Рязаньдіктер Владимир князі Юрийден көмек сұрады, бірақ ол монғол-түріктердің күшті әскерімен соғысудан бас тартты. Ішкі феодалдық бытыраңкылықтың асқы-нуы сыртқы қауіптін күшейген тұсында да бірігіп күресуге жол бермеді.
Алдымен монғолдар өздеріне қар-сы шыққан Рязань княздігінін жаса-ғын талкандады. Кострома жылнама-шысының айтуына қарағанда, Рязань жасағы қаһармандыкпен шайкдсып, бәрі өлтірідді. 1237 ж, желтоқсанның 16-да монғолдар Рязаньді қоршап алып, 9 күннен кейін басып кірді де, қаланы өртеп жіберді.
Монғолдар Рязань князьдігін бөлшектеп, талқандады. Бұдан кейін Батый негізгі жау Вдадимир князі Юрий Всеволодовичті Коломна өзені бойында талқандап, Мәскеуді өртеп жіберді де, Владимирге бет алды. 1238 ж. ақпанның 3-інде монғол-түріктер өз күшінің бөлігін солтүстікке бағыттады, осылайша олар тверьліктер мен нов-городтықтардың Владимир князімен бірігуін болдырмау үшін, олардың жолын кесіп тастады. 1238 ж. 3 ақпанда монғолдар Владимирді үш жағынан қоршап, басып алды.
Князь Юрий Всеволодович солтүстікте әскер жинап, орыс князьдіктерінің күшін біріктірмекші болды, бірақ кеш қалды. Орыс әскері женінде дерек алған монғолдар Тверь мен Ярославль арқылы орыс әскерінің оңтүстік қанатын талқандады.
1338 ж. наурыздың 4-інде Батый орыстардың негізгі күшіне шабуыл жасап, жеңіліске ұшыратты. Монғолдар енді Новгородка беттеді. Новгородтықтар қорғанысқа дайындала бастады. Наурыздың 17-сі күні Новгородқа 200 шақырым қалғанда, Батый кенеттен кейін қайтты. Кейбір тарихшылар монғолдар көктемгі батпақтан қашты деп түсіңціреді. Шын-дығында, монғолдар бірталай шығынға ұшырағандыктан, соғысқа дайын әскермен айқасуға бата алмады. Қайтар жолын-да олар Козельск қаласын басып алмақшы болды. Алайда қала тұрғындарының табанды қарсылығына ұшырады. Козельскіні алты күн бойы қоршап, қорғавды арнайы маши-намен қиратып кірді. Козельскіліктер касық қаны қалғанша айқасып, монғолдың 4 мың өскерін өлтірді, өздері де бірі қалмай каза болды. Археологиялық қазбалар қаланы қорғауға ерлермен бірге әйелдер мен балалардың да қатысқанын көрсетеді. Козельскіні Батый "ашулы қала" деп атады.
Екінші жорық — оңтүстік орыс князьдіктерін талқандау және монғол-түріктердің Орталық Еуропаға жорығы.
Өз күштерін қайта қалпына келтіру үшін монғол-түріктер екі жыл бойы Еділ бойында аялдады. Тек 1239 ж. қысында монғолдар оңтүстік орыс князьдіктеріне жорық бастады. Олар қыпшақ даласы арқылы, алдымен Чернигов қаласына келіп, оны басып алды да, өртеп жіберді. Киевқе барлаушы жасақ жіберілді. Олар қаланың жанына келіп, Днепр жағасы-на жайғасты. Осыған қарамастан, Киев князьдері әзара қыр-қысын жалғастыра берді. Монғолдың негізгі күші Ііеліп жет-кенде, князьдер өз жасақтарымен қашып кетті. Қорғанысты мыңбасы Дмитрий басқарды. Қалалық полк жергілікті халық-пен бірлесе отырып, тбгеурінді қарсылық көрсетгі, алайда мон-ғолдардың сан жағынан көптігі және техникалық артықшы-лығы әсерін тигізді. 1240 ж. Киев қүлады. Батыс Еуропаға жол ашылды. Бірақ бұл табыс аса қымбатқа түсті.
1241 ж. қаңтарында Батый өз өскерін үш отрядқа бәліп, Орталық Еуропаға жылжыды.
Бірінші отряд Полыцаға, екіншісі — Силезияға және Мо-равйяға, үшіншісі Трансильвания арқылы Венгрияға аттанды. Бірінші екі отряд 1241 ж. 18 наурызында поляктарды тал-қандап, Силезияға басып кірді. Лигнец түбінде екі жасақ бірігіп, неміс жөне поляк феодалдарынан біріккен Тевтон орденінің жиырма мыңдық әскерін талқандады." 1241 ж. сәуірдің 9-ында неміс және поляк рыцарларының біріккен әскерін монғол жеңіл атты әскері талқандап шықты.
Осыдан соң монғол-түріктер Моравияға басып кірді. Мау-сымның 24-інде Богем королі мен бояр Ярославтың біріккен әскері монғолдарға түтқиылдан күшті соққы берді. Бұл монғол-түріктердің батыс Еуропадағы алғашқы үлкен қарсылық көруі еді. Келесі бір үлкен қарсылық оларға Чехияда кездесті. Чех королі Австрия герцогымен бірлесе отырып, монғолдарға соққы беріп, шайқасты тоқтатты, олар өздерінің негізгі кұштеріне қарай шегінуге мәжбүр болды.
1241 ж. 12 наурызында Батый қолбасшылығымен венгер жасағы талқандалып, Карпат тауынан өтті. Венгер королі өзінің негізгі. күшін Пешт түбінде жасақтады. Маусымның аяғында Венгрияға Сүбедей басқарған екінші жасақ басып кірді. Пешт түбінде венгерлер, кроаттар, австриялықтар, француздар және Еуропадағы басқа да феодалдықтардың өкілдері жиналды. Олар замокқа жиналып, монғолдарға
соққы беруге шешім қабылдады. Бұларды ақсүйек рыцарлар мен дінбасылары қолдады.
Көп ұзамай-ақ Пешт түбіне монғолдың Батый басқарған негізгі күші келіп жетті. Олар 2 ай тұрды да, шабуыл жасауға батылы бармай, кейін шегінді. 6 күн бойы венгрлер мен оның одақтастары жауды қуып жете алмады. 7-күні түнде қуып жетіп, Сайо өзені бойывдағы төбелермен қоршалған жазықта, монғоддардан небәрі 5—6 миль қашықтықта орналасып, өзен-нен өтер көпірге күзет қойды.
Ұрыстың алғашқы кезеңі.
Түнде монғолдар мен түріктер шабуылға шықты. Олар көпірді күзетіп тұрған алдыңғы жасақты шегеріп тастап, негізгі күшті басқа жактан өткізді. Таңертең одақтастар монғолдың атты әскеріне шабуыл жасады. Бірақ рыцарлардың шабуылын садақшылар мен тас ататын машиналар тоқтатты. Рыцарлардың 2-шабуылы өздерінің түбіне жетті. Монғолдар өтірік шегініп, қоршап алып, рыцарлар әскерін құртып жіберді.
Ұрыстың екінші кезеңі - одақтастар әскерінің шегінуі және оларды монғолдардың қууы.
Монғолдар төбелерге орналасып алып, рыцарларды садақпен тас ататын машинамен атқылады. Одақтастардың әскері Дунайға қарай шегіне бастады. Осыны пайдаланған монғолдар жаппай шабуылға шықты. Олар шегінгендерді оң және сол қанаттан бірдей шабуылдай отырып, шағын бөлшектерге бөліп алып, талқандай берді. Алты күннің ішінде одақтастар толық талқандалды. Монғолдар Пешт қаласына басып Сүбедей мен Кадан басқарған жасак Венгрия қалаларын түгел алып, Далмация, Славония, Сербия арқылы жүрш өтті де 1242 ж. Дунайдың жағасында негізгі күшпен қосылды. Сөйтіп Қара теңіз жағалауы аркылы Волгаға (Еділге) қайтып келді. Волганың бойында монғол-түріктер Алтын Орда мемлекетін құрды. Олар өздері бағындырған елдерді ауыр алым-салық төлеуге мәжбүр етті, өздері Еділ мен Днепр өзендері жағалауындағы далаларда көшш жүрді. Ресеи мен Польшаны бағындырғаннан кейін, - деп жазды Ф.Энгельс, -олар (монғол-татарлар) 1241 жылы Силезияда біріккен поляк-неміс армиясымен кездесті. Үзақ шайкастан кейш азияттар темір сауыт киінген рыцарларды талқандады, бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Көшпенділердің күіш әлсіреді. Монғолдар алдыға жылжыған жоқ, керісінше кері кетті".
Қайсыбір тарихшылардың айтуынша, Батыйдың Венгрия-дан қайтуы Оқгай (Үкідей) ханның дүниеден қайтуына байланысты болды деп есептелінді. Негізгі себеп монғол армиясының саяси-стратегиялық күшінің сарқылуы болды.
Монғол-түрік күшінің негізгі көзі болған рулық қоғамның сақталуы еді. Әскери жағдайда - жеңіл атты әскердің артықшылығы.
Алайда түрік-монғол әскерлерінің негізп қарсыластарының ауызбірлігі күшті болмады.
§7. МОНҒОЛ-ТҮРІК ӘСКЕРІНІҢ ТАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН КОМАНДАЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Монғол-түріктердің әскери ұйымдарының құрылымын зерттеу, олардың әскери саясаты мен соғыс жүргізу ерекшеліктері әрі жеңіл атты әскерді жаппай шайқаста пайдалануы ғылыми қызығушылық туғызады. Монғол-түріктердің әскери өнері тарихын кірістірмейінше, әскери өнер тарихын толық зерттеу жеткіліксіз болады.
Стратегиялық формалардың өзіндік ерекшеліктері болды және ол әр түрлі болды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: жал-тарып кетуі, яғни былайша айтқанда, қорғанысы мықты жерлерді айналып өтуі, стратегиялық басшылыққа ие болу, стратегиялык бұзып-жару, өлкелерді жеке-жеқе беліп жаулап алу (Поволжье, Солтүстік Шығыс Русь, Оңтүстік-Батыс Русь, Орталық Еуропа, оның ішіндегі жеке-жеке аудандар: Рязань князьдығы, Владимир князьдығы т.с.с), жаудың бір жақ қана-тынан және барлық жағынан бірдей шабуылдау, әдейі шегіне отырып, қарсы шабуылға шығу, жауды толық талқандағанша артынан қудалау.
Монғол-түріктердің негізгі стратегиялық іс-кимылы негізгі шайқастардан жалтарып кету болып табылады!
Монғол-түрік өскерлерінің тактикасында өзіне ғана тән көптеген ерекшеліктері болды: жақсы ұйымдастырылған әскери барлау, өз әскерлерін тактикалық жағынан бөлу, маневрді дұрыс ұйымдастыру, шайқасты басқара білу.
Монғол-түріктер өздерінің бүкіл өмірін әскери қызметке арнады. Олар өте жақсы атты садақшылар бодцы. Шайқаста олар тас ататын машиналарды, түтіндеткіштерді қолданды. Күндізгі ұрыста белгі ретінде ысқыратын жебелерді, ал түнде түрлі түсті фонарларды пайдаланды. "Ақылға сыймастай шапшаң, табанды өрі үнсіз, олар тек бұйрық арқылы ғана қимыл жасайтын сияқты", — деп жазды сол кезде өмір сүрген біреу.
Монғол-түріктер қолбасы іріктеуге де аса үлкен мән берді. Қолбасыны таңдағанда ең алдымен қойылатын талап: олардың шығу тегі, жасы, қызметі емес, жеке бас қасиеті, әскери бейімділігі, басқару қабілеті есепке алынып отырды. Сүбедей 25-ке толғанда, он мың әскерге басшылық жасады, өз өмірінде 82 шайқасты табысты өткізіп, 65-інде жеңіске жетті. Шыңғыс хан былай деді: "алғырлар мен табандыларды әскер басқаратын бек қылдым, сенімділер мен ептілерді табыншы қылдым, табанды еместерді, жасықтарды мал бағуға жібердім..."
"Әскербасылардың ішінде Есутайдан өткен батыр жоқ. Оның бойына біткен қасиет басқа бірде-бір қолбасьща жок. Ол ұзақ жорықтардан шаршамайды. Ешуақытта аштық пен шөлді сезінбейді. Алайда ол өз басқаруындағы жауынгерлерді де өзі сияқты деп ойлайды. Сондықтан ол үлкен әскерді басқ-аруға жарамайды. Қолбасы мұндай қиыншылықтарды жете түсініп, өз қол астындағыларының ауыртпашылыққа күйзелетінін сезіне алуы керек. Сөйтіп, өз адамдары мен мал-дарының күшін сақтай білуі қажет". Басшы өз қол астында-ғыларға қамқорлық жасауға және талап қоя білуге міндетті. Өз адамдарының өмірін пайдасыз тәуекелге байлауға еш қақысы жоқ. Батый Сүбедейді Буда түбіндегі шайқасқа кешігіп жеткендігі үшін кінәлады: "Сенің кінәңнан мен Бага-дурдан және 23 жауынгерден айрылдым", - деді.
Қатал тәртіп тапсырманың уақытында орындалуын қамта-масыз етті. Әрбір жорық алдында байқау өткізіліп, онда әрбір жауынгердің қару-жарағы, торсығы мен инесіне дейін тексерілді. Жорық кезінде артта келе жатқан салт атты жау-ынгер алдыңғы бөлімдегілерден түсіп қалған затты алуға ерінсе, өлім жазасына кесіледі. Ұрыс Ісезінде жолдасына көмектеспеген кінәлы да өлім жазасына кесіледі.
Әскери барлау монғол-түрік басшылЬІғына толықтай мәлімдеме беріп, сол арқылы әскери шараның түрі белгі-ленді.
Егер Батыс Еуропа рыцарлары, негізінен, қолма-қол шай-қасатын болса, ал монғол-түріктерде атылатын қару анағұр-лым жақсы дамыды. Монғолдар садақпен өте жақсы ататын. Олар жебемен ұшып бара жатқан құсты атып түсіретін.
Монғол-түріктің әскери тәртібі майданды тоғыз қатарға дейін бөлшектей құрды. Күшті орналастыруда орталыққа қарағанда екі қанаттың мықты болуы ескерілді, бұл қарсылас-тарын қоршап алуға мүмкіндік берді. Әскердің негізгі бөлігі өте шапшаң қимылдады. Шайқас даласына үнемі қатар сайын қосымша күш жіберіліп тұрды.
Егер мойғол-түріктер тегеурінді қарсылыққа кездесетін болса, онда олар әрі қарай шайқасудан бас тартып, басқа ба-ғытқа бұрылды немесе жаңадан шабуылға шығуға дайындалу үшін қайтып кетті. Орталық Еділге, Новгородқа, Батыс Еуропаға жорық кезінде дәл осылай болды. Монғол-түрік атты әскерінің тез қимылы олардың жаудан құтылуына және ешқандай шығынсыз шегініп кетуіне мүмкіндік туғызды. Сондықтан монғол жасағының шабуылы қырғын соғыс-сыз, ал соғыстары шығынсыз өтуімен сипатталды. Монғол-түрік жылқыларының аласалығы мен осалдықтары оларды қолма-қол шайқаста әлсіз етті. Монғол-түріктер қатты қар-сылыққа тап болғанда, жауларын тас ататын машинаның көмегімен жойды. Кейбір орыстың әскери тарихшылары Монғол-түрік әскери өнерін әсірелеп көрсетіп, ол орыстың әскери өнерінің дамуында шешуші рөл аткдрды деп есептейді. Бұл XIV—XVI ғғ. орыс мемлекетінің соғыс жүргізу әдістері мен қарулы күшінің дамуы тұрғысынан алғанда толық шындыққа сай келеді. Дегенмен, орыс әскерінің стратегиясы мен тактикасы, сонын ішінде ұрыс жүргізу тәртібінің ұлттық ерекшелігі болды, оны орыс әске-ри өнерінің даму тарихынан іздестіру қажет. Орыс әскери күшінің қүрамы мен құрылымы ерекше саяси жөне қоғам-дық ерекшелікте қалыптасты. Славяндардың қарулы күштерінің стратегиялық ерекшелігі — шауып алу және со-ғыста стратегиялық инициативаны ез қолдарында ұстау. Солтүстік-Батыс орыс жерінің тылында монғол-түрік жаса-ғыньің тұрғанына қарамастан, олардың аса күшті неміс-швед феодалдарымен соғысуына тура келді. Александр Невский монғол-түріктермен келісім жасау саясатын ұстанды, соны-мен қоса, орыс әскерінің солтүстік-батыс шекараларына стратегиялық қауіп төңдірген швед және неміс феодал-рыцарларын талқандады. Бұл орыстардың қорғаныс соғысындағы стратегиялық мақсатының шёшілуі болатын.
Монғол-түріктердің негізгі мақсаты Азия мен Еуропа халықтарын өзіне бағындыру болатын. Олар қаптаған жеңіл атты әскерлерінің алдына ішкі саяси, тайпааралық және діни соғыстарда әлсіреген мемлекеттерді талқандау міндеттерін қойды және олардағы ала ауыздықтарды шебер пайдалана білді. Нәтижесінде Қытай, Орта Азия халықтары, Шығыс Еуропа мен Кіші Азия бағындырылды, Монғол-түрік әскерлерінің стратегиялық негізі - аса күшті қарсылас кез болғанда шайқастан жалтарып кету және өзі бағындырған ха-лықтарды жүргізген соғыстарына пайдалану. Монғол-түріктердің стратегйялық ереківдліктерін анықтауда мынаны есте ұстау керек. Олардың әскерінде қатынас жолдары қазіргі біздің үғымымыздағыдай болған жоқ. Егер арабтар өздерінің оазистерінде азық-түлік қорларын ұстаса, монғол-түрік әскерлері өздерімен бірге көшіп жүрген малды тамақ етті. Жауынгерлер өздеріне қажетті құраддарды — жебені, найзаны т.б. өздері дайындап алды. Әйелдер мен балалар жауынгерлердің тамақтануы мен тынығуына жағдай туғызды. Киіз үйлерді құруда және бууда арнайы міндеттер бөлініп берідді, әрі киіз үйдегі әрбір отбасы мүшесі қатал тәртіппен әр нөрсені өз орнына қоя білді. Әйелдер мен балалар соғыс жағдайында қосымша әскери бөлімдер ретінде ұсталды және өз мүліктері мен тылды қорғап тұрды.
"Қатынас жолдары" монғол-түрік ұғымында — тылдан майданға қозғалу емес, монғол-түріктер шабуыл жасайтын ауданнан қарсыластарының ішісі тылына, яғни байлықты то-нап, басқаны құлға айналдыру үшін аттану.
Ұрыс алаңында жаяу әскер мен атты әскер бірлесе қимылдады. Феодалдық бытыраңқылық кезінен бастап, монғол-түрік әскер жасақтарының тәртібі майдан мен оның ішіне қарай рет-ретімен бөлшектене орналастырыл-ды. Әрбір әскери бөліктің тактикалық атауы болды. Ол негізгі бөлімнен, оң, сол қанаттан және күзетші полктен тұрды. Ұрысты күзетші полк бастады. Екі жақ қанат мық-ты жауынгерлерден іріктелініп алынды да, орталыққа қарағанда күштірек болды. Ол жауды қоршауға алуға мүмкіндік берді. Қоршауды бұзып шыққандардың артынан қуғын ұйымдастырылды. Қуғын жауды толық талқандаған-ға дейін созылды.
Достарыңызбен бөлісу: |