Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.
2. Саяси партиялар заң алдында бiрдей.
. Саяси партияларға бiрiгу құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға бiрлесу бостандығына құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының азаматы тек бiр саяси партияға мүше бола алады.
3. Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды.
4. Әркiм өзiнiң қандай партияға жататынын көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы
•Дəл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын
қабылдадық.
Бұл 1997 жыл – кеңестік кезеңнен кейінгі бей-берекеттік түбегейлі еңсерілмеген,
дағдарыс Оңтүстік-Шығыс Азияны жəне басқа да кейбір нарықтарды сансыратқан
кезең болатын. Бізге де аса қиын соқты.
Осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз басты мақсатымыздан ауытқымай,
шамшырақ сияқты біздің жолымызға сəуле шашып, алға басуға жігерлендірді.
1997 жыл естеріңізде ме?
Парламентте мен сөз сөйлегеннен кейін абдырау мен абыржу болды.
Көпшілік: «Бұл не – насихат па? Әлде аспаннан түскен нəрсе ме?» деп сауал қойып
жатты.
Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін.
Дегенмен «көз қорқақ, қол батыр» дейді ғой.
Біздің алдымызда оқиғалар барысына өзгеріс енгізу сияқты ауқымды міндет тұрды.
Жаңа елдің іргесін қалау керек болды.
Ол міндетті шешу үшін біз үш бірдей жаңғырту жүргізуге тиіс едік: мемлекеттің іргесін
қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау, əлеуметтік мемлекеттің негіздерін
қалау, қоғамдық сананы қайта өзгерту. Біз өзіндік жолымызды айқындауға тиіс едік.
Бұл жол "Қазақстан-2030" Стратегиясында белгіленген болатын. Бұл құжат
стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді пайымдаған, көзқарасымыздағы маңызды
серпіліс болды.
Халық нақылында айтылғандай: «Мақсат – жетістіктің желкені». Орынды мақсаттар
ғана табысқа жеткізеді.
Бүгін дұрыс таңдау жасағанымыз туралы айту мен үшін үлкен абырой. 2008-2009
жылдардағы жаһандық дағдарыс осыны айғақтады.
Қазақстан оған төтеп берді. Дағдарыс жетістіктерімізді сетінете алған жоқ, бізді қуатты
ете түсті.
Біз таңдаған ел дамуының саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне сыртқы саяси үлгісі
өз тиімділігін дəлелдеді.