Қазақстанның Әскери тарихы



бет7/8
Дата31.01.2018
өлшемі3,06 Mb.
#37169
1   2   3   4   5   6   7   8
§8. ТЕМІРЛАН АРМИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СОҒЫС ӨНЕРІ. МОНҒОЛ-ТҮРІК МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЫДЫРАУЫ

Барлық империя сияқты, монғол империясы да тұрақты болған жоқ. Шыңғыс хан дүниеден өткеннен кейін ол төрт хандыққа бөлініп кетті:

I. Шыңғыс хандығы (Қытай, Маньчжурия, Үндістанның бір бөлігі мен Монғолия).

II. Жошы-Шағатай ордасы (Ертістің жоғарғы бөлігі мен Обь өзені жөне бүкіл Қазақстан мен Орта Азия).

III. Алтын Орда (Түркістанның солтүстік бөлігі, оңтүстік Ресейден төменгі Дунайға дейін).

IV. Парсы хандығы (Ауғанстан, Персия т.с.с.) Шыңғыс хан ұлыстарды өзінің балалары мен жақын туыстарына үлестірді. Ұлыс басшыларының кептеген міндеттері болды, соның ішінде ең бастысы - әскери қызмет атқару. Ұлыс басшысы бұйрық алысымен, ез әскерімен келіп жетуге тиіс болды. Ұлыс көлемі үй саны мен жауынгер санына бай-ланысты айқындалды. Әрбір ұлыс басшысы өз руымен ханға ант беріп түрды. Әскер басыларды өзіне тәуелді ету үшін, олардың қызметін де мұраға қалдыратын қылып, әр ұлысқа бөліп берді де, оларды ноян деп атады. Нояндар ұлы басшы — ханға бағынды. Хан тек "ақсүйектер" арасынан, яғни Шың-ғыс ханның түқымынан сайланды. Әз иелігіне басшылық жа-сау үшін әр ноян өз ханынан жарлық (грамота) алды.

Әр хан немесе ханзада нояннан билікті тартып ала алатын, бірақ ноянның басқа ұлысқа кетіп қалуға еркі болмайтын. Мұның өзі феодалдңқ қатынастың дамуын көрсетті.

Барлық монголдар мен түріктер нояндар мен ақсүйек-тердің иелігінде болды. Нояндар тек қана халықты басқарумен шектелмейді, белгілі бір жерге иелік етті. Дегенмен, ноян өзінің қол астындағы барлык, малдың иесі емес еді.

Әрбір көшпенді монғол-түріктің өзінің жеке мал-мүлкі бодды. Осылайша монғол-түріктерде феодалдық қатынас да-мып, вассадцық тәртіп орнады.

Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің жүргізген шарала-рының бәрі хандық билікті нығайтуға бағыттадцы. Шынды-ғында, Еуропадағы сияқты бұл шаралар кері нәтиже берді. Әрбір ноян вассалдық тәуелділіктен қүтылуға тырысты. Сөйтіп, ноявдар ханға бағынудан бас тарта бастады, мұның өзі монғол-түрік мемлекетінің ыдырауына жол ашты.

Феодалдардың өзара бітіспейтін соғысы монғол мемлеке-тін қатты әлсіретіп жіберді. Кейбір нояндар мен әмірлер осы ала ауыздықты тізгівдеп, монғол-түрік мемлекетін уақытша болса да қайта күшейтті. Сондай әмірлердің бірі Темірлан (1333-1405).

Темірлан (Әмір Темір, қазақтар Ақсак Темір деп те атай-ды) Бұхараның оңтүстік-батысындағы Кеш қаласында дүние-ге келді. Оның әкесі кішігірім ұлысты басқарды. Бала кезінен бастап Темірланның дене бітімі ерекше болды. Әскери жаттығулардан өткеннен кейін, ол 12 жасынан бас-тап, әкесімен бірге жорықтарға қатыса бастады, осылайша жасынан-ақ қатал әскери мектептен өтті және тәжірибелі



жауынгер болды. Бұған қоса ол мұсылман дінін қатты ұстады.

1359 ж. Шыңғыс хан ұрпағы Тоғлұқ хан Орта Азияны жаулап алды. Шыңғыс ханның кейбір ұрпақта-ры Ауғанстанға қашты, қал-ғандары Тоғлұққа бағынды. Оның ішінде Темірлан да болды. Пара мен мол сый-лық ұсынудың арқасында, ол өзінің және өз одақтаста-рының иеліктерін сақтап қалды. Көп ұзамай ол Тоғ-лұқтың көзіне түсіп, түмен басы дәрежесіне дейін кетерілді.

Өзбектерге қарсы соғысқан кезден бастап, Тоғлүқ Темірланды өлтіруге бұйрық берді.

Бұл бұйрық Темірланның өз қолына түсіп, ол 60 жауын-герін ертіп, Әмудария бойындағы Бадахшан тауына барып тығылды. Ол жерде бұған тағы бірнеше, ондаған адам қосыл-ды. Темірланға қарсы мың жауынгер жіберілді. Қатты қақты-ғыстан кейін жіберілгендер талқандалып, тірі қалған елу адам тапсырманы орындай алмай, кейін қайтты.

Темірлан өзбектермен соғысу үшін қызу дайындық бас-тады. Ол түркмендерді өзбектерге қарсы үгіттеді. 1369 ж. Са-марқандта халық көтерілісі болды. Темірлан қаланы басып алып, көтерілісшілерді талқандады да, өзбектерге карсы со-ғыс бастады. Өзбектерді Тоғлұқтың ұлы басқарды. Оның жүз мыңдай өскері болды да, 80 мыңы қамалдарда тұрды. Темірланның жасағында бар-жоғы 2 мыңцай адам болды. Өзбектердің күші бірікпегенін пайдаланып, Темірлан оларға бірнеше рет соққы берді. 1370 жылға қарай өзбектер Сырда-риянын ар жағына қарай шегінді. Темірлан Тоғлұқтың Ұлының атынан қамал басшыларына қамалдарын тастап, Сырда-рияға шегінуге бұйрық берді. Осы қулықтың арқасында бар-лық қамаддар босатылды.

Темірлан өзін өзбектердің құтқарушысы етіп көрсетуге тырысты. Сөйтіп, 1370 ж. құрылтай шақырылып, онда бай және ақсүйек монғолдар Шыңғыс ханның тұқымы Қобыл-Шах Огланды хан етіп сайлады. Көп ұзамай Темірлан бұл ханды елтіріп, өзін әмірші деп жариялады, Самарқан қаласын озіне астана қылды. Содан кейін бірнеше әлсіз мемлекеттер жаулап алынды. Темірлан әскери басшылықта Шыңғыс хан мен түріктердің әскери тәжірибесін пайдаланды (2-құжатты қараңыз: 69-71-беттер).

Өзінің Түркістанға таласуы кезінде үнемі қасында болған 313 адамның ішінен ол 100 адамды он басы, 100 адамды жүз басы, және 100 адамды мың басы етіп бекітті. Қалған 13 адам жоғарғы қызметке ие болды. Басшы таңдауға үлкен мән берілді. "Таяқ пен қамшыдан билігі осал басшы басшы емес", — деді ол. Он басылар ондықтың ішінен іріктелді. Ал жүз басы-лар, мың басылар және одан жоғарғы басшылар жоғарыдан тағайындалды.



Темірлан әскерлері белгілі бір мөлшерде жалақы алып отырды. Қатардағы жауынгер екіден төртке дейін жылқының құнын алды; он басы - өзінің ондығының жалақысын алды (сондықтан ол өз жауынгерлерінің көп табыс табуына мүдделі болды); жүз басы - алты он басының жалақысын және т.с.с. Бір ескертуден кейін жалақының оннан

бірі кесілді. Батыр, ер жүрек жауынгерлер үшін кетермелеу шаралары қолданылды: мадақтау, жалақыны көтеру, сыйлық-пен марапаттау, атак-дәрежесін жоғарылату, жасақ туын сеніп тапсыру.

Қатардағы атты жауынгерлер мынадай қарулармен қару-ланды: садак, 18-20 жебе, он жебенің ұшы, балта, ара, біз, ине, арқан, су, айран құйылған торсык және өзінің жеке аты.

19 жауынгерге бір шатыр бөлінді. Бұл - жеңіл каруланған атты әскер. Бұған қоса ауыр қаруланған атты әскер бол-ды. Ондағы жауынгерлер шлем (бас киім), сауыт киді, семсер және садақпен қаруланды. Екі аты бодды. Бес адамға бір ша-тыр бөлінді.

Бұларда жеңіл жаяу әскер де болды. Олар жорық кезінде атпен жұрді, ал ұрыс даласында дәл көздеу үшін жаяу соғыс-ты. Бұл жаяу әскердің семсері, садағы, отыз жебесі болды. Жеңіл қаруланған жаяу әскер бір жерді қорғау үшін және қорғанды алу үшін пайдаланылатын болды. Бұдан басқа Темірлан тауда шайқасу үшін арнайы жаяу әскер ұстады (тау-лық жаяу әскер).

Түріктер сол кездегі ең жана техниканы пайдаланды. Ол әскер басқаруды киындатгы, әрі әскер басылардан шеберлікті талап етті. Түрік әскерінде қамал бұзатын техниканы, "грек отын" пайдалана алатын арнайы мамандар болды.



Жауынгерлер тәртіпті ұйым мен арнайы қатарда тұруды менгерді. Әр жауынгер ондьіқтағы, ондык жүздіктегі өз орнын жақсы бідці, тағы сол секілді. Әскери бөлімдер катармен жүруді

жақсы игерді және әр бөлімнің киімінде, қару-жарағында, туында айырмашылықтар, яғни өзіне тән түс, белгілері болды.

Кейбір жасақтар жылқылары арқылы ерекшеленді. Шыңғыс ханның жорық алдывда жауынгерлер дайындығын тексе-руден өткізу әдісін Темірлан бұлжытпай жүргізіп отырды. Әскерлер орналасқан лагерьге күзет қойылды. Күзетші бөлім 3—4 шақырым жерде орналасқан. Онда арнайы постылар ко-йылып, сақшылар түратын болды.,

Шайқас үшін үлкен, тегіс алаң тандалып алынды. Шыжы-ған ыстыққа ұрынып, күн көзіне қақтықпау үшін бұл алаң-нын маңайында суы, жайылым шөбі мол жер болуына мән берілді. Орталыққа карағанда екі жақ қанаттағы әскердің мықты болуы қадағаланды. Бұл жауды қоршау үшін қажет болды. Темірлан шешуші соққы беру үшін аса мықты қосым-ша әскер ұстады.

Аддымен жеңіл қаруланған жаяу әскерлер жауға жебе мен тас жаудырды. Содан кейін шабуыл басталды. Жау әскері әлсіреген кезде қосымша әскер іске кірісті. "Оныншы шабу-ыл жеңіске жеткізеді", — дейтін Темірлан. XIV ғ. аяғында түрік әскерінде атты әскердің стратегиялык және тактикалық ұйымдасуы жоғары дәрежеде болды. Бұл кезде әлі оқпен аты-латын кару шыққан жоқ болатын. Тұрақты әскер жауынгерлері көптеген касиеттерді меңгерді: соғысты ұйым-дастыра білу, әскери қатармен жүру, техниканы тиімді уақыт-та пайдалана білу, қару-жарақтың бірыңғай болуы т.с.с. Әр түрлі әскери бөлімдердің бірыңғай қарулануы және бірыңғай атқа мінуі тек сырттай ғана әдемі көрініп койған жоқ, басқа-руда да жеңілдік туғызды. Темірлан өзінің балаларына саясат пен соғыс ісін жете білуді мұра етіп қалдырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет