық, оларда рулық құрылыс үстемдік етеді", — деген қорытынды жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |