§4. МОНҒОЛ-ТҮРІКТЕРДІҢСОҒЫС ӨНЕРІ
Монғолдар 1194-1206 жж. аралығында Шыңғыс ханның басшылығымен Жапон теңізі мен Сары теңізден Ертіс өзеніне дейінгі аралықгы, Сібірдің оңтүстігін, Қытай мен Манчжурия-ны басып алды. Осыдан олар Орта Азияға шабуыл жасап, Хорезм мемлекетін бағындырды. Сүбедей басқарған монғолдың аса күшті отряды Кавказға жетіп, Грузия мен Арменияны басып алды.
Әр елді басып алған сайын Шыңғыс хан басып алған жерлерінде халық санағын жүргізуді, егіннен түскен өнімнің оннан бірін, әр жүз бас малдан бір мал салық салуды өз шенеуніктеріне тапсырып отырды. Салық жинауда сол елдің ақсүйектерінің көмегіне сүйенді, оларға да салықтан үлес беріліп отырды. Сөйтіп, монғолдар жергілікті халық арасынан өздеріне тірек-таяныш тапты.
1206, 1207 және 1209 жылдары монғолдар Танғұт (Солтүстік-Батыс Қытай) патшалығына шабуыл жасады. Бұл көшпенділер мен отырықшылар арасында болған бірінші соғыс бодцы.
Монғолдар Нючжей империясына (Солтүстік Қытай) салық төлеп тұрды. Бірақ 1210 жылы Шыңғыс хан салық төлеу-ден бас тартып, ез тайпаларына Қытаймен соғысуға дайывда-луға бұйрық берді.
1211 жылы ол өзінің ұлдары Жошы, Шағатай, Үкідай (Үгедей, Оқтай) және Толының қолбасшылығымен, көп әскер ертіп жорыққа шықты. Гоби даласынан өткен монғол-дар Солтүстік Қытайға қарай жылжыды. 1215 жылы олар Пекинді талқандады. 1216 жылы олар Монғолияға қайтып оралып, Орта Азияға жорық жасауға дайындала бастады.
Орта Азияда бұл кезде екі үлкен мемлекет - Қарахан -Найман мемлекеті мен Хорезм мемлекеті өмір сүрді. Бұл мемлекеттер әр түрлі тайпалардан тұрды. Тайпалар өзара діни ала ауыздықта болды. Саяси ала ауыздык бұл мемлекеттердің әскери күйігін әлсіретті.
Шыңғыс хан осы мемлекеттердің әлсіздігін пайдаланып, өзіне бағындырмақшы болды. 1218 жылы ол үлкен құрылтай шақырып, Хорезммен соғысу жөнінде шешім қабыддап, да-йындық жұмыстарын белгіледі.
Соғыстың бірінші кезеңі — негізгі күштерді топтастыру. Хорезмді бірден жаулап алуға монғолдардың мүмкіндігі бол-мады, себебі солтүстіктегі - Найман, Күшлік хан бастаған Карахан мемлекеті қауіп төндірді. Сондықтан Хорезмге соғыс бастаудан бұрын осы Қарахан мемлекетін жаулап алу керек болды.
1218 жылы солай карай жиырма мындық атты әскермен Жебе басқарған отряд аттанды. Олар жергілікті халық пен мұсылмаңдар арасындағы ала ауыздықты пайдаланып, тез арада Қарахан-Найман мемлекетін бағындырған Хорезм әскерінің әскери күшін барлау үшін Шыңғыс хан екінші бір күшті отрядты батысқа - Отырарға жіберді. Мон-ғолдардың бұл қылығын естіген Хорезм сұлтаны Мұхамед күшті әскермен Самарқандтан шығып, солтүстікке қарай бет алды. Ол монғол әскерімен кездесіп, шайқасқа түсуге мәжбүр етті. Монғолдар солтүстік қанатты талқандап, орта-лыққа басып кірді. Хорезмдіктердің оң қанатын басқарған Мұхамедтің баласы монғолдардың сол қанатын талқандап, орталық пен өздерінің сол қанатына кемекке келді. Кешке шайқас тоқтады. Түнде монғолдар қарсыластарын аддау мақ-сатымен, орналасқан жерлеріне мол қылып от жағып, өздері тайып отырды. Бұл шайқас Мұхамедке үлкен әсер қалдырып, ол: "Мен ешқашан мұндай мықты әскерді көрген емеспін", — деп, танданысын жасыра алмады. Шайқастан соң Мұхамед Бұхараға кетті.
Шайқастың екінші кезеқі — монғол әскері негізгі күшінің Хорезмге басып кіруі.
Монғодцардың негізгі күші жорыкка 1218 жылдың аяғындкірісті. 1219 ж. жазда олар Ертіс өзенінің жағала-уына токталып, астындағы аттарын біраз тынықтырды да, күзде әрі қарай жылжыды. Монғолдардың 129 мың әскері болды: орталықта 62 мың, оң қанатта 37 мың, сол қанатта 30 мың.
Мұхамедтің күші бұдан екі есе басым бодды, бірақ оның әскері өр түрлі тайпалардан тұрды және бірыңғай тәртіп бол-мады. Әскерлердің бір бөлігі қалалардағы гарнизондарда тұрды. Монғол әскерлері хорезімдіктерге қарағанда ұйымда-су, қарулану және дайындық тұрғысынан әлдеқайда жоғары болды. Екі жақтың да әскери күшін шығыс тарихшылары аса асырып көрсетеді. Әсіресе, шығындар өте өсіріліп көрсетіл-ген. Мысалы, Үргеніш қаласында 2 млн. 400 мың адам өлтірілді делінсе, Герат қаласында 1 млн. 600 мың адам шы-ғындалды деп көрсетілген.
Хорезм мемлекетінің ішкі саяси жағдайы қорғанысқа бөгет болды. Мұхамед бір жерде аса үлкен күшті топтасты-руға қорықты, өз әскер басыларына сене алмаған ол Самар-қандка қарай кейін шегінді. Нәтижесінде елді пункттерді жергілікті халық қана қорғады. Бірақ бұл халық ұйымдаспаған еді. Билік жүргізушілердің жеке бас мүддесі мен өз бай-лығын сақтауға үмтылуының салдарынан, қорғаныс ауыртпа-шылығы қарапайым халықтың иығына артылды.
Хорезмдіктер күшінің әлсірегеңцігін естіген Шыңғыс хан төрт отряд құруға бұйрық берді. Бірінші отряд Жошының басқаруымен Сейхун өзені (Сырдария) бойындағы Жент каласына аттанды. Шағатай мен Оқтай (Үкідай) басқарғаң екінші отряд Отырар қамалын қоршады, Шыңғыс ханның өзі басқарған негізгі күш Бұхараға бет алды. Мұның сол қана-тында солтүстіктегі Бенекент бағытында 5 мың атты әскерден тұратын шағын отряд жүріп отырды.
1220 жылғы наурызда монғол әскері тіке шабуылмен 20 мың әскері бар Бұхараны алып, одан соң 40 мың әскері бар Самарқанды талқандады. Қаладағы шеберлер мен сурет-шілер құлға айналдырылып, тұтқындардың бір бөлігі жұмыс істеуге пайдаланылды. Хорезм әскерінің қалдығы оңтүстік-батысқа Иранға қарай шегінді.
Шыңғыс хан қашқан жаудың соңынан қууға Жебе мен Сүбедей басқарған 30 мың әскерді аттандырды. Кезінде Мұхамед ұйымдастырған 30 мың әскер қашып кетті. Бұл кез-де Жошының басқаруымен 30 мың адам 7 ай қоршап Үргенішті басып алды. Шыңғыс хан басқарған негізгі күш 1220 жылы Балх пен Талекан қалаларын қиратты. Шыңғыс хан өз ұлы Толыны 40 мың әскермен Мерв қаласына аттаңцыр^ды. Мервтіктер қатты қарсылық көрсетті, Толының отряды қаланы алу үшін 700-ден аса тас ататын ма-шина, 4 мың саты, 2500 тас толты-рылған қап т.с.с. пайдаланды. 1221 жылғы сәуірде монғолдар Мерв қаласын басып алып, тас-талқанын шығарды. Шағатай мен Оқтай бас-қарған отряд солтүстік қанатты қорғап отырды.
Жорықтын үшінші кезені - Хорезм әскерлерінің талқавдалуы.
Мұхамед шаһ өлгеннен кейін мон-ғолдарға карсы күресті оның ұлы Жәлел-әд-дин жалғастырды. Ол 70 мың әскер жинап, Кабулға атганды.
Мұнда хорезмдіктер монғолдың 30 мың адамдык отрядын талқандады. 1221 ж. Шыңғыс хан оған қарсы негізгі күшін аттандырып, желтоқсанның 9-ында Инд езені жағасында қуып жетіп шайқасты. Хорезмдіктер жеңіліске ұшырады, алайда Жәлел-әд-дин төрт мың адаммен өзеннен өтіп, құтылып кетгі. Осьщан кейін Шыңғыс хан Тибет-ке аттанды, бірақ кейін Бұхара мен Самарқанга кайтып орадцы. Осы жерде бір жыл қыстаған Шыңғыс хан 1225 жылы мол ол-жамен Монғолияға қайтып келді. Аса үлкен аумақта болған шайқас бар-жоғы үш жылға созылды. •
Достарыңызбен бөлісу: |