Қазақстанның Әскери тарихы


§9. ТЕМІРЛАН КЕЗІНДЕГІ ӘСКЕРИ ӨНЕРДІҢ ДАМУЫ



бет8/8
Дата31.01.2018
өлшемі3,06 Mb.
#37169
1   2   3   4   5   6   7   8
§9. ТЕМІРЛАН КЕЗІНДЕГІ ӘСКЕРИ ӨНЕРДІҢ ДАМУЫ

XIV ғ. түріктер, негізінен, Азияда жаулап алу саясатын жүргізді. 1371 жылы самарқандықтар Темірланның басшылы-ғымен өзбектерге соққы берді. 1376 жылы ол Шыңғыс хан-ның ұрпағы Токтамыстың қыпшақтарға хан болуына қолдау көрсетті.

1378 жылы Темірланды жақтаушылар Хорезмге қайта басып кіріп, оны жаулап алды. Одан кейін Ауғанстан басып алынды және Персия мен Кавказға шабуыл басталды. Содан соң Дербент-Тбилиси-Эрзерум бағытында шабуыл жасап, Грузияны басып алды. Грузин патшасы қолға түсті.

Грузиндердің Вардзия қамалы Темірлан әскеріне қатты қарсылық керсетті. Қамалға тек үңгірде орналасқан арнайы есік арқылы ғана енуге болатын. Қамалды қорғаушылар үңгірге түскен жауларын жебе, тас, ыстық смоланың астына алды. Қамал жер асты жолдары арқылы Тмовги, Накалакеви, Ванис, Кваби қамалдарымен байланысып жатты. Монғолдар бұл қамалды көрші таудан ұзын арқандар арқылы түсірілген қамал ұрғыш дөңбектердің күшімен алды. Темірлан әскерінде шабуылға инженерлік дайындық жақсы жолға қойылды.

Темірлан басып алынған елдерден жүз елу мыңға жуық қолөнерші шеберді өз астанасы Самарқанға алып келді, оның бұйрығы бойынша, қалада және қаланың сыртында көптеген әсем сарайлар салынды. Сарайларда Темірланның жеңісті жорықгары бейнеленді.

Темірлан Персиямен соғысып жатқан кезде оның иелігіне Алтын Орда ханы Тоқтамыс шабуыл жасады. Темірлан самар-қандқа қайтып келді де, Тоқтамыспен соғысуға мұқият дайындалды. Ол үшін екі жарым мың шақырым даламен жүру ке-рек болатын.

1389 жылы Темірланның әскері Балқаш көлінің маңайына шабуыл жасады, ал 1391 жылы Тоқтамысқа қарсы жорық жасады. Тоқгамыс әскері Самара түбінде ауыр жеңіліске ұшырады.

1392—1398 жылдар аралығында Персия мен Кавказды жау-лап алу жалғастырылды. 1395 жылы Алтын Орда екінші рет талқандалды, сейтіп, орыстардың тәуелсіз мемлекет құруына көмектесті.




1398—1399 жылдары Темірлан Үндістанға басып кірді. Соғыс Ганга өзенінің бойьгада жүргізілді. Монғол-түріктердің атты әскері өзендегі 48 үнді кемесімен шайқаста женді.

1399 жылы Темірлан Батысқа қарай үлкен жорықка да-йындалды. Ең алдымен олар Түркияны бағындыруға тырысты. Түркия бұл кезде феодалдық ала ауыздықтан, шаруалар көтерілістерінен, мұнымен қоса Батыс Еуропа феодалдарымен соғыстан қатгы әлсіреп тұр еді. Темірлан осыны пайдала-нып қалуды ойлады.

Түрік сұлтанының қол астына бұл кезде Кіші Азия мен Балқан түбегі бағынатын. Түріктердің әскері әр түрлі тайпа-лар мен халықтардан (түрік, татар жалдамалылары, сербтер тағы басқалары) тұрды. Бұл мол өскер еді, бірақ олардың со-ғысқа дайындығы нашар болды.

Темірлан алғашында Баязитпен хат арқылы достық байла-ныс орнатты. Өзі бұл кезде Грузияны, Сирияны, Месопотая-ны басып алды да, тылын күшейтті. 1402 жылы Темірлан 300 мың әскер жинады. Алайда бұл цифр аса үлғайтылып көрсетілген.



Соғысқа дайындықтың бірінші кезеңі. 1402 жылы мамырда Темірлан әскері жорыққа шықты. Олар алдымен Кемак қаласын адды, онан кейін Сивас бағы-тында жылжыды. Осы жерде оған Баязит елшілері келіп жетті де, елшілерге ол өзінің әскерлерінің санын жөне соғыс өнерін көрсетті.

Бұл байқау елшілерге және солар арқылы әр түрлі тайпа-лардан құралған түрік әскерлеріне қатты әсер қалдырды.

Сивастан Темірлан жаудьщ'күшін байкап келу үшін Қызыл Ирмак өзені арқылы барлау жіберді. Барлаушылар Анкараның солтүстік жағында түрік әскерлерінің жиналып тұрғанын мәлімдеді.

Соғысқа дайындықтың екінші кезеці. Түрік әскерлерін Египет, Сирия, Бағдадтан бөліп тастау үшін және түрік жасағын таулы-орманды алқаптардан шыға-ру үшін Темірлан Кесарияға, одан Анкараға жылжыды.

Киршеирге келгенде Темірлан бір мың адамдык атты жасақты тағы да барлауға жіберді. Сонан соң түріктердің астанасы Анкараны қоршап, оларды жазық далаға шығуға мәжбүр етті. Енді Темірлан Анкараны қоршауды тоқтатып, біраз жер жүрді де, майдан шебін құра бастады.

Темірлан турік әскерлерінің көптен бері жалақы алмағанына байланысты Баязитке наразы екенін естіді. Ол өзінің адамдарын жіберіп, егер оның жағына шықса жалақымен қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

Соғысқа дайындықтың үшінші кезеңі.

Шығыс деректерінде Темірланда 250—300 мың адам және 32 соғыс пілі бар еді деп көрсетілген, ал түріктерде 120—200 мың адам болды делінген. Бұл цифр да әсіреленіп берілген, дегенмен Темірланның өз қарсыластар,ынан сан жағын'ан екі есе басым екені көрініп тұр.

Баязит өз әскерін таудың етегіне орналастырды. Орта-лығы күшті, екі қанаты әлсіз болды. Темірланда, керісінше, екі жақ қанат күшті болды, әрі қосымша отыз мың таңдаулы әскері болды.

Шайқастың бірінші кезеңі.

Шайқасты Темірланның жеңіл салт аттылары бастады, бірақ оң қанаттағы сербтер қатты қарсылық көрсетті. Сол қанатта 18 мың жалдамалы түрік өскері Темірлан жағына шы-ғып кетті де, Темірлан әскері сербтерді орталықтан бөліп тастауға тырысты. Дегенмен сербтер қоршауды бүзып өтіп, негізгі күш янычарларға барып қосылды.



Шайқастыц екінші кезеңі.

Темірлан қосымша әскерді шабуылға шығарды. Олар түріктердің негізгі күшін қоршап алды. Баязиттің ұлы Сүлей-мен бастаған сербтер батысқа қарай шегінді. Темірлан әскері янычарларды айналып өтіп, қоршауға алды да, оңай құртып жіберді.



Шайқастың үпгінші кезеңі.

Түрік өскерінің қалғанын құрту үшін Темірлан 30 мың адам бөлді. Оның 4 мыңы бес күн бойы түріктердің соңына түсті. Ақырында Сүлеймен шағын қолмен Бруссеге келіп жетті де, кемеге отырып, жағадан алыстап кетті.

Баязиттің әскерін талқандағаннан кейін, Темірлан Смирн қаласын басып алды да, талан-таражға салды. Сонан соң Гру-зияға қайтып оралып, оны тағы да шапқыншылыққа ұшыратты. Содан соң Самарқанға қайтып келді. Осы жерде 70 жасар Темірлан Қытаймен соғысқа дайындала бастады, бірақ дайын-дык бітер кезде, 1405 жылы кенеттен қайтыс болды.

Түріктермен соғыста Темірлан әскері өздерінің тылын қорғауды қамтамасыз еткен және түріктерді қоршап алған мықты база құра білді. Темірлан жау әскерін және жер жағ-дайын барлау арқылы зерттеп алды, алдыға нақты мақсат қо-йып, жоспар жасады, шабуыл тізгінін өз қолына алып, жау-дың тылын құртып жіберді. Түрік әскеріндегі әр түрлі тайпа-лардың наразылықтарын пайдаланып, оларды аса қиын жағ-дайда шайқасуға мәжбүр етті.



Қорыта келгенде, монғол-түрік әскерлері соғысты, негізінен, жеңіл атты әскерлер арқылы жүргізді. Олар бір орталыққа бағынған, тәртібі өте қатал, бұйрықты бұлжытпай орыңдайтын, жоғары беделді әскери билікке ие болды.

Темірлан әскерлерінің күші негізінен олардың рулы және тайпалық қатынастарында жатыр, бұл қатынастар ішкі бытыраңқылыққа ұшыраған басқа елдерге қарағанда үлкен артьпщіылыққа ие болды. (Орта Азиядағы діни және тайпалық қақтығыстар, Еуропадағы феодалдық бытыраңқылық.) Саяси және өскери феодалдық бытыраңқылыққа бір орта-лыққа бағынған Темірлан мемлекеті қарсы тұрды. Бұл быты-раңқылық Темірланның оларға қарсы күресте ірі жеңістерге жетуіне себепші болды.

Темірлан мемлекеті арабтар сияқты, ғылым мен техника1-ныңжетістіктерін кеңінен пайдаланды. Олар қытайлардан тек техника алып қана қойған жок, оқ-дәріні үйренді, бұған қоса әскери ғылымын да меңгерді. Темірланның өз қарсыластары-нан ең басты артықшылығы - олардың жеңіл атты әскерінің шапшаң қимылында.

Темірлан колбасшыларының саясаты ең алдымен қарсы-ластарының ішкі кайшылықтарына қарсы бағытталды, халық пен укімет арасындағы келіспеушілік қарсыластарының қорғаныс күшін әлсіретіп жіберді.



2 - құжат. ӘМІР ТЕМІР. БИЛІК ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ

Дүниені дүр сілкіндірген жаһангер, атақты қолбасшы Әмір Темірдің өмірге келгеніне 660 жыл. Бұл мереке ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Осыған орай әйгілі жаһангердің ел және әскер басқару ісін заңмен, қағидамен қалай бекіткені, қандай құрамға бөлгені жөніндегі өз атымен жазылып қалған ойларын назарларыңызға үсынып отырмыз. Әйгілі қолбасшы-ның билік және оның қүрамы туралы айтқан ойларының бүгінгі күндері де өзінің қүнын түсірмегенін еріксіз мойын-дауға болады.



"Ел басқару ісін заңмен, қағидалармен растап, салтанат-сара-йымды одан сайын ерлендіре, көріктендіре түстім. Билікті он екі құрамға бөліп, соларға сүйене отырып, іс атқардым. Заң, қарар-қағидаларды да осы он екі құрамға орайлас етіп құрдым. Бұл он екі ай, ел баскару аясының он екі үстын-тірегі деп есептедім,

Бірнінші құрам - Пайғамбар өулетінің адамдары, ғұлама, шайқы-лар, білімдарлар қауымы. Оларды мен ең жақыным деп есептедім. Олар менің сарайыма ылғи да келіп-кетіп, жиын-кеңесіме көмегімен қоса керік беріп отырды. Діни, адами мөселелерді ортаға салып, құнды пікірлерін білдірді. Дін тағылымын, адалдык. пен һарамдықгың аужай-төркінін мен солардан үйрендім.

Екінші құрам - акылды кісілер мен кеңесшілерді, жауапты кызметкерлерді, алдын-артын көрігі, алыс-жақынды сергектікпен сезуші кексе, іскер кісілерді мөжілісіме тартып, сыр-сұхбаттарынан нәр алып, нөп көріп, төжірибе жинақгадым.

Үшінші құрам - аузы дуалы, батагөй кісілерді қадір тұттым. Оларды оңаша сұхбатыма шақырып, алға қойған арман, мақсатым-ды айтып, олардан ақ тілеу, алғыс, аманат алдым. Мөжілістерде, көңілді сауық-сайрандарда, ұрыс-керіс, арасат алаңында, қантөгіс майданда олардан көп-кеп көмек таптым, пайда көрдім. Ұрыс-соғыс кезінде олардың дуалары дарып, жеңіске жеттім, жаудан басым түстім.

Төртінші құурам - әмірлер, шекара қызметіндегілер мен әскер ба-сылардың әрқайсысына мәжілісімнен лайықты орын беріп, мәртебелерін биіктеттім. Оларды ортақ әңгімеге тарта отырып, түрліше сауалдар бердім. Ұрыс кезінде көрсеткен ерліктерін еске алып, шын кеңілдерімен берген ақыл-кеңестерін ез керегіме жараттым. Майданға ат қойып, атой салып кіріп, шығу төсілдерін, жау әскерінің қолтығын сегіп, арасын бұзып кіріп, найза шаншып, садақ атып, қылыштасуды, айқас-шайкастан баска да бүкіл айла-амалдарын солардан сүраушы едім. Ерлік, қаһармандық жорықтарында оларға арқа сүйеп, киын-қыстау кезендерде солардан кеңес күтгім.

Бесінші құрам -лауазымды кісіге де, қара халыққа да бірдей қарадым. Ерлігімен ерекше танылған баһадүрлер мен жаужүрек, батыр-ларға шок жұлдыздай жарқыраған отаға, кемер белдік, оқ толы қорамсак сыйлап, мөртебелерін асырдым. Әр ел, әр мемлекеттің аузы дуалы ақсақалдарын, ұлыктарын қадірледім, оларға деген сый-сияпатымды аямай, адал қызметтерін өзіме пайдаландым. Жауынгерлерімді кай кезде де ұрысқа сай өзірледім, жағдайларын жасап, айлық ақыларын сұраттырмай беріп тұрдым. Бір ғана мысал, Румға аттанар алдында бұрынғы және аддағы атқарар қызметтері үшін әскерімнің азык-ауқаттарын алдын ала бергіздірдім. Лауазым иелері мен қарапайым халықтың арасын мүмкіндігінше тепе-тең жағдайда ұстап, біріншісінің екіншісіне үстемдік жасап, ірі сез айтпауын, дөрекі іске бармауын қатаң түрде қадағалап отырдым. Әсіресе, лауазымды кісілерді ез білік, дәрежелерінде шектеп, олар-дың өсіп, бөсіп кетпеуін назарыма алдым. Олардың мөртебелерін аса көтеріп те жібергем жоқ, тым төмен де құлдыратпадым. Қай-қайсысы бірер қызметімен көзге іліксе, алдына тарту-таралғы тар-тып, басқалардан айрыкша кұрмет керсеттім. Қай-қайсысының ақыл амалы, пайым-парасаты өзгелерден өзгешелеу оқшауланып жатса, оны ерекше тәрбиеге алып, өмірлік дәрежеге әзірледім. Көрсеткен қызметіне сай мәртебесін өсіріп, лауазымын асырдым.

Алтыншы кұрам - ақылды, тәжірибелі, ең сенімді кісілерді жа-ныма топтап, ел басқарудың сыры мен қырын олардан жасырмай, керісінше, кенес сұраушы едім. Әмісе олармен сырлас, сұхбаттас болып, құпия мәселелерді, жасырын жайларды соларға жүктеп, со-ларға тапсырдым.

Жетінші құрам - уәзірлер, бас хатшы, тарихшы-шежірешілер тәж-тағымның, салтанат-сарайымның көркі де, ажары да бола білді. Оларды алыс-жақын мемлекеттерді, елдерді қалтқысыз бақылап, капысыз танитын көз дүрбіме баладым. Бүкіл өңір-өлкелердегі өкімет істерін, кұнделікті оқиғаларды, бұқара халықтың тұрмыс-күйін, хал-ахуалын маған күнбе-күн хабарлап отыратын да солар болды. Олар мемлекет қазынасын арттырып, қазына қарауына түскен ырыс пен құтты, байлық пен берекені шашау шығармай сақ-тап, өмірімнің артуы, мемлькетімнің гүлденуі үшін аянбай қызмет атқарды.

Сегізінші құрам - шипагерлер, тәуіптер, жұлдыз санаушылар, сән-сәулет шеберлері жөне басқа да көсіп пен несіп иелерінің қай-қайсысын да шетке қақпай, керісінше, айнала-төңірегіме топтас-тырдым. Шипагерлер мен тәуіптердің кемегімен ауруларды емдедім. Жұлдыз санаушылардың есеп, болжамдары бойынша, ас-пан өлемінің құтсыз күндерін, сөтсіз сағаттарды алдын ала біліп отырдым. Сөн-сәулет шеберлерін санатыма тарту арқылы ғажайып ғимараттар салып, болашақ бағу-бостандардың сұлбасын сыздым, тұлғасын тұрғыздым.

Тоғызыншы құрам — зиялыларды, пайғамбарлар мен олардың өулеті, сахабалары хақында хиқая, естелік жазушы тарихшылар мен шежірешілерді ез маңайыма ұстап, пайғамбарлар мен әулиелердің өмірінен, бүрын-соңды еткен патшалар жайындағы деректерді, олардын қандай жағдайда такқа отырып, билік қүрғанын, бастарынан бақ, астарынан тақ қалай тайғанын ерінбей-жалықпай сүрап, біліп отырдым. Әрқайсысының өмірі мен өнегесін, сөздері мен істерін естіп, жақсысынан ғибрат, жаманынан сабақ таныдым. Әлемде болып жатқан оқиғаларды олар арқылы айнадан кергендей бақылап, шартараптан сәт сайын хабар алып түрдым.

Оныншы құрам — майшайықтар, сопылар, тәңірмен тіл табыскан данагейлер. Олармен ылғи да байланысымды үзбей, етене жақын сырластым, сұхбаттастым. Акыл-кенес, ақыреттік пайдаларын ал-дым. блардың ділінен тәңірінің тілін танып, ғажайып кереметтерге кезіктім, енегелі өдеттерін бойыма сіңірдім, бейіддерінен рахат та-~ уып, әңгімелеріне ұйьщым.

Он бірінші құрам - өнер және мәдениет қайраткерлері. Бұлардың әрқайсысын ел-елден, шет-шалғайдан іздестіріп жүріп таптырып, мейлінше үздігі мен айрықша озыктарын сарайыма адцырып, орда ішінен орын сайладым. Жорықта да, орнықты өмірде де олар ләшкеріме керекті қару-жарақ, құрал-саймандарды дер кезінде әзірлеумен бірге, жеңісіме рух беріп, өрісіме құт тілеп отырды.

Он екінші құрам - әр ел, жердегі саяхатшылар мен мүсәпірлердің емірлерін асырап, көңілдерін аулап отыруым арқылы, олар маған алыс-жакын аймақтардың бәрінен күнбе-күн жаңалық хабарлар жеткізіп тұрды. Әр ел, жерге саудагерлер мен керуенбасылар жіберіп, қай қиырда жұрмесін, олар Хутан, Чин Мачин (Қытай), Үндістан, Араб мемлекеттері, Мысыр, Шам, Рум, Жазайыр (Израиль), Фаран-стан, Еуропа елдерін түгел шарлап, сауда-саттық пен қоса сауға-сар-қыттар үлестіріп, қайтарда қымбат бағалы асыл бұйым-киімдермен қоса, сол елдің ахуал-аужайын, ондағы жұрттың тұрмыс-тіршілігін алақандағыдай айтып беріп отырды"1.

§10. МОНҒОЛ-ТҮРІК ӘСКЕРІНІҢ БАРЛАУ ІСІ ЖӘНЕҚАРСЫЛАСТАРЫНА ІРІТКІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ

Қарсыластарын әлсірету үшін монғол-түріктер барлық мүмкіндіктерді пайдаланды. Ең алдымен олар сол елге өз тыңшыларын қаптатып жіберді және тыңшылыққа сатқын ақсүйектерді де пайдаланды. Тыңшылар сол елдің саяси, әскери, экономикалық жағдайы жөнінде өте көп мәліметтер жинап отырды. Өздерінің бұлдіргіш әрекеттері арқылы ел ішінде өзара соғыс туғызуға тырысты.

Тыңшылық әрекеттің негізгі бір мақсаты халық пен әскердің үкіметке наразылығын туғызу болды. Тыңшылар ха-лық арасына кейбір шенеуніктер мен әскербасшылардың, кейде бүкіл үкіметтің сатылып кеткені жөнінде және олардың халықты қорғағысы келмейтіні жөнінде өсек таратып отырды. Мысалы, Сун мемлекетіне жорық кезінде түрік-монғолдар осы мемлекеттің басшыларының сатылып кеткені жөнінде өсек таратып, бұған қоса бірнеше ірі әскербасыларды сатып алды, сөйтіп, алғашындағы өсек соңынан шындыққа айналды.

Олар ірі әскербасшыларды сатып алып, елдің қорғаныс қабілетін әлсіретті.

Монғол-түріктер қарсыластар әскері арасында өздерінің жеңілмейтіндіктері жөнінде сөз таратып, әскер арасында абыржушылык туғызды және қарсыласудың пайдасыз екендігі жөнінде әңгіме шығарды.

Монғол-түріктер қорқыту үшін, негізінен, мынадай әдіс қолданды. Қарсыластарына ультиматум қойылды, онда қар-сылық көрсеткендердің бұдан бұрын аяусыз жазаланғанды-ғын ескерте отырып, соғыспай бағынуды ұсынды. Талаптар, негізінен, мынадай болды: қорғаныс қамалдарын жою, жыл сайын салық төлеу, монғолдарға әскер беру және өз жері ар-қылы монғол әскерлерін өткізу. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда, елшілер былай деп мәлімдеді:" Не болса, ол бол-сын, не болатынын біз білмейміз бір құдай ғана біледі". Ал талап орындалған жағдайда монғол-түріктер уәдесін орындады.

Одақтастар арасында келіспеушілік туғызу монғол-түріктердің негізгі саясаты болды. Қыпшақтар (40 мындай адам) ешқандай соғыссыз оңтүстік орыс даласынан Венгрияға шегінді. Монғол-түріктер қыпшақтарға әдейі венгр короліне түрік тілінде жазылған хатты қолға түсіртті. Бұл қыпшақтар мен венгрлер арасында ала ауыздық туғызды, сөйтіп, екі жақ-тың да қарсылық күші әлсіреді. Тағы бір шара — "бейбіт ша-буыл". Оның бір мысалы - Баян бастаған монғол-түріктердің Сун мемлекетін бағындыруы. Бұл мемлекеттің аса үлкен жері және көп санды халқы болды. Баян халық пен үкімет арасын бөлу шарасын қарастырды.

Монғол-түріктер Сун мемлекетінің жеріне бірте-бірте, ақырындап қоныстана бастады. Баян "адам өлтіруге болмайды" деген бұйрық шығарды. Бұған қоса арнайы бөлінген от-ряд жергілікті халыққа ауыл шаруашылық кемектерін көрсетті (тұқым, азық-түлік, ақша). Мұның өзі монғол-түрік көшінің бейбіт екенін көрсетті. Бір ауданда жұқпалы ауру шыққан кезде, Баян ол жаққа өз дәрігерлерін жіберді. Монғол-түрік тыңшылары халық арасында монғол-түріктердің бейбітшіл екенін, бірақ өз басшыларының қытайларды соғы-суға арандатып отырғаны женінде өсек таратты. Егер қақтығыс болған жағдайда, Баян онын жауапкершілігін Сун үкіметіне артып, өлген әскербасшыларды көміп, оларға сы-йынып отырды. Сөйтіп, 9 жыл ішінде қытайлар өздерінің мон-ғол-түрікке калай бағынғанын білмей кдлды.



IV тарау

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫНЫҢ СОҒЫС ӨНЕРІ, ӘСКЕРИ ЖОРЫҚТАРЫ. ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ӘСКЕРИ МІНДЕТ (1466-1718 жж.)

§1. "ҚАЗАҚ" АТАУЫНЫҢ ХАТҚА ТҮСУІ

Қазақ хандарының әскери жорықтары мен соғыс өнерін баяндауға кіріспес бұрын "қазақ" сөзінің шығуы мен қалып-тасуына біраз тоқталып өткеніміз жөн болар деп есептейміз.

Қазақтың аты баяғыда хатқа түскен ежелгі халық екені жөнінде бізге бұлтартпас дерек ретінде нақты хабар жеткізген еңбек X—XI ғасырларда өмір сүрген тәжік ақыны Фирдаусидің "Шаһнама" дастаны.

"Шаһнама" мәліметін зерттеп, шындыққа әлемнің көзін ашқан ғалым А.Вамбери.

Ол 1885 жылы "Түркі халықтарының этнологиясы мен эт-нографиясы атты неміс тілінде зерттеу жазып, "қазақ" атауы IX—X ғасырларда болғанын әдеби, тарихи деректермен дөлел-деп берді. Онда былай делінген: "Қазақ, қазақ хандығы деген ел Көк теңіздің (Арал теңізі) солтүстігін мекендеп отырған күшті әрі көп санды жұрт екендігі айтылады. Қазақтар Тұранның қастасы Иранды қорқытпақ болады".

В.В.Вельяминов-Зернов жинаған мәліметтерде "1356 жылы қазақтар Мауераннаһрға шабуыл жасады" деген дерек бар1. Осы автордың айтуынша: "Мұсылман әлемінде" деген газеттің 1911 жылғы шілденің 22-сіндегі 14-санында 1397 жылы Қырымның Литваға ауып барған татарлары өздерін| қазақпыздегені туралы мәлімет келтіріледі.

1185 жылы бір оқиға туралы Лаврентьев жылнамасында мынадай дерек бар: "Они же половцы казаке рекуще — Пой-; дете по свою братью аль мы идем по свою братью к вам" Осыған орай, И.М.Карамзин арқылы жеткен мына бір мәліметті де ойда ұстаған жөн. Оңтүстік орыс даласына монғолдар келгенге дейін "торктер мен берендейлер өздеріні черкеспіз, қазақпыз"4 деп атаған. Бұл черкеспіз, қазақпыз дегендер кейбір тарихшылар пайымдағандай, бір ұғым емесі керісінше қазақ, черкес тайпаларының бүрыннан бірге өмір сүріп келе жатқанын білдіретін егіз, қатар ұғым. Монғол шапқыншылығына дейін-ақ, торк пен берендейлер елдерін қазақ деп, 1185 жылы қыпшақтар қазақша сөйлеген болса, ендешеі монғол шапқыншылығына дейін-ақ қыпшақтар өздерін қазақі қауымына қоса бастаған.

Қазақ атауы әуелі қыпшақтарға, сонан соң біртіндеп сол төңіректегі түркі тайпаларына жайылған да, XIV ғасырдың Қырым, Азов, Қазан шеңберіндегі қалың жұрт қазақ атана бастаған. Қазақтар туралы арнайы қалам тартқан, әсіресеі XIV ғасырдың авторы Ибн Рузбехан Исфаһани еді.

Бұл деректер "қазақ" деген халық бұрын болмаған түркілер мен монғолдардың арасынан шыққан, өткен-кеткеен жоқ балаң халық деген, құлаққа әбден сіңісті ұғымдьі өзгертеді және көне заманнан қалыптасқан халық екенімізгеі дәлел болады.

Шамамен алғанда, XIV ғ. 50—60-жыддары Ак. Орданы мекендеген тайпалар дәстүрлі "қыпшақтар" деген атының орнына "өзбектер" деп жиі атала бастады. Ибн Рузбехан Исфаһани өзбектерге үш халықты, анығын айтқанда, саяси бағдарына кдрай бөлінген тайпалардың үш тобын жатқызды: олардың біріншісі "шайбандықтар" деп аталады, бұл қыпшақ тайпала-рының немесе оның бөлімшелерінің Мұхаммед Шайбаниге бағынған бір тармағы, екіншісі "қазақ" деп аталды, бұл Еділден Сырдарияға дейінгі ұлан-байтақ далада көшіп-қонып жүрген, алғашқы қазақ хандарының қол астындағылар, үшіншісі "маңғыт" деп аталды, бұл топ Ноғай ордасының бір бөлігін қамтиды.

Қазақ хандығының құрылуына байланысты, жинақгаушы этникалық-саяси ұғым өзгерді. Қалыптасқан халықты дерек-темелерде "өзбек-қазақ", кейін "қазақ" деп атай бастады. Өзбек ұғымы Мұхаммед Шайбанидің бастауымен Орта Азия жер аумағына ауысқан тайпалар бірлестігінің этнониміне айналды"1.

Сонымен, "қазақ" сөзінің, қазақ ұлтының қазақ хандығы құрылғаннан көп бұрын белгілі болғанын көреміз. Қазақ аты көне дәуірде-ақ алыс-жақын іргелес жұрттарға танымал бол-ғаны ақиқат. Қазақ хандығы өз есімін аспаннан алған жоқ, со-лардан алды, ол туралы деректемелердегі фактілер де жетерлік.



§2. ҚАЗАҚ ХАҢДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

XV ғасырдың ортасында қазақ хандығының құрылуына себеп болған маңызды тарихи оқиғаның мән-жайы мынадай болатын.

Тарихтан белгілі, Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін төрт ұлына бөліп берді (Жошы, Шағатай, Үгедей, Толы). ХІ ғасырдың екінші жартысында Жошынын үлкен ұлы Орда Еженнің жері Ақ Орда екі аймаққа: батыс және шығысқі бөлінді. Шығыс аймаққа Қазақстанның оңтүстік, орталыі және солтүстік шығыс бөлігі енді1. Бұл хандықты бұрын Орьн ханнан бастап Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ханға2 дейіь Орда-Ежен ұрпағы билеген еді. Орталығы Сыр өзені өніріндегі Сығанақ қаласы болды.

Ал Батыс өңірге Аралдың солтүстігі, Еділ (Волга) өзенінс дейінгі жерлер кірді. Ол жерде Әбілқайыр хандығы мен Ноғай хандығы, кейіннен одағы құрылды.

Әбілқайыр хан Барақ хан ұрпақтарьшың ішкі кырқыстарын пайдаланып, 1428 жылы Ақ Орданың шығыс бөлігіне өз үстемдігін орнатш. 1446 жылы Әбілқайыр хан өз астанасын Сыр өңіріндегі Сығанақ қаласына көшірді. Мемлекет Өзбеқ ұлысы деп аталды. Шайбандық Әбілқайырды жақтаушы сұлтандардыц Сыр еңіріне көшіп келуі Орда-Ежендік сұлтандарға өте ауыр болды. Ең жақсы жайылымдар мен қыстаулардан айрылу Орда-Ежен сұлтандары үшін көп қиыншылыққа ұшырау болды.

Сонан соң Керей мен Жәнібек сұлтан Әбілқайыр ханға ба-ғыну мен мойынсұну шегінен шығып, Отанынан кетіп қалуды жөн көрді.

Әбілқайырдың 1456-57 жылдары қалмақтардан ойсырай жеңілуіне байланысты күшейе түскен бұқара халық наразы-лығын Әбілкайыр ханның дұшпандары - Шыңғыс әулетінен шыққан сұлтандар, Ақ Орда билеушілері Орыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары - Жәнібек пен Керей шебер пайдаланды. Олар қазақ халқының жеке мемлекетін құру, саяси және мәдени-экономикалық тәуелсіздік алу жолындағы талабын өз қимылдарына арқау етті. Ол туралы "Таварих-и-гузида-и-Нусрат-намада"2 ("Жеңістер кітабының тандаулы тарихы"): "Сол заманда дұшпандық Әбілқайыр ханның жұртында пай-да болды, Бұл жаулардың есімдері: Қажы Мұхаммед-Тархан-ның ұлы Санидек және Қажы Мұхаммед ханның немересі, Махмұдек ханның ұлы Ибақ, Барақ ханның ұлдары Жәнібек пен Керей", - дейді.

Керей мен Жөнібек сұлтандар өздеріне қараған қолмен Әбілқайыр хандығынан бөлініп, 1456 жылы Моғолстанға көшіп кёлді. Моғолстан халқының көпшілігі ежелден осы өңірді мекендеген түркі тілдес тайпалар, олардың ішінде жергілікті түркі тілдес халықтарға сіңіп, түркіленіп кет-кен монғол тайпалары да болды. Шын мәнісінде, Моғол-станның негізгі халқы қазіргі қазақтар еді. Моғолстанның алғашқы ханы - Тұғлық Темірдің моғолдарға ислам дінін таратып, қалыптастыруға көп күш салуы оның беделін арт-тырып, үстемдігін нығайта түсті. Тұғлық Темір 1348 жылы 18 жасында хан тағына отырды, 22 жасында мұсылман болды.

Моғолстаң шекарасы мырза Хайдардың (Мұхаммед Хай-дар Дулати) "Тарих-и-рашиди" атты кітабында былай баянда-лады: "Қазір Моғолстан деп аталатын жер аумағының ені мен ұзындығы 7—8 айға созылатын жолды көрсетеді. Моғолстан-ның шығыс шеті қалмақтар жеріне кіріп жатыр, ол өзіне Ба-рыс көл, Еміл, Ертісті қосып алады. Солтүстігінде Көкше теңізбен (Балқаш көлі), Бом, Қараталмен, батысында Түркістан жөне Ташкентпен, оңтүстігінде Ферғана, Қашқар, Ақсу, Шалыш және Турфанмен шектеседі". Яғни сол кездегі Моғолстанға қазіргі Оңтүстік-шығыс және Оңтүстік Қазақ-стан жер аумағы кірген. ,

Одан өрі қарай Хайдар былай жалғастырады: "Моғолстан-да үлкен өзендер көп, үлкендігі Джейхунға (Әмудария) ұқсайды. Олардың ішінде Іле, Еміл, Ертіс, Шұйлық және На-рын бар. Бұл өзендер Сырдариядан кем түспейді. Бұл өзевдердің көп бөлігі Көкше теңізге (Балқаш) құяды, ол Моғолстан мен Өзбек ұлысынын ортасын бөліп тұрады. Бұл мемлекет Шағатай ұлысының бір бөлігі еді, ал екінші бөлігінде Мауераннаһр - Иран мемлекеті жағынан қарағанда Әмудария мен Сырдария арасындағы ел өмір сүріп жатты.

Моғолстанның құрамына Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан облыстары және Орта Азияның кейбір облыстары кірді. Орта ғасырлық авторлардың тарихи деректемелерінде, Моғолстан өзінің құрылу кезендеріне қарай "моғол" атты эт-никалық-саяси біртұтастыққа енудін ұзақ араласу және сіңісу процесінен өткен жергілікті түркі және түркіленген монғол тайпаларының мемлекеттік-саяси бірлестігі болып көрінеді. Оған кіретін тайпалар: дулат, албан, суан, қаңлы, керей, ар-ғын, барлас т.б. Моғолстан ордасының орныққан орталығы Ал-малық қаласы болды. Моғолстан бұрынғы Шағатай ұлысының және Жошының оңтүстік-шығыстағы әскерлеріне толық билік жүргізді.

Керей мен Жәнібекті жергілікті ру-тайпа көсемдері қолдай бастаған секілді. Өйткені, 1428 жылы Әбілқайырдың хандыққа отыруына Дешті Қыпшақтың 71 ру-тайпа басшысы "дауыс" берсе, 1457 жылы Сығанақ түбіндегі қалмақтармен соғысқа түсу үшін хан жарлығымен небәрі 17 тайпадан ғана жасақ жи-налады.

Ал Әбілқайырды тастап, көшіп келген Керей мен Жәнібекті Моғолстан ханы Есен-Бұқа хан аса құрметпен қабылдап, өз иелігінің батыс жағынан Шу бойы мен Қозы-басы өңірін бөліп береді. Есен-Бұқаның Керей мен Жәнібекті бұлайша қарсы алуының да өзіндік себебі бар еді. Бұл кезде ол ағасы Жүніспен1 соғысып жатқан. Осындай сындарлы шақта Керей мен Жәнібектің Моғолстанға келуі Есен-Бұқа ханға көктен түскен жақсылықтай көрінді. Бұлардың бөлініп келуі, біріншіден, ағасы Жүністі қолдап отырған Әбілқайыр ханның күшін азайтса, екіншіден, Керей мен Жәнібек сұлтандардың соңынан ерген батыр жауынгерлерін Жүніске және сол кезде Моғолстанға қысым жасай бастаған ойраттарға қарсы нақты тойтарыс берер әскери күш ретінде пайдалануға мүмкіндік туғызды. Сөйтіп, Есен-Бүқа ханның иелігі мен Жүніс ханның иелігі арасын-дағы жерден үлес алған Керей мен Жәнібек осында өз хан-дықтарын құрды. Осы бір қилы кезеңді тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-ир-Рашиди" атты еңбегінде былай көрсетеді: "Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде, Жәнібек пен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есен-Бұқа хан оларды қүшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілқайыр хан дүние салды. Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханның қол астына көшіп кетгі. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды "өзбектер, қазақтар" деп атады. Керей хан мен Жәнібек хан 1465—1466 жылдары билік жүргізе бастады".

Қазақтың хандары Керей хан мен Жәнібек хан құрған мемлекет туралы Мұхаммед Хайдар Дулати ары қарай былай баяндайды: "Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін Өзбек ұлысында өзара қырқыс басталды. Мүмкіндігі болғанның бәрі қауіп-қатерсіз және тыныш өмір іздеп^ Керей мен Жәнібек ханға кете берді. Осының нәтижесінде, олар едәуір күшейіп алды".

Қазақ хандығының алдына үш үлкен тарихи міндет қойылды:

1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапыран ар-қылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді.

2. Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орнаған^ Сырдария жағасыңдағы Сығанақ, Созақ, Оты-рар, Яссы (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Бұлар осы өңірдегі саяси-экономикалық және әскери-стратегиялық база болатын.

3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық жер аумағын біріктіру, бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі бодды.

Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің: Ақ Орданың, Әбілқайыр хандығының саяси-өкімшілік, сауда-экономикалық және соғыс-стратегиялық орталықтары еді. Сондықтан бұл қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді. Сырдария бойындағы егіншілігі, қолөнері өркендеген қалалы аудандармен сауда-саттык, жасауға тек қаланың әкімдері ғана емес, Дешті Қыпшақтың шаруалары да ділгір болып отыр еді.

Алғашқыда Қазақ хандығы Батыс Жетісу жеріне (Шу мен Талас өзендерінің алабына) орналасты. Міне, тап осы жер аумағына қатысты деректемелерде "қазақ" деген атау қолда-нылды. Қазақ хандығы Дешті Қыпшақтан келгендермен бірге, жергілікті рулар мен тайпаларды да біріктірді. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпаларының Жәнібек пен Керейдің қол астына келуі 1462 жылы Моғолстан ханы Есен-Бұқа өлгеннен кейін және осы мемлекеттегі феодалдык ала ауыздықтардың күшеюіне байланысты жиілей түсті. Әбілқайыр ханнын қарамағынан көшіп келіп жатқан қазақ рулары қазақ хандығын нығайта түсті. Соғыс қуатын артты-рып, Жетісуда сенімді тыл жасап алған Жәнібек пен Керей хан 1468 жылы Әбілқайыр өлгеннен кейін Шығыс Дешті Қыпшақты билеу үшін Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға карсы күрес бастады.

Осы күрестің нәтижесінде, XV ғасырдың 70-жылдарын-да, жаңа мемлекет шекарасы бірте-бірте кеңейе берді. Хан-дық құрамына барған сайын этникалық жаңа топтар (қып-шақтар, наймандар, қаңлылар, керейттер т.б.) қосылумен болды.

Қазақ хандарының даланың көшпелі тайпаларын билеу, қазақтардың этникалық жер аумағын біріктіру жолындағы Әбілқайыр ұрпақтары Хайдар ханмен, Мұхаммед Шайбани ханмен1 күресі Сырдария бойывдағы қалаларды (Отырар, Сау-ран, Сығанақ, Түркістан және т.б.) басып алу күресіне ұласты. Қарсыластар бұл қалаларды (Қазақ хандары мен Шайбани әулетінен басқа, бұл қалаларға Темір әулеті, Моғол хандары — Жүніс пен Махмұд сұлтан да көз тікті) Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресте өздерінің экономикалық және со-ғыс тірегіне айналдырмақ болды. Дала әкімдері үшін Сырда-рия бойындағы қалалар ауданының маңызы зор еді. Бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктер - Ақ Орданың, Әбілқайырдың, Өзбек хандығының саяси-өкімшілік және сау-да-экономикалық орталықгары осында бодды.

Сонымен, XV ғасырдың ортасында Әбілқайыр хан өлгеннен кейін, оныңқол астындағы көшпелі тайпалар бірлестігі ыды-рап, "Қазақ", "Өзбек" хандығы болып өкіге бөлінді. Қазақ хан-дығы бұрынғы Жошы ұлысының батысы мен шығыс елкесін (Ақ Орда жерін) тегіс мирас етіп, Жайық пен Ертіс, Тюмень мен Сырдария арасын қоныстанды. XV ғ. соңы мен XVI ғ. ба-сында бұларға Моғолстан өлкесін мекеңцеген ұлы орда қазақ-тары (үйсіндер) қосылды. Қазақ хандығының белгілі жері бо-лумен бірге, оның барлық халқы бір тілде сөйледі, шаруашылығы, тұрмыс-салты өзара ұқсас, етене жақын болды. XV ғасырдан XVI ғасырдың бас кезіне дейін бұлар бірде өзбек, бірде қазақ атанып жүргенімен, XV ғасырдың 50- жылдарынан былай қарай, "қазақ" деген этникалық атау түпкілікті айқында-ла бастады.

Қазақ хандығының құрамына Қазақ хандығы құрылудан бұрынғы 4 хандықтағы - Әбілқайыр хандығындағы, Моғолстан хандығындағы, Ноғай хандығындағы және Сібір ханды-ғына қараған көпшілік қазақ тайпалары енді, Қазақ хандығында бас қосты.

Сонымен, жеке Қазак хандығының тарихы XV ғасырдың екінші жартысынан басталды. Оның құрылуының тарихы 1456 және 1468 жылдардағы Өзбек ұлысының бір бөлігінің бағынбаған сұлтандары Орыс ханның2 ұрпақтарының бастауымен (көшуімен) Моғолстанның шекарасына көшуімен және "Көшпелі езбектер" деп аталатын мем-лекеттің 1468 жылы Әбілқайыр хан өлімінен кейінгі құл-дырауымен байланысты.

Қазақ хандыган құру жолында Керей мен Жәнібек - екі ханның атқарған істерін бөле-жара айту мүмкін емес. Хавдық-тың құрылу кезеңіне қатысты аз ғана дерек мәліметтерде екі ханды үнемі бірге айтады.

Қазақ хандығының құрылуын шартты түрде екі кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезеңге Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр ханнан бөлініп, Моғолстанға келуі және 1468 жылға, яғни Әбілқайыр хан қайтыс болғанға дейінгі хандық кұрып тұруы жатады. Бұл кезеңце Қазақ хандығы толық, дербес хандық емес еді. Моғолстанның батысына орналасып, оның батыстағы "қорғаны" рөлін атқарды. Хандықтың халқы "өзбек-қазақ" этнонимімен аталынды. Әбілқайырға наразы-лар есебінен хандыктың халқы өсе түсті.

Бірінші кезең ішінде хандықтың мемлекеттік тұрғыдан нығаюына әсер еткен оқиғаға Есен-Бұқа ханның қайтыс бо-луы және оның орнына ағасы Жүніс ханның келуі жатты. 1458 жылдан 1462 жылға дейін Қазақ хандығы арқасында Есен-Бұқа хан билігіне Жүніс те, басқа біреу де қауіп төндіре алмаған еді. Ал 1462 жылдан бастап жаңа хан Жүніс пен казақ хандары арасында жақсы қарым-қатынас орнайды.

Екінші кезеңге 1469-1472 жылдар жатады. Егер бірінші ке-зең жылдары Керей мен Жәнібек хандар бірге айтылса, екінші кезең деректерінде тек Жәнібек хан есімі кездеседі. Б.Кәрібаевтың жариялаған тарихи зерттеулеріне қарағанда, Керей хан он жылдай билік құрып, Хантауда жерленген. Ке-рейден соң хандыққа Жәнібектің келуі ата дәстүріне сай жүзеге асады. Дәстүр бойынша, Х-ХІІІ ғасырларда қыпшақ-тарда хандық билік әкеден балаға емес, өкеден ініге, не неме-ре туысқанға қалып отырған. Жергілікті тайпалардың бұл дәстүрі XV ғасырда да өз жалғасын табады. Фазлаллах ибн Рузбехан өз еңбегінде "Керейден соң хандықта бірнеше адам болды, сосын кезек Бұрындық ханға тиді", - деп жазса, "Та-рихи Кипчак ханы" еңбегінің авторы 1469—1470 жылдары казақ ханы Жәнібек деп көрсетеді.

§3. ҚАЗАҚ ХАНДАРЫНЫҢ ӘСКЕРИ ЖОРЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЬЩ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІН НЫҒАЙТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Қазақ хандығы ұлан-байтақ жерді қамтыған феодалдық мем-лекет болды. Баскару жүйесінде, әкімшілік бөліктерін айыруда көшпелі қазақ қоғамында бұрыннан қалыптасқан ру-тайпалык тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты түтін — бір ауыл, жеті атадан тараған туыстығы жақын бірнеше ауыл бір ата (аймақ) болып есептелді. 13-15 атадан қосылатын ай-мақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құралды. Жалпы, қазақ қауымы үш ордаға бөлінді. Үш орданың қазағы Қазақ хандығына бағынды. Үш орданы билеген қазақ ханы Ұлы хан болды. Ол Қазақ хандығының азаматтық, өскери, әкімшілік және сот құқығын қолына ұстаған жеке дара билеуші атанды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, тайпаларды би-лер, руларды ру-басылары, аталарды (аймактарды) ақсақалдар, ауылдарды ауыл ағалары басқарды. Бұл жеті сатылы басқару жүйесі көшпелі қазақ қоғамында тым ертеден келе жатқан тәртіп болатын.

XVI ғасырда өмір сүрген тарихшы Рузбехан Исфаһанидің деректеріне қарағанда, казак хандығында он ұлыс болған, әр ұлыстың жан саны — жүз мың адам. Бұл Мұхаммед Хайдар Ду-латидың қазақ хандығынын жан саны бір млн. адам деген дерегіне сай келеді. Ұлыстарды хан тұқымынан шыққан сұлтандар басқарды.

Хандар мұрагерлік жолымен қойылды: хан өлсе, орнына аға-інілері не ер жеткен баласы отырды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа шон-жарлары өкілдерінің жиналысындағы "хан көтеру" деп атала-тын сайлаудан өтуге тиісті болды. Олар оны хан болуға лайық деп ұйғарып, дәстүр бойынша ақ киізге отырғызып, хан көте-ру салты сақталды. Хан етіп тағайындайтын сұлтанның руы-ның ең беделді адамдары болашақ хан отырған ақ киіздің жан-жаганан ұстай көтеріп, үш рет "Хан! Хан! Хан!" деп айғ-айлаған. Хан отырған киіз шөпке тиген кезде, оны жүгіріп жеткен топ көтеріп алып, киізге қайта түсіреді. Сонан соң тақ сияқты болған киізді қырык бөлікке бөліп жыртады. Әрбір адам өзінің хан тағайындау мерекесіне қатысқанының белгісі ретінде естелікке жыртып алып кетуге тырысатын. Бұл ғұрып мерекемен басталып, көп күндік базарлы тойға ұласатын.

Орта ғасыр деректерінде қоғамдағы хандық билік жалпы былай сипатталады: хан өзінің кол астындағыларына "анасы-ның балаларына" қарағанындай қарауы тиіс, ал қол астында-ғылар ханды "өз әкесі" ретінде көруі керек және оған шын ниетімен берілуі тиіс. Ханда бұл саладағы құқықтар мен қызметтердің кем дегенде бесеуі бодды:

1. ан үстем рудың басшысы жөне бар қазақ тайпалары-ньщ жоғары қолбасшысы ретінде хандыктың бар жер аума-ғыңда билік жүргізе алды: едді сыртқы жаулардан қорғау — онын негізгі қызметі мен басты міндеті болғандықтан, ұлысқа кіретін барлық жерге билік жүргізуге құқыкты болды.

2. Жоғарғы қолбасшылық қызметі бойынша, ханға соғыс ашу мен бейбітшілікті жариялау құқығы берілді.

3. Мемлекеттің сыртқы саяси істерін анықтау қызметінің нәтижесі ретінде ханның шетелдік мемлекеттермен келіссөз жүргізу құқығы болды.

4. Оның жоғарғы сот қызметінің нәтижесі болып табылатын — бағыныштысын өлтіруге не қалдыруға құқығы болды. Бұл хан қызметі мен құқығы "Жеті Жарғыда" анық бекітілген.

5. Оған өмір сүріп отырған қоғамның құрылысы мен тәртібін сақтау қызметінін нәтижесі болып табылатын -қоғамның барлық мүшесіне міндетті бұйрықтар мен заңдар шығару құқығы берілді1.

Енді XV—XVI ғасырларда Қазақ хандығы тарихында хан-дықтың құрылуы мен күшеюіне тікелей араласып, өз үлесін қосқан жөне жоғарғы қолбасшы ретінде елді сыртқы жаулар-дан қорғауда нөтижелі соғыс жүргізген хандарға жеке-жеке тоқталайық. Олар хандықтың батысында ноғай мырзалары-мен, оңтүстігінде шайбанилық сұлтандармем ұзаққа созылған күресті бастан кешіреді. Солардың ішінде Керей мен Жәнібек, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тәуекел хандар ха-лыққа кең танымал болды. Олардай болмаса да, Мамаш, Та-қыр, Бұйдаш, Тоғым, Шығай хандар есімі де бізге жақсы таныс. Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі алғашқы саяси даму кезеңі тікелей осы хандардың есімімен байланысты.

Қазақ хандары елді сыртқы жаулардан қорғауда, әскери күш-қуатты негізінен дипломатиялық келісіммен нығайтуға ұмтылды. Бірінші хан хандық билікке шамамен 1465—66 жыл-дары отырған.

Жәнібек ханның билігі 6-7 жылға созыдды. Оның тұсын-да хандық тарихында үлкен маңызға ие бірнеше оқиға болды. Біріншісі - 1469 жылғы Әбілқайыр ханның Қазақ хандығына жасаған жорығы сәтсіз аяқталып, ханның өзі қайтыс болды. Бұл жағдай "көшпелі өзбектер" мемлекетінің толық күйреуінің басталуын тездетті. Екіншісі — Дешті Қыпшақта шайбанилық әулет билігінің жойылуы. Шайбанилар әулетінің билігі өздігінен жойылмады, оны жойды. Жойған-дардың ішінде Сібір хандығы, ноғай мырзалары, Алтын Орда хандығы, Хорезм хандығы және Жәнібек хан басқарған Қазақ хандығы болды. Жәнібек ханның атқарған тарихи рөлі осы жерде көрінді.

Кезінде Керей ханның айтқан "аллатағала сәтін салған күні батысқа - Түркістанға жол жүруіміз керек" деген өсиетін іске асырып, Жәнібек хан Қазақ хандығының билігін Дешті Қыпшаққа толық жүргізе бастады. Бұл кез — 1472-1473 жылдар болатын, яғни Қазақ хандығының толық, дербес, жеке ел ретінде өмір сүре бастаған жылдары.

Жәнібек ханның "Әз" деп аталуы осы тұстарда болса керек. Дешті Қыпшақ тайпаларының Кдзақ хандығы билігін мойын-дауы Жәнібек ханның ақылмен жүргізген байсалды, ең басты-сы жергілікті халықтың ата дәстүріне сәйкес келетін ішкі сая-саты нәтижесінде болса керек. Жүргізген саясаты халық көңілінен шығып, халық мүддесіне сай келсе, ханның есімі ха-лық есінде сақталып, жақсы жатталады. Жәнібек ханның Әз Жәнібек атанып, жарты мың жыл бойы қазақ халқының сана-сывда орын алуы соған дәлел1.

Сыр өңірі үшін болған күрес жылдары Қазақ хандығын Бұрындық хан билеп тұрады. Жәнібек ханның қашан қайтыс болып, Бұрындықтың қай жылдардан бастап билік құра бас-тағаны бізге белгісіз. Т.И.Сұлтановтың пікірі бойынша, Бұрындық хан 1473-1474 жылдардан бастап билік құра баста-ған.



Бұрындық ханныц Сыр өңіріне жасаған әскери жорықтары

Шайх-Хайдарға қарсы Қазақ хандығы тарапынан күресті басқарушы Жәнібек хан болса, ал оны іске асырушы Бұрын-дық болған. Бұл жөнінде дерек мәліметі: "Жөнібек хан адам-дары ішінен Бұрындық хан ез ұлысын жиып, Әбілқайыр хан ұлдарына тарпа бас салды. Олардың қарсыласуға күштері келмей, жан-жаққа бытырай қашты. Бұрындық кейін қайтқан соң, олар қайта жиналып бас қосты"2, - деп баяндайды. Де-рек мөліметінен көріп отырғанымыздай, Бұрындық Жәнібек хан тапсырмасын орындаушы, жорықтың мақсаты — Дешті Қыпшақтағы шайбанилық сұлтандарды жою болған. Жорық біршама сәтті аяқталғанымен, негізгі түпкі максат орындал-маған секілді. Бұрындықтың кейін оралуымен, бас сауғалап қашқан Әбілқайыр ұлдары қайта жиналады. Соған қарамастан, Бұрындықтың бұл жорығы оны тарихта қалдырады. Сөйтіп, ол Қазақ хандығының құрылу кезеңіне, әсіресе оның екінші кезеңінде өз үлесін қосады.

Бұрындық ханның қазақ тарихында аты жарқырап көрінген тұсы — XV ғасырдың 70—90-жылдары болды. Бұл жылдар Қазақ хандығы үшін күшею, нығаю және қазақ халқ-ының этникалық жер аумағын біріктіру жолындағы күрес дәуірі еді. Дәуірдегі ең басты оқиғаға көрсетілген жылдар ішіндегі Қазақ хандығының Сыр өңірі үшін мауреннаһрлық билеушілермен, шайбанилык, сұлтандармен және Моғолстан хандарымен жүргізген ұрыстары жатты. Осы ұрыстарда тарих сахнасына қазақ хандарының екінші буыны - Бүрындық, Қасым хандар шығып, қазак. мемлекеттілігінін одан әрі күшейіп, нығаюына өз үлестерін қосады.

Қыс мезгіліне қарамастан, Бұрындық хан бастаған қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбани хан бекінген Сығанақ, Сауран және Созақ өңірлерінде ұрысқа түседі. Бірнеше рет болған ұрыстарда жеңілген Шайбани хан қашуға мәжбүр болады. Аймақтың басқа да өңірлерінен айрылу қаупін сезген аймақ-тың әкімі Мұхаммед Мазид-Тархан Шайбани ханды Самар-қанға кетуге көндірді. Осылайша күрестің алғашқы кезеңі Қазақ хандығы үшін сәтті басталып, аймақтың солтүстік өңірлері Қазақ хандығына өтеді. Орны келгенде айта кету ке-рек, бүкіл хандықты Бұрындық басқарып, алғашқы жеңістерге қол жеткізілсе де, деректерде атап өтілгендей, Жәнібек хан ұлдары Қасым, Жиренше, Махмұд сұлтандар ерекше көзге түседі. Бұл ұрыстар, шамамен алғанда, 1470 жылдардың ортасында өтеді.

Ал XV ғасырдың 80-жылдарында Шайбани хан Мауеран-наһр билеушілеріне арқа сүйеп, аймаққа тағы да еніп, солтүстік өңірді басып алады. Бұрындық хан және Жәнібек хан ұлдарының қарсы қолданған әрекеттері нәтижесінде, Әбілқайыр ханның немересі Түркістан аймағынан кетуге мәжбүр болды. Ал Қазақ хандығы болса, аймақтың солтүстік өңірін қорғап кана қоймай, аймақтың орталық және оңтүстік өңірлерінде өз ықпалын күшейте бастайды. Негізінен, аймақ-та Жәнібек ханның тоғыз ұлының ықпалы еседі. Олардың ұлыстары кеңейіп, қалалар мен жақсы қысқы жайылымдар солардың иелігіне көшеді1.

XV ғасырдың 80-90-жылдары Мауераннаһрда феодалдық бытыраңқылықтың онан әрі терендеуі Қазақ хандығына өте тиімді бодды. Қазақтардың аймақта күшеюіне енді Моғолстан қарсылық білдіре бастайды. Моғол ханы Сұлтан Махмут хан тікелей ашық соғысқа бара алмай, ол да Шайбани ханды қазақтарға қарсы көтереді. Сұлтан Махмут хан Мауераннаһр-дан аймақтың бір бөлігін тартып алып, онда Шайбани ханды билеуші етіп қояды. Деректерде Моғол ханының бұл ісіне қарсы Қазақ хандығы наразылық білдіреді, осыған байланыс-ты, екі жақ арасында екі рет ұрыс болады, екеуінде де қазақ-тар жеңіске жетті деп жазады. Осы кездердегі сыртқы саясат-тағы жеңістердің барлығында да Бұрындық ханның үлесі өте зор. Оның беделінін, жеке атақ-даңқының әбден өскен кезі де осы тұс.

XV ғасырдың 90-жылдарында Бұрындық хан мен Жәнібек хан ұлдары арасында қайшылықтар туа бастайды. Біздін ойымызша, қайшылықтың негізінде Сыр өңірінде Жәнібек хан ұлдарының ықпалының өсуі мен нығаюы жатыр. Ішкі саяси өмірдегі осы қайшылық сыртқьі саясатқа да өз салқындығын тигізді. Сол себепті де 1493-1496 жылдары Түркістан аймағы үшін болған ұрыстар қиын да ауыр әрі ұзақ болады. Шайбани хан бірде моғол ханы жағына, бірде мауераннаһрлық билеушілер жағына шығып, өз бағытын өзгертіп отырады. Тіпті ол негізгі қарсыласы Бұрындық ханмен де жақындасуға ұмтылады. Жөнібек хан ұлдарымен арадағы қайшылықтың одан өрі шиеленісуі Бұрындыкты Шайбани ханмен одақтас еткізеді. Сөйтіп, 1496 жылы уш жылға созылған ұзақ ұрыстардан соң, соғысушы жақтар келісімге келеді. Келісімнің корытындысы бойынша, Түркістан аймағы үщке бөлініп, оның солтүстігіңце Қазақ хандығы, оңтүстігінде Моғолстан, орталығында Шайбани хан билік жүргізуге тиіс болады.

Сонымен бірге, Бұрындық хан Шайбани хан екеуі арасындағы одақтастықты тереңдету үшін екі қызын шайбанилық екі сұлтанға ұзатады. Мұндай одақтастыққа қарсы Жәнібек хан ұлдары Моғолстан ханымен жақындасып, қарсы одақ құрады. Қасым сұлтанның ағасы Әдік сұлтан Моғол ханының қарындасына үйленеді. Осылайша қазақ коғамындағы хандық әулет ішінде бір-біріне қарама-қарсы күштер қалыптасады. Көріп отырғанымыздай, Бұрындық хан тұсында, XV ғасыр соңында, Қазақ хандығындағы саяси күштер екіге бөлініп, ол хандық-тың сыртқы саяси жағдайына әсерін тигізеді.-Бірақ қалыптас-қан жағдай Бұрындыққа абырой әкелмеді. Хан ретінде мемлекеттегі барлық саяси күштердің басын қосудың орны-на, керісінше олардың бір-біріне карсы тұруына жағдай ту-дырды, ол күштердің бірінде өзі болуы — оның беделінің құлдырауының басы болды. Бұрындық хан өмірінің қайғылы жағы да осында еді.

XVI ғасырдың алғашқы он жылдығында Бұрындық хан өміріне түбегейлі бетбұрыс әкелген күрделі, ірі оқиғалар бо-лып өтті. Ол оқиға тағы да Мүхаммед Шайбани хан есімімен байланысты еді. 1500 жылдың жазында Самарқан тағына кел-ген шайбанилық сұлтан айналасы 3—4 жыл ішінде бүкіл Мау-ераннаһрды біріктіріп, Моғолстанның қол астындағы Ташкентті моғол ханынан тартып алды. Моғол хандары Сұлтан Махмут пен Сұлтан Ахмет хандар қолға түсіріледі, бірақ Шайбани хан оларды босатып жібереді. Әбден күшей-ген Мұхаммед Шайбани хан 1505 жылдан 1510 жылға дейін Қазақ хандығына қарсы төрт рет жорық ұйымдастырады. Жо-рықтардың алдына қойған саяси және экономикалық мақсат-тарына: Қазақ хандығын бағындыру не әлсірету және Түркістан аймағын Мауераннаһрға қосу жатты. Бұрындық хан дәл осы жорықтар кезінде үлкен қателіктер жіберді деп есептейміз. Оған дәлеліміз мынадай: алғашқы үш жорық кезінде Бұрындық хан жауға қарсы ешқандай шара қолдан-байды. Шайбани хан Жәнібек ханның ұлдары Жаныштың, Тыныштың ұлыстарын ойрандап, мындаған мал-жанды олжа-лайды. Тіпті, 1509 жылдың қысында болған үшінші жорық кезінде, Бұрындық хан, өз ұлысына қарай жау әскерінің келе жатқанынан хабардар болып, ешқаңдай қарсылық көрсетпей, қашуға мәжбүр болады. Бұрындық ханның шарасыздық ісін оның әдейі жасаған жоспарлы ойы деп түсінеміз. Жәнібек хан үлдары неғұрлым әлсіресе, соғұрлым оның күші өсуі тиіс еді, Бірақ бәрі керісінше шықты.

1510 жылдың қысында жау тағы да қазақтарға жорық жа-сайды. Бұл жолғы жорық мақсаты Қасым сұлтан ұлысына қарсы бағытталады. Қасым ресми хан болмаса да, осы жыдда-ры оның беделі Бұрындық ханнан да күшті еді. Ол жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" еңбегінде былай деп жазады: "...Бұл кезде Бұрындықхан болып саналғанымен, хандықты басқару және толық билік Қасым ханның қолында болды.

Осы жорығында Шайбани хан Қасым ханнан тас-талқан болып жеңілді. Ал Қасым ханның жеңісі Дешті Қыпшаққа түгел тарап, оның атағын өсіреді.

Қасым ханның осы жеңісінен кейін Бұрындықтың тағды-ры өте қайғылы жағдайда өтеді. Ол жөнінде тағы да Мұхам-мед Хайдар Дулати: "...Қасым ханның атақ-абыройының өскендігі сонша, ол Бұрындық ханды қуып жіберді", - деп баяндайды. Бұл, шамамен алғанда, 1510 жылдың соңында не-месе 1511 жылдың басында болған.

Осылайша, Қазақ хандығының құрылуы кезінде белсене араласып, одан кейінгі кезендерде хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқан Бұрындық хан XVI ғасырдың алғашқы жылда-рында үлкен мемлекеттік дәрежеде көрегендік көрсете ал-майды. Елдік мүддеден жеке, тар мүддеге көшу оның беделін түсіртті, атак-абыройын жоғалтты. Бұрындық ханның тағды-ры — әркімге де тарихи сабақ бола алады.
Қасым ханныц Шайбани ханмен соғыстары және оныц қорытындысы

XV ғасырдың 70-жылдарынан бастап, Қазақ хандығының тарихында жаңа кезең басталды. Саяси тарих тұрғысынан қарасак, бұл кезең - Қазақ хандығының күшеюімен, нығаю-ымен, ал этникалық тарих түрғысынан — қазақ халқының эт-никалық, ұлттық жер аумағының біріктірілуінің басталуымен сипатталады. Мұндағы ең басты оқиға Қазақ хандығының Сырдарияның орта ағысы бойындағы қалалар мен далаларды қайтару үшін Мауераннаһр билеушілерімен жүргізген күресі болды. Бұл күрес 1470 жылдардан 1598 жылға дейін созылды. Бір ғасырдан астам уақытқа созылған күрестің бірнеше кезеңі бар. Алғашқы кезең 1470—1520 жылдар аралығында өтті. Міне, осы кезенде Қасым хан өзін ірі қолбасшы, әрі ірі мем-лекет басшысы ретінде көрсетіп, замандастарының жазбала-рында ұлы тұлға түрінде көрініс табады. Мұны сол кездегі та-рихшылар да аңғарған. Мысалы, Мұхаммед Хайдар Дулати: "Қасым ханның күшінің өскендігі соншалықіы, Бұрындық хан туралы ешкім де ойламады" және "хандыкты басқару мен ондағы бүкіл билікті өз колына алды", - деп жазады.

Шайбани ханның келесі жорықтарынан хабардар болған Қасым хан оған алдын ала әзірленеді. 1510 жылғы Шайбани ханның соңғы жорығында Қасым хан өз ордасын ішкері қарай, ¥лытау маңына қондырады. Және Ордада аз күш қал-дырып, негізгі күшін кейін шегіндіреді. Оңай жеңіске масат-танған жау қаннен-қаперсіз бірнеше күн бойы Ордада той-лайды. Осы тұста Қасым хан әскерлерін кдрсы шабуылға шы-ғарады. Қазақтардан мұндай қарсы әрекетті күтпеген жау әскері ешқандай қарсылық көрсете алмай, бас сауғалап, қашуға мәжбүр болады. Қазақтар жауын Ұлытаудан Сыр өңіріне дейін қуып, Сығанақ түбінде тас-талқан етеді. Шайба-ни хан әскерінің қалдықтары деректерде жазылғандай, қорыққанынан арттарына қарауға мұршасы келмей, Самарқа-нға дейін қашып кетеді1. Бұған дейін ешбір ж,еңілістің дәмін татпаған Шайбани хан әскері Қасым хан әскерінен 1510 жыл-дың қысы мен көктемінде осылай жеңіледі.

Орта Азия билеушісінің бұл жеңілісін сол тұстағы тарих-шы Балхи былай деп бағалайды: "Бір сөзбен айтқанда, Шай-бани ханның үлесіне ірі жеңіліс тиді. Өзінің ең шыркау биігіне жеткен оның билігі енді құлдырай бастады". Көріп отырғанымыздай, Қасым хан тек казақ елін құтқарып қана қойған жоқ, қарсыласы Шайбанидың белін үзіп, омыртқасын опырғандай соққы береді. Орны келгенде айта кетелік, Қасым ханнан жеңілген соң, Шайбани хан өшін айналасындағы сұлтандардан алып, олардың иеліктерінің бәрін өзгертеді. Өз кезегінде сұлтандар бұған наразы болып, іштей қарсылық білдіреді, бірақ бірден сыртка шығара алмайды. Сол жылы оның Бадахшанның таулы тайпаларына жасаған жорығы сәтсіз аяқталады. Күзде Мерв қаласында Иран шахы Ис-майыл шах әскерінің қоршауында қалғанда, оған жалғыз Сама-рқаннан келген Темір сұлтаннан басқа бірде-бір сұлтаннан көмек келмейді1. Сөйтіп, 1510 жылы күз айында ол қоршауда қаза табады, ал бірнеше жыл бойы Орта Азияны саяси бытыра-ңқылық жайлайды. Міне, Қасым ханнан жеңілген Мұхаммед Шайбани ханның және ол құрған мемлекеттің тағдыры осылай аякгалады.

Қасым ханның Шайбани ханды жеңуі оньщ рөлін онан әрі өсіреді, сонымен бірге ол билеген Қазақ хандығының халық-аралық жағдайы арта түседі. Жалпы алғанда, Шайбани хан жо-рықтарына қарсы күресі, оны талкандауы — Қасым ханның қазақ халқы алдывда сіңірген еңбегінің бірі.

Қазақ жұрты алдында беделінің жоғалғандығын көрген Бұрындық 1511 жылы Мауераннаһрға кетеді. Ешбір деректе жа-зылмаса да, осы жылдан бастап, Қасым ханның ресми хандық дәуірі басталды.

Қасым хан қазақ хандығында он жыл (1511—1521 жж.) отырды. Қазақ халқы үшін ол осы он жыл ішінде бірнеше хан ұрпағы атқаратын іс атқарып кетті. Ол хандық құрған жылдар ішінде қазақ елін, қазақ жұртын іргесіндегі көршіден бастап, алыстағы Еуропа елдеріне дейін танып білді.

Шайбани хан елгеннен кейін, 1510—1513 жж. Орта Азияда саяси бытыраңқылық белең алып, Сыр өңірінде оның ықпалы әлсірейді. Сондай-ақ Жетісу мен Шығыс Түркістанда бір жа-рым ғасырдан астам өмір сүрген Моғолстан мемлекеті ыды-райды. Қазақ хандығы ұшін қалыптасқан осындай қолайлы сәтгерді шебер пайдалана білген Қасым хан Жетісуда, толы-ғымен Сыр өңірінде Қазақ хандығының билігін орнатады. Мұнда бір ескертетін жай - бұл аталған аймақтар ешбір ұрыс-сыз қазақ халқының этникалық жер аумағына енеді. Себебі мұндағы тайпалар қазақ халқының этникалық құрамдарының бірі болатын.

Ал XVI ғасыр басындағы Қасым ханның билігі тұсында қазақ халқының этникалық жер аумағының қалыптасу үрдісінің Жетісу, Сыр өңірлерінде бейбіт өтуі бірнеше мән-жайды ашады. Біріншіден, этникалық процестің біртұтас этноаумақта жүруі этникалық компонентгердің этнопсихологи-ялық жағынан жақындасуын тездетеді. Сол себепті Жетісу мен Сыр өңіріндегі этникалық топтар, саяси кедергілер жо-йылғаннан кейін, өзінің негізгі этникалық ұйткысына қосылады. Екіншіден, мұндай күрделі үрдістің қырғын со-ғыссыз өтуіне өз заманының ұлы қайраткері — Қасым хан себепші болды. Жеке адамдардың тарихи кезеңдердегі та-рихи рөлін Қасым ханның атқарған қызметі арқылы түсінуге жөне түсіндіруге болады.

Қасым хан қазақ халқының жер аумаган қалыптастырумен қатар, оның қауіпсіздігін кдмтамасыз ету үшін де күщ салады. Оған дәлел — 1513 жылғы оның Ташкентке жорық жасауы болды. Осы жылдары Ташкенттің Қазақ хандығына өтуі бірнеше мәселені шешкен болар еді. Біріншіден, Ташкентті алу арқылы Сырдың орта ағысы бойындағы қалалар мен елді мекендердің бейбіт өмірін сақтау, хандықтың оңтүстік шека-расын қауіпсіздендіру және бір саяси кеңістіктегі Дешті Қыпшақ пен оңтүртігінде Сайрамға дейін Сыр өңірінің этни-калық тұтастығын қамтамасыз ету, дамыту болды. Екіншіден, дөл осындай мақсаттар Жетісуға да қатысты болды. Маурен-наһр тарапынан Жетісуға және Сыр өңіріне апаратын қысқа жөне төте жол — Ташкент арқылы өтеді, Сондықтан да қала-ның қазақтарға өтуінің әскери-стратегиялық маңызы болды. Үшінішіден, Қасым хан алдында саяси міндет -- 1513 жылдың басынан бастап қайта күшейе бастаған шайбанилық сұлтан-дардың күшін, Ташкент аймағындағы ыкпалын әлсірету бол-ды. Міне, осындай маңызды мақсаттар Қасым ханды Ташкентті алуға итермеледі. Жорықтың басталуына Сайрам қаласын өз еркімен Қасым ханға берген Қатта-бектің ұсыны-сы түрткі болды. Бірақ та Қасым ханның Ташкентке жасаған 1513 жылғы жорығы сәтсіз аяқталады. Кейін шегінген қазақ әскері Ташкенттің солтүстігіндегі қала Сайрамға келіп тоқ-тайды. Уақытша болса да, бұл қала әскери-стратегиялық ма-ңызға ие болды.

1513 жылдан кейін қайта бірігіп, күшейген Мауераннаһрдағы шайбанилық сұлтандар Қазақ хандығының Сыр еңіріндегі ықпалын жою мақсатымен 1516—1517 жылдың қысында жорық ұйымдастырады. Бұл жолы да қазақ ханы Қасым жаудан айла-сын асырып, шайбанилықтарға күйрете соққы береді. 1516— 1517 жылғы оқиғадан соң Қасым хан қайтыс болғанға дейін Сыр өңірі мен Жетісу аймағындағы саяси талас-тартыс аяқталып, бейбіт өмір қалыптасады.

Қазақ хандығының оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағыт-тардағы сыртқы саясатын сәтті аяқтаған Қасым хан 1517 жыл-дан бастап, күш-жігерін батысқа - Жайық, Еділ бағытына жұмсайды. XVI ғасыр басында екі өзен аралығындағы Ноғай Ордасы ауыр саяси дағдарыста болатын, мырзалар, ру-тайпа көсемдері билік үшін өзара күресте мемлекетгі толығымен ыдыратып, бір-біріне баганбайтын дербес иеліктерге бөлініп кеткен еді. Ноғай мырзаларының өзара күресінен әбден шар-шаған ру-тайпалар өздерінің этникалық ортасы, этникалық кеңістіктегі құрамдас бөлігі - қазақ этносына қосыла бастай-ды. Этникалық бірігу саяси тұрғыдан қолдауға ие болды. Қазақ ханы Қасым мұнда да көрегендік танытып, қазақ хал-қының этникалық жер аумағының қалыптасу үрдісін соғыссыз, бейбіт түрде жүзеге асырады. Тарихшы А.Исинның зерттеулерінде кейбір ноғай мырзаларының 1519 жылы Еділдің оң жағалауына ығыстырылғандығы жөнінде айтылз-ды. Ал сонда сол жағалауда Қазақ хандығының билігі жүре бастайды да, ол енді Астрахан хандығымен шектеседі. Өз кезінде бұл жағдай Қазақ хандығына Алтын Орда ыдыраған-нан кейін, оның батыс бөлігіндегі саяси қарым-қатынастарға белсене араласуға мүмкіндік береді. Және Қазан, Астрахан, Қырым, сондай-ақ Мәскеу князьдықтарымен осы тұста Қасым хан кезінде дипломатиялық қатынастар орнатылады.

Алтын Орда мұрагері болуға ұмтылған Қазан, Қырым және Астрахан хандықтары бір-бірімен күресте өздеріне мықты одақтас іздестіреді. Мәскеу князьдығы бұл кезде әлі де болса қуатты емес еді. Сондықтан да күшті одақтас Қасым хан деп танылады. Орыс деректерінде, 1520 жылы Қырым хандығына қазақтардан елші келгендігі айтылады. Жазба де-ректер бұл жөнінде мардымды ештеңе айтпаса да, осы жыл-дардағы үздіксіз болған байланыстар халық ауыз өдебиетінде жақсы сақталған. Тарихи, батырлық жырларда Қырым, Қазан хандықтарына, жекелеген батырларға байланысты көптеген оқиғалар баяндалады.

Бұрынғы Жошы ұлысы, одан кейінгі Алтын Орда жерінде XVI ғасырдың басында ең қуатты мемлекет — Қазақ хандығы болды. Оның ханы — Қасым хан. Дәл осы кезде Мәскеу князь-дығы Қазақ хандығымен байланыс орнатуға ұмтылады. Бұл байланыс арқылы Мәскеу қазақтар туралы, Қазақ хандығы және Қасым хан туралы көп мәлімет алуға тырысты. Өйткені енді-енді Алтын Орда езгісінен құтылған Мәскеу князьдары-ның есінде кешегі күн елестері көп еді. Олар Алтын Орда аумағында жаңа қуатты мемлекеттің пайда болуынан қатты сескенді1.

Мәскеудің Қасым ханға жеке көңіл аударуы, біріншіден, Қазақ хандығынын қуаттылығына байланысты болса, екіншіден, оның мемлекет қайраткері ретіндегі рөліне байла-нысты туындаған деп санаймыз.

Орта ғасырлық тарихшылар қазақ хандары ішінде Қасым ханнан басқа ешкімге көп баға берген емес. Бұл жай - оның тарихи тұлғасын сол кездің өзінде-ақ көпшіліктің танығанды-ғын көрсетеді. Ал ол туралы замандастарының пікірін тыңцап көрелік. Захир-ад-дин Бабыр: "Жұрттың айтуына қарағанда, қазақ хавдары мен сұлтандарының бірде-бірі бұл халықты дәл осы Қасым хан сияқты бағындыра алмаса керек. Оның әскерінде 300 мың адам болған", — десе, Мұхаммед Хайдар мырза Дулати: "Ол Дешті Қыпшаққа толық билігін таратты, оның халқы миллионнан асты. Жошы ханнан кейін бұл жұртта дәл мұндай кушті хан болған жоқ"2, - деп жазады. Ал Қадырғали Жалаири болса: "Жәнібек хан ұлдарының ішінде аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Үзақ уақыт атасының ұлы-сына патшалық етті. Төңірегіндегі уәлаяттарды өзіне қарат-ты", — дейді. "Қасым хан Дешті Қыпшақ аймақтарында ез билігін күшейткені соншалық, оның өскерінде 200 мыңнан (екі жүз мыңнан) аса адам болды", - деп Махмуд ибн Уәли баяндаеа, Хайдар Рази: "1515-1516 жылдары Қасым хан Жошы ұлысын тәртіпке келтіргендігі сондай, бұдан артықты көз алдыңызға елестету мүмкін емес, оның халқының саны миллионға дейін жетгі", — деп хабар береді. Ал Гафари деген тарихшы: "Қасым хан Дештінің ханы болды. Шайбани хан екеуінің арасында кикілжіндер болып, 1509—1510 жж. Шайба-ни хан оған қарсы аттанды, бірақ жеңіліс тапты", - деп жаза-ды.

Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы жайындағы хабар-лар Еуропа елдеріне де жетеді. 1525 жылы Мәскеу князьдығы - туралы кітап жазған итальяндық әдебиетші Иовий "Московия-ның шығысындағы көршілерді" жалпы атаумен "татарлар" деп, "олардың жер аумағы Қытайға дейін созылып жатыр", - деп түсіндіреді. Бұл түңгаш рет казақ деген халықтьщ Еуропа ха-лықтарына таныстырылуы, белгілі болуы еді. Мұнда, әрине, Қасым ханның рөлі айрықша орын алады.

Қасым ханның тарихи рөлі жоғарыда айтылған пікірлермен шектелмейді. Қасым ханның билігі тұсында бұрыннан қолданылып келе жатқан "Дешті Қыпшақ", "көшпелі өзбектер", "өзбек-қазақ" деген әр түрлі мәні бар атаулардың орнына бір ортақ этноним - "қазақ" және этно-саяси термин - "Қазақстан" атауы қолданыла бастайды.

1512-1513 жылдардағы оқиғаларды баяндайтын Мұхаммед Талибтың "Матлаб ат-таблибин" атты шығармаларында алғаш рет "Қазақстан" термині айтылады. Одан кейін 1537 жылғы оқиғаларға байланысты Васифидың "Бадай ал-вакай" еңбегінде де бұл термин тілге тиек болады. "Қазақ", "Қазақ-стан" атауларының көршілес елдердің тарихына енуі де Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының нығайғандығына байланысты болса керек.

Қасым ханның қазақ билеушілерінің болашақ өкілдеріне қалдырған өнеге жолы - елдің саяси бірлігін сақтауы мен мемлекеттіліктің ең басты көрсеткіші хандық билікті, қарулы күшті нығайтуы, оны мойындатуы еді. Жоғарыда келтірген орта ғасырлық авторлар мәліметтерінен біз осындай ойларды табамыз.

Қасым ханнан кейін, Қазақ хандығы үшін XVI ғасырдың 20-30-жылдары "уақытша әлсіреу" кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің тағы бір белгісі - саяси бытыраңқылық. Өйткені, осы тұста Қазақ хандығында бірнеше хан бір мезгілде бірнеше аймақта билік етеді. Оңтүстік-Шығыс бөлікте — алдымен Тақыр, одан кейін Бұйдаш хандар билікте больіп, негізінен, моғоддармен, қалмақгармен қарым-қатынаста болса, батыс бөлікте - Ахмет хан ноғай тайпаларымен күрес жүргізеді. Ал оңтүстік бөлікте Тоғым хан билеуші болып, негізінен, Мауераннаһрдағы және Хорезмдегі шайбанилар әулеттерімен катынастар жасайды.

"Уақытша өлсіреу" кезеңіндегі саяси бытыраңқылықта бір мезгілде Қазақстанның үш өңірінде үш билеуші билік етеді. Бұл XVIII ғасырдағы үш орданың пайда болуына алғы шарт-тар әзірлеген деп білеміз.

Хақназар ханның ішкі және сыртгқы саясаты Қасым ханнан кейін Қазақ хандығы біртіндеп әлсірей берді. Сұлтандар мен басқа да феодалдардың өзара ала ауыз-дық қырқысында хандықтьщ мұрагері Мамаш хан 1523 жылы мерт болды да, өкімет Қасым ханның немересі Тақыр ханның қолына көшті. Жаңа хан ала ауыздықтарды тыя алмады. Сыр-дария бойындағы Шайбани әулетімен арадағы феодалдық со-ғыс сәтсіз аяқталып, Тақыр ханның Ноғай Ордасымен ара қатынасы шиеленісе түсті. Осының барлығы ішкі берекесіздікті күшейтті. Феодалдық қанауға, ала ауыздық со-ғыс ауыртпалығына, Тақыр ханның қаталдығына шыдай алма-' ған бұқара халық көшіп кете бастады. Тақыр хан Қазақстан-ның үлкен бөлігінде өз үстемдігінен айрылып, тек Жетісуда ғана билік құрып қалды. Мұнда қырғыздармен бірге сұлтан Сағид ханның Тянь-Шань мен Жетісудағы өз билігін қалпына келтірмек болған әрекеттеріне тойтарыс беріп отыруына тура келді. Осындай күрделі жағдайлармен бетпе-бет келген Хақна-зар хан (1538-1580 жж.) Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгерте бастады. Өзінен бұрынғы қазақ хандарымен жауласып ' келген Мауераннаһрдағы Шайбани әулетімен одақтасуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі — Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылды тоқтатты. Сөйтіп, Шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы II Абдолла мен і қазақ ханы Хақназар айрылмастай дос болып, өзара көмекте- 1 су жөнінде анттасып, шарт жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы өте орынды болды. XVI ғасырдың 60-70-жылдары соғыс қимылдары тоқтап, қазақтардың Орта Азия халықтарымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономи-; калық байланысы өрістеді. Мұның өзі Қазақ хандығының ; ішкі жағдайын жақсартуға, халық тұрмысының оңалуына і мүмкіндік берді.

Бұхара ханы II Абдолланың (1557-1598 жж.) тұсында Таш- ( кент маңын билеген Норазахмет (Барақ) хайның баласы Баба • сұлтан Бұхара хандығынан бөлініп шығуға әрекет етті. Қазақ \ ханы Хақназар өзбек хандарының өзара қырқысына араласып, біресе Баба сұлтанды, біресе II Абдолланы қолдап, екеуін де әлсіретуге, осылайша өзіне мол пайда түсіруге тырысып бақты. 1579 жылы II Аббдолла Баба сұлтанға қарсы жорыққа шықты. Қазақ ханы Хақназар оны қолдады. Қазақ хандығы осының бодауына Абдолла ханнан Түркістан аймағындағы І бірнеше қаланы қайтарып алды. Бұдан кейін Ташкент билеушісі Баба сұлтан Қазақ хандығына Түркістан, Сауран қалаларын берген кезде, қазақ сұлтандары Баба сұлтанға да қолдау көрсетті. 1579 жылдың екінші жартысында қазақ сұлтандары өз әскерлерімен Ташкентке келді. Олар қайтадан II Абдолланың жағына шықпақ болып, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы астыртын әрекет жүргізді. Бірақ мұны сезіп қалған Баба сұлтан Хақназар ханның екі ұлын өлтіреді. Қазақ-тар мен Ташкент билеушісі арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп кетті.

Хақназар (Ақназар) хан хандықты нығайтып, біртіндеп Жайықтың сол жағалауындағы толып жатқан көшпелі Ұлыс-тарды бағындырды. Жетісу мен Тянь-Шаньға көз тіккен Мо-ғол ханы Әбдірашитке қарсы күресті одан әрі жалғастырды. Жетісудың шығысындағы ойраттар (қалмақтар) қысымға той-тарыс берді. Ала ауыздықтың бәсендеуі, ішкі саяси өмірдің нығаюы мал және егін шаруашылықтарының, сауда қатынасы-ның өркендеуіне қолайлы жағдай туғызды. Орыс мемлекетімен саяси және экономикалық байланыс барған сайын кеңейді. 60-70-жылдарда қазақтардың Орта Азия ха-лықтарымен бейбіт экономикалық-сауда қатынастары жанданды. Хақназар ала ауыздық күресте өзбек ханы II Абдолла-ны қолдап, Сырдарияның бірқатар қалаларын (Сауран, Түркістан) өзіне қаратты.

Сонымен бірге XVI ғасырдың 50-жылдарының аяғынан бастап, Қазақ хандығы ноғайларға, Көшімнің Сібір хандығы-на, Орта Азия хандықтарына елеулі қауіп төндірді. Мәселен, 1558-1559 жылдары Орта Азияда болған ағылшын көпесі А.Дженкинсон "мұсылман дініндегі қассақтар" туралы өте күшті және саны көп халық деген пікір айтқан. Ол өзі келер-ден бұрын қазақтар Ташкентті үш жылдан бері тықсырып келгенін және шабуыл жасау арқылы керуендердің еркін жүріп өтуіне кедергі жасап отырғанын хабарлаған. Бұл Ташкентке үнемі қатер төндірген Хақназар ханның қосындары болатын.

1573 жылы ағайынды Строгановтардың қатты өтінуімен Хақназар ханға Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігін жіберген кезде Иван Грозныйдың елшілердің алдына Қазақ хандығымен тікелей байланыс орнату мақсатын ғана емес, онымен Сібір ханы Көшімге қарсы әскери одақ жасасу мақ-сатын да қойғаны кездейсоқ емес.

Хақназар ханның кезінде Қазақ хандығының сыртқы сая-саты кілт бұрылыс жасады. Керей мен Жәнібектен бастап, әрбір әмірші өзгенің жерін тартып алып, өз шекарасын кеңейтіп отырды. Ал Хақназар тұсында сыртқы саясат шарықтау шегіне жетті. Сыр өңіріндегі қалалар үшін қазақтар шайбанидтермен, одан кейін аштарханидтермен1 шайқасты. Сөйтіп, қазақ хандары ұлан-ғайыр аймаққа иелік етті. Әйтсе де, қазақ жеріне сырттан қызығып, сұғынушылар тыныштық бермеді. Дәл сол кезде Қазак хандығының үш ордаға ыдыраған шағына дейін одақтар жасалып, шайбанидтермен коалицияға бірікті, сондай-ақ казақгар орыстармен, ноғайлармен де одақгас-ты. Бұл тұста қазақ хандарының сыртқы саясатына тән екі кезенді айтпасқа болмайды. Оның біріншісі — сырткы саясат-тағы күллі дәстүрлі бағыттарды бір жүйеге келтіру, екіншісі — соғыс ашпай, өз карамағындағы жаулап алған қолайлы жерлерді ұстап тұру үшін әскери әрекеттер жасау еді.

XVI ғасырдың екінші жартысында, әсіресе Тәуекел ханның тұсывда (1582-1598 жж.) Қазақ хандығы саяси жағынан Хақна-зар кезіндегідей өрлеу үстінде болды. Тәуекел хан Орта Азия-ның сауда орталықтарына жол ашу ісіндегі Хақназар ханның саясатын жалғастырды. 1583 жылы Сырдариядағы Оңтүстік Қазақстан қалалары мен Ташкентті басып алды. 1598 жылы Са-марқан мен Бұхараға жорық жасау кезінде жараланып, қайтыс болды. Тәуекел хан туралы: "Тарих-и-Кипчаки" ("Қыпшақ тарихы") атты еңбектің авторы былай дейді: "Қазақ Тәуекел Әбді-Момын хаиды өлтіріп, Пір-Мұхаммед ханның билік құра бастағаны туралы хабар алған кезде ол Ташкент пен Мауеран-наһрды бағындыру үшін (жолға) шықты. Ол әуелі Ташкентті қаратты, сонан соң Самарқанды басып алды және Бұхараға қарай бет бұрды. Пір-Мұхаммед хан ашық шайқасқа шығу мүмкін емес деп тауып, қамалға бекінді.

Шамамен жиырма күн бойы Тәуекел хан және оның әскері Бұхара маңын тонады. Күн шығып, батқанға дейінгі уақыт аралығында екі жақтың арасында үнемі қақтығыстар болып тұрды. Ақыр аяғында қазақтар жеңіліс тапты. Тәуекел хан Самарқанға шегінді. Бауыры Есім ханмен одақтасып, Пір-Мұхаммед ханмен шайқасуға әзірленді. Хан (оларды) тағы да шайқаспақ ниетпен қарсы алды. Осы кезде (оған) Дін-Мұхам-мед ханның інісі Бақи-Мұхаммед сұлтан келіп қосылды. Хан оның келуін жақсылықтың нышаны деп жорыды және оған құрмет көрсетті. Екі жақ әскерлерінің арасында бір айдай қақтығыстар болып тұрды. Бір жолы Тәуекел хан түн жамылып шабуыл жасады. Кескілескен шайқас болды. Тәуекел ауыр жараланды.

"...Ол ешнәрсеге қол жеткізе алмағандықтан, ат тізгінін Ташкент жаққа бүрды. Сол жарықта Тәуекел хан о дүниеге асығыс аттанып кетті...".

XVI ғасырдағы қазақ-өзбек арасындағы ұзаққа созылған соғыстың қорытындысы қазақтар үшін де, өзбектер үшін де пайдасыз болды. Қазақ және өзбек билеушілерінің Қазақ-станның оңтүстігіндегі маңызды сауда, қолөнер орталықта-рын иемдену үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген бұл соғысы ел ішіндегі өндіргіш күштердің дамуын тежеп, қалалардың эко-номикалық және мәдени өміріне, егіншілер мен малшылар шаруашылығына кесірін тигізді. Бұл соғыс бейбіт шаруашы-лық қатынастарьш дамытуға ұмтылған Орта Азия мен Қазақ-стан халықтарының мүддесіне қайшы келді.



Тәуке хан және оның әскери реформасы

Бізге жетіп отырған тарихи деректерде Тәукенің туған жылы белгісіз, ал қайтыс болған жылы туралы ғылыми зерт-теулерде қарама-қайшы пікірлер бар. Жарық көрген тарихи әдебиеттерде Тәуке 1718 ж. дүние салды деген гіікір тұрақгы болып қалыптасқан. Ал қазақ тарихын зерттеуші ғалым В.А.Моисеевтің тұжырымдауынша, Тәуке ханның есімі орыс тарихнамасында сақталған құжаттарда 1716 жылдан бастап мүлдем кездеспейді. Оның ойынша, осыған қарағанда Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болуы әбден мүмкін.

Бұл мәселе болашақта қытай тіліндегі құжаттарды зерт-теуде нақтылы анықталады деген ойдамыз.

Тегі жағынан алып карайтын болсақ, Тәуке хан - Есім ханның немересі, Жәңгір ханның баласы. Шежіре түрінде былайша көрінеді: Керей — Бұрындық — Жәдігер — Шығай — Есім - Жәңгір - Тәуке. Одан Болат, Сәмке, Қосым, Қасым, Қошын, Ғайып, Мұрат, Тұрсын.

Бізге жеткен деректер мен аңыз-әңгімелерге қарағанда, Тәукенің әкесі Жәңгір хан бар өмірін қазақ жерін жоңғар ба-сқыншыларынан қорғаумен өткізген, езі жаумен кезекті шай-қаста ерлікпен қаза тапқан. Халық оны "Салқам Жәңгір" деп атап кеткен. Жәңгір хан туа біткен данышпан, көреген қайрат-кер және соғыстың әр түрлі айла-тәсілдерін, ұрыстың өзіндік ерекшеліктерін пайдалана білетін ірі қолбасшы ретінде таны-лады. Ол қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауға баға жетпес еңбек сіңірген, елінің тәуелсіздігін сақтау мақсатында келер ұрпақ алдында сүйіспеншілікке бөленген ірі тұлға болғаны ақикат, тарихи шыңдық.

Әкесі Жәңгір ханның ерлікке толы қимыл-әрекеттері Тәуке ханның бойына дарығандығын аңғармасқа болмайды. Тәуке хан жас кезінен-ақ саясатқа жақын болған, өкесі оған жастығына қарамастан, сенім артып, елшілікке жіберіп отырған.

Төуке ханның тұсында, әсіресе, 1698-1715 жылдар аралы-ғында қазақ жеріне жоңғар феодалдары баса-көктеп кіріп, бейбіт өмір сүріп жатқан көшпелі қазақ халқының кең дала-сын қанға бояды. Дәл осындай қиын-қыстау кезенде Тәуке ханның ірі қолбасшылық, реформаторлық қасиеттері айқын көрінді. Ішкі әскери-стратегиялық саясатта Тәуке хан қазақ даласында шайқастың бірнеше тактикасын ойлап тауып, жау-дың карулы күштері мен жасақтарын әлсіретіп барып, ойсы-рата соққы беруді дағдыға айналдырды. Қазақ әскері негізінде Шыңғыс хан құрған әскери басқаруды қайта жан-дандырды. Орда хандары, батырлар, белгілі дінбасылар мен қазақ билерінен тұратын әскери кеңес құрды. Әскерде қатаң төртіп орнатылды. Әскерде басшылық ету он басы, жүз басы, мың басы болып қалыптасты. Мың басыға, Тәуке ханның ұсынысымен, "Билер кеңесі" аса ерлік керсеткен ақылгөй батырларды бекіткен. Бас қолбасшылық Тәуке ханның қолында болды. Тәуке ханның әскерінің жалпы саны соғыс жылдарында 80 мың сарбазға жетіп отырған. Ал бейбіт емір сүрген кезенде қысқы мерзімдерде хан ордасында, негізінен, 500-1000-ға жуық түрақты жасақтар ғана болған. Олардың негізгі функциялары хан ордасын ішкі бұлікшіліктен қорғау және ханның қауіпсіздігін сақтаумен шектеліп отырған.

Тәуке хан әскердің соғысу қабілетінің күшті болуына ерекше назар аударған. Соғыс өнерінің әр саласынан хабары бар адамдар жауынгерлерді арнайы дайындықтан өткізуді мақсат еткен. Дайындық барысында жауынгерлер ат үстінен садақпен оқ ату, аттан аударып түсіру, арқан тастау сияқты соғыс өнерін жетік меңгеретін болған.

Сыртқы саясатта Тәуке хан ең әуелі жоңғар шапқыншы-лығына тойтарыс беру мақсатында көрші мемлекеттермен қатынасты нығайтты. Ең алдымен, Тәуке хан діні бір, тілі жа-қын көрші орналасқан Бүхарамен дипломатиялық қатынас-тарды биік дәрежеге көтерді. Екі ел арасындағы қақтығыстар, негізінен, бір-бірінің керуендерін тонаудан болып тұрды. Тәуке хан өзінің арнайы жарғысымен кдзақ жерінен өткен Бұхара елінің керуен, саудагерлерін тонауға тыйым салды. Бүдан былай ондай әрекетгер болған жағдайда кінәлы адам-дар қатаң түрде жазаға тартылатын болды. Бүхарада Тәуке ханның бұл қадамдары жылы қабылданды, қазақ еліне жаса-лынып жатқан шабуылдар пышақ кескендей токталды. Бірақ Тәуке ханның Бұхара басшыларын жоңғар шапқыншылығы-на қарсы бірге күреске шақыруы ешқандай қоддау таппады, не болса да соғыстың артын бағу саясатын көздеген еді.

1694 жылы Тәуке хан Түркістанда Феодор Скибин, Мат-вей Трошихин деген орыс елшілерін сән-салтанатпен қабыл-дап, қазақ елінің әскери күшін көрсете отырып, келіссөз со-ңында оларға батыл түрде: "Түрік сұлтанының немесе Қызылбас (Парсы) шахының менен, Тәуке ханнан несі ар-тық? Олар да мен сияқты ғой", -чдеп сөз қайтарған екен. Бір сөзбен айтқанда, ол қазақ елінің сол кездің өзінде барлық ел-дермен тең құқықтық жағдайда болуын талап еткен, отарлық саясаттың қандай түріне де үзілді-кесілді карсы тұрған. Тіпті қазақ пен орыс халықтарының арасында қактығыстар болып қалған жағдайдың өзінде, өз халқының ұлттық ар-намысын аяққа бастырмауға тырысқан. Осыған бір дәлел, 1709 жылы Ресейде Кондратий Булавиннің туының астында болған мың-даған орыс казактары I Петрдің жазаға тарту саясатынан қашып, Дон өзенінен өткен соң, қазак. даласына қарай бет алады. Бұлардың көбісі баукеспе қарақшылар, орыс өкіметінің заңы алдында жауапқа тартылуы қажет, бірақ қолға түспей, қашып кеткен қауіпті қылмыскерлер тобы бол-ған. Бұл қарақшылар Еділ мен Жайық еңірінде қоныс теуіп отырған қазақ халқына қырғидай тиеді. Қазақ елінің қонысын ғана тартып алып қоймай, бейбіт өмір сүріп отырған қазақтарға қарсы хайуандық, бассыздьпс,, зорлық-зомбылық әрекеттер жасайды. Мылтықпен қаруланған орыс казактары көшпелі елдің өміріне ойран салады, еркін даланы қанға бояйды. Мұндай әрекеттерді естіген Тәуке хан тез арада "Билер кеңесін" шақырып, орыс қашқындарының бассыздық әрекеттерін тыю мақсатында Әбілқайыр сұлтан мен Бөгенбай батырды 30 мың сарбазбен жорыққа аттандырады1. Бұл жасақ өзінін алдына қойған мақсатын ойдағыдай орындайды. Көп шы-ғынға ұшырамай, қысқа мерзім ішінде бассыздық жасаған қарақшыларды күл-талқан етеді. Қалған аз ғана құрамы Еділ өзенінің арғы жағына өтіп, әрең дегенде қашып құтылады. Осының нәтижесінде, қазақ елінің Ресей жағындағы шекара-сы ондаған жылдарға дейін берік болып тұрған.


§4. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНДАҒЫ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ӘСКЕРИ МІНДЕТ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ӨНЕРДІҢ ДАМУЫ (XV г. 2-жартысынан XVIII ғ. 1-жартысына дейін)

Түркі елдерінде ер адамның басты міндеті отбасын қорғау мен мал-мүлікті сақтау және соғысқа қатысу .еді.-Көшпенділердің өмірінде әскери дөстүрдің үлкен маңызы бол-ды: әскери бағыныштылық - дала ережелерінің ең басты, ма-ңызды тармағы. Дала тұрғындары, негізінен, қаруланған адам-дар болды. Мейлі, аңға шықсын, мейлі, көңіл көтеруге, серуен-ге барсын, ешқашан садақ, жебе және қанжарсыз жүрмеген. Қаруланып жүру тек қана занды хұқық емес, сонымен қатар міндет болып табылады. Мысалы, халықтық жиналыста қарусыз адамның дауысы есепке алынбады, кішілер оған құрметтеп орын бермеді1.

Қазақтардың түрақты әскері көп болмады, ру-тайпалық жасақтар керек кезінде тез жиналып отырды. Рутайпалық жасақтардың езін-езі басқаратын әскери бірлігі болды. Оның басшысы ру басшысы болып есептелді. Әрбір әскери жасақ-тың өз таңбасы мен ұраны болды. Осывдай бір-біріне тәуелсіз жасақтардың бірқатар белімдері ұлыстық жауынгерлер санын құрады. Ұлыс басшысы ұлыс әскерінің басшысы болып табы-лады. Оның өз туы, ез ұраны болды. Хан біріккен әскердің жоғарғы қолбасшысы болып, жауынгерлік құраманы жеке-дара басқарды. Хандар өз өміріне төнген қауіп пен қиындық-тарды жауынгерлермен бірге көрді. Бұл жерде Қасым хан.мен Бұрындық ханның соғыста жараЯы болуын, Хақназар хан мен Мамаш, Әбілкайыр хандардың ұрыста қаза табуы және Тәуе-кел ханның шайбанилерге қарсы жүргізілген 1598 жылғы жо-рықта жаралануы мысал бола алады.

Ру-тайпалық әскерді қару-жарақпен қамтамасыз ету әскер басыларының негізгі міндеті болды. Оны хан өзі шай-қас алдында қатал тексеріп, тиісті бағасын берген. Мысалы, 1428—1429 жылдары Әбілқайыр ханның Моғолстан жағына жо-рыққа аттанысы кезінде: "Ұлыстың1 барлық қолбасшылары мен әскер басылары белгіленген уақытта өздерінің ондықтары-мен, жүздіктерімен және мындықтарымен Аттила өзенінің жа-ғасында қасиетті жасаққа қосылсын" деген хан жарлығы берілді де, (Әбілқайыр ханның) өзі әскерлердің қару-жарағын, сауыт-сайманы мен шайқас құралдарын тексерумен айналысты. Жеңіспен оралған әскерлерге ол берекелі қазынадан жалақы төледі " деп көрсетілді.

Қазақ хандарының мемлекетінде жалпыға бірдей әскери мівдет енгізгендіктен, олардың саны өте көп болған.

Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-ир-Рашиди" шьгғармасында Қасым ханның Әндіжанға бет алғанда әскер құрамында үш жүз мың (300000) адам болған"3, Махмұд ибн Уәлидің "Бахр-өс-Асрар фи-Манакиб-әл-Ахиар" ("Қайырымды адамдардың жоғарғы қасиеттері жөніндегі құпиялар теңізі") шығармасында: "Қасым ханның Дешті Қыпшақ уәлая-тындағы армиясында екі жүз мыңнан (200000) астам атты әскер болды", — делінген.

Қасым хан Шайбани ханмен көп соғысты.

1598 жылы Тәуекел ханның Маураннаһрға жүргізген жорығында, әскер қолының құрамында өз қазақтарымен бірге "Ташкент пен Түркістанның сұлтандары, қырғыздар мен қыпшақтар" болғаны айтылады. Осы жорықта Қазақ хандығының әскер саны 90-100 мың адам болған. Махмуд ибн Уәлидің айтуынша, Қазақ ханы Тұрсын, Мұхаммед, Аштар ханид Иманқұл ханға қарсы 100 мың әскер шығар-ған, оның ішінде 10 мыңы қырғыз тайпалық жасағын құрғандар.

Сөз болып отырған кезендегі қазактардың, басты қаруы қылыш пен садақ болған. Соғыс қаруларының басқа түрлерінен қарсыласын ерден құлату үшін жасалған ілмегі бар ұзын найзалар, қанжар, семсер, айбалта айтылады. Шайбанидің деректерінде, мысалы, Дешті Қыпшақпен соғы-сушы сұлтан былай суреттеледі: оның кеудесінде аспан түстес көк қалқан, басында жылтыраған дулыға, белі қылыш ілінген белдікпен буылған. Қару-жарақтың негізгі түрлерін қазақтар өздері жасаған. Жебені олар ақ қайыңнан, садақтың тартпасын жылқының қылынан жасаған. Қазақтарда атылатын қару түрі көп болған. Қоспалардан дәрі жасай білген, сонымен бірге Ұлытаудан және басқа жерлерден өндірілетін қорғасын мен мыс рудасынан жеке оқ жасай білген.

Көшпеңцілердің әскери қарулануының бас белгісі - Ту. Ол соғыс кезінде кем дегенде екі қызметті орындады: бірінші, ол — қасиетті белгі, екінші, ұрыс кезі мен сапта әскерге түрлі белгі беру үшін пайдаланылған. Әрбір тайпаның, ұлыс сұлтанының, ханның тулары болды. Дәстүр бо-йынша, тудың ханда болатын ең жоғарғы саны - тоғыз. "Тоғыз тулы хан" туралы айтқанда, халық көз алдына өте күшті билеушілерді елестететін. Орта ғасыр авторларының айтуын-ша, алғашқы қазақ билеушілері "тоғыз тулы хандар" болған. Ту әскер қолбасшысының тек сыртқы белгісі емес, сонымен бірге әскери атақ пен даңқтың белгісі болатын. Негізгі туды бейбіт уақытта мемлекеттік қасиетті нөрсе ретінде ұқыпты сақгап, тек соғыста ғана шығарған. Әдетте жоғары қолбасшы-дан кейінгі әскердегі бірінші адам - сұлтан не беделді би жо-рықта өскери тудың сақтаушысы болып тағайындалған. Ту ерекше жасаққа тапсырылады. Шабуыл кезінде нағыз ұрыс қарсыластың туы үшін жүргізіледі. Ту ұстаушы жауынгердің өлімі әрқашан жауынгерлер арасында абыржу туғызатын, ал негізгі тудың құлауы не жоғалуы әскердің жеңілгенін білдіретін.

Соғысқа алынған өрбір жауынгердің кем дегеиде екі аты және өзінің соғыс жарақтары болды. Далалық көшпенділердің атты әскерлері жылдамдығымен ерекшеленетін және жаңа шабуылға тез күш жинай алатын.

Шабуылға үлкен ұқыптылықпен дайындалған - барлық қару-жарақтарын сақадай сай етіп қойған. Ұрыс алдында жа-уынгерлер аттарына жабу жауып, қалқандарын қорғанысқа әзірлеген. Өздерін басқадан айыру үшін қолдарыңа өз әскери туының түсімен бірдей белгі (байлауыш) байлаған. Белгіленген уақытта ту ұстаушы негізгі туды көтерісімен, әскер жауына қарсы аттанады.

Міне, екі жақ жақындап қалды. Екі жақтан естілген ұран-ның да қаттылығы сонша, аспан мен жер тітірегендей бола-тын. "Қайсарлық алаңына" бірінші болып атақты батырлар бірін-бірі ұрысқа шақырады. Көргендердің айтуынша, шабу-ыл кезінде Дешті Қыпшақтар арасында өз басын ұмытып кететіндер көп кездеседі екен. Олар қауіпті елемейді, тек алға шабады, ойланбастан жауын баудай түсіреді. Деректерде түркі-монғол көшпелі тайпалардың соғыс өнері туралы айтылғандар да аз емес. Мысалы, егер қолбасшылар тапсырма берген жағдайда, атпен соғысуды қажетсіз деп тапса, жауынгерлер атының тізгінін беліне байлап алып, жауға қарсы жебе-оқта-рын жаудыртып, бірге алып жүретін үш аяқты "мосыағаштары-мен" жолын бөгейді. Егер жау оларға ойламаған жерден тап берсе, әскер жасақтарын майданға бейімдеп үлгермесе, бір-бірінің сыртын айналған бірнеше шеңбер құруға тырысады. Со-ғыста жүріп "түркі дәстүрі бойынша" осылай бірнеше шеңбер құрады.

Дешті Қыпшақ көшпенділері шабуылда тұлғама немесе тұлғамыш деп аталатын тәсілді қолданған. Бұл екі сөз де "тұлғама" - "айналдыра қоршау, қарату" деген түркі етістігінен шыққан. Тұлғама ұрыс жүргізу тәсілі — жауды қоршап алып, қоршаудағы жауға не оньщ тылына шабуыл жасау. Бабыр өзінің қолжазбаларында тұлғаманы Дешті Қып- . шақ өзбектерінің шабуылдағы ұлы өнері ретінде көрсетеді. Бабырдың 1501 жылы Шайбани ханмен соғысында мынадай үзінді бар: "Екі жақ жақындаған кезде, жау біздің оң қанат-тан ту сыртымызға өтпек болды; мен айбарлы топты соларға бұрдым; талай айқасты бастан кешірген біздің жайсаң сарбаз-дарымыз адлында бір адам қалдырмай жайпады. Жұлқынып шыққан жаудың бетін қайтарып, өз ортасына қарай ығыстыр-дық; жаудың сескенгені сондай, Шайбани ханның кексе ақсүйектері: "Кетуіміз керек, тіресетін уақыт өтті" деді. Бірақ Шайбани хан міз бақпады.

Жаудың оң қанаты біздің сол қанатымызды ығыстырып, ту сыртымызға шықты. Біздің алдыңғы шебіміз оң қанатта қалып қойды да, майдан шебіміз қорғаусыз қалды. Жаудың адамдары алдымыздан да, артымыздан да тиісіп, жебені борат-ты. Бірақ бізге жәрдемге келген моғол әскерінде соғыс күші жоқ еді. Олар жаумен шайқасқанның орнына біздің адамдар-дың аттарына жармасты, кейбірін атынан аударып та тастады. Бұл бірінші рет емес еді; жеңіске қолы жетсе, тонауға кіріседі, ал өздері жеңіліп бара жатса, өз адамдарын аттан аударып, дүниесіне жармасады.

Жауға қарсы әлденеше рет ұмтылып, ығыстырып, тықсырып тастадық та; біздің алдыңғы қатардағылар шабуылға да шықты. Ту сыртымызға өткен адамдар таяу келіп, алды-арты-мыздан атқылағанда біздің адамдар дүрлігіп қалды. Өзбектердің шайқастағы үлкен өнері - тұлғама. Тұлғамасыз оларда бір де айқас етпейді.

Олардың шабуылындағылардың тағы бір әдісі: алдыңғыла-ры мен соңғылары, бектер мен нөкерлер садақты тартып, бірден лап қояды, кейін шегінгенде де ретсіздік көрсетпей, қапталдасып зымырайды".

Бабырдың айтуынша, қыпшақ даласы тұрғындарының бір шабуылы да тұлғамасыз өтпейді. Осы жерде Бабыр Дешті Қыпшақ көшпенділерінің тағы бір соғыс тәсілі туралы айта-ды. Бұл шабуыл тәсілінің мәні мынадай: бектер мен нөкерлер бәрі бірдей қарсыласының жағына қарай бар күшімен шаба-ды, оқ атады, кенеттен аттарынан түседі де, кері бұрылып, тізгіндерін жібере салып, шашыла шабады.

Бұл кезде жауынгерлік ерлік жоғары бағаланды, кім бәрінен көп "бас шауып, қан төксе", сол көшпелі мемлекетте үлкен құрметке ие болды. Соғыстағы жеке ерлігі үшін, соғыс қимыдцарын ұтымды басқара білгені үшін құрметті батырға баһадур атағы берілген. Ерекше шабуылдарға, ұрыс даласы-ның көп реткі батырларына, XV ғасырдағы деректің куәлан-дыруынша, толыбатыр (толыбаһадур — толық батыр, яғни шексіз қайсарлық) деген атақ берілген. "Батыр" сөзі атақ ретінде жауынгер есіміне қосылады.

Мұндай құрметті атақты өзінің жауынгерлік ерлігі үшін кез келген көшпелі жауынгер ала алады (ол қатардағы жау-ынгер немесе бекзада, сұлтан болуы да мүмкін). Көне жазба-ларға қарағанда, қазақ ханы Тәуке де, Абылай да батыр атанған.

Жауынгерлік заманда қазақтардың әскери қызметінің өзіндік ерекшелігі: әскери міндет, бағыныштылық - дала ережелерінің басты өрі маңыздысы болды.

Ру-тайпалық жасақтар керек мезгілінде жиналып тұрды. Оның басшысы ру басшысы болып, әр жасақтың өз таңбасы, ұраны болған. Осындай тәуелсіз жасақтар бір құрамға бірігіп, ұлыстың жауынгерлер санын құрайды. Хан біріккен әскердің жоғарғы қолбасшйсы болды. Үран екі түрлі болды. Бірі тай-паның өз ұраны, екіншісі — бүкіл әскерге тән ортақ ұран, яғни ұлыстық ұран. Соғыс кезінде көбінесе екі сөзден қүрал-ған ұран белгіленген, яғни айқасқа бет түзеген екі адамның алғашқысы ұранның бір сөзін айтса, екіншісі сол ұранның екінші сөзін айтуға міндетті болып, дос пен дұшпанды ажыра-тып отырған1.

Қарулас әскери қол жорыққа аттанарда аттың жал-құйры-ғын түю арқылы өзара серттен қайтпаудың шартты белгісін білдірген. Түркі тілінде "түй" сөзінің ант, серт деген ауыспалы мағынасы бар. "Ат құйрығын түйісу" дәстурінде серттесіп майданға шығу деген ұғым бар.

XV—XVII ғасырларда қазақ әскёрінің оң қанаттағы жауынгерлері оң жақта, сол қанаттағы жауынгерлері сол жақта, орта тұсы ортада болып, әр тайпа өз орындарын хан белгілеген тәртіпцен алып жүрген. Орны жоғарғы тайпа (белді тайпа) жасағы оң қанатта соғысқан.

Жаудан қорғану үшін мықгы кзмал тұрғызып, сыртын ай-налдыра ор қазып, оны сумен толтарған. Жоңғар шапқыншы-лығы кезінде, 1643 жылы Жетісу қазақгары тау шатқалдарын берік қорғанысқа айналдырып, жауға тұтқиылдан соққы берген.

Қарсы жауды жеңу үшін ұлыстың мақсатына сай, жер және уақыт жағдайын, инженерлік тосқауылдарды ескере отырып, атыс аймағын не атыс жүйесін әзірлеген3. Мысалы, 1643 жылы қазақтардың 600 сарбазы Орбұлақ шайқасында 50 мың жоңғар өскерін тоқтатуы осыған дәлел.

Қазақ хандарының әскері, негізінен, атты әскер болған. Атты әскер ауыр, орта, жеңіл болып бөлінген. Ұрыстарда бұл әскер тобы шешуші рөл атқарып, жекпе-жек шайқастарда пайдаланылған. Түркі елдерінде жеңіл түрі кең дамыған. Олардың атты әскерінде шалымдылық пен айлакерлік өте жо-ғары болған.

Көшпенділердің кез келген жауынгерлік жорығы атпен байланысты болып келеді. Қазақ, хандары XV—XVII ғасыр-ларда арнаулы атты жасақ ұстаған. Олардың құрамы жаугершілік заманда 3000-нан 5000-ға дейін жеткен. Қазақ атты жасақтары жазда жиналып, қысқа қарай ханды қорғай-тын азғана сарбаздан басқасы тарап кетіп отырған.

Тұрақты әскері жоқ қазақ қауымында ерекше жағдайда жасақталған қалың қолды с а р б а з (парсыша: басшыға еруші) деп атаған. Оларды жүз басы, мың басы, ал жалпы әскерді сардар басқарған.

Атты әскерге карағанда, әскердің байырғы әрі негізгі түрі — жаяу әскердің сан құрамы басымырақ болған. Бұл әскер уақыт талғамай, кез келген жерде табан тірескен ұзақ ұрыс жүргізе алған. Олар әскердін өзге түрлерімен қоян-қолтық қимыл жасай отырып, шабуылға шығады, жау тұрағын (пози-циясын) басып алады, қорғаныс кезінде жау шабуылын тойта-рып, бекінген тұрағын берік ұстап тұра алады, қарсы шабуы-лға шығып, дұшпанға ауыр соққы беру міндеттерін атқарады. Олар қалқан, сауыт, дулыға секілді қорғаныс құралдарын иемденген. Дұшпанға соққы беру үшін ауыр және орта жаяу өскер түрлері жинақы, түзу шеп құрып соғысқан. Жаяу әскердің міндеті — өскердің негізгі бөлігін қалқалау. Садақ-шылардан жасақталған, жеңіл жаяу әскер ұрысқа шайқас қызған кезде қосылған. Атыс қаруының дамуына байланыс-ты, жаяу әскер кейіндеп, қайта үстемдік алды.

Соғысқа кірмес бұрын қазақ әскер басшылары қалай шай-қасулары керектігін ханмен бірлесіп ойласқан. Әскердің көсем-басшылары соғысқа қатыспай, алысырақ түрған және оның айналасында өйелдер, жас жігіттер тұратын болған.

Кейде олар жау жағы әскер саны көп екен деп ойласын деп, атқа адамның қуыршақ бейнесін мінгізіп қойған. Көбінесе олар жаудың қарсы алдына тұтқындардан құралған әскерді жіберген. Ал шындалған күшті әскерді алыстан, оң және сол қанаттан жіберген, олар бұл әдісті жау көрмеу үшін қолданған. Осы әдіспен жауларын ортаға қамап, қоршауға ал-ған. Бұл әдіс Дешті Қыпшақ көшпенділерінде және жоңғар-лардан қорғану үшін қолданылған казақ халқында әскери үрдіс ретінде қалыптасып қалған.

Тарихи деректерде түркі-қазақ көшпенділерінің соғыс өнері туралы аз айтылмаған. Мысалы, Плано Карпини мен Гильома де Рубруктың айтуы бойынша, түркі-монғолдар әскери қақтығыстарда, қиын жағдайларда өте айлакер, жол тапқыш болған. Егер олар алдарынан өзен кездесіп қалса, әдісін тауып, жауынгерлерін де, аттарын да, мүліктерін де оңай алып өткен. Ауқаттылары дөңгелек, жұмсақ тері торсық иеленді. Олар теріні дөңгелек қап тәріздендіріп тігіп, ішіне киім, мүліктерін салады да, бір-бірімен ұштастырып байлай-ды. Ортасына ер, басқадай заттарды қойып, адамдар үстіне отырады. Осы әдіспен жасалған қайықты адамдар ат құйры-ғына байлап, оны жүзуге пайдаланған. Кейде екі ескек алып, есе отырып, арғы бетке өткен. Ал аттарын мына әдіспен алып өткен: жақсы жүзетін бір адам атын жетектеп суға түседі, басқа барлык, аттылар соның соңынан жүзіп етеді. Ал кедейлері теріден мықтап тігілген қалта немесе қапшық үстаған. Мүны алып жүруге кез келген әскери адам міндетті болған. Онымен де жоғарыдағы әдіс бойынша жүзіп еткен.

Алдыңғы әскер легін жау көріп қалса, оған жақындап ба-рып, садақпен бірнеше рет атқан. Жау сескенбесе, оны алдау үшін кейін шегініп, негізгі әскердің торуылына ілестіріп кел-ген, сөйтіп, қоршауға түсірген. Егер жаудың күші аса басым екеніне көзі жетсе, одан бір немесе екі күндік жерге қаша шегініп кетіп, басқа жасырын жолға түсіріп, торуылдай жүріп, қырғынға ұшыратқан. Егер бұл әдіспен ала алмаса, он-он екі күндік жерге шегініп кетіп, қауіпсіз бекіністі жерге ор-наласып алып, бөлшектеніп жеткен жауды жеңу амалын тап-қан. Әскердің саны аздық етсе, әйелдер мен бозбалаларды және адам кескініндегі қуыршақтарды атқа қондыру арқылы жауға көп етіп көрсеткен. Бұл әдіс әдетте қарсыласына үрей туғызады. Егер жаулары басым түссе, олар жауларына қуалауға жол берген. Бір-бірінен бөлінген кезде іздеріне түсіп қуа жүріп, майдавдағыдан бетер қырғынға ұшыратқан1.

Мұндай айла-тәсілдер қазақ елінің жоңғарлармен қақты-ғысында көп байқалды. Мысалы, Сарысу бойындағы Айран төгілген деген жердегі қазақ-жоңғар тартысында қазақтар жағы "ай қораланды", "қоян қашты" дейтін әскери әдістерді пайдаланған. "Ай қорланды" ұрысы жауын айналдыра сырт-тан қоршап алып, сонан соң біртіндеп қыса түсу болған2. "Қоян қаштыда" өздері әдейі қашып, бөлініп қуған жауды қоршап алып, жойып жіберіп отырған.

Қазақтардың әскери өнері көшпелі өмірдің әсерімен, көршілес елдермен тұрақты атыс-шабыстарда, сыртқы жау-лардың шапқыншылығынан қорғану барысында шындадды. Ұрыс өнері тек жай ату, шабу, найзаласу ғана емес. Мақсат тек жеңу болғанымен, оған да үлкен әдіс-амал керек. Ол — соғысқа қатысқан адамды көп шығындамай, аман алып шығу. Көзсіз ерлік жасау, қызбалық істеу соғыста абыройға жеткізе бермеген. Бұлай істегендер өз жағынан да жазаланып отыр-ған. Қазақтар өздері жетілдірген осындай айла-тәсілдерді қолданғандықтан, жоңғарлар, зеңбіректері болғанымен, жетістікке жете бермеді. Осының нәтижесінде, қазақ елі үшін тарихи маңызы бар ұлы жеңістерге қол жетті. Ол жеңістер: 1643 жылғы Орбұлақ шайқасы, 1718 жылғы Аягөз өзені жа-нындағы, 1728 жылғы Бұланты өзені бойындағы — Қарасиыр-дағы жеңіс, 1730 жылғы көктемдегі Балқаштың оңтүстігіндегі Аңырақай шайқасындағы жеңістер.


V тарау

ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР ХАНДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ СОҒЫС

ЖӘНЕ ЖОҢҒАР ХАНДЫҒЫНЫҢ КҮЙРЕУІ

(1635-1758 жж.)

§1. ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР СОҒЫСЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХНАМАСЫ

Бүгінгі күні кеңестік империя ыдырап, коммунистік қағидалар келмеске кетіп, уақыт әр нәрсені өз орнына қойып жатқан заманда бұрын бұрмаланып келген қазақ-жоңғар со-ғысы туралы шындықгы қалпына келтіру керек.

Қазақ елінід өткендегі тарихында елеулі із қалдырған, дүркін-дүркін үзілістермен 100 жылға жалғасқан қазақ-жоң-ғар соғысын жазуда оқушылардың қалың көпшілігіне арнал-ған еңбектерде 1729—1730 жылдардағы Аңырақай шайқасына дейінгі кезенде 1711, 1718, 1723—1727 жылдардағы қазактар-дың жоңғарлармен соғысын жазғанда қазақтардың елін, жерін қорғауын, ерен ерліктерін төмендетуге тырысушылық-тың бар екенін байқаймыз. Тіпті қазақтардың жеңісін бұрма-лап, қазақтар халық ретінде жоқ болып құрып кетер еді деп жазғандар да болған. Қазақ хандығы жойылды, қазақтар түгел босқын болды деп көрсетуге ыңғай білдіретін пиғылдар да болды. Мысалы, М.Тевкелев1 өзінің Ресейге жазған бір қабар-ламасында: "Қазақ елі Ресей империясының қарамағына алын-ғанша ит қуған қояндай кең далада безіп жүрген, ешқашан тыныштық көрмеген еді. Қашып, босып жүріп, малынан да, кейде тіпті қатын-баласынан да айырылып, өз бастарын сақтау үшін бас паналайтын жаққа кетті. Жоңғар қалмақтары шапқанда былай қашты, башқұрттар шапқанда кері қашты. Ал, Еділ бойындағы қалмақтар мен Жайық бойындағы орыс, Сібірдегі орыс-казактар бас салғанда, барар жер, басар тау таппай қалды" деген сөзі сакталып қалыпты.

Тевкелевтен кейін орыс тарихшылары қазақ-жоңғар соғы-сын жазғанда қазактардың мемлекеті жоқ болып кетті, қазақ^ тар елін, жерін қорғаған халық емес, "Ресей империясының қарамағына алынғанша ит қуған қояндай кең далада безіп жүрген" деп, андарға теңеуден бастады.

Ал, жалпы алғанда, бас-аяғы жарты ғасырға созылған қазақ-жоңғар соғысы, Тевкелевтің пікірінше, тек Ресейге қосылудың алғы шарты болды делініп, қазақтың өз алдына дер-бес өмір сүре алмайтынының бір белгісі ретінде ғана карастыры-лады. Осы секілді жалған пікірлер Ш.Уәлихановтың еңбектерінде де кездеседі. Қазақ-жоңғар соғыстарының бірі болған 1723 ж. уақиғаны Ш. Уәлиханов тым әсірелеп: "Қан-құмар жоңғарлар өкшелей қуған қазақтар бейнебір үріккен киіктей жол бойы дүние-мүлкін, жүре алмай қалған жас бала-ларын, қартгарын, арык малдарын тастап... босып кетті..."1 -деп жазған еді.

Ал Қазақ ССР тарихының I томывда: "1723 ж. жоңғар шап-қыншылығынан Орта жүз бен Ұлы жүз руларының кепшілігі қатты күйзеліске үшырап, мал-жандары қырылды. Ел топ-топ болып бас сауғалап, Оңтүстік пен Шығысқа қарай қашты. Тек Ресеймен қарым-қатынастың күшеюі, орыстардың туысқан-дық қалтқысыз көмегі қазақ халқының азаттық күресіне көмектесіп, оларды жау тепкісінде қалу қаупінен құтқарып қалды",2 - дейді.

Ал анығына келсек, қазақтар "үріккен киіктей" немесе "ит қуған қояндай" қаша бермеген. Ол туралы архивтік де-ректер орыс ғалымдарының еңбектерінде, қазақтардың ба-тырлар жыры және шежірелерде бар. Солардың ішінде: Томск Мемлекеттік университетіндегі ғылыми кітапханада сақталған тетрадь Зюнгар шежіресі материаддар 18 лл 15-73; Россия Сыртқы саясатының архиві (АВПР), Қырғыз-қайсақ істері қоры, 1743, 3 іс; Россия Сыртқы саясатының архиві қоры. АВПР, Ф. Зюнгарские дела, д. 4, 1756 года, лл 17-235; АВПР, Ф. Киргиз-кайсацкие дела, 1758, д. 4. л 110-200; фонд Зюнгарские дела оп 113-1, 1752—1753 гг. Д. 5 лл 3—42 Россия сыртқы саясатының архиві (АВПР), Қырғыз-қайсақ істері; бас архив, 1-9; қорлар;

Ежелгі актілер орталық мемлекеттік архиві (ЦГАДАРФ), 119-құжат, қалмақ істері; қырғыз-қайсақ істері; 349, 1100, 1267, 1274;

Омбы облысының мемлекеттік архиві, фонд 3, 19, 67, 270, 366, 662,1089;

АВПР. фонд Сибирские дела оп 130/2, 1746-1754 гг. д. 1. лл 4-80;

АВПР. фонд Зюнгарские дела оп. 113/1, 1753 год. дело 2. ллб-11;

АВПР. фонд. Зюнгарские дела оп; 113/1, 1758 год. Д 4 лл 2—32; тағы басқа да қорларда қазақ халқының ерлік соғыстары баяндалған. Мысалы, Хроника Дацинской династии годов, правления императора Гао-Цзуна Токио, 1937, Цзюнь (глава) с. 512; (Да цин Гао-Цзюн Чинь Хуанди Шилу) цз 548 лл 4-13; цз 780 лл 14-35;

"Циньдин пиндин Чжуньгер фанлюс "Чжанбень" цз 27. лл. 21-216; цз 28 лл. 5-66; 76; Да цин Гао Цзун Чунь Хуанди Шилу" Цз 520, л. 8.

Жоғарыдағы материалдарды пайдаланған жапон ғалымы Зокота "Ресей және Орта Азия" деген кітабында сол құжат-тарға сүйеніп былай жазады: "Сол кезде жоңғарлар Орта Азия-дағы ірі сахара патшалығы болды. Оларға ұйғырлар қарсы-лықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезет қарсылық көрсеткен-мен, сұрапыл тегеурінге төтеп бере алмады. Ал ұзақ жылдар бойына жоңғарлармен табан тірескен қазақтар ғана болды. Жоңғарлар қазақ елінің шығыс және оңтүстік жағындағы бірсыпыра кең-байтағын басып алды".

Бір айта кететін мәселе қазақтардың "ит қуған киіктей не-месе қояндай қашқаны" туралы сөз жоқ. Архив құжатгары-мен қоса, қазақтардың 1723 ж. ез жерін ерлікпен қорғағаны туралы орыс авторларының, соның ішінде "Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей под руко-водством Щербины Ф.А. (Том 1-12, Воронеж. 1898-1909 жж.) деген еңбектің 1-12-томының барлығында қазақтардың өз жері мен елін ерлікпен қорғағанын көреміз. Мәселен, Ф.А.Щербина: "Шідерті өзенінің жоғарғы жағында уездің оңтүстік-батыс бұрышындағы "Шүршіт қырған" қыраты мен уездің оңтүстік-шығысындағы "Қалмақ қырылған" тауы -қазақтар мен қалмақтар арасындағы Павлодар уезінің жерінде болған сондай қырғындардан қалған мәңгілік ескерткіш"1, - дейді.

Ф.А.Щербина қазақ батыры қамал бүзғыш Олжабайдың ерекше бір қасиеті жайында айта келе, мынандай қызықты де-рек келтіреді: "Олжабайдың тастан қашалған бейнесі ретінде сақталған сол соғыстың ескерткіштері қазіргі уақытқа дейін бар. Қазақтардьщ айтуынша, оның жеңіске жеткен жеріне ескерткіш қоятын әдеті болған"2.

Олжабай батырдың қалдырған ескерткіштерін қазіргі Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Шығыс Қазақстан облыстарынан да кездестіреміз. Қазақтардың өз жерін, елін ерлікпен қорғағаны туралы Қазан төңкерісіне дейінгі жарық көрген тарихи еңбектерде де кездеседі. Солардың ішінде: "Хронологическая справка по истории завоевания Средней Азии. С приложением списков георгиевских кавалеров и по-лучивших золотые оружия "За храбрость". Ташкент, изд. штаба Туркестанского военного округа, 1909. 36 с; 1л схем. Тожеизд2-е, 1910.

"Переселенческие участки степных областей: Тургайской, Уральской, Акмолинской и Семипалатинской". СПБ, 1907.

168 с.с лл.

"Летопись событии в Туркестанском крае (1155-1879 гг.). Краткое описание Ташкента, Верного, Ферганы и др горо-дов". СПБ 1879.

Дело Посольства к Зюнгарскому хун-тайчжи Цеван-Раб-тану капитана от артиллерии Ивана Унковского и путевой журнал его за 1722-1724 годы - Записки ИрГО по отделению этнографии. СПБ. 1887, X том, вып. 2. с. 193.

Погапов. Очерки по истории алтайцев. М. 1960.

М.Я.Бичурин (Иакино) Собранные сведении по истори-ческой географии Восточной и Средней Азии. Чебоксары. 1960.

Златкин И.Я. Русские архивные материалы об Амурсане. Филология и история монгольских народов. М., 1958.

Осы еңбектерге сүйеніп, қазақ тарихын жазған М.Тыныш-баевтың айтуына қарағанда, барлық қазақтар біркелкі дәре-жеде "Ақтабан шұбырындыға" ұшырамаған. Әсіресе, Ұлы жүздің ішінде қоныс аудару болмаған. Өзінің жайлаған айма-ғында қалып қойған1. Бұл өңірге шығыстан ығысып келген кейбір тайпалардың бөлігі ғана Сырдарияның төменгі жағына қарай карақалпақтармен бірге көшкені белгілі дейді2. Қазақ-тардың түгелдей босқынға ұшырамағанын, өз жерінде жаумен табан тіресе соғысқанын көреміз.

"Өтеген батыр" жырында Орта жүз бен Ұлы жүздегі ду-лат, жалайыр, албан, найман руларынан әскер жасақталғаны жайында айтылады. Дулаттардың біразы Сарысуға қоныс аударған кезінде Өтеген солармен бірге кетпекші болғанда, ақын Өтегенге арнап:



Ақтабан болган алыс жал,

Бул сапардан сескенем.

Атыңның басын кейін бур,

Кутеді көмек ел сенен1, —

деген халықтың сөзінен Өтеген шыға алмай мойынсұнады. Орта жүз Ұлы жүзге, үйсіндерге көмекке келеді.



Екі жүздің баласы

Төмен қарай бір ықты.

Елін қоргап өлімнен,

Жауга қарай қал шықты.

Қалды бастап, найза устап,

Әтеген батыр ол шықты2,

дейді. Қазақтардың жоңғарлармен соғысын айта келе, белгілі ғалым У. Шалекенов өз еңбегінде: "1723 ж. "Ақтабан шұбы-рынды, алқакөл сұламаға" көбірек ұшыраған Қазақстанның оңтүстігі болып, осы жерге шығыстан ығыстырылып келген . кейбір қазақ тайпалары Сырдарияны темендей көшіп, Мұғад-жар тауына дейін барған"3. Олар онша көп болған жоқ деген қорытынды жасайды.

Шындығына келсек, 1723 ж. жоңғарларға іргелес отырған найман, керей, үйсін руларының ішінара жоңғарларға бағы-нуы қазақ елінің болашағына қатер бұлтын төндіргенімен, бірақ ол алғашқы кезеңде ел тағдырын шешетіндей басты оқиға бола алған жоқ. Өйткені 1723 ж. көктемде дулат, шы-мыр, жаныс рулары әлі қысқы қыстауында еді, дәлірек айт-қанда, олардың қыстаулары Ташкент төңірегіндегі Сарыағаш маңайы болған. Қарақамыс аталатын жерде де шымырлар, жаныстар қыстаған еді. Ал Ұлы жүздің жаз жайлауы -Билікөл, Ақкөл, Шу маңайы. Арқадағы Ұлытауға дейін әлі көшіп келе қойған жоқ болатын.

Қазақ хандығының жасақтары (әскерлері) 1723 ж. Түркістан, Ташкентті тастап шегінгенімен, қазақ хандығы жойылған жоқ, қазақтар өздерінің мемлекеттігін сақтап қал-ды. Ал Ш.Уәлиханов айтқан "...Шошынған ел (қазақтар) сай-ғақтың үйіріндей дүние-мүлкі мен мал-жанын тастап, түстікке қашқаны, Орта жүз Самарқан маңына, Кіші жүз Хиуа мен Бұхараға дейін барып токтағаны"' туралы құжат жоқ. Ал Ш.Уәлихановтың бұл сөзі тарихи шындық емес, Ұлы жүз бен Орта жүз негізінен, өздерінің ата қонысында жоңғар шапқын-шылығы кезінде де қала берді. Сондағы аңғарғанымыз — 1723 ж. жоңғарлардың алғашқы шабуылында Ш.Уәлиханов айтқандай, Орта жүз Самарқан, Кіші жүз Хиуа мен Бұхара маңына шегінбеген, өздерінің ата қонысындағы қыстауында болып, әлі жайлауға көшпеген.

Тағы бір көңіл аударар мәселе, ол тарихшылардың тілге тиек етіп жүрген "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сүлама" сөз тіркесі мен "Елім-ай" өлеңі. "Ақгабан шүбырынды, алқакөл сұлама" тіркесін жер аты жок мақал-мәтелдерге ұқсас пайда-ланады. Ал "Елім-ай" жыр-өлеңіне келсек, ол ел бірлігін сақ-тап, азаттық жолында күш біріктіру, мемлекетті сақтау идея-сы. Өлең Түркістанды қорғау кезінде шыққан көрінеді. Со-нымен, бұл өлең қазақтың "ит қуған қояндай қашқанын" емес, Отанды, жерді, мемлекетті, елді қорғауға шақырған үндеуі еді. Осындай Отанды жаудан қорғауға шақырған үндеулердің басқа түрлері де болған. Батырларды, азаматтар-ды жауға қарсы түрар ерлікке шақырып, бірлікті дәріптеу, ба-тырларды намысқа шақыру үндеулері көп болған. Мәселен, соның бірі:

Қатын-бала, бауырың жауда кетті,

Қаратаудан к,атал жау бермен әтті.

Қайдасыңдар, қазақтың батырлары ?

Жасақ бастап, алсаңшы жаудан кекті2, —

деп, жазықсыз қатын-баланың көз жасы үшін ата жаумен со-ғысқа аттан деген үндеу еді. Осындай үндеулер хундар зама-нынан бар. Ол халықты жауға тойтарыс беруге шақырады. Кейбір деректерге қарағанда, ел қорғауға үндеу түрі хундар заманынан бар десек, мөселен, біздің заманымызға дейінгі 121-жылы Хо Цюн-Бин басқарған қытай әскерлері хундарды Еңлік ("Яньчжн") тауы мен Цилянь тауы алқабынан ығысты-рып шығарғанда, туған жерінен босып келе жатқан хундар ата мекенімен қоштасып, өлең шығарғаны белгілі. Өлең мәтінінің қытай жылнамаларының жазбаларында сақталып қалған ("Қара таудың басынан көш келедіге" ұқсайды) төрт жолы темендегідей:



Еңлік тауынан айыршдық,

Қыз-келіншектеріміз Еңліксіз қалды.

Цилянь тауынан айырылдық,

Алты тулік мшіымыз қысыр қшіды'.

Жау шапқыншылығының салдарынан тозған хундардың ұрпақтары қазақтардың "Қаратаудың басынан көш келеді", "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" деген тіркес сөздері тарихи өлеңге, термин үндеуге айналғанын да байқауға болады және бұл өлендердің композициялық құрылысы да бір-біріне қайшы келмейді. Тек "Қаратаудың басынан көш келеді" , өлеңін өз алдына бір нұсқа, халыққа үндеу деп қарау керек.

Сонымен "Елім-ай" өлеңі қазақ халқының түгелдей бос-қынға ұшырағанын көрсетпейді. "Елім-ай" өлеңі өзінің көркемдік кестесі, бейнелеу әдісі мен тәсілі жағынан тарихи жағынан гөрі әсерлі сезім өрнегімен өріле келіп, лирикалық жанрға жақын деп атап көрсеткіміз келеді. Жалпы үндеу жырлары қазақтармен қатар қалмақтарға, орыстарға да тән болған. Қалмақтарда үндеуді аңырау, жылау жыры деген, орыстарда "Слово о полку Игореве" дейді. 1730 ж.Аңырақай шайқасында қазақтардан жеңілген жоңғарлардың да жылап-еңіреп, аңырау жырын айтқаны белгілі:

Ойхой-ойхой-ойхой-ай!

Қалың қалмақ жайлаган,

Мыңгырта мал айдаган,

Желілеп бие байлаган,

Сарыарқа сайран жер қайда?

Аққу-қаз қонган көл қайда?

Қалың қалмақ ел қайда?

Үзын аққан Шу қайда?

Сарысу, Балқаш су қайда?

Желкілдеген ту қайда?

Үзын аққан Шу кетті

, Сарысу, Балқаш су кетті,

А йдын көлден су кетті.

Желкілдек ту қулады,

Жайсаңдар тегіс сулады,

Жетім-жесір жылады.

Аналар қалды аңырап,

Иесіз мал жамырап,

Үйлер қалды қаңырап.

Куніміз шги тун болды,

Заманымыз сум болды,

Тірі қалмақ кім балды ?

Қалмақ улы қул болды,

Қалмақ қьаы куң болды,

Жігеріміз қум болды,

Ойхой-ойхой-ойхой-ай!1

деп аңырайды. Елінің қайғылы тағдырын еске алатын осы бір қалмақ әйелдерінің жыры қазақтың "Елім-айын" қайталай-тын секілді. Ал орыстарға келсек, "Слово о полку Игореве" және оған қоса кешегі 1941 ж. соғыста шыққан "Священная война", "Вставай, страна огромная" сияқты үндеу-өлендерді еске алсақ та жеткілікті.

Сонымен, 1723 ж. қазақтар жоңғар шапқыншылығы кезінде "ит қуған қояндай кең далада безіп жүргені" туралы ешқандай дерек жоқ, тек жалған пікір бар. Қайта қазақ хан-дығы бірлігін сақтап, сыртқы жаудан ел мен жерді қорғау үшін бір тудың астына жиналған. Қазақ халқының ұлттық са-насының қалыптасқанын, елдігін дәлелдеген кезең болды деуімізге толық болады.

Тарихнамаға қатысты екінші бір шешілетін мәселе ол — Абылай және қазақ әскерлерінің мыңбасыларының жоңғар соғысына қатысуына байланысты жазылған еңбектердегі кемшіліктеріміз туралы. Мәселен, "Қазақ өдебиеті" газеті (1989 ж. 1 қаңтарда) "1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақтың астанасы Түркістанды және Сауран қаласын жоңғарлардан босату соғысын басқарып" дегенді айтады. Ал тарихи фактіге жүгінсек, Абылай 1725 ж. бар-жоғы он төрт жаста. Әлі 15-ке толған жоқ, Төле бидің түйесін бағып жүрген кезі болатын. Абылай туралы ел есінде сақталған деректерде оның 1711 ж. Шыңғыс әулеті Уәлидің шаңырағында дүниеге келгені айтылады2. Олай болса, 1725 ж. Абылайды Бөгенбай батырмен бірге Түркістанды қорғауға қатыстыруымыз тым ертерек сияқты.

Бөгенбайдың Сабалақты (Абылайды) Төле биден сұрап алып, майданға қатыстыруы XVIII ғасырдың отызыншы жылдарының басы болса керек.

Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы өдебиет және өнер институты шығарған "Батырлар жыры-ның" I томының алғысөзінде әйгілі ғалымдарымыз Қ.Жұма-лиев пен М.Ғабдуллин: "1726 ж. Сарысудың батыс беті Бұланты өзенінің бойында Қанжығалы Бөгенбай батыр бас-таған қазақ колы қалмақтарға қарсы соғыс ашып, үлкен жеңіске ие болды. Бұл жеңістің мәні зор, өйткені мықты жа-удың беті кайтты, жеңушілердің көңілі өсті. Бұрынғы "оларды жеңуге болмас" деген жалған лақап, жалған сенімдердің күлі көкке ұшты", - деп жазған. Әрине, бұл ұрысқа Абылай қатыспаған.

Аңырақай шайқасын айта келе, белгілі тарихшы Рамазан Сүлейменов Абылайдың қазақ-қалмақ шайқастарына қатысып, батырлар сайысындағы жекпе-жекте Шарышты 1231 ж. жазын-да мерт қылғанын айтады1. Бұл уақытта Абылай 20 жаста, ал Абылайдың жекпе-жегі туралы Шәді төре Жәңгірұлы (1855— 1933) өзінің "Тарихат" деген дастанында төмендегі төрт шумақ жолдан тұратын өлеңінен аңғаруға болады:

Сажакөз сауытынық қойган нәмі,

Болаттан шыгыршықтың еді бәрі.

Абылай хан атқан огы тесіп өтіп,

Серіштіц тілге кеямей шықты жаны, "2

- дейді.

Сондай-ақ 1982 ж. "Ғылым" баспасынан шыққан Қазақ та-рихының 3-томының 21-бетіндегі мәлімет бойынша 1723-1725 жж. халық жасақтарын басқарған батырларды айта келе, Кіші жүздің батыры Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай батыр, Ұлы жүзден Саурық батырларды атайды және "Ақтабан шұбырын-ды, алкакөл сүлама" жылдарындағы күрестің қаһармандары болды дейді. Бұл шындық емес. Саурық батыр ол кезде туған жоқ. Саурық батыр шамамен 1814 ж. қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген3. Саурық батыр - Қоқан хандарының шапқыншылығына қарсы күресте 1846 ж. қол бас-таған қазақ батыры (қараңыз: ҚСЭ, 10-том, 61-бет). Сол секілді Тайлақ деген батырдың да сол кезде өмірде болғаны ту-ралы тарихи деректер жок. Бірақ әйтеуір осылай болу керек деген болжаммен бұл оклғадан жүз жыл кейін емір сүрген Сау-рық батырды да қосып жібергеніміз артық. Тағы да сол Қазақ ССР тарихының 3-томындағы 18-бетте: "1723 ж. шабуылдажоң-ғар әскерлерінің жалпы саны 100 мың адамға жетті"1, - дейді. Бұл - ақылға сиымсыз сан. Жоңғарияның гүдценген кезеңінде 600 мың адам өмір сүрді2 десек, 1723 ж. қазақ жеріне шабуылға үлкен екі тайпа Іле өзені бойындағы шорстар, Қара Ертіс бо-йындағы дөрбіттер қатысты. Әрқайсысында шамамен 200—250 мың адам болған. Ал торғауыттар Тарбағатайдан шамамен 250 мың адам Еділ өзенінің төменгі ағысына қоныстанған болатын. Ал хұшоуттар Үрімші маңынан Тибетке барып қоныстанған еді (шамамен 200 мың адам). Бұл тайпалар 1723 ж. қазақ жеріне ша-буылға пәлендей әскер косқан жоқ. Сонда қазақ жеріне шабу-ыл жасауға жоң-ғарлардан 28-30 мың адам қатысты. Бұны ха-лықтың 7—8 пайызы әскерге жарамды деген ғылыми қорытын-дыға байланысты беріп отырмыз.

Қазақ ССР тарихында: "Орыстардың туысқандық қалтқы-сыз көмегі қазақтарды жау тепкісінде қалудан құтқарды"3, — деген де шындық емес. Орыстардың әрекетін өз көзімен көрген жауынгер жырау Қожаберген Толыбай СыншыҰлы-ның былай деп күйіне айтқаны белгілі:

Мылтыгын орыс, қытай қалмаққа сатты,

А йдап сап малгундарды црқаңдатты.

Қыргызып қазақтарды қалмақтарга,

Орыстар қамалдарын салып жатпгы*.

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан қорғау соғысының белгілі бір батыры жырау Қожабергеннің даусыз тарихи куәлігі осындай.

Біраз мақалаларда жоңғар батырларын Батый хан батырла-рымен шатастыру бар. Мәселен, "Социалистік Қазақстан" газеті (1991 ж. 16 ақпан), "Егемен Қазақстан" газетівде (1999 ж. 8. VI): Боралдай батыр туралы жазғанында да жаңсақтық кездеседі. Қалмақтарда Боралдай батыр 1710—1758 жыдцары соғысқа қатысқан жоқ.

Рашид-ад-Диннің айтуынша, Бүрындай (Боралдай) 1237 ж. Батыйдың Руське қарсы монғол әскерлерінің оң қанатын бас-қарған адам. Оның 38 мың жауынгері болған. Оның әскерлерінің негізі Толы ұлысынан шыққан болатын. Бұрын-даймен (Боралдай) бірге жорықта Толының ұлдары Мөңке мен Беген де болған1. Бұрындай (Боралдай) әскерінің ордасы 1236 ж. қазіргі Алматы каласының оңтүстік-шығысында қыстап шықгы2. Содан бері бұл жер Бораддай деп аталады.

1236 ж. көктемде Боралдай (Бұрындай) батырдың әскері Шымкенттен батысқа қарай 30 шақырым қашықтыкта жатқан Ордабасы тауының етегіндегі өзенге келіп тоқтайды. Ол өзен күні бүгінге дейін Боралдай батыр атымен аталады.

Сол секілді оку құралдарының да қазақ, қалмақ батырла-ры жайында жазғандарында жаңсақтықтар кездеседі. Мәсе-лен, "Исторический опыт защиты Отечества" атты еңбектің (Алматы, 1999 ж.) "Войны с джунгарами в ХҮІ-ХҮП вв." бөлімінің 67-бетінде 1723 ж. қазақ жеріне шабуылға қатысқан қалмақ түмендерін Халдан Цереннің ұлдары Лама Доржи мен Цеван Доржи, жиені Әмірсана басқарды дегенді айтады. Ал тарихи фактіге жүгінсек, бұл жылы Әмірсана не бары 7 жас-та, Лама Доржи 3 жаста, Цэван Доржи әлі тумаған болатын. Ол 1732 ж. дүниеге келген3. Ал "Қазақ батырлары" газетінде (1991 ж. 10 мамыр) Райымбек батыр туралы көп жаңсақтық-тар жіберілген. Онда Райымбек бабамызды "Ақтабан шұбы-рынды" оқиғасына да, кейінгі Аңырақай шайқасына да қатыс-тыра береді. Райымбекті Қабанбай, Бөгенбай батырлармен тұрғылас, үзеңгілес етіп көрсетеді. Ал шын мәнінде, бұл ба-тырдың "Ақтабаннан" кейін туғанын, Қабанбай, Бөгенбай ба-тырлармен оның атасы Хангелді батыр замандас болғанын, ал жиырмадағы жас Райымбек елуінші жылдардағы қазақ жерін азат ететін соңғы жорықтарға ғана қатысқанын айтқымыз келеді.

Қорыта келгенде, қазақ пен қалмақтың соғысы тек қана екі көшпелі халықтың соғысы еді деген түсінік тарихи шын-дыққа жанаспаса керек. Шын мәнінде олардың артында Цинь империясы мен Орыс империясы тұрды. Бұл халықтар шығыс пен батыстағы осы екі империяның саяси ойыншығына ай-надды.

Бұл империялар өз мақсаттарына жету үшін екі мемлекетті бір-біріне айдап салу арқылы әлсіретуді көздеді. Сөйтіп, қытайлар жоңғарларға, ал орыстар қазақтарға өз ықпалын жүргізіп, бағындырып алуды көздеді. Әдебиетте жоңғ-арлар қазақ елінің жеріне кызықты, малына жайылым іздеді, сауда жблына қызықты, қазақ елін құл қылуды көздеді деген себептер айтылады.

Сөз жоқ, мүндай себептердің бары рас. Ал шын мәніне келсек, көшпелі халықтардың соғысы екі халықтың ғана өзара саясатынан туындамаған-ды. Қос империяның қыспа-ғына түскен халықтардың соғысы империялық саясаттың да нәтижесі болатын. Сол дәуірдегі Азия даласындағы екі ірі жауынгер халықтың соғысы бір-бірін әлсіретті, қалжыратты, жоңғар мемлекеті жоқ болды. Ал қазақ халқы мемлекет-тігінен айырылуға аз-ак қалды.

Түйіндей келсек, сол ауыр жылдарда қазақтың ел қамын, мемлекет мүддесін ойлаған билері, хандары мен ба-тырлары халықты қазақ жерін басқыншы жаудан азат ету жолындағы нағыз Отан соғысына бастады. Енді сол қазақ-тар соғысқан жоңғарлар кімдер, олардың шыққан тегі, ата мекені мен қазақ шекарасына келу тарихына қысқаша тоқ-талайық.



§2. ЖОҢҒАР, ОЙРАТ, ҚАЛМАҚ СӨЗДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЖОҢҒАР ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

Қазақ және жоңғар хандықтары арасындағы соғыстарды баяндаудан бұрын жоңғарлар, ойраттар, қалмақтар кімдер, олардың шығу тегі, ата мекені, қазақ шекарасына келу тари-хы, ұлт болып қалыптасып, мемлекет құру тарихына, даму кезеңдеріне біраз тоқталып өткеніміз жөн болар деп есептейміз.



Жоңғар халқыныц қалыптасуы

Қазақша қалмақ, ойрат, қытайша элюттер, орысша зюнгар (жоңғар) деген атаулардың бәрі — бір халық. Қалмақ деп түркілер батыс монғолдарды айтатын болған. Олар өздерін ойраттар дейді, қытай кітаптарында элюттер деп аталады. Қалмақ деген сөз В.В.Бартольдтің тұжырымдауынша, мұсыл-ман кітаптары ішінде Шараф-ад-Дин Иаздінің 1425 ж. жазы-лып біткен Зарафнамасында, мукадимасында бұл сөз түркілердің "қалу" деген етістігінен, ойраттардың отқа табы-нушылар қатарында қалғанына байланысты сияқты. Ал "ой-рат" деген сөздің шығу тарихы әлі анықталмаған. Монғол зерттеушілерінің бірі бұл сөз "жақтастар" деген ұғымды береді десе, енді біреулері "ойарат" — "орман адамдары" дегенді білдіреді деп тұжырымдайды. Бұл сөз ешқандай да ұғымға сәйкес келмейді дейтін зерттеушілер де бар.

Айналып келгенде, қалмақ, ойрат, элют және жоңғар (сол қанаттағы адамдар) деген сөздер чорос, хошауыт, торға-уыт, дөрбәт деген батыс монғолдардың аттары. Олар XIV ғ. 2-жартысында "ойраттар одағын" құрып, монғол хандығы-ның қол астынан кетіп, өз тайпаларының басқаруында бол-ды.

И.Я.Златкиннің айтуынша, сол уақытта олар шығысында Хангай тауының батыс жоталары, оңтүстігінде Гоби шөлі, ба-тысында Моғолстан, терістігінде Ертіс пен Енисей аралығын-дағы онша үлкен емес аймақты жайлаған. Батыс монғол тай-палары өзара қақтығысатын еді, кейде

бастары бірігіп қала-тын, сондай күшейген кездері кершілерін шабатын. Олардан көп шапқыншылыққа ұшырайтын Монғолия еді. XV ғасыр-дың ортасында қалмақтарды қайратты да іскер Тоған (1418-1440), оның ұлы Эсен тайша (1440-1455 ж.) басқарды. Ол ой-рат тайпаларын біріктіріп қана қоймай, өз билігін бүкіл Шы-ғыс Монголияға таратты. Эсен тайша өлгеннен кейін (1455 ж.) олардың саяси қуаты да уақытша таусылды. Алайда ойрат билігі онша ұзаққа созылған жоқ. XV ғ. 2-жартысында Мон-ғолиядағы билігінен айырылды'.

Шығыс Монғолияның қалқа тайпаларынан жеңілген ой-рат тайпалары өздерінің бұрынғы өріс-қоныстарынан айыры-лып, топ-топ болып қоныс аударуға мәжбүр болды. Олар бірте-бірте қазақ даласына — Ертіс, Іле, Жетісу, Алтай, Тар-бағатай өңіріне ене бастады. Бұл арадағы жайылымдық жер-лер үшін жергілікті тайпалармен қақтығысты. Бұл кезде бы-тыраңқы ойрат тайпалары қазақ хандарының шапқыншылы-ғына ұшырады.

Өздерінің алғашқы шабуылдарында сәтсіздікке ұшырап, қазақ хандығынан жеңілген ойрат тайпаларының бір бөлігі XVI ғ. қазақ хандығына бағынып, тәуелді болды. 1598 ж. Тәу-екел өзін қазақ және қалмақ ханы деп жариялады.

Сонымен, ойраттар алғашқы кезде Енисейдің бас жағында түрды. Қырғыздардың жақын көршісі болды және одақ қүрды. Ойраттар мен қырғыздардың Моғолстанға (Жетісуға) жорығы 1470 ж. болды2. Осы қозғалысқа қатысқан қырғыздар сол кезде Моғолстанның оңтүстік бөлігінде Тянь-Шань тауында орналасты1 және осында қоныстанып қалды. Қырғыздар-дың қазақтармен жақындасуы оларда ислам дінінің орнығуына әсерін тигізді2 және қырғыздар ойраттардан қол үзді.

Жоңгар хандығының құрылуы мен сыртқы саясаты

Ойраттардың жоңғар хандығы деп аталатын саяси бірлестігі 1635-1758 жылдары өмір сүрді. XVI ғасырдың ақырында ойраттар торғауыт, дөрбіт, хошоут, шорс деп ата-латын төрт ірі тайпалык бірлестіктен құралды. Торғауыттар Тарбағатай тауынан шығысқа қарай созылған жерлерді, дөрбіттер Ертіс өзенінің батыс жағын, хошауыттар қазіргі Үрімші маңын, ал шорстар Іле өзенінің бойын (бас жағын) қоныстанды3. Олар, әсіресе, орыстармен қатынасын жақ-сартқаннан кейін, Сібірдегі орыс қалалары мен бекіністеріне айырбас сауда жасап, олардан қару-жарақ сатып алып отыр-ды.

XVII ғасырдың басында ғана ойраттар ішінде қайратты, жаугер басшылар шыға бастады. Олардың ішіндегі біріншісі чорстың Қарақұла (Хара-Хула) тайшасы еді. Қарақұла бар-лық ойраттарды казақтарды шабуға біріктірді, ақыр аяғы Жоң-ғар хандығы пайда болды. 1634 ж. Қарақұла өлгенде, билік оның Ұлы Батыр хонтайшыға көшті, ғылымда осы 1635 ж. Жоңғар хандығы құрылған жыл деп есептеледі.

Қазак жерін жаулау баяу және бірте-бірте жүргізілді. Әскери қақтығыстар мен бітімге келу қалмақтардың алдыңғы топтарының қазақ хандары мен сұлтандарының қол астына өтуімен кезектесіп отырды. 1598 ж. Тәуекел орыс патшасына өзін қазақ және қалмақ ханы деп жазады.

XVII ғасырдың басында қалмақтардың алдыңғы топтары-ньщ батысқа ұзағаны сонша, Хорезмге шабуыл жасай баста-ды. 1603-1604 жылдардың қысында қалмақ әскері келіп, Қожакелден бастап Түк бекінісіне дейінгі аралыкта өзен жа-ғасында отырған елге бұлік салып, Бүрлі арқылы (Әмудың оң жағында Түйе мойын маңы) жетті деп жазады Әбілғазы. Хиу-алықтардың басшысы Арабхан қалмақтарды қуып жетіп, тұтқындар мен алған олжаларын қайтарады. Бұл қалмақтар-дың Хорезмге бірінші жорығы еді, — дейді Әбілғазы. Орыс архивтеріндегі құжаттарда 1604 ж. тамыз айында "бар-лық қалмақ тайшалары мен ұлыстары қазақ ордаларымен ұры-сқа енді" делінген. Бірақ бұл жорық қалмақтарға онша қолайлы болған жоқ. Олар қазақтар мен ноғайлардың біріккен күшінен қатты тойтарыс көрді. Сөйтіп, оңтүстік пен батыстан қысым керген қалмактар солтүстікке көшіп, онда орыс ұкіметімен өз тылын қамтамасыз ету үшін келісімге келуге мәжбүр болды. Мәскеумен келісімге келу қалмактардың қазақтарға қарсы ар-тына қарайламай соғысуына мүмкіндік берді. Қазақтардың Есім ханы қалмактармен ұдайы соғысты, алайда жеңіске жете алмады.

XVII ғасырдың 20-жылдары шығыста монғолдар мен қытайлардан куғын көрген қалмақтар қазақтар мен ноғайлар-дан жаңа жау тауып, өте қиын жағдайда қалып, қазақтармен бітімге келу жолын іздеді.

П.Семеновтың айтуынша, 1620 ж. қалмақ тайшасы өз елшілерін Есім ханға жіберді. Келіссөз кезінде қалмақтар қазақ ауылдарын шапқанына ашулы Есім хан елшілерді өлтіріп, көп күшпен қалмақтарға қарсы жүрді. Сол ұрыста көптеген қалмақ қырылып, екі тайша өлді.

20-жылдардың басында қалмактар екінші жаумен де со-ғысуға мәжбүр болды. Бұл Бұхар ханы Имамқұл еді. Бүхар саудагерлерін тонап, өлтіргеніне шыдамай, қойған шарты орындалмаған соң, Имамқұл өз әскерлерін қалмаққа қарай жібереді. Әйтсе де қалмақтар кейбір қақтығыстарда жеңіске жетіп, бұхарлықгарды тұтқындап, түмендегі орыстарға тұтқынға түскен қалмақтарға айырбастап отырды. 1624 жылдан 1627 жылға дейін тыныштық орнады. 1627-1628 жылдары Есім ханның жорығында қалмақтар жеңіліп, қазақ елінен іргелерін аулақ салуға мәжбүр болды. Бұл соғыста шабуыл жасап, олжа алу, салық төлету, құлдыққа адам алу жоңғарлардың да, қазақтардың да ең басты мақсаты болған. Жоңғарлар қазақ-тардың, қазақтар жоңғарлардың саяси өміріне араласпаған, тіпті қазақтармен бірігіп, өзгелерге қарсы соғысып, әр қилы қатынаста болған. Соғыста жеңіске жеткенімен, жоңғарлар қазақ жерінде тұрақтап қалмаған.

XVII ғасырдың бірінші жартысында ойрат-қалмақтар ара-сында елеулі оқиғалар болды. Ойрат одағы төртке бөлініп: хо-шауттар Тибетке кетті, торғауыттар (250 мыңцай адам) Хо-Урлюктің бастауымен Еділдің төменгі жағалауына қашып, қалымақ (қалмақ) атауын алды. Қалғандары шорыс, дөрбіт өз князьдерінің маңына бірігіп, 1635 ж. Ертіс бойында басқа ой-рат хандығын құрды. Бұл Батыр Хонтайшы басқарған жоңғар хандығы еді. Есім ханның ұлы Жәңгір хан басқарған қазақтар жеңіліс таба бастады. 1635 ж. бір ұрыста Жәңгір хан қалмақ тұтқынына түсіп, әрең дегеяде құтылып кетті. Содан бастап ол қалмақгар-дың ата жауына айналды. 1643 ж. Батыр Хонтайшы 50 мың әскермен қазақ еліне келіп кірді. Басында қалмақтар үшін жақ-сы басталған бұл соғыс оларды үлкен жеңіліске ұшыратты. Бұл шайкаста Жәңгір хан және Қарасай батыр соғыс алаңында қор-ғаныс шебін шебер пайдаланғандықтан, Батур Хонтайшы күйрей жеңіліп, шегінуге мәжбүр болды. Бұл оқиға туралы та-рихи материалда былай делінген: "Жәңгір өз тобының бір бөлігіне жунғарлар тар асудан асып келгенше екі таудың ара-сындағы тар жырада ор кдзып, бекініс жасауға бұйырады. Ал өзі екінші бөлігімен таудың екінші бетіне жасырынады. Хон-тайшы ор қазып алып, ерлікпен қорғанып жатқандарға шабуыл жасайды. Осы кезде Жәңгір жаудың ту сыртынан лап береді. Сөйтіп, жоңғарларды қатты жеңіліске ұшыратқаны соншалық, олар жақтан он мындай адам өледі. Ұрыс бітуге жақындағанда 20 мывдай әскермен Самарқан билеушісі атақты Жалаңтөс ба-тыр Жәңгірге көмекке келеді. Батыр Хонтайшы кейін шегінуге мәжбүр болды1.

Қалмақтар кек қайтару үшін орыстардан қару-жарақ са-тып ала бастады. Кейбір тайшалар қарсы болғандықтан, жо-рық басталмай қалды. Ойрат шежірешісі Зая-Пандиттің айту-ынша, жорық 1652 ж.ғана басталды. Осы жорықта 17 жасар Қалдан Церен Жәңгірді өлтірді. Келесі 1658 ж. қысында Ба-тыр Хонтайшы өлді. Сол уақыттан бастап, оның орнына Ба-тыр Хонтайшы Сенге (1658-1670) отырған жыл ішінде билік үшін талас бір сәт толастаған жоқ. Қазақ пен жоңғар арасын-да тыныштық орнады. Бірақ Хонтайшы Қалдан Башақты (1670-1697) басқарған кезде ойрат тайшалары Оңтүстік Қазақстанға, Орта Азияға, Шығыс Түркістанға жаңа жорық-тар бастады. 1681 ж. Қалдан Башақты Шу өзені арқылы өтіп, Сайрам қаласын қоршады, бірақ ала алмады. 1683 ж. жаңа жорық жасалды, 1684 ж.Сайрам алынды. Қытайлармен ара-дағы әскери әрекеттерге алаң болған қалмақтар тоналған, қираған Сайрамды тастап, сол маңның кептеген халқын Жоң-ғарияға тұтқын етіп әкетті. 1683-1685 жылдары Қалдан Бо-шақты Ош пен Әндіжанға жорық жасап, қырғыздар мен өзбектерден тойтарыс көріп, оларды ала алмай қайтты. Содан кейін Қалдан Шығыс Монғолияға жорық жасап, өте қатты соққы жеп, 1697 жылы өзін-өзі елтіреді. Қалдан Бошақты өлген соң, оның немересі Цәбан Рабтанға жокғар басшылығы беріледі. ;

Билікке Цәбан Рабтан (1697—1727 жж.) кіелгеннен кейін қазақ-жоңғар ара қатынасы қайта бұзылды. 'Екі ел арасын-дағы бір соғыстың аяғы басқа соғысқа үласып отырды. Оның ішінде айтарлықтай ұрыстар 1711-1712, 1714, 1717, 1723, 1725, 1729—1730, 1740, 1742 жылдары болды. Бұл соғыстардың ішіндегі қазақтар үшін ең ауыр болғаны — 1723 ж. соғыс. Енді қазақ тарихына "Ақтабан" шұбырынды, алқакөл сұлама" де-ген атпен енген 1723 ж. қазақ-қалмақ соғысының кезендеріне тоқталайық.
§3. ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ШАБУЫЛДАУШЫ ЖОҢҒАР ӘСКЕРИ ТОБЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ СОҒЫСУШЫ ЕКІ ЖАҚТЫҢ ӘСКЕР САНЫ (1723-1727 жж.)

Соғыстың бірінші кезеңі 1711 жылы ойраттың қалың қолы Шу, Талас аңғарынан, Алатау кырқаларынан қаптай басып кіруінен басталды. Бірақ бұл жолғы шабуыл қанша қаһарлы болғанымен, тегеурінді қарсылыққа тап болды. Қазақ ханы Тәуке басшылық еткен қазақ жасақгары Іле басында отырған Цәбан-Рабтан ордасына дейін жоңғар әскерлерін қуып барды. Бұл жеңіске Тәуке қандай дандайсымаса, Цәбан-Рабтан хан да еңсесін түсірген жоқ. Өйткені қазақ ханы мұны ойрат- пен арадағы соғыстың басталуы деп есептесе, хонтайшы бұл шабуыдды қарсы жақтың дайындығына жасалған барлау деп санады. Ең бастысы, жоңғарлар орыс, қытай мамандарының көмегімен болашақ соғысқа деген тактикалық-стратегиялық жоспар жасады. Бұл стратегиялық жоспардың басты мақсаты: қазақтарға қарсы соғыста стратегиялық инициативаны өз

қолдарында ұстау және қарқынды шабуылмен алға жылжу болды. Алға жылжудын негізгі мақсаты қазақ әскери күшін казақтардың қыстауда отырған жерінде бөлшектеп талқандау арқылы малға қүнарлы жайылымдарды басып алу болды. Осы мақсатқа жету үшін қазақ еліндегі рулық, тайпааралық ала ауыздықты олар шебер пайдалана білді. Соның нәтижесінде жоңғар басқыншылары 1723 ж. Ташкентті алып, Сырдария өзені бойындағы қалаларды алу үшін шабуылды онан әрі өрістетті. Жоңғар өскер жасақтарының соғыс тактикасының тәртібі майдан мен оның ішіне қарай рет-ретімен бөлшектене шабуылдау мақсатында орналастырылды. Әрбір әскери бөліктің тактикалық атауы болды. Ол негізгі бөлімнен, оң және сол қанаттан және күзетші полктен түрды. Соғысты күзетші полк бастады. Екі жак қанат мықты жауынгерлерден іріктелініп алынды да, орталыққа қарағанда күштірек болды. Ол қазақтарды қоршауға алуға мүмкіндік берді. Қоршауды бұзып шыққандардың артынан қуғын ұйымдастырылды. Ша-буыл шегінген қазақтарды толық талқандағанға дейін жалғас-тырылды. Жоңғарларды осындай жетістіктерге жеткізген так-тикалық ерекшеліктерін анықтауда мынаны есте ұстау керек. Жоңғарлар отбасыларын өздерімен бірге 100—150 шақырым тылда ала жүрді. Әйелдер мен балалар жауынгерлердің тамақ-тануына, тынығуына жағдай туғызды. Әйелдер мен балалар соғыс жағдайында қосымша әскери бөлімдер ретінде ұсталды және өз күштерімен тылды қорғап тұрды. Ең бастысы, Цәбан Рабтан әскерінде темірдей тәртіп пен өте жақсы ұйымдасты-рушылық әрекеттің арқасында ғана қазіргідей байланыс құралдары жоқ жағдайда аса үлкен әскерге басшылық үздіксіз жасалды.

1722 ж. қытай императоры Хан-Сидің өлімінен кейін жоң-ғарлар 1723 ж. жоңғар-қытай бітімі жасалып1, шығыстағы өз тылын қауіпсіздендіріп алғаннан соң, жоңғар хонтайшысы қажет территорияны қытайдың қолдауымен кеңейту үшін қазақтармен соғысуға белсене-әзірлене бастады2.

Жоңғарлар енді Алтайдағы ұлыстардан күш толықгырып, 1717 ж. Бие, Абақан, Қатын өзендерінен өтіп, қазақ жеріне қарай ене бастады. Нөтижесінде жолын жалмап келе жатқан ойрат әскерлері 1718 ж. Аякөз өзенінен келіп шықты. Мұнда жауды Әбілқайыр мен Қайып сұлтандар басқарған қазақ жа-сағы қарсы алды. Бірақ Аякөз өзенінде қазақ жасағы жеңіліп, жауға арқа берді (шегінді). Ал 1718 ж. көктемінде жоңғар әскерлерінің шолғыншы тобы Түркістан, Бөген, Шаян және Арыс өзендеріне жетіп, қазақтармен кақтығысқан3 еді.

1723 ж. жоңғарлар қазақ хандығын Ташкент, Түркістан, Сайрам секілді қалалық қолөнер орталықтары мен рыноктар-дан бөліп тастады4.

Енді Цәбан Рабтанның жаулап алу бағдарламасының ең шырқау шыңы 1723 ж. жойқын жорығынан көрінеді. Көктемде басталған алапат бұл шабуылға жоңғар мемлекетінің бүкіл со-ғыс қуаты түгел дерлік пайдаланылды. Кейбір деректерде 30, кейбір деректерде 40 мың қол Қаратау жоталарынан, Шыр-шық, Шу өзендері аңғарынан бірнеше бағытта жаппай басып кіреді.

Жоңғарлармен соғыста қазақ сауыттары қорғасын оқты орыс мылтығына төтеп бере алмайтын. Қазақ қолында жоқ мұндай мылтықтарды, зеңбіректерді орыс саудагерлері керу-енмен алып келіп, тек қалмақтарға ғана сататын1 еді. Бұл қарулар қазақтың садақ, найзасынан артықшылығын көрсетті.

Сол жылдары жонғарлар қазақ руларын Алтай мен Тарба-ғатай өңірінен ығыстыра бастаған болатын. Ал 1723 ж. кейін бүкіл Жетісу өлкесі, Шу мен Талас аңғары, Ташкент пен Түркістан басқыншы жаудың қол астында қалған. Демек, бүгінгі түсінікпен айтқанда, Шығыс Қазақстанның жері түгелдей, Семей облысының шығыс аудандары, Талдықорған, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары түгелімен қазақтардың қолынан кеткенін анықтайды. Ендеше, осынша-ма территорияны азат ету жолындағы, ұзын-ырғасы 25 жылға созылған ұлы шайқасты бүкілхалықтық Отан соғысын ұйым-дастырушы қазақ мемлекеті, шешуші күш қазақ халқы деме-генде не деу керек? Жаңадан жазылатын болашақ тарихы-мызда міне, осы ұғымды түбегейлі орнықтыруымыз керек.

Әділін айту керек, жоңғарлар қазақ үшін оңай жау болған жоқ. 30-жылдары қазақ әскері теке-тіреске жарағанымен, қашан Цәбан Рабтан өлгенше, қалмақ қолы бет қаратпай келді. Мұның басты себептері - қазақ жүздеріндегі ауызбірліктің жоқтығы, бейғамдық, қапыда қалушылық де-сек, ең негізгі себеп — Жоңғар хандығының әскери-қоғамдық құрылысы, қару-жарағы қазақ елінен гөрі соғысқа бейімірек болды. Бір сөзбен айтқанда, жоңғардың бүкіл халқы бала-шаға, мал-жанымен кешіп жүрген әскерлер десек, ал қазақ жасағы дегеніміз - ел басына күн туғанда амалсыздан қолына қару алған шаруалар еді. Аттаныс пең қорғанысты қолма-қол ұйымдастыруға келгенде, жаңағы айырмашылықтар өз әсерін тигізбей қойған жоқ.

Сонымен, бұл реткі соғыста ойрат өскерінің жеңіске жетуіне - тұтқиылдан жасалған шабуыл, қазақтардың қапы қалуы, жау қолында дәрімен атылатын мылтық, зеңбірек сияқты қаһарлы қарудың болуы, жоңғарлардың манчжур- қытай әскерімен соғысып, тәжірибе жинауы басты себеп бо-лып еді. Бірақбірінші кезенде (1711-1727 жж.) бұл айтылғандар-ға қарамастан, ойраттардың қазақтарды толық жеңе алма-ғаны, әсіресе, Орта жүздің жауға тізе бүкпегені байқалады. Жоңғарлардың шабуылдап келген жолынан шалғайда, бұрыста қалған Ұлы жүздің албан, суан, дулат, шапырашты рулары өз тарапынан жау әскерімен үнемі бетпе-бет келіп отырған. Сөйтіп, жаудың Түркістан мен Ташкентті алуын қиындатқан. Орта жүз ханы түрған Түркістан мен Ұлы жүз ханы түрған Ташкент қаласы 1724 ж. ғана қолдан кетеді. Бірақ есте сақтай-тын бір мәселе: қазақтар түгел оңтүстікке шегінген жоқ. Белгілі тарихшы Уақит Шалекенов: "Ақтабан шұбырындыға ұшырағанмен, әсіресе, Ұлы жүздің ішінде қоныс аудару болма-ған. Өзінің жайлаған аймағында қалып қойған"1, - дейді. Тари-хи өдебиеггерге сүйенсек, Ұлы жүз тайпаларының кепшілігі 1723 ж. Шілік, Шарын, Текес, Талдысуға шегінген. Сол секілді Орта жүз рулары Сарысу, Есіл, Нұра, Ұлытау, Көкшетауға шегінген, бірақ тылдан жоңғарларға соғысты тоқтатпаған. Алға жылжып жеткен жаудың көшін бөліп тастап, оларды үлкен шығынға ұшыратып отырған. Мәселен, Дулаттың төрт баласы-ның әрқайсысы мындықтан әскер жинап, тылда жоңғарларға қарсы соғысқан. Сиқым қолын - Рысбек, Ботбай қолын -Сәмен, Жаныс қолын — Өтеген, Шымыр қолын — Қойкелді ба-тырлар басқарған. Осылайша партизан соғыстарын жүргізген. "Өтеген батыр" жырында:

Артында дулат қалың ел,

Халық ушін ат мініп,

Найза устап, буды бел, -

дейді.


Соғыстың бірінші кезеңінде қазақтар Қойкелді батырдың басшылығымен Жиделі Байсын, Қарақалпақстан жерінде біраз уақыт күш жинаған соң, Қойкелді Ташкентті жаудан бо-сатуға кіріседі. Бозсу өзенін басынан байлап тастап, он екі қақпаның ең әлсізін қйратып, қаланы жаудан азат етеді.2

Қазақтар Ташкент үшін болған соғыста қалмақтың Ташкенттегі қамалын қоршап алып, іштегісін сыртқа, сыртта-ғысын ішке кіргізбейді. Екі аптадай су жолын бегеп, жауды тізе бүктіреді. Сол кездегі бір өленде:



Шөбі қалды тазган тордай қишып,

Өлік жатыр жер-жаһанды ап ,

деп келеді.

Осы орайда 1726 ж. қазақ астанасы Түркістан қаласы ма-ңындағы Ордабасы биігінде өткен ұлы кеңес пен оның бас-қыншыға қарсы шайқасатын қазактың біріккен қолын құру туралы тарихи шешімін айрықша айту керек. Біріккен әскери күштің қазақ қалаларын бірінен соң бірін алып, азат етіп, жауға әлденеше ойсырата соққы бергені мәлім.

Қазақтын үш ордасының біріккен шешімі Жәнібек батыр-дың орыс елшісіне айтқан "...Өз туыстарымды және ар-намы-сымды қорғау үшін оларға (жоңғарларға) қарсы соғысуға мөжбүр болдым..,"2 — дейтін сөзіне толық сай келеді.

Енді сол кездегі деректерге көз жіберсек, орыстың өскери тарихшысы В.Н.Витиевский өзінің "И.И.Неплюев. Оренбургский край в прежнем его составе до 1758 г." деген еңбегінің бірінші то-мында: "...XIII ғасырдың басында қазактардың арасында ала ауыздық таластар басталды. Бұл ала ауыздықты пайдаланып, көршілес елдер, әсіресе, жоңғарлық қалмақгардың Қалдан Це-рен бастаған қолдары тыным бермеді. Ішкі тынышсыздық пен сыртқы қысымдардың салдарынан 1710 ж. шамасында қазақхан-дары орыс патшасынан қорғаныс іздеуге мәжбүр болды. Бірақ Қарақұмда болған жиында атақгы казақ батыры Бегенбай ха-лықгы калмаққа қарсы шығуға көндірді. Көтеріліске шыққан қазақгардың қолбасы болып Бөгенбай бірауыздан сайланды, ал хаңдық билікті Әбілхайырға тапсырды. Әйгілі батырдың тапқыр-лығының, шапшандығының, икемділігінің және айла тапқышты-ғының арқасында қалмақтар шын мәнісінде тас-талқан болып жеңіліп еді..,"3 - деп келтіреді.

1726-1728 жылдары қазір картамызда қақ болып қалған Шүбар теңіз маңындағы майдан, Бұланты, Қара сиыр, Қалмақ қырылған деген жерлер Бөгенбай, Қабанбай, шақшақ Жәнібек батырлардың өрен ерлік көрсеткен жерлері осы ал-қап, қазір бұл Жезқазған облысы Жезді ауданының жері бо-лып саналады. Сарысу өзенінің бойы XVIII ғасырдың басында қазақтың Төле би, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билердің, Тәуке хан бас болып, үлкен құрылтай-жора құрған, тайпа-ру-ларға таңба беліскен мекендері жаудан азат етіледі.

Сол кездегі қазақтардың қорғаныс соғыста негізгі страте-гиялык жоспарын жасаушы Төле би жоңғарлармен соғысумен қатар келіссөз жүргізу саясатын да ұстанды. Сонымен қоса, Орта Азия хандарымен одақгасып, жоңғар әскерлерін талқан-даудың жоспарын ұсынды. Бұл қазақтардың қорғаныс соғы-сывдағы стратегиялық мақсатының басты жетістігі болатын.

Сонымен, екі бүйірінен (Ресей және Қытайдан) сығылған екі халық - қазақ-қытай өз қайшылықтарын өзара соғыс ала-ңында шешіп жатты. Екі жақ та соғыстың бірінші кезеңінде түпкілікті мақсаттарына жете алмады.

Енді жоңғар әскерінің 1723 ж. санына келсек; қазақтың батырлар жырларында жоңғарлардың көптігі айтылса, Қазақ ССР тарихында жүз мыңдап (1982 ж. 3-том, 18-бет) көрсетіледі. Цәбан Рабтан әскерінің саны жөніндегі мәселе әзірге тарихшылар арасында шешімін таппай келеді. Кеңес өкіметі кезіндегі қазақ тарихшыларының жоңғар хонтайшысы Цәбан Рабтанға жіберілген орыс елшісі капитан Иван Унковскийдің (1722-1724 жылдардағы) күнделік дәптерінде келтірген. "Өзі билік жүргізе бастағаннан бері хонтайшы (Цәбан Рабтан) Қазақ ордасымен үздіксіз соғыста қазақ орда-сы қарақалпақтармен бірлесіп соғысуда, ал хонтайшы қазақ ордасына қарсы 30 мындай адам ұстап отыр"1 деп жазғанын айтумен келеді.

Кейінгі кезде газет-журналдардағы кейбір деректерде Цәбан Рабтан әскерін 80 мындай деп, кейбіреулері батырлар жырларына сүйеніп, тіпті 200 мыңға дейін жеткізеді. Бірақ көпшілік тарихшылар 30 мың деген санды дәлелдеумен келеді. Алайда Иван Унковскийдің айтқанынан, батырлар жырларындағы мағлұматтардан жоңғар әскерінің санын дәл анықтау мүмкін емес. Дегенмен, демографиялық мәліметтерді қосып, жоңғар әскерлерінің отбасы олармен бірге көшіп жүргенін, соғыс алаңында әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыратын жоңғарларды ескерсек, сонымен қоса, бізге жеткен жоңғар қариялары қалдырған шежірелерде жоңғар әскерінің саны шамамен 32-33 мың деу-ге болады. Жоңғарлардың халық саны XVIII ғасырдың басын-да 600 мың адам десек2, олардың 7-8 пайызы 45-55 мың адам. Ал әскерге жарамдылардың жартысы әйелдер мен балалар. Сонда әскери қызметке жарамцылары тек 20-25 мың адам. Оларға әскер жасынан асқан, бірақ соғысқа қатысқандарын есепте-сек, сонымен Цәбан Рабтан әскерінің саны бұрыннан айтып жүргендей 30,80, 100 мың емес, шамамен қазақ жеріне басқын-шылық жорығына қатысқан әскер саны 27-30 мың деуге бола-ды. Алайда әскердің бестен бір бөлігі жоңғарлардың көшін күзетуге қалдырылып отырғанын ескерсек, онда жоңғар әскерінің қазақ жеріне 1723 ж. жасаған басқыншылық жорығы-,на тікелей қатысқандардын саны 25-27 мың деп шамалауға бо-лады. Қазақтардың да шегінген әскер саны осы шамада деп мөлшерлеуге болады.

Бірақ жоңғарлардың әскері Аякөз жеңісінен кейін таулы аймақгарға шегінгендердің ізіне түсіп, негізгі күштен бөлініп кетті де, оларды найман, үйсін тайпалары жойып жіберіп отырды. Қазақтар мен жоңғарлар арасындағы негізгі ірі шай-қастар Түркістан, Ташкент, Сауран қалаларында өтті. Ал жоң-ғарлардың әскер күші 1723 ж. салыстырғанда 1725 ж. әлде-қайда аз болды. Өйткені Жетісудан Түркістанға дейінгі соғыс-та көптеген жоңғар әскері шығынға ұшырады және қалалар-ды, жолдарды күзетуге қалдырыдды, жаралылары мен аурула-ры көбейіп, тылға жіберілді. Кеп ұзамай, қазақтар жоңғар-ларды Сырдарияға жеткізбей тоқтатты жөне Түркістан, Таш-кент қалаларын жаудан азат етті.

Сонымен, соғыстың бірінші кезеңінің қорытындысы. Қазақ халқы "Ақтабан шұбырындының" ауыр жылдарында сұмдық қиндықтардан қажымай, бойындағы бар қайратын сар-қа жұмсап, тұс-тұсынан қаптаған жауға қарсы қажырлы күрес жүргізе отырып, өзінің азаттығын, елдік еркін қорғап, мемлекеттігін сақтап қалды. Қазақ халқы жерінің едәуір бөлігін жоғалтып, бірқатар кезеңдерді басынан кешкеніне қарамастан, елдің саяси және экономикалық дербестігін сақ-тай білді. Жауына соққы беретін тың күш жинап, жоғалтқан иеліктерін қайтарып алуға күш жинады1.

Бұл күрестің негізгі күші хандар емес, халық бұқарасы еді. Оны ұйымдастырушылар қарапайым халық ішінен шыққан ел-жұртына деген адалдығымен, ерлігімен танылған қазақ ба-тырлары болды. "Қабанбай батыр", "Бөгенбай батыр, "Шақ-шақ Жәнібек батыр", "Қойгелді батыр", "Өтеген батыр" сияқты ондаған тарихи жырлар осы күресті, ел қорғаған батыр-ларды бейнелейді. Халық басына зор зобалаң, қиьш-қыстау күн туғанда басын бәйгеге тігіп, ел қорғаған ерлерді қазақ хал-қы дастан етіп жырлады, олардың аты соғыс жылдары ұранға айналып отырды.
§4. ҚАЗАҚ-ҚАЛМАҚ СОҒЫСЫНДАГЫ ТҮБЕГЕЙЛІ БЕТБҰРЫС ЖӘНЕ АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСЫ (1730 ж.)

Қазақ-қалмақ соғысының екінші кезеңіндегі қазақ ханды-ғының сыртқы саясатына келсек, қазақ жеріне аш бөрідей ан-талаған қоқан хандығы, қалмақ, орыс, қытай елдерінің қаупін білген ақын бір шумақ өлеңмен сол кездегі қазақ хандығы-ның сыртқы қатынасын бедерлейді:



Былай барсаң, Қоқан бар,

Қоқаңдаган әкең бар.

Былай барсаң, қалмақ бар,

Кушіңді ептеп алмақ бар.

Былай барсаң, қытай бар,

Жапырагыңды бутай бар.

Бшай барсаң, орыс бар,

Балацды берсец, қоныс бар.

Шындығында, батыс пен солтүстіктен Ресей империясы кеуделеп келе жатты, шығысында Қытай империясы, оңтүстігінде ислам фанатизмін басшылыққа алған Қоқан хан-дығы. Осынау аш бөрідей анталаған елдердің ішіндегі Ресей мен Қытайдың агрессияшыл саясатына алданған ең қауіптісі Жоңғария болатын.

Осындай ауыр, жан-жағынан қоршаған жауға қарсы тұрып, жерін, елін қорғау үшін XVIII ғасырдың 20-жылда-рының аяғында Сайрамға жақын іргелес Сазтөбе деген жер-де үш орданың ел билеушілері мен ру басылары қатысқан бүкіл қазақтың үш Ордасының съезі шақырылды. Съезден кейін Кіші Орданың хандық билігі Әбілхайырдың, Орта Орда Сәмеке мен Күшіктің қолына көшті. Ұлы Орда билігі Төле биде қалды1. Қазақ даласының үш Ордаға (жүзге) бөлінуі біздің қазіргі ұғымымыздағы бір-біріне тәуелсіз бөліну емес, оның себебі жаугершілік заманда қазақтың кең-байтақ аумағын батыстағы, солтүстіктегі, шығыстағы және оңтүстіктегі жаудан қорғау үшін үш майданға бөлініп, елді қорғауға және керек кезде даяр болу үшін қабылданған шешім болатын. Осылайша елді жаугершілік жылдарда үш бөлікке бөліп басқару Хундар, Түрік империясы, Шыңғыс хан заманынан келе жатқан дәстүр болатын. Сол дәстүрмен оң қанат, сол қанат және орталык әскер тобын құрып, даяр болу үшін көбіне-кеп географиялық, саяси бірлікке ұласудан шыққан айла болатын1.

Бірақ кейіннен үш ордаға бөлінудің Хун империясына да, Шыңғыс хан империясына да, Қазақ хандығына да пай-дасынан гөрі задалы көп болды. Оған кейінірек тоқтала-мыз.

1726 ж. ұлы кеңесте елімізді, жерімізді жоңғар басқыншы-ларынан азат ету үшін қазақ халқы бір тоқтамға келіп, барлық күшті жауға қарсы жүмылдыру жөнінде бір пікірге келгені туралы А.И.Левшиннің айтуынша, дұшпанға қарсы алғашқы бірігу басталды2.

Қазақ фольклорын жинаушы Ә.Диваевтың айтуынша, Кіші Орда, Орта Орда және Ұлы Орданың қосылып, Кіші жүзден шыққан Саңырақ батыр мен Орта жүзден Қабанбай батыр, Ұлы жүзден Ошақты (Тасжүрек) бірігіп, Бұланты және Бөлеңті өзендері Қара сиыр деп аталатын жерлерде қал-мақтарға түпкілікті соққы бергенге дейін соғысқаны айтыла-ды. Бұл жерлер күні бүгінге дейін "Қалмақ қырылған" деп аталады.

Бұланты және Бөлеңті өзендері "Қара сиыр" немесе "Қал-мақ қырылған" жеңісінен кейін де үш-терт жылға созылып, сол аймақта қалмақтардың тағы да жеңілгенін және тағы қан-ды соғыс болған жерді "Қан сасыған" деп атайды.

Осы кездегі қазақ тарихына байланысты қазақ ордалары-ның бір жерге топтасуы туралы мәселені айқындауға геогра-фиялық атаулар көмектеседі. Мұндай атауларға: Бадам стан-циясынан бес шақырымда және Шымкентген батысқа қарай 30 шақырымда жатқан кішігірім Ордабасы тауы, Боралдай және Қошқараша өзендерінің жоғарғы жағында орналасқан Арқарлы таудағы Үлкен Орда және Кіші Орда деген бір-бірінен 4-5 шақырым қашықтықта жатқан екі шатқал, Әулие-атадан шығысқа қарай Ақыртөбе және Подгорное станцияла-рына қарсы "Сұнқайты" және "Әбілхайыр" деп аталатын екі сай жатады.

Үш бағытта шабуылдаушы әскерге басшы топтардың бірігуі орналасқан жерінің ыңғайына қарай Ордабасы тауы-нан басталған, ал екінші тарихи жер үш орданың ханы Болат ханның "үлкен ордасы" қонған жер болса керек. Сондай-ақ барлық қазақ қарулы күштерінің қолбасшысы Әбілхайыр ханның уақытша тұрағы "Кіші Орда қонған" жер "Әбілхайыр сайы" деп аталады'. Әбілхайыр ордасында мыңдық әскер басшылары белгіленіп, оларды жасақтайтын ру-тайпалардың саны қатаң түрде көрсетілді. Әскерге қатаң тәртіп орнаты-лып, барлау жүргізуге жан-жақты мән берілді. Әбілхайыр Бұқарадан қару-жарақ сатып алады, ат-көлік жинастырады, әскердің дайындығын тексеруге билерді, батырларды аттан-дырады. Қолда бар архив материалдарына және Бұхар жырау-дың "Қабанбай батыр" жырына сүйенсек, мындықтан әскер кұраған 29 сардардың, батырлардың рулары мен есімдері түгел толық келтірілген. Олар: 1. Қара керей Қабанбай, 2. Қанжығалы Бөгенбай, 3. Көк-жарлы көкжал Барақ, 4. Керей Жәнібек, 5. Шанышқылы Бердіқожа., 6. Керей Жанатай ер, 7. Тоғас Қосай, 8. Тума Шағалақ., 9. Мұрын Боранбай., 10. Үйсін Саршуаш., 11. Қыпшақ Есім хан., 12. Қыржы Бостан., 13. Тарақты Баймұрат., 14. Тоқпақ Қосабай., 15. Матай ба-тыр., 16. Сибан Шынқожа., 17. Шойбек Сең-кібай., 18., Қаңлы Құлан., 19. Сіргелі Елшібек., 20. Қаратай., 21. Ысты Төлек., 22. Сиқымнан - Шінет, Рысбек., 23. Ботбай Сәмен., 24. Шымыр Қойкелді., 25. Қоңырат Төлебай, Болат., Кіші ордадан: 26. Рамадан Алшынбай., 27. Қаракалпақ Құлашбек., 28. Жаныс Өтеген., 29. Шапырашты Наурызбай батырларды білеміз. Олар кезінде ел ардақтап атайтын әруақты жандар еді. Бір еске салатынымыз, қазақ мыңдықтарын басқарған басшыларының есімдері рулық, жүздік деңгейден асып, жал-пы ұлттық межеге көтерілген. Олар қанды сайыстарда талай рет суырылып шыққан ерлер еді. Олардың даңқы бір ғана Аңырақай шайқасында емес, басқыншы жаудан қазақ жерін толық тазартқанша есімдері ұлы далаға аңыз болып, ұран болып, ұлттық сананы қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Аңырақай шайқасына қазақтар да, қалмақтар да жеткілікті дайындалды. Қазақ әскерінің жалпы саны мыңдықтармен есептесек, 29 мыңдық немесе 29 мың адам болды. Қазақ әскерінің сол қанатын Әбілмәмбет хан, Сәмеке сұлтан, Қазыбек би, Қабанбай батыр басқарды. Әскердің оң қанатын Төле бидің өзімен бірге Қойгелді, Қосы Шінет, ол кезде 17-18 жасар Мәмбет, Сәңкібай, Шойбек сияқты батырлар бас-қарды. Орталық әскер тобын Әбілхайырдың өзі, Әйтеке би, Бөгенбай, шақшақ Жәнібек батырлар басқарды. Қазақ әскерінің құрамына келсек, негізгі адам күші үш жүзден түгел қамтып құрылды.

Қазақ әскерінің оң қанатын басқарған Төле бидің түменінде әскер басшылары Қойгелдінің шамамен әскер құрамы 7-8 мың жауынгері болды. Оларға Жетісудан қосылған Рысбек, Сәмен, Өтеген жасағы (шамамен 3 мың жауынгер) толықтыр-ды. Сонда оң қанаттағы адам саны 10—11 мыңға жетті. Сол қанаттағы әскерлерді Әбілмәмбет хан, Сәмеке сұлтан, Қазы-бек би, Қабанбай батыр басқарды. Олардың жауынгерлерінің саны —11—12 мың адам болды. Орталық әскер тобын бас сар-дар Әбілхайыр хан, Әйтеке би, Бөгенбай, шақшақ Жәнібёк, рамадан Алшынбай, қарақалпақ Құлашбек басқарды. Шама-мен әскер саны 7—8 мың адам болды. Аңыракай шайқасына қатысқан қазақтардың барлық әскер санын шамамен 28—31 мың адам деп есептеуге болады. Бұл тарихи деректерден көп алшақ кетпейді. Мәселен, соңғы деректерде XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың ортасында жоңғарлармен 1643 жыл-дан үздік-үздік қазақтардың саны шамамен 1,2 млн. адам де-сек, соғысқа жарамдысы дүниежүзілік қалыптасқан тәртіп есептеуі бойынша 7—8 пайыз болады. Сонда қазақтардың әскер қатарына шамамен бір мезгілде 85-100 мың адам жинала алады. Бірақ олардың жартысы әскер жасындағы әйелдер, 25 пайызы өскерге кейін шақырылатын 13-14 жасар балалар де-сек, өскерге жарамдысы тек 25—27 мың адам болады. Және де кіші жүз Аңырақай шайқасына өзінің адам күшін толық қатыстырған жоқ, себебі батыстағы қалмақтармен, башқұрт-тармен, орыс-казактармен қарулы қақтығыстар болып тұрды. Ал біз келтірген 28-31 мың мен 25-27 Мың сан алшақтығына келсек, өскер қатарында жасы 50—70 жас шамасындағы ақса-қалдардың өте көп болуынан деп түсінуге болады. Енді қал-мақтардың әскер қүрамына келсек, Томск университе-тіндегі ғылыми кітапханада сақталған Зюнгар шежіресі мен материал-дардағы көтерілген цифрлар бойынша жрңғарлардың Аңыра-қай шайқасына дайындалған әскер құрамы шамамен 28-30 мың деп шамалауымызға болады. Олай дейтініміз XVIII ғасырдың ортасында жоңғар хандығының жалпы адам саны 600 мың адам болған. Жоңғарлар Х^І-ХУІІ ғасырларда, негізінен, үлкен төрт тайпадан - дөрбіт, шорс, торғауыт және хошаут — құралған болса, XVII ғасырдың ортасында торға-уыттар Тарбағатайдан кетіп (шамамен 250 мың адам), Еділ өзенінің төменгі ағысына қоныстанды. Ал хошауыттар Үрімші маңынан көшіп (шамамен 200 мың адам), Тибетке қоныстанды. Олар Аңырақай шайқасы кезінде елеулі әскер жібере қойған жоқ. Тағы бір ескеретін мәселе жоңғар әскері өздерімен бірге отбасын, мал-мүлкін алып жүргендіктен, әскердің бір бөлігін көшті күзетуге қалдырып отырған (шамамен 9—12 мың адам). Сонымен, Аңырақай шайқасына жоңғарлардан үлкен екі тайпа — Іле өзені бойындағы шорстар және Қара Ертіс өзенінің жоғарғы ағысындағы дөрбіттер (жалпы саны шамамен 600 мың адам) қатысты. Қорыта келгенде, Аңырақай шайқасына екі жақтың топталған әскер күші қазақтарда 28—31 мың адам, жо-ңғарларда 28—30 мың адам бодды.

Енді 1730 ж. көктемде болған Аңырақай шайқасының ба-рысына тоқталайық. Қазақтардан Аңырақай шайқасына 29 мындық қатынасып, оларға басшылық еткен сардарлардың шыққан руының аты-жөнін алдыңғы беттерде айтып өткенбіз. 29 мыңдық үш түменге біріктірілген болатын. Әр түменде ша-мамен тоғыз-он мың адам болған. Түмендердің туын ұстау-шылар Қойгелді, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек батырлар болған. Тарихи жазбаларға қара-ғанда, Аңырақай шайқасында қазақ әскери тәртібі майданда тоғыз катарға дейін бөлшектей құрылды, Күшті орналастыру-да орталыққа қарағанда екі қанаттың мықты болуы ескерілді. Бұл.қарсыластарды қоршап алуға мүмкіндік берді. Әскердің негізгі бөлігі өте шапшаң қимылдады. Шайкас даласына үнемі қатар сайын қосымша күш жіберіліп тұрды. Қазақ әскерінің оң қанатындағы Төле би бастаған әскер тобы оңтүстіктен қазіргі Іле өзені бойының шығыс жағынан қазіргі Шеңгелді, Қосөзеннен Бақанас, Береке ауылына қарай тікелей шабуыл бастап, жаудың ту сыртына шықты. Әбілхайыр бастаған қазақ әскерлерінің орталық тобы жоң-ғарлардың тікелей шабуылынан көп шығынға ұшырағанымен, өздері шеп кұрған Іле өзені аймағында қорғанды. Сол кезде жоңғарлардың ту сыртынан қарқынды шабуыл бастаған Қабанбайдың әскер тобы жоңғарларды өкшелей қуып, Іленің төменгі бойындағы ертедегі үйсіндер салған қалашықтың ең ірісі Ақтам бекінісіне (Бақанас поселкесінен 120 шақырым қашықтықта) қарай шегіндірді.

Сонымен, қорыта келгенде, Аңырақай шайқасы 1730 ж. кектемде Іле өзеніне жақын Қараой, Акдала және қазіргі аудан орталығы Бақанастан 17 шақырым жердегі Береке ауылы тұрған аумақты қамтыды. Соғыстын шешуші кезеңі Итішпес көлі маңындағы жазық далада бірнеше тәулікке жал-ғасты. Қанды шайқасқа қазақтың үш Ордасы толық қатысты. Аңырақай шайқасының өзгешелігі қазақтың 28—31 мың, жоң-ғарлардың 28-30 мың жауынгері бір жерге сап құрып, жекпе-жектен басталып соғысқан емес. Әбілхайыр бастаған кдзақ-тың әскер тобы Қосөзен мен Іле өзені бойындағы қорғаныста тұрғанда, Төле би, Қойгелді, Өтеген батыр бастаған әскер тобы Іле өзенінен өтіп, жоңғарлардың оңтүстік бүйірінен ша-буылдады. Жоңғарлар Әбілхайырдың әскер тобына қарсы тікелей шабуылға шыққанда, Қабанбай батыр бастаған әскер тобы екіге бөлініп, солтүстік бүйірден қазіргі Іленің төменгі ағысы Балқаш көліне құяр ертедегі үйсіндер-қаңлылар салған қалашық Ақтам1 бекінісіне шегіндірді. Қарсы шабуылға шық-қан Әбілхайыр бастаған орталық әскер тобы мен Қойгелді бас-таған әскер тобы жоңғарларды Итішпес көліне шегіндірді. Сол кезде жанамалап солтүстік-батыстан соғыс жүргізген Қабанбай бастаған әскер тобы келіп жетіп, жоңғарларды үш жақтан қыспаққа алды. Жоғарыдағы қазақ әскері тобының қос бүйірден қыспақ қимылы Әбілхайыр ханның тікелей кеңесімен іске асты. Сонымен, Итішпес көлінің маңындағы тарихтағы Аңырақай шайқасының барысына келсек, шайқас-ты Қойгелді, Өтеген бастаған топ оңтүстіктён бірінші болып бастады да, жаудың солтүстік-батысында түрған Қабанбай әскер тобымен қосылды. Солтүстік-батыстағы Қабанбай бас-таған өскер тобы солтүстік бүйірден қыспаққа алғанда, қарсы тұрған Әбілхайырдың әскер тобы қарсы алдыдан шабуылға вдықты. Жоңғарлар Аягөзге, онан әрі Ертіске шегінуге мәжбүр болды. Аңырақай шайқасына негізгі қатысушылар екі жақтан да атты әскер болғандықтан, соғыс даласы қазіргі Іле өзеніне жақын жерде Қосөзен, Қараой, Акдала және қазіргі Қонаев, Береке ауылы, Итішпес көлі маңы, әсіресе, Акдалада жылжымалы шайқас болды. Аңырақай шайқасында қазақтар-дың негізгі қаруы садақ, найза, қылыш, айбалта, қанжар, ар-қан болғанымен, отты қаруы бар жоңғарды жеңу себебі ұлттық сананың қалыптасуы, патриотизм десек те, Әбілхайыр бастаған қазақ батырларының жауды көпшілік жағдайда қор-шауға алып, жеке-жеке жойып жіберіп және жаудың тылмен байланысын үзіп тастап отыру тактикасының табысы деуғе болады. Ол туралы Ресей сыртқы саясатының архиві; Қыр-ғыз-қайсақ істері 1—9 қор; Зюнгарские дела (1752—53 гг.); Си-бирские дела (1746—54 гг); Зюнгар шежірелері тағы басқа да қорларда саісгалған.

Жоңғарлар Аңырақай шайқасында шамамен өлідей 15—16 мың, жаралы, қолға түскендері бар 6—7 мың адамынан, көпте-ген мал басынан айырылды. Қалған 8-9 мың адам ғана отбасыларымен Ертіске, Тарбағатай тауына шегінді. Қазактар шешуші жеңіске жеткен осы айқас орны жоңғарлардың жылап, еңіреп, аңырап (аңырау — қалмақша сыңсып жылау) қалған жері ретінде әлі күнге дейін Аңырақай даласы аталады. Ол туралы жоңғар шежіресінің аңырау (жылау, сыңсу) өлеңінде:

Желкілдеген ту к$лады,

Жайсақдар тегіс сулады

Жесір-жетім жылады;

Аналар қалды аңырап,

Иесіз мал жамырап

, Үйлер қалды қаңырап.

Куніміз ылги түн болды,

Заманымыз сум болды,

Тірі қалмак, кім балды?

Қалмақ Ұлы қул бблды,

Қалмақ қызы куң болды,

Жігеріміз қум болды, —

деп, қалмақ әйелдері сыңсып жылады. Қазақтарда да адам шығыны көп болды, әсіресе, адам шығынының көбі орталық майдандағы қанды соғыстың ең ауыртпалығына душар бол-ған Әбілхайыр өскер тобында болды. Сонымен, 1730 ж. көктемінде1 Аңырақай шайқасында жоңғар әскерлері күйрей жеңіліп, шығысқа қарай асығыс шегінуге мәжбүр болды2.

Аңырақай жеңісінен кейін, үш орданың (үш жүздің) ханы Болат қайтыс болып, оның орнына хан болуға үш орданың (үш жүздің) қолбасшысы Кіші Орданың (кіші жүздің) ханы Әбілхайыр үміткер еді. Бірақ Әбілхайыр бұрын хан сайланба-ған кіші тармақтан тарайды. Тақтан екінші үміткер Болаттың ағасы Шахмұхамед (Сәмеке) түркі-монғол салты бойынша жолы үлкендігіне қарай өзін тақ мұрагерімін деп есептеді. Тақтан үшінші үміткер Болаттың ұлы Әбілмәмбет еді. Соны-мен, бұлардың арасынан ұлы хан болып Әбілмәмбет сайлан-ды. Бұған келіспеген алдымен Әбілхайыр, онан соң Сәмеке майдан даласын тастап кетті. Сөйтіп, Әбілхайыр бастаған Кіші Орда мен Сәмеке бастаған Орта Орданың бір бөлігі шайқас-ты тастап, қайтып кетті3.

Соғысты жеңіспен аяқтаған қазақтар шегінген қалмақ әскерінің ізіне түсіп талқандауды ұйымдастырмады. Жаудың аман қалғандары Ертіске, Алтай, Тарбағатай тауларына шегініп кетті де, тағы да күш жинай бастады. Осы соғыста әскер бас-шысы болған, ерлік керсеткен Әбілхайыр Бөгенбай, шақшақ Жәнібек батырлармен бірге батысқа кетті. Қабанбай Іленің арғы жағымен Арқаға бет алды. Кейіннен Қабанбайға Наурыз-бай, Бөгенбай, Өтеген батырлар қосылды. 1730 ж. тамызда орыстарға арқа сүйеу мақсатьшен Әбілхайырдың елшілері Уфада болды1. Сонымен, Әбілхайырдың майданды тастап кетуіне дейінгі мерзімде алғашқы ірі жеңіске дейін жоңғарлар-мен соғыста Әбілхайыр үш жылдай қазақ әскерінің қолбасшы-сы болды. Кейін жеңіспен аяқталған жорық тағы да үш-төрт жылды қамтыды, барлығы 6-7 жыл. Қорыта келгенде, қазақ-тардың алғашқы ірі 1726 ж. немесе сәл кейінірек 1727 ж. болған, Бұланты өзені бойындағы "Қара сиыр" жөне "Аңырақай" шай-қасы мен Болат ханның өлімі қазақгар үшін ең басты оқиға болды. Осындай ертеңі белгісіз ауыр кезенде қазақ әскерінің басына Абылай сұлтан келді.



§5. АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСЫНАН КЕЙІНП ЖОҢҒАРЛАР ЖӘНЕ АБЫЛАЙ БАСШЫЛЫҒЫВДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ (1731-1745 ЖЖ.)

Аңырақай шайқасынан кейін қазақтардың және кіші жүздін орыс шекарасына кеткенін мұқият қадағалаған Қал-дан Церен бастаған жоңғар қолы 1731-1733 жылдары Қара Ертістің бойы мен Зайсан кёлі маңына қайтадан тоқтап, Аягөзге жетіп, Қарқаралы, Баянауыл тауларынан асып, тіпті күзетші бөлімдері Ерейменге жетеді2.

Жоңғар хандарының мақсаты жайылымдық жерлерін кеңейтіп, сауда жолдарына өз үстемдіктерін жүргізу бодцы. 1731 ж.Ұлытауда Ұлы және Орта Ордалардың жасақшылары мен ойрат қалмақтарының арасында зор шайқас болды. Осы шайқас басталар алдында жекпе-жек ұрысқа шыққан ӘбілмаисұрХДбылай) ойрат әскерінің қолбасшысы, қалмақ ханы Қалдан Цереннің емшектес туысқаны Шаршы батырды мерт қылды. Ойраттар ойсырай жеңіліске ұшырады. Осы шайқаста атасының атын атап, үран шақырып, "Я, Абылайдың аруағы" деп жауға дүркін-дүркін ат қойған Әбілмансұрды ел Абылай деп атап кеткен1. "Абылай осы шайқас кезінде жеке ба-сының ерлігін де көрсетгі. Ол берген пайдалы кеңес пен страте-гиялык ұсыныс — деп жазды Шоқан, — оның даналығына елдің көзін оңай жеткізді"2.

Абылай маңына өзі сияқты халқы .үшін жанын аямайтын нағыз батылдар мен батырларды топтастыра білген. Қараке-рей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурыз-бай, Шақшақ Жөнібек, Тарақты Байғозы, Балта Керей Тұрсынбай, Уақ Баян батыр, Бәсентиін Малайсары, Үсен, Шақантай сияқты азаттық күресте аттары аңызға айналған батырлар - оның жақын серіктері. Хан болғанға дейін де үш жүздің басын қосқан, ортақ мүддені алдыға көлденең тар-тып, топтастыра алған еді. Осы кез туралы "Чиң патшасы Чинзұнның "орда естелігінде": "Қазақ жасақтары жоңғар-лардың 700-ден артық адамын айдап кеткендіктен, Қалдан Церен қайта оралып, қазақ даласына шабуыл жасамақ бол-ды", - деп жазылған. Естелікте онан әрі қазақтарға қарсы соғыстың барысы былай баяндалады: "Жоңғар әскерлерінің қазақтармен соғысы туралы суық хабар ахуалды тіпті нашар-латып жіберді. Кейбір қалмактар түгелдей қырыла жаздады. Бастабында жоңғарлар қазақтардың көптеген адамдары мен малдарын олжаға түсірдік деп даурығып еді, кейін өздері қора-қора малды тастап, жаяу қашып келді. Оларды шалғай-дағы ұлыстардын шетіне қоныстандырып, қазақтардың ша-буылынан аман алып қалды. Сондай-ақ жоңғарлар аз адамы-мен сыртқа шығуға да батына алмайтын күйге түсті", -дейді. Бұл қазақ халқының жоңғарларға қарсы Аңырақай шайқасынан кейінгі Абылайдың басщылығымен қол жеткен жеңісінің нәтижесі еді. Міне, осы жеңістерден соң, өз ағай-ыны Орта Орданың ханы Әбілмәмбеттің қолдауымен Абы-лай сұлтанға арғын руының іргелі де зор бір бұтағы атығай руына иелік ету тапсырыдды3. Дегенмен, орыс және қытай өкіметінен қару-жарақпен қолдау тапқан жоңғарлар Қалдан Цереннің үлкен ұлы Лама Доржы мен жоңғар нояны Септемнің басшылығымбн Ұлы және Орта Орда жеріне үш жақтан: 1-бөлігі - Ташкент, 2-бөлігі - Есіл, 3-бөлігі -Түркістан арқылы қазақ жеріне шабуылдады'.

1734 ж. қазақтардың негізгі қолын талқандап, қайтадан Түркістан, Ташкентті басып алды. Олардың әскерінің күііггі болғаны соншалық, тек алдыңғы күзетші полкының өзінде үш мың адам болған. Міне, осындай қиын-қыстау шақта Қойгелді батыр Төле бидің айтуымен ел азаттығы үшін күш жинап, ду-лат Сеңкібай, Шойбек, Мәмбет, Ошақты Саңырық, Сарымер-ген батырларды Көкшетаудағы Абылайға көмекке келуін сұрап жіберді. Көп ұзамай көмекке Қабанбай батыр бастаған Орта Орда әскері келіп жетеді. Қабанбай мен Бөгенбай бастаған Орта Орда әскері Өлеңті өзені мен Қаратауда жоңғарлармен соғысады. Қаратауға Орта жүзден келген әскердің жаудан Таш-кент пен Түркістанды қорғауы кейіннен Абылайдың Ұлы және Орта Орданың ханы болып сайлануына себепкер болды. Абы-лай орта жүздің өскерімен Түркістанға келуге пиғыл білдіреді, бірақ Төле ойраттардан оңтүстікті түгел тазартқанша хандық-тың әзірше Көкшетауда қала тұрғаны жөн, ал үш орданың ба-сының болашақта бір мемлекетке ұйысуы болашактың ірі мақ-сат-мүдцесі деген екен2.

1737 ж. Орта Орданың ханы Сәмеке қайтыс болып, орнына Әбілмөмбет хан болып сайланғанын білеміз. 1739 ж. ұлы жүз ханы Жолбарыс қайтыс болды. Міне, осындай жағдайда қазақ елі жоңғар жаулаушыларына қарсы бірден ұйымдасқан күш көрсете алмады. 1739—1740 жылдары қыста жоңғарлар қазақ жеріне бір мезгілде екі жақты шабуыл бастады: әскер басы Септен бастаған жоңғар әскерінің солтүстік тобы Есіл мен То-был арасында көшіп-қонып жүрген қазақтың ру-тайпаларына соққы берді. Ал оңтүстік топтағы әскерді басқарған ноян Сары Манжы Сырдария ауданына жалпы саны 30 мың әскермен ба-сьш кірді3.

Қазақ-қалмақ соғысының екінші кезеңі 1741 ж. бастап 1746 ж. Қалдан Церен өлген соң аяқталды. Өзінің әскерін жақсылап сайлап алған Қалдан Церен 1740 ж. әскерін қазақ-тарды өкшелей қууға жіберді. 1741—1742 жылдары жоңғар феодадцары ұлы жүз бен орта жүз жерлеріне қайтадан басып кіреді. Олар біраз уақыт Есіл, Ор, Ырғыз, Елек өзендеріне бұзып-жарып өтеді1.

Жоңғарлардың мол күшіне тойтарыс беру үшін тек әскери ұйымдастыру қабілеті басым, төжірибелі, әскери айла мен тәсілдерді жетік меңгерген әскери қолбасшы керек еді. Осындай қасиеттер бойынан табылған Абылай 1740 жылғы соғыста қазақ әскеріне тікелей өзі қолбасшылық етті. Қазақ әскері жоңғарларға ойсырата соққы береді. Бұл жолы жоң-ғарлар шағын жеңіске жетсе де, түпкі стратегиялық мақсатын -қазақ өскерінің негізгі күштерін талқандау, сауда жолдарына үстемдік етуге қол жеткізе алмады. Жоңғар әскері көп шығын-ға ұшырап, кейін шегінуге мәжбүр болды. Бірақ осымен бір мезгілде Абылай үш Орданың басын біріктіріп, жоңғарлар-дың қол астында қалған қазақ жерлерін азат ету мақсатымен Орта Орда жеріңце Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөген-бай, шақшақ Жөнібек, көкжал Барақ т.б. батырларды топтас-тырып, қол жинады. Алдымен ұзақ жылдар бойы жоңғар хан-дығына бодан болып келген ұлы Орда жерлерін — Жетісу, Сыр бойындағы калалар, Талас пен Шу өңірін азат ету көзделді. Со-ғыс қақгығыстарыньщ бірінде 1741 ж. жазында барлаушылар-дың қосынын басқарып жүрген Абылай жаудың күшті бір әскери тобының қоршауында қалып қойып, қалмақтардың қолына тұтқынға түседі2.

Абылайдың жанында Құдайменді батырмен бірге аз ғана төлеңгіттер де болған. Абылайдың тұтқынға түскені туралы орыс архивінде Ямышев комендатурасының Сібір губерния-сының кеңсесіне 1741 ж. 1 маусымда жеткізген мәлімде-месінде: "...Сыптан әскерімен Есікте Шілік пен Шідерті өзендерінің бойында болғанда оларға, қалмақтарға Абылай сұлтан қазақ ордасының екі жүз адамдық қолымен шабуыл жасады. Қалмақтар оларды талқандап, сұлтан Абылайдың өзін қолға түсірді"3, — делінген.

Бірақ 1741 ж. жоңғарлар Нұра, Торғай, Ырғыз өзендерінен өтіп, Еділдің төменгі ағысындағы қалмақтарға (торғауыттарға) Сарайшық қаласы маңында қосылмақ болған жоспары іске аспай қалады. Сарайшыққа 400-500 шақырымдай қалғанда Қабанбай, Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, Олжабай батырлар бастаған қазақ өскерінен жеңіліс тауып, кейін шегінеді. Со-нымен жоңғарлардың Еділ қалмақтарына қосылу мақсаты іске аспай қалды. Бұл жеңістің бір ғана себебі бар: ол — қазақ-тардың Аңыракай шайқасынан кейінгі қайтадан бірігіп қарсы-лық көрсетуі. Міне осыдан соң, 1741 — 1742 жж. соғыс нәтижесінде жоңғарлар қазақтармен келіссөзге келіп, 1741 ж. күзінен жоңғар тұтқынында отырған Абылавды 1743 ж. 7 мау-сымда еліне қайтарады. Абылай еліне қайтып келе жатқанда орыстың шекара басшылары: "Абылай жоңғарлардан үлкен олжамен оралды..."1, — деп көрсетті. Бастысы — бітім жасал-ды. Қаддан Церен оларды босатқанда тұтқындардың өрқайсы-сына ...алтынмен апталған қылыш және күмістен тоқылған белбеу сыйға тартқан... Қазак ордасына олар бұдан былай қазақтар мен жоңғарлар арасында тату көршілік қатынастар болсын, өзара ешқандай дау-жанжал болмасын, қажет болған жағдайда бір-біріне көмектессін деген шартпен қайтарылған2 болатын. Абылайдың елге оралғандағы басты мақсаты қазақ-тың күшті мемлекетін қайта қалпына келтіру, егеменді ел ету болды. Сол мақсатқа жету үшін Абылай жоңғарларды қоқан хандығына қарсы айдап салды. XVIII ғасырдың 40-жыддары жоңғар хандығы мен қоқан ханы арасында Ташкентке билік жүргізу үшін соғыс басталды. 1744 ж. Қоқан бегі Абдулкарим бектен жоңғарлар жеңіліске ұшырады. Бұл жоңғарлардың Орталык Азиядағы беделінің әлсіреуіне, соның нәтижесінде жоңғар езгісінен ұлы Орданың құтылуына әкеп тіреді3. Бұл саясат Абылайдың көрегендігі еді.

XVIII ғасырдың 40-жылдарының аяғы мен 50-жылдары-ның бас кезінде жоңғар хандығының қүлдырауы күшейе түсті. 1745 жылы жоңғар хонтайшысы Қалдан Церен өлген-нен кейін таққа 13-ке енді ғана толған оның ортаншы ұлы Це-ван Доржы отырды. Елде саяси бөлшектену сипат алды4. Осы жылдары Абылайдың алдына қойған мақсаты жоңғар шапқ-ыншылығы кезінде басып алған қазақтардың тарихи Отанын қайтарып алу болды. Сол мақсатта ол негізгі әскер күшін Көкшетауда, Ұлытауда, Түркістан маңында топтастырды. Абылай стратегиясы оның азаттык саясатының жалғасы бол-ды және арнайы қорғаныс әрі шабуылдық мақсатқа бағыттал-ды. Тыңшылар берген терең стратегиялық барлау арқылы то-лықтырылып отырды (Талас, Шу, Шелек, Көксу, Іле, Балқаш көлі, Ұлытау, Ертіс өзені бойына жіберілген барлау отрядта-ры, Абылайдың жіберген жасағы т.с.с.). Бұл барлау кезінде жер қыртыстары бақыланды, қарсыластардың қарсылық көрсету қабілеті тексеріліп, моральдық қысым жасалды. Сөйтіп, шабуыл жасауға қолайлы сәт қарастырылды. Страте-гиялық барлаудың ен бір негізгі міндеті малға құнарлы жайы-лым іздеу бодцы.

Саяси және стратегиялық барлаудың негізінде алдағы жо-рық жоспары жасалды. Ол құрылтадца талқыланып, шабуыл жасайтын жоңғар объектілері, әскери топтары белгіленді, стратегиялық мақсаттар мен әскери қолбасшылар бекітілді. Абылай негізгі шабуылды бүркемелеуге мән берді. Көп жағ-дайда әскерлер бейбіт көшпенділер керуені секілді қозғалып отырды, қарулар арнайы бумаларда сақталынды. Кей жағдай-да қару-жарақ алдын ала арнайы дайындалған орындарда ты-ғулы тұрды. Жасақтардың жүрісі арқылы негізгі соққының бағытын анықтау мүмкін емес еді. Қолға түскен тыңшылар жауға өтірік мәлімет беріп, оларды онан әрі шатастырды. Мәселен, жоңғар хандығының орта жүзге соғысы туралы Ямышев комендатурасының Сібір губерниясының кеңсесіне 1741 ж. 1 маусымда жеткізген мәлімдемесінде: "...Бірнеше қазақ рулары бас сауғалап Тобыл бойына кеткен болатын, оларды қуып жету үшін қалмақтарды қолға түскен қазақтар-дың бірі бастап жүрді. Бірақ ол қасақана адастырып, оппа қарға ұрындырып, сақылдаған сары аязда қансыратты. Бір қатары суықтан үсіп, әрең жол тапқан қалмақтар қазақ ауыл-дарына шабуыл жасамас бұрын, бәлкім ондағылардың саны көп болғандықтан ба, оған жеткізбей жол бастап айдалаға адастырған тұтқынды азапқа салып, өртеп өлтірді. Әйтсе де, олар аяз азабынан әбден титықтағандықтан, шабуылдауға ба-тылдары бармай, кері кдйтты. Қазақтар да қалмақтарға тиіскен жоқ... Сыптанмен бірге кері қайтқан қалмақ әскерлері 15 мындай еді. Ал қалмақ әскерлерінің қазақ рула-рын өз беттерінше іздеп шыққан бөліктерінің қайтып орал-ған, оралмағаны белгісіз"1, — дейді.

Абылай өзінің қазақ жерін күшпен азат ету саясатын бүркемелеп, жоңғарлармен бейбіт келіссөз жүргізіп отырды. Ол туралы Орынбор комиссиясының бастығы И.И.Неплюев-тің қазақтар мен жоңғарлар арасындағы бейбіт келісімдер ту-ралы 1742 ж. 7 маусымда сенатқа жеткізген мәліметінде "...Жоңғар билеушісі әскерлерінің барлығы бірдей қосыидарына оралмаған-ды. Мысалы, Сары Мәнжі (Қалдан Цереннің күйеу баласы) бастаған мыңнан астам кол Талас өзені бойында қалған"1, — дейді. Бейбіт келіссөз жұргізе отырып, тұтқиыддан жоңғар әскеріне шабуыл жасау Абылай бастаған қазақ батыр-ларының негізгі стратегиясы болды. Онда шабуылдың бағыты мен уақыты дәл белгіленді. Жоңғарлар басып алған жерлерді азат ету көктемде, күзде іске асырылды. Өйткені олар көп әскердің көктемде, күзде жол жүру мүмқіндігін естен шығарғ-ан болатын. Қазақтардың шабуылының бағыты аяқ астынан өзгеріп кетіп отырды. Абылайдың бұл тактикасы қазақтар үшін жемісті болды, қалмактарды жаппай талқандап, қазақ жерінен қуалау басталды.

§6. ҚАЗАҚТАРДЫҢ АЗАТТЫҚ ШАБУЫЛЫ ЖӘНЕ ЖОҢҒАР ХАНДЫГЫНЫҢ КҮЙРЕУІ (1746-1758 ЖЖ.)

1745 ж. қыркүйекте Қалдан Церен қайтыс болды. Елде билік үшін талас басталды. Жоңғарлардың ішкі қырқысын пайдаланған Абылай бастаған қазак әскерлері жаппай шабуыл-ға шықты. Орта жүз ханы Сәмеке Бөгенбай колының тез Ұлытау маңына аттануына әмір беріп, шапқыншыларын (ха-бар жеткізуші) жіберіп жатты. Жалпы Бөгенбай қолы бетін Сарыарқаға бұрды. Оңтүстік Қазақстанда Шінетұлы Рысбек жоңғар хонтайшысының Қаратаудағы жазғы ордасын талқан-дап, күл-парша етті. Ошақты Саңырық, Сарымерген, Қалет батырлар мергендер тобын басқарады. Қырғын соғыс өсіресе, қазіргі Қаратау қаласының оңтүстік-шығыс жағындағы Қотырбұлақта болады. Осында қырылған қалмақтардың оба-молалары әлі күнге дейін үйінді болып жатыр. Осы жердегі "Шолақтау" совхозы қазір Қойгелді атындағы бірлестік ата-лып отыр. Сондай-ақ мұвдағы "Майтөбе" атанған Майданте-бе қырганының орны Талас ауданының орталығы Ақкөл ма-ңында қырылған қалмақтардың төрткүл обасы әлі күнге тұр... Бұлар тек Талас ауданының ғана жеріндегі соғыстардан қал-ған белгілердің біразы ғана. Жетісу жерінде Қойгелді мен Қабанбай, Бөгенбай, шапырашты Наурызбай батырлар жеңіс туын тігіскен. Қазіргі Көкпекті, Алакөл, Мақаншы, Тарбаға-тай тауында Шілік деген жерде осы топты басқарғандар ара-сында садақшыларға жетекшілік еткен Саңырық, ал жалпы әскер ішінде мындықтарды басқарған Әтеген, Қосы, Оқым, Қортыс, Мәмбет, Шойбек, Сеңкібай, Сәмен, қаңлы Тілеуке, қарақалпақ Қылышбек... сиякты батырлар болған1.

Сол кездегі қазак-қалмақ соғысын көзбен көрген, көргенді кекейге түйген осы батырлардың соңындағы ел-жұрты:

Қалмақпенен урысып,

Айдан аса сүзісіп,

Найзалары майысып,

Жаннан күдер узісіп,

Тіземенен тіресіп,

Кеудеменен сіресіп,

Шайқасқан жер айтақыр,

Қатардан шықты кдс батыр.

Нелер боздақ жас батыр.

Кірді сонда урандап,

Бір жаеынан Райымбек,

Қос мүйізді Өтеген

Қабанбай мен Наурызбай

Тусірді жауга найзагай.

Бугатымен Торыайгыр,

Турысқан жердің шамасы,

Екі пгаудың парасы,

Ат шаптырым арасы

Қан сасыды лезде

Көкпектініқ даласы

. Қазақ, қалмақ шабысқан,

Жер мен судың таласы.

Ерлер уран салганда,

Алладан болды панасы.

Айдан аса алысып,

Төбе болды моласы.

Тірі қалган қалмақты

Куншыгысқа қашырды...

Осы жылдары Бөгенбай батыр бастаған әскер тобы Алакөл, Мақаншы, Көкпекті өзені, Ертіс бойындағы Бұқтырма деген жерде жоңғарларға күйрете соққы беріп, қазақ елін түбегейлі жеңіске жеткізді. Ал Қаракерей Қабанбай әскері Тарбағатай тауы мен Қандысу өзені бойында жоңғар өскерін талқандап, Шілік асуымен Зайсан көліне дейін жоңғарлардың ізіне түсіп, Шитөбе, Талдыаралды (Аманжол қыстауы болған жер) азат етіп, соңғы қанды шайқастарын қазіргі Үлкен Қаратал, Көкқо-шқар, Кендірлік, Аққолқа деген жерлерде жеңіспен аяқтады. Жоңғарлар жеңілгендіктерін мойындап, қазақ батырларына ақ отау тігіп, ақ тұлпар шалып, достык нышаны ретінде сойылған тұлпардың басын тартып, бұдан былай қазақ халқымен жаулас-пау шартына қол қойған келісім жасалды. Сөйтіп, Зайсан жерінде кдзақ халқы ғасыр бойы созылған күресін жеңіспен аяқтады. Үмбетей жыраудың "Бөгенбай өліміне" деген жоқтау жырыңда:



Баянауыл, Қызылтау, Абыралы,

Шыңгыстау, Қозымақырак,,

Қоймаңырақ Арасы толган көп қалмақ.

Қалмақты қуып қашырдың,

Қара Ертістен өткізіп,

Алтай тауга асырдыц!

Ақ Шәуліге қос тігіп,

Ауыр қолІ жиып алдырдың,

Қалмаққа ойран салдырдың.

Қабанбай мен Бөгенбай,

Аргын менен найманга

Қоныс қшып қалдырдың! —

дейді.


Жырлап отырған жер аттары қазіргі Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан облыстары. Өскемен қазақ-тарьшың аузында Бұқтырма асуының тұсында "Бөгенбай Тес-кентауы" деген үңгір бар. Бұл жайдың өзі де өткенді аңыз етіп қана қоймай, әйгілі ұрыстардың топонимінен де белгі береді. Үмбетейдің "Қара Ертістен өткізіп, Алтай тауға асырдың!" деген анықтамасы айқындала түседі. Семей жерінде Акшәулі мен Қоңыршәулі деген жер аттары осы күнге дейін сакталған. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Тағы бір айта кететін мәселе соғыстың үшінші кезеңінде шегінген жоңғар әскерлері қамалдарға жиналып бекініп, күш жинауға кірісті. Мәселен, Ертістің бір саласы Сібе езені жағасындағы Абылай кет қамалы 1654 ж. салынған еді. Ол жоңғарлардың қазақ жерін жаулауда негізгі тірегі болып, Ресейден Қытайға баратын жоңғ-арлардың ез қолдарында ұстап отыруға пайдаланған болатын. Міне, соған үш мың жоңғар әскері келіп паналады. Қазактардың қамалды шабуылмен алуы өте қиынға соқты. Қамал жан-жағы мидай жазық, өзен болды, ал қоршаған жартасты биік жота. Жота етегіне салынған камал арқылы өзен бойындағы жазық-тықты, Сібе көлін және батыстағы Тарғын даласын, онан әрі Ертіске өтетін жолдарды бақылауға қолайлы1 еді. Қазақтар Абылайкит қамалын ала алмай, бірсыпыра шығынға ұшырап сырттай қоршап тұрды. Майданға бір күн кешігіп келген Олжа-бай батыр2 бастаған әскери қүрама қамалға үдере шабуылға шығып, темір қақпаны бұзып кіреді. Артынша қамалға қалың қол да лап береді3. Міне, осы қамалдың темір қақпасын бұзып кіру Олжабай батырдың атақ-абыройын кетерді4. Олжабай со-дан былай камал бұзғыш деген атақ алды. Осы шабуылға Олжа-байдың қолының қоспасынан оқ тигеніне қарамастан, шабуыл-ды басқарып, Абылайдың ақ туын ешкімге берместен, қамалдан жауған оққа қарамастан, шегінбей, жоңғарлар бекінген қамал-ды тізе бүктірді5. Олжабайдың сол соғыста көрсеткен ерлігін Сақау дейтін ақын өзінің "Олжабай батыр" толғауында былай жырлайды:

Олжабай орта жүзде ту устаган,

Балапан түйгын қустай қуныстаган.

Қалының қоспасынан оқ тисе де,

Ту устаган жерінен жылыспаган.

Олжабай жаралы қолымен жоңғар әскер басшысының қайта кезенген мылтығын атып түсіреді. Ерлігі мен мергендігіне тәнті болған жоңғар әскербасы "Олжабай" жы-рында:



Ойлст ем қақпа бүзган қандай қазак, ?

Сындырып мштыгымды салдың азап.

Қан төгіскен қыргынды тоқтатайық,

Арамызда татулық жүрсін ұзақ, —

деп, қамалдағы әскер басы Олжабайдан бітім сұрайды. Қал-мақтар қазақ жерін тастап, Алтайдан асып шегінеді. Алтайдан шегінген қалмақгардың айтқаны:



Тас булаеық шайдай боп,

Тарбүганың (суыр) тайдай боп

ҚайранАлтай қалдың-ау...1

Осы бітімнен кейін Олжабайдың абырой-атағы бұрынғы-дан да асып, атақ-даңқы "он сан орта жүзге ұран болады"2. Көп ұзамай Абылайдың өзі бастаған екінші әскер тобы да қамалға кіреді. Қамал енді Абылайдың атымен аталады. Кейін Өскемендегі орыстар Абылай қамалды тастап, Көкшетауға кеткеніне қуанып, Абылай кетті деп немесе Абылайкит деп атап кеткен. Ол бүгін де солай аталады.

Қазақ жерін жонғарлардан азат еткеннен кейін рулар мен тайпалар жаппай ата мекендеріне орала бастады. Ұлы Орда тайпалары Сырдария жағалауларынан, Түркістан аймағынан, Жетісу жеріне; Орта Орда тайпалары Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстандағы ата мекендеріне оралды3. Қазақ хан-дығы өзінің шекарасына шығысымен, Қытай империясы Жоң-ғар хандығына шабуыл жасай бастады. XVIII ғасырдың орта шенінде ішкі Қытайдағы шаруалар қозғалысын баскан манч-жур-қытай (Цинь) империясының екі армиясы тоқсан-мың әскермен4 Жоңғар хандығының жеріне келіп кірді. Қытай-лардың Жоңғарияға басып кіруіне 1754 ж. жоңғар тағына уміткерлердің бірі — Әмірсананың билік үшін күресте Цинь өкіметінен көмек сұрауы себеп болады. 1755 ж. мамырында Цинь әскері Әмірсананың басшылығымен Текес (Жоңғария) алқабына басып кірді. Көп кешікпей Жоңғар хандығының негізгі күші талқандалып, толығымен жойылды. Жоңғар хан-дығының қайта қалпына келуіне жол бермеу үшін қытайлық-тар Әмірсананы бүкіл ойраттың басы етіп қоямыз деген уәделерін орындамай, хандықты төрт бөлікке бөліп тастады5. Бұл жағдай Әмірсананың бұрынғы жақтаушыларына қарсы шығуға алып келді. Олардың арасындағы қиян-кескі ұрыс 1757 ж. Әмірсананың аз нөкерлерімен қашып кетуімен аяқталды. Жоңғарияны басып алған Цинь әскерлері ойрат тұрғындарын аяусыз қырып-жойды. Оны қытай тарихшылары да мойындауға мәжбүр болды. Бүған мысал "Қытай тарихы очеркінде" ерекше көңіл аударылып, "Қытайлар жоңғар хал-қын ешбір аяусыз, бірін қалдырмастан қырып-жою арқылы жеңіске жетті"1, — делінген.

Жоңғарияның гүлденген кезеңінде 600 мыңнан аса адам өмір сүрді. Әскери талқандаудан кейін халықтың оннан үш бөлігі жойылды, ал оннан төрті шешек ауруынан қайтыс бол-ды. Өлім аузынан аман қалған жоңғарлар бас сауғалап, қазақ даласына қашуға мәжбүр болды2. Бұл босқыншылық көп-шілік сипатқа ие болды. Оқиғаның осындай нөтижесі 1756 ж. 1 маусымдағы зандастырылған үкімет жарлығымен қазақтар-дың ежелгі жері Алтай аймағын қайтарып алу міндеті қойыл-

ды3.

Қазақтың бұрынғы жерлері Ертістің жоғарғы ағысы, Үлбіге құяр сағасы, Бұқтырма, Нарын өзендерінің жоғарғы бөлігі қазақ еліне қарады4. Сонымен, ойрат-жоңғарлардың көпшілігі қазақ жерінен кетіп, Сібірдің аудаңцарына және басқа да жерлерге орналасты. Ойрат басшысы Әмірсана қазақ жерін паналады. Көп кешікпей манчжур-қытайлықтар Әмірсана мен басқа да ойрат босқындарын іздеуді сылтау етіп, қазақтар тарапынан қарсылық болған жағдайда әскери күш қолдануды көздеп, Қазақстан аумағына басып кірді5.

Осы кезде ежелгі қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан азат еткен сұлтан Абылай өз ықпалын тек орта жүзге ғана емес, ұлы жүзге де жүргізді. Ол манчжур-қытайларға қарсы күш жинай бастады. 1756 ж. тамызында Цинь әскерлері мен Абылай басқарған қазақ жасақтары арасында әскери қақты-ғыс болып, қазақтардың Цинь әскеріне тойтарыс беруімен аяқталды. Осы жылдың жазында Жоңғарияны жаулап алуды аяқгамастан, Әмірсана мен басқа да ойрат басшыларын ұстау-ды сылтауратып, манчжур-қытай отрядтары Қазақстанға бірнеше жерден басып кірді. Цинь билеушілері қазақтарға қатысты ресми жарлықтарында "Циньдерге қарсы шығушы ойраттарды жасырғандығы үшін аяусыз қырып-жоятындығы, тіпті қазақ елінің толық жойылуына дейін барады"6, — деп қорқытты. Ол кезде орыс өкіметі ұлы және орта жүз қазақтарына ман-чжур экспансиясына қарсы тұрарлықтай жеткілікті кару-жа-рак, әскери күш бере алмады. Беделді сұлтан Абылай және ба-сқа да қазақ басшыларының жасақгары манчжурларға қарумен қарсылық көрсетуге ұмтылды. Бірақ алғашқы ұрыстын өзінде-ақ екі жақ та жеңіске жете алмады. Қытайдың ресми мәліметтері бойынша мьщнан аса қазақ өлген, қытайлардың әскері де сол мөлшерде1.

Князь Цигунджабаның 1756 ж. жазындағы антициньдік көтерілісі манчжур өскерлерін қысқа қарай қазақ жерін тас-тап кетуге мәжбүр етті. Бұл манчжур әскерінің монғол ты-лындағы тұрақсыздығын көрсетеді.

Манчжур әскерлерінің Қазақстанға келесі жорығы Әмір-сана Қазақстаннан Ресейге қашып кеткеннен кейін 1757 ж. бол-ды2. Содан кейін Абылай сұлтанның Цинь билеушілерімен келіссөздері жалғасты. Ол келіссөздің мақсаты болашақта Қазақ мемлекетінің Ресей-Қытай өскерлерінін қоршауынан құтылу жолы еді3.

Император Цян-Лун 1757 ж. өзінің бір жарлығында көрсетілгевдей, қазақ-қытай қарым-қатынасы Қытайдың басқа да іргелес, сол кезде Пекиннің вассалдары болып табылатын Азия мемлекеттері — Вьетнам, Таиланд т.б.4 елдермен арадағы қарым-қатынасқа ұқсас катынас болып табылды. Цинь өкіметі 1767 ж. қазақтарды өзінің ата қонысы Тарбағатайға қоныстануына келісім беруге мәжбүр болды5. Осылайша казақтар өздерінің ата қоныстарын алды. Цинь империясы қазақтар мен қырғыздарға жаулаушылық жоспарын жүзеге асыру мүмкін еместігіне кезі жеткен соң, қазақ-қырғыздар-дың орналасқан жерін яғни Ресей мен Қытайдың арасындағы аралық жер ретінде мойындады6. Сонымен, жоңғарлар билігі жойылғаннан кейін оның орнын Цинь патшасы басты. Үзақ жылдық соғыстан қалжыраған қазақтардын, жасақтарының Цинь патшасы әскерлерімен соғысуынан сақтанған Абылай Қытайға елшілікке Бөгенбай батырды жіберді. Сол қысыл-таяң уақытта қаракесек Қазыбек бидің Абылай ханға айтқа-ны:



Сүйеуге арқа жарайды

Мынау көрші срысың,

Сәтсіздеу боп тынып тур

Богда ханмен соғысың.

Турпанды шапқан

Бөгенбай Жаратамын сал ісін!

Батыр аңгырт десек те,

Көрсеткендей ел кушін!..

Қазақтар Цинь империясымен келіссез жүргізуге елшілер аттандырып жатқанда, 1758 ж. Қытай әскері Жоңғарияда мейлінше ойран салып, халқын тоздырып жіберді. Жоңғария мемлекеті біржолата жоқ болды. Бұл жөнінде КСРО өкіметінің 1969 ж. 13 маусымдағы мәлімдемесінде: "Манч-жур-қытай империясы Жоңғариядағы ойраттар хандығын жойып, оның халқының көпшілігін — бір миллионнан аса адамды қырды"1, - деп көрсетілген.

Қорыта келгенде, қалмақтар 1757—1758 жылдардан кейін қарсылық көрсету күшін сарқып, мемлекеті жойылды жөне қытай, орыс билеушілерінің жемтігіне айнадцы.

100 жылдық соғысқа төтеп берген Қазақ хандығы өзінің өміршендігін керсетті, ұлттық санасы қалыптасты. Абылай бастаған әскердің жауынгерлік рухы шыңдалды. 1771 ж. Әбілмәмбет хан дүние салғаннан кейін хандық билік Абы-лайға көшті. Абылайды ел-жұрт бір ауыздан үш орданың ханы етіп сайлады.

Ал қазақтармен соғысу жоңғарлардың өз бастарына тажал боп жетті. Өйткені құбақалмақтар қазақ елінің шығысында атымен өшті, қалған-құтқаны біржола бас көтере алмастай болып, кең дүниенің бетінен сызылып, қара жамылып қалды. Ал қазақ халқының бақыты үшін жанын жалдап, тісін қайрап, оның табанына кірген тікен менің маңдайыма шөгір боп қадалсын деген Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, шапырашты Наурызбай, Қойгелді, шақшақ Жәнібектің аты оның ұрпағына, бүгінгі қазақ халқының есінде жатталып қал-ды. Енді қысқаша сол батырларға, олардың ерлік дәстүрлеріне тоқталайық.

§7. ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР СОҒЫСЫНДА ТАРИХ КӨШШ БАСТАҒАН БАТЫРЛАР

а) Қаракерей Қабанбай батыр

Атақты, ақылды, абыройлы хан әрі қолбасшы батыр Абы-лайға арнап айтқан сөзінде Қабанбайдың тарихта алатын құрметті орнын сәуегей жырау, кемеңгер би Бұхар айқындап айтып кеткен:



Қаракерей Қабанбай,

Қанжыгалы Бөгенбай,

Қаз дауысты Қазыбек,

Шақшақұш Жәнібек,

Ормандай көп арта жүз

Содан шыққан төрт тірек.

Тугыр болган сол еді,

Сіздей төре суцқарга, -

деген.


Тарихи шывдықты дөл, әділ айтқан. Енді қысқаша сол ба-тырлардың өмір жолына тоқталмақггыз.

Адам айтқысыз жарты ғасырға созылған қазақ-жоңғар алапат соғысында қазақ батырлары ғаламат ерліктер көрсетті. Солардың қасқа мандайында Қабанбай жүрді. Ал бүкіл майданның, тұтас жеңістің алтын діңгегі Абылай болды. Абылайдың хандығынан батырлығы әлдеқайда басым жатыр. Оның тарих сахнасына билікпен емес, батырлықпен шыққаны әмбеге белгілі. Оның үстіне, Абылайдың бар ғұмыры ат үстінде жорықта өтгі. Абылай - қазақтың бас батыры. Жауды жеңуге Абылайдың данышпандығы, көрегендігі ұйытқы бол-ды. Тағдыр оған Қабанбай сияқты хас батырларды тұстас келтірді. Олар бір-біріне сүйеніш бола білді. Қабанбайға "Да-рабоз", "Хан батыры" деген атақтарды берген де Абылайдың өзі. Деректергё қарағанда, ұзақ тірескен осы соғыста Қабан-бай бас сардарлық міндет атқарады. Мұны оған Абылайдың "Хан батыры" атағын беруі де дәлелдейді. Жоңғарларды жеңу барысында қазақ даласында бірнеше жерде шешуші шайқас-тар өтеді. Соның барлығында қазақ батырлары Қабанбайдың қолбасшылығымен ірі-ірі жеңістерге жетіп, ақыры жоңғар-ларды жерімізден біржола аластайды.

Қабанбай батырдың анық туған жылы белгісіз. Дегенмен, батыр өмірін зерттеушілердің шамалауынша, ол 1691 ж. дүни-еге келген. Қабанбай батырдың туған жері туралы да толық мәлімет жоқ. Кейбір пікірлер бойынша Сыр бойында туған делінеді... Қабанбай батыр шамамен 1769 ж. 78 жасында дүние-ден қайтқан. Оның қай жерде жерленгені туралы пікірлер де әр қилы. Қабанбай батырдікі деген зираттар Семей, Талдықорғ-ан, Ақмола, Көкшетау өңірлерінде әлденешеу.

Әсілі, көшпенділер салтында батыр атану үшін кемінде жаудың бір батырын жекпе-жекте жеңу керек болған. Ал қолбасы, сардар атану үшін асқан ерлік, батырлықтың сыр-тында артында тіреп тұрған елің, қолдаушы серіктерің болуы шарт. Қабанбай - осы шарттың бәрін толтырған, қырық жыл бойы қылышын қынабына салмай соғысқан кісі. Атты түмен-дер шайқасының стратегі, ат үстіндегі жекпе-жектің тендесі жоқ шебері. Ол ез өмірінде 100-ден аса ұрысқа қатынасып, ондаған жекпе-жекте жеңіске жеткен. Қалмақтың Арсалаң, Өлдежырғыл, Долаңқара, Бадынжа, Арқауыл, Церен Доржи секілді талай нояндарын өз қолымен о дүниеге аттандырған. Осындай ерен ерлігі үшін хан да, қара да төбесіне көтеріп, жасының кішілігіне қарамай, халық өзі жасаған тізімде оны Қанжығалы қарт Бөгенбайдан да, шақшақ Жәнібектен де бұрын атаған. Халықтың пір тұтқан батыры жайында әр ке-зенде шығарылған дастан, жырлар да жеткілікті.

Қабанбай Қожағұлұлының өмір сүрген уақыты шамамен 1691-1769 жылдар аралығы, қайсыбір деректерде 1695-1768 жж. Алапат шайқастар мен жекпе-жек соғыстарда көзге түсіп, бірте-бірте қазак. әскерінің ірі қолбасшысына дейін кетеріледі. Бала күнінде Қабанбайдың әкесін қалмақтар өлтіріпті. Аягөз маңын-дағы бір соғыста жасөспірім Қабанбай өкесін өлтірген қалмақ әскербасынан кек алады да, өз жерінен кетіп, керейдегі апасын паналайды. Қабанбайдың азан шақырып қойылған аты Ерасыл екен, қалмақгы өлтіргеннен кейінгі аты Ізбасар. Қабан атын ол керей жерінде жүріп, торғауыттарға қарсы соғыста көрсеткен ерен ерлігі үшін алады. Қаракерей, Байжігіт еліне қайтып орал-ған соң Қабанбай атанады. Бұдан кейінгі өміріндегі 1726-1740 жылдар аралығы ұдайы соғыс үстінде өтеді. Жёке басының ерлігі әскербасылық өнерімен ұштасып, Қабанбай даңқы шарта-рапка тарайды.

Қабанбай батыр бастаған қазақ әскерлері соғыс жүргізген жерлер жер атаулары арқылы да дәлелдене түседі. "Қабан-бай" жырында: Алакөл, Ақсу, Сарысу, Қызылсу, Еміл, Есіл, Нұра сияқты өзен-көл аттары мен Алатау, Сарыбел, Көкқай-нар, Қаратау, Арқарлы, Көкпекті сияқты жер аттары кездеседі. Зейін қойып байқасақ, қазіргі Астана (Ақмола) атырабынан бастап, Шығыс Қазақстан, Түркістанға, одан Алатауға дейінгі үлкен аумақтың Қабанбай бастаған қазақ әскерлерінің соғыс жүргізген жерлері екенін көреміз.

Қазақ халқының елі мен жерінің тұтастығы, бүтін ел, мем-лекет болу арманы Қабанбайды Абылайға жақындастырады. 1755—1757 жылдары Қабанбай батыр басқарған қазақ әскерлері Тарбағатай, Алакөл төңірегін жаудан босатып алады. "Қабан-бай" жырындағы "барып ем өзім бастап Алакөлге, Өктемдік жүргізіп ем талай елге" деген сөздер өмірлік шындықпен үйлеседі. (Қараңыз: Қазақ тарихи жырларының мәселесі. Ал-маты, "Ғылым", 1979, 106-113-беттер).

Қабанбай батыр туралы толығырақ мағлұмат жазып қал-дырған адам — тарихшы-этнограф Кұрбанғали Халидұлы (1846-1913 жж.). Оның "Тауарих Хамса..." атты үлкен еңбегі (көлемі 900 беттей) Қазан қаласында екі рет басылып шыққан (1910, 1911 жж.). Сол кітаптың "Абылай хан" деп аталатын тарауында қазақ хандарының ең атақтысы Абылай екенін айта келіп: "Абылайдың соғысы қалмақпен болып, қалмақты Қызылжар, Қарқаралы жерінен, Аягөз суынан өткенше қуып айдап, қырып, кеңіте түсті", — дейді. "Абылай заманында ба-тыр, әскербасы болған адамдар: Қаракерей Қабанбай батыр, Алтыбай батыр, Ақтамберді батыр, Еспенбет батыр, матай Шөңкей батыр, Керей Жәнібек батыр, бура Ақпантай батыр, Қанжығалы Бөгенбай батыр, бәсентиін Малайсары батыр. Бұлардың әрбірі батырлықпен көзге түсіп, батыр атанған адамдар болса да, бәрінен үздігі Қабанбай батыр екен"1, -дейді.

Сонымен, Қабанбай туының астына жиналған: Барақ, Дәулетбай, ер Еспенбет, Баймұрат, Шынғожа, Ақпантай, Оразымбет, Орақбай, Қосай, Шөрек, Тентек сынды батыр-лардың әрқайсысы бір елге қорған болардай көкжалдар бо-латын. Бұлардың сыртында Дарабозды қорғап-қоршаған Ақтамберді жырау, Боранбай, Тебет, Қу дауысты Құттыбай, Есенгелді секілді ақылшы билер қаншама! Мұндағы Боран-бай — Әбілхайыр өліміне байланысты Барақ сұлтанды ақтап үкім шығарған жеті бидің бірі. Құттыбай болса, Қаз дауысты Қазыбек тұғырдан тайған соң, ұлы бидің орнын басып, Қу дауысты Құттыбай атанған, 1760 ж. Абылай атынан Пекинге елші болып барған адам. Ол - атақты Ақтайлақ бидің, Са-бырбай ақынның арғы атасы. Сол заманның асқан ақылгөйі Бұқар жыраудың жырларында Абылаймен қатар көбірек арқау болған батыр Қабанбай. Кепті көрген қарт жыраудың Қабанбай жасы ұлғайып, жарық дүниемен қоштасар шағында арыздаса айтқан сөзінде де батырдың сипатын айрықша аша-ды:

Айналайын Қабанбай,

Жау тигенде жарагым.

Алыстан асып дау келсе,

Түрулі турган к$лагым.

Жақыннан жарым жау шықса,

Белдеудегі пырагым.

Мың жылқыны суарган

Төскейден аққан булаеым.

Кеіие түсгпе естідім,

Қабанбай ауру дегенде,

Жетімсіреп жшадым,

Бір кіудайдан сурадым.

Аргынтн айттым жүз кісі,

Найманнан айттым жуз кісі,

Үйсіннен айттым жүз кісі,

Үш жүз кісі болар ма

Айналайын Қабанбай,

Қара мойын лагыц ?

Әулиенің арты едің,

Бул дуниенің қарты едің,

Айналайын Қабанбай,

Қайда болар турагың ? -

дейді.


Міне, бұл жырдан батырдың бүкіл қазақ қауымына аса сый-лы, қадірлі болғанын аңғарамыз. Іргесі ажырамаған елдің ортақ баласы болғанын аңғарамыз.

ә) Қанжығалы Бөгенбай батыр

Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы - шамамен 1690-1775 жж. өмір сүрген, Абылай заманындағы атақты қолбасшы батыр. Ол кездегі кдзақ жауынгерлерінің үлкен ағасы, сондықтан оны ха-лық аңыздарында ардақгап, "Қанжығалы қарт Бегенбай" деп кеткен1. Ол Қабанбай, Олжабай, Малайсары т.б. батырлармен тізе қосып, елінің тәуелсіздігі үшін талай ірі шайқастарға кірді. 1725—1727 жылдары қазақ халқының астанасы Түркістан қала-сын қорғауда кайрат керсеткен Қабанбай, Қойгелді батырлар-мен бірге қазақ әскерінің бір күрамын соғысқа бастады, кейіннен Түркістан, Ташкент, Саураннан жоңғарларды қуып шығысты. Бөгенбайдың соңғы үлкен жорығының бірі - 1750 жылдары Аягөз, Көкпекті, Бүқтырма, Ертіс өзені бойындағы болған соғыс. Осы шайқастарда Бөгенбай бастаған қазақ әскерлері жоңғарларға қатты соққы беріп, ойсырата женді. Бөгенбай батыр арғынның кднжығалы тайпасынан шыққан. Қонысы Ақмола облысындағы Ерейментау төңірегі. Бөгенбай батырдың алыптығын ақын М.Жұмабаев "Батыр Баян" поэма-сында (жоңғар шапқыншыларына күйрете соққы беруде Абы-лай ханның ордасына жиналған батырларға баға бергенде) бы-лай деп жырлавды:



Жиылды өңшең ноян ыгай-сыгай,

Байжігіт, Тасбалат пен би Төлебай,

О бастпа А былайды хан көтерген,

Қамқоры қараушдың шешенҚанай,

Ашуы жауган қардай, шөккен нардай,

Қарт қыран Қанжыгалы қарт Бөгенбай.

Болмаса Олжабай ақын:



Ақшадан асып туган ер Бөгенбай,

Ел қамын Едігедей жер Бөгенбай,

Қалмақты қысқа күнде қырық шауып,

Орнатқан тыныштықты сол Бөгенбай.

Осы екі ауыз өлеңнен-ақ Бөгенбай батырдын халқына адал патриот, қамқоршы, қайыспайтын ер екені аңғарылмай ма?

Енді Бегенбай батырдың ерлік істері жөнінде сөз қозға-сақ, ол тек қызыл шоқпар батыр емес, сонымен қатар саналы, ойлы, айлалы ел басшысы және дипломат. Ол — тумысынан терең ойлы данышпан. Осы қасиетіне орай Абылай хан оны 1761 ж. өзінің ұлы Әділді қосып, Қытай мемлекетіне тыныш-тық келісімін жасауға да жіберген.

б) Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы

Қазақ тарихында үш Жәнібек бар: Әз Жәнібек, шақшақ Жәнібек және керей Жәнібек. Керей Жәнібек осылардың бәрінен жас.

Шақшақ Жөнібек Қошқарұлы - ХҮІІ-ХҮІИ ғасырларда өмір сүрген, замандастары Қабанбай, Бөгенбай, Байғозы т.б. батырлармен бірге қазақ елін-жерін жоңғарлық қалмақ шап-қыншыларынан қорғаған батырлардың, қолбасылардың бірі. Ол Қабанбай, Бөгенбай, Қойгелді, Барлыбай, Жаулыбай, най-ман Жанатай, Барақ, арғын Олжабай, Сүгірәлі, тама Есет, Сүйіндік тағы басқа батырлармен бірге үш жүзге сауын ай-тып, жасақ құрып, жоңғар басқыншыларына қарсы халық жа-сағын бастайды1.

Сөзімізге қайтып оралсақ, қазақтың қалмаққа қарсы Абы-лайдан бұрынғы ең үлкен топтасуы, ұлы жорығы — айтулы "Актабан" және одан арғыларын айтпағанда, Әбілхайыр, Әбілмәмбет, Жолбарыс ханның тұсы. Дәл осы тұста асқан ба-тырлық көрсеткен, кейін жорықтан шығыл, елдік, мемлекеттік тұрғыда даналық, билік құрған, орта жүздің қай-раткер тұтқасы болған, халық аузында шақшақ Жәнібек, яки Қошқарұлы Жәнібек тархан. Барлық жазба тарихта, әсіресе, орыс оқымыстыларының кітаптары мен алғашқы қазақ дала-сындағы орыс әкімшілігінің ақпар, құжат қағаздарымда Жәнібек туралы мағлұмат өте көп. Ал халық аузындағы әңгімелер мен дастан-жырларда, сонау Бұқар, Үмбетей, Жи-енбай жыраулардың сөздерінде Жәнібектің көбінесе ерлігі, жорықтағы батырлығы жырланады да ("Ер Жәнібек", "Жәнібек батыр" дастандары), деректі жазбаларда оның ел біріктірушісі, дипломат, саясаткерлігі, көрегендігі, қайраткерлігі айтылады. Шақшақ Жәнібектің бақыттылығы да сол — ол туралы тарихи архивтерде құжаттар кеп сақтал-ған. Олар Жәнібектің ерлігін, азаматтық іс-әрекеттерін ешкімнің бұрмалауына жол бермейді.

Тура сөзбен айтсақ, сол тұстағы орта жүздің билігі мен сөзін ұстаған терт тағанның бірі. Абылайдың өзінің ұстазы, оны алғаш ақ киізге көтеріп, орта жүздің ханы етіп тағайындау-шылардың бірі — осы Жәнібек. Халық сөзіңце бұл төртеуі — Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Қара балуан Жәнібек. Шындығында - бесеу. Қара балуан - жеке адам. Оның шын аты - Жанұзақ батыр. Бұл екеуінің қоса аталуының себебі — ағайынды, туысқандығы бар. Торғай, Қостанай ёлкесінде қалың қыпшақтың арасында тоқал арғынның екі баласы бар, олар — Сары жетім, Шақшақ. Шәкәрім шежіресінде анық жазылған. Бұлардың өзі жоғарғы шекті, төменгі шекті болып бөлінеді. Кейбіреулер бұларды кіші жүздің шекті руымен шатастырады. Өйткені ол шектілердің көші-қонысы қатар екені де рас. Шәкәрімнің "кіші жүздегі арғындар" дейтіні содан. Шақщақ Жәнібек батыр тек ел аузындағы аңыз-жырларда ғана емес, тарихи жазба деректерде де дарынды, әскери маман ретінде белгілі. Мәселен, генерал-лейтенант, князь Урусовтың кіші жүз бен орта жүз өкілдерімен жүргізген келіссөздері ту-ралы (құжатта) журналда Жәнібек батырдың орыстардың түріктерден Азов теңізін қорғау туралы кеңесі туралы былай деп жазылған: "Табиғатынан әскери кабілетті және ақылсыз да емес Жәнібек батыр сөзге араласты және онан әрі осындай әскери мәселелер туралы айтқанды тәуір көреді: "Азов тек құрылықпен емес, ағаш қайықтар жасап, сумен де барлық жа-ғынан қоршап алынады", - деді"1.

Қорыта келгенде, Жәнібек Қошқарұлы - "Шакшақ" ұранды батыр, қолбасшы, кемеңгер саясатшы, кемел ақыл кеніші, мемлекеттік жоғары дәрежедегі кайраткер, қасы да, досы да мойындаған асқар таудай тарихи тұлғаның қазақтың мандайына біткені үшін бүгінгі ұрпақ мақтануы керек. Оның кіндігінен тараған қазақ зиялы қауымының көркі болған Ах-мет Байтүрсыновтай ұрпақтары бар адам. Ол қазақ тарихынан белді орын алуы керек.



в) Қоцгелді батыр

Қойгелді батыр шамамен 1702-1795 жылдары өмір сүрген. Төле бидің Қойгелдіге берген батасынан үзінді:



Аталы улдың сөзі баян-ды,

Атасыз ұлдың сөзі шаян-ды.

АталыулҚойгелді

Ел үшін неден аянды?!

Желкесін узді сум жаудың,

Дегенде қатер таянды...

Қойгелдінің аты әуелі батырлығымен шыққан. Ол жоң-ғардың тоғыз батырымен тоғыз рет жекпе-жекке шығып, бәрін де жеңген. Қойгелді 1723 ж. Түркістан қаласын қорғауға, 1730 ж. Аңырақай шайқасына, 1734 ж. жоңғарлар-дың екінші қайтара шабуылына қарсы күресте оңтүстік қазақтарының әскербасы болып, қазақ әскерлерін отты қарумен қаруландырады. Ол қаруларды орыстардан тартып алады.

1739 ж. күзінде Орынбор жерінен артынып-тартынып тағы бір қару-жарақ керуені Түркістан асып, Ташкентке жа-қындайды. Осы керуенді Қойгелді қолға түсіреді. Кейін

1740-1750 жылдары жоңғар қалмақтарын қазақ жерінен қуу жолындағы ақтык шайкдстарда осы Қойгелді қолға түсірген мылтықтары жаудың талай сауыттарының жебесін сөгіп, жер жастандырған болатын1. 1756 ж. Оңтүстік Қазақстанда он мың әскерге қолбасшы болып, Оңтүстік Қазақстанды және Алма-ты облыстарын қалмақтардан азат етуде жеке басының батыр-лығымен қоса әскери шеберлігін де көрсете біледі.

Батыр сардар Қойгелді туралы Ресей архивтерінде де ма-териалдар баршылык. Қойгелді өте сауатты болған. Жеті жа-сынан он жеті жасқа шыққанша Бұхарада терең білім алып, тіпті білім іздеп Иран жұртына да барып қайтады. Қойгелді батырдың Ташкентте, Сарыағашта, Сайрамда, Шымкентте... салдырған керуен сарайлары, мешіт-медреселері, қаздырған тоған-арықтары ұмытылған жоқ. Мысалы, Ташкентте соңғы 250 жыл бойы Қойгелді көшесі, Қойгелді базары, Қойгелді қақпасы, Қойгелді арығы2 деп, күні бүгінге дейін айтылып келеді.

г) Шапырашты Наурызбай

Шапырашты Наурызбай Құтпанбетұлы (1706-1781 жж.) -жоңғарларға қарсы соғысты басқарушы батырлардың бірі, Ұлы жүз Шапырашты тайпасының асыл руынан шыққан, қазіргі Алматы әкімшілігі Жамбыл ауданындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерде туған. Наурызбай 1729 ж. жоңғардың Шамалхан мен Қаскел деген батырларын жекпе-жекте өлтірген. Абылай ханның ту ұстаушы үш батырының бірі, он мың әскерге қолбасшы. Өмірі жоңғарларға қарсы соғыспен өткен. 1756-1757 жылдары ол бөсентиін Малайсары, Шапы-рашты Қасқара батырлармен бірге жоңғарларды Тұрфаннан (Шығыс Түркістан) асыра қуып, жеңіске жеткен. Көптеген қазақ жастарын жоңғар тұтқынынан босатқан3 батыр.

Әйгілі Бұқар жырау:

Қалданменен урысып,

Жеті кундей сурісіп,

Сондагы жалдас адамдар:

Қаракерей Қабанбай,

Қанжыгалы Бөгенбай,

Шақшақулы Жәнібек,

Сіргелі крра Тілеуке,

Қарақалпак, Қшышбек,

Тігеден шыққан Естенбек,

Үйсіннен жур Райымбек,

Шапырашты Наурьабай,

Қудайменді Жібекбай,

Секербай мен Шүйбекбай

Жауды куды туйдектей, —

дейді.


Қазақ батырлары өздерінің жеке бастарының қамынан гөрі халықтың қамын жоғары қойып, сол үшін барлық саналы өмірін сарп еткен адамдар, халқының адал перзенттері. Қан-дай халықты алмайық, оның ел болып, мемлекеттік санатқа ілінуі - көшбасшы көсемдерінің тарихи жеңістерінің қоры-тынды жинағы.

Міне, осындай қазақ халқын сақтап калған, ұлтарақтай жерін жауға бермей, ұлан-байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырларды Бұқар жырау жырывда атта-ры мен руларын толық атайды. Соның ішінде:



Қаракерей Қабанбай,

Қанжыгалы Бөгенбай,

Шапырашты Наурызбай,

Ту тусында тур еді.

Абылай хан осы күн

Айбатты-дагы сур еді.

Курт пен малта ас болып,

Қалмақпенен қас болып,

Балгалы Барақ бас балып,

Жиылды Қаратөбеге.

Жеңіспенен жауланып,

Әмбесі дагы дос болып,

Туга таман жақындап,

Қатарга Сасан қосшды.

Қалмақтың кетіп кенеуі,

Ойындары осылды...

Матайдан шыққан Шәкәрім,

Бурадан шыққан Боранбай

Көрсеткен жауга қаһарын.

Дәрімбет, Дақа, Садырым,

Көтерген шоқпар содырым.

Уак, — Сарман Шагыным,

Тертуш Найман Багарым

Қалмақ қашып қаз турдық,

Көбейсін енді багарың.

Рысқүл, Сақан,

Догаабай Жудырыгы добалдай

Аттың басын жібердім,

Жырымды төктім догармай.

Қабанбай к,алы туп-түгел

Бәрлеріңжиыл деді,

ас-туйін боп уйіл деді,

Абшай асып-тасыды,

Береді енді сыйын деді.

Қаракерей Қабанбай,

Қанжыгалы Бөгенбай,

Шапырашты Наурызбай

Ту тубінде тур еді.

Абылай хан асқынды,

Беретін шулен-шур еді.

Үшемге кеяді жақындап,

Шақшақулы Жәнібек

Жаныкештің жанында

Өңкей алмас, бәрі — бек.

Алтайдан шыққан Олжабай,

Қудаменді Қулжадай,

Естербек ерім қылыштай,

Душпаннан турар ыгыспай.

Қаракесек Қарабек,

Темеш Нура қаракөк,

Атыгайдан Агындық,

Барлык, қазақ шіркін-ай,

Бейқут кунді сагындық.

Тарақтыдан Тогайым,

йнақул Бәти ішінде

Бул бір шақта кушінде.

Қарауыл Қасым,

Қалабек Агаты жоқ ісінде.

Бөгенбай к,алы түп-түгел.

Бәрлерің жиыл деді,

Тас-туйін боп уйіл деді,

Абылай хан бауардан

Тартады қазір сыйын деді.

Қаракерей Қабанбай,

Қанжыгалы Бөгенбай,

Ту тубінде тур еді.

А йбатты бу кун

Әрі-бері жур еді.

Сіргелі қара тілек,

Қарақалпак, Қылышбек,

Текеден Іаыққан Сатай,

Бөлек Келді туга жанасып,

Көп қосынды шатқа бвлеп.

Батырлардыц асқары

Қазыбекулы Қасқары Қаумен,

Дәулет қасында, Бақ-дәулеті басында,

Сеңкібаймен Шойбек бар,

Таңсық қожа,

Мшбетп бар Осшардың қосында.

Қасқары улы Молдабай,

Қара кушімол Багай,

Бәрің батыр, бәрің бек,

Турсың-ау ыгаймен сыгай...

Наурызбай к,алы түп-тпүгел,

Бәрлеріқ жиыл деді,

Тас-туйін боп уйіл деді,

Абшай хан береді

Енді қазір сыйын деді...1.

Қазақтың ар-намысы аяққа басылып, ақтабан шұбырын-дыға ұшыраса да, осы аттары аталған батырлардың жанкештілігі, ұлттық сана-сезімі арқасында қазақ халқы өзінің елдігі мен мемлекеттік тұтастығын жоймады2, бастарын біріктіріп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарады. "Ақта-бан шұбырынды" оқиғасына байланысты туған бір өленде:



Боларсың бірің артық,, бірің кем де,

Біріңді-бірің суйе сурінгенде.

Ынтымақ, ауыз бірлік қып жүрсецдер,

Арзисың аз балсаң дарулы елге*, — дейді.

Ұлттық бірлік, ұлт мүддесі негізгі мақсат болды. Қазақ елі соғыстың бірінші кезеңінде ауыр жағдайға душар болса да, түптің түбінде жоңғарлардан үстем шығып, өзінің байтақдала-сын сырт елдің көмегінсіз, өз күшімен азат еткеніне көзіміз жетті.



Сонымен, жоғарыда аттары аталған батырлардын бәрі де қазак-жоңғар соғысының даңқты қаһармандары. Демек, олардың біріккен кимылдарынан келешек ұрпақ үлгі алуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет