Сабақтың жоспары:
Географиялық орны;
Геологиясы, қазба байлықтары;
Өсімдіктері мен жануарлары.
1. Сарыарқа — Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи-тарихи аймақтың бірі. Сарыарқа – халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Астана облыстарының жері толықтай, Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді. Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның Орталықа бөлігінде орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған. Сарыарқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді. Сарыарқа – «Қазақтың ұсақ шоқысы» (Орталықалық Қазақстан ұсақ шоқысы). Батыстан шығысқа дейін ұзындығы 1200 км, оңтүстіктен солтүстікке дейін 950 км. Батыс жағы біршама тегістеу, Ұлытаудың таулы жерлері (1133 м) және Көкшетау үстірті (947 м, Көкше тауы) ерекшеленеді. Шығыс жағы 1403 метрге (Қарқаралы таулары), 1469 метрге (Шыңғыстау жотасы) және 1566 метрге (Ақсораң тауы) биіктеп, шоқылы жер бедерімен айрықшаланады.
2. Сарыарқа каледон (батыс жағы) және герцин (шығыс жағы) қатпарлы кезеңінде қалыптасты. Неотектоникалық қозғалыстың сонымен бірге желге мүжілу үдерісі салдарынан Сарыарқаның жер бедерінің осы қазіргі бейнесі қалыптасты. Негізінен метаморфтық және магмалық тау жыныстарынан түзілген.
Сарыарқа - пайдалы қазбаларға бай өлке. Қарағанды мен Екібастүз көмір өндірудің ірі ошақтары болып табылады. Жезқазған, Қарсақпай, Атасу, Саяқ, Қоңырат кен орындары мыс, темір, марганец кендеріне бай. Жәйремде сирек металл өндіріледі. Осыларды қорытып, байыту мақсатында қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Теміртау калаларында ірі металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді.
3. Сарыарқа жері дала, шөлейт және шөл зоналарына кіреді. Көкшетау, Атбасар өңірінде, Есіл өзенінің бойында қара топыракқа тән өсімдік жамылғылары қалыптасқан. Ол жерлерде егіндік өсіріледі. Даланың аласа таулары мен ұсақ шоқыларында шоқ-шоқ қарағай, биші қайың ормандары өседі. Дала зонасының оңтүстігін ала Теңіз бен Сарысу жазықтары, Ұлытау, Қарқаралы, Шыңғыстау бойлары шөлейт зонаға кіреді. Бұл зонаның климаты қуаң, қошқыл қызыл коңыр топырақ жамылғысында жусанды, бетегелі, көделі, боз өсімдіктер жамылғысы таралған. Өзен бойында, тау баурайларында шабындық шалғындар, терек, қайың, карағай, арша, тал өседі. Шөлейт зона мал жайылымына колайлы. Шөл зонасы Ұлытаудың оңтүстігі мен Жезказған маңын, Солтүстік Балқаш жағалауын қамтиды. Мұндағы шөлдің қоңыр топырақ жамылғысында шөл өсімдіктері - тобылғы, қараған, боз, бетеге, ақселеу бұйырғын, қара жусан, көкпек өседі. Жануарлар дүниесі де дала, шөлейт, шөл зоналарының ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан. Қарағайлы ормандарда бұғы, елік кездессе, дала мен шөлейт жерлерді ақбөкен, қаскыр, түлкі мекендейді. Көлдерінде құстар көп.
№17 дәріс тақырыбы: Тұран жазығы
Сабақтың жоспары:
1.Геологиялық жағдайы
2.Пайдалы қазбалары
3.Климаты және ішкі сулары
4.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
1. Қазақстанға қарасты солтүстік және Орталықалық бөліктері шөл, шөлейт және дала белдемдерін алып жатыр. Батысында Каспий тенізімен, шығысында Сарыарқаның батыс бөлігімен, солтүстігінде Торғай үстірті, оңтүстік-шығысында Тянь-Шань сілемдерімен, оңтүстігінде Қызылқұм шөлімен шектеседі. Бұл аралықта Қазақстанның барлық шөлдері жатыр. Ойпаттың басым бөлігі Тұран тақтасына сәйкес келеді. Аумағының басым бөлігінің абс. биіктіктері 300 м-ден аспайды және жас платформалық жазық саналады. Палеозойлық негізі (тұғыры) 1 – 6 км тереңдікте, көлбеу жатысындағы мезо-кайнозой қабаттарының кейбір тұстары (Маңғыстау, Үстірт, Қызылқұм) жер бетіне шығып жатыр. Тақтаның төм. қабаты құрылысынан көршілес Орал, Тянь-Шань және Сарыарқаға ұқсастық байқалады. Ойпаттың жер бедерінде ойыстар көп кездеседі. Қазақстанның құрлық бөлігіндегі ең тереңҚарақия ойысы (–132 м) осында. Жазық өңірлерінің (Каспий ойпаты, Арал Қарақұмы, Мойынқұм, т.б.) жер бетін шөгінді жыныстар жапқан.
Тұран - Қазақстанның оңтүстігін батысынан шығысына дейін созылып жатқан кең жазық. Оған Маңғыстау, Үстірт, Торғай үстірті, Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм, Бетпақдала,Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағы түгел кіреді. Жер бедері мен оның пайда болу тарихы жағынан біркелкі емес. Жер бедері мен геологиялық құрылысы. Аймақтың негізгі тұғырын палеозойда қалыптаскан эпигерциндік платформалық құрылым - Тұран тақтасы құрайды. Оның жер бедері мен топырақ жамылғысы палеогендік карбонатты терриген жыныстары мен неоген-антропоген дәуірлерінің құмды, малта тасты моласса үгінділерінен түзілген. Маңғыстаудың аласа таулы өлкесі мезозой дәуірінде пермь-триас құмтастары мен әктастарынан, тағы басқа жыныстардың қосындыларынан түзілген. Ең биік тауы - биіктігі 350-450 м, ұзындығы 130 км болатын қаратау. Оның ең биік нүктесі - Бесшоқы (556 м). қаратау беткейлері шатқалдармен, жыралармен тілімделген толқынды қырат түрінде көрінеді. Тау жотасы ғана тік, жалаңаш, жартасты. Қаратаумен қатарласа оның солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстік және оңтүстік Ақтаусозылып жатады. Олар жоғарғы бор дәуірінің әктасынан тұрады. Ақтау деп аталуы да осыдан. Биіктігі 300 м шамасында. Ақтаудан оңтүстікке қарай қыратты жартылай шөлді Дала басталады. Ол түгелдей ұлутасты-оолитті әктастардан, Каспий жағасына таяу беті саз балшықтарынан түзілген. Олардың астында пермь-триас және одан да ежелгі дәуірлердің қатпарлығы жатыр (тереңдігі 2 - 3 км). Олардан төмен теңіз деңгейінен аласа бірнеше тұйық қазаншұңқырлар ұшырасады. Олардың ең үлкені - Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан. Маңқыстау түбегіндегі суларының көбі өте ащы, тіпті тұзды болып келеді. Маңғыстаудан Арал теңізіне дейін Үстірт қыратты жазыгы жатыр. Оның биіктігі 200-300 м. Ауданы 170 мың км2. Ұзындығы 600 км, ені 300-400 км. Үстірттің Қазақстанға солтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді. Үстірттің жер бедері тегіс, ұлутасты-оолиттік әктасы мең тұзды мергель және саз араласқан ашық түсті әктастан түзілген. Әр жерінде көлді ойысты қазаншұңқырлар кездеседі. Олар құрғап, айналасын құм (Сам, Асмантай−Матай құмдары) басқан. Мұнда да өзендер жоқ.
Торғай үстірті Сарыарқа (Қазақстанның қатпарлы өлкесі) мен Мұғалжар аралығында орналасқан. Орталықаша биіктігі 200-300 м. Үстірт негізінен, теңіз шөгінділері мен континенттік жыныстардан тұрады. Олардың қалыңдығы 5000 м-ге жетеді. Қазіргі жер бедері саздақты және құмды жыныстардан құралған.
Арал теңізі маңында ірі құмды аймақтар бар. Арал теңізі мен Шалқар теңіз көлі аралығында жатқан Арал маңы Қарақұмы биіктігі 100 м, бұйратты төбелі жазық болып табылады. Бұл құм жасы жағынан басқа құмдарға қарағанда салыстырмалы түрде ежелгі. Ішінара жел әрекетінен өзгерген. Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан Үлкен және Кіші Борсық құмдары жер бедері жағынан Арал маңы Қарақұмына үксайды. Олар неогеннің құм шөгінділерінен құралған. Сырдария аңғары мен Арал теңізіне қарай көлбеу жатқан жазықты Сырдария аллювийлі жазығы деп атайды.
Ол кұмтасты және сазды, кей жерлерінде құмды шөгінділерден тұрады. Қызылқұм. Орталықа Азияның ең үлкен құмды шөлі Қызылқұмның Қазақстанға солтүстік бөлігі кіреді. Ол эолды, ішінара аллювийлік палеогеннің құмдарынан құралған. Жер беті құм төбелі, қыркалы боп келеді де, кең сайлармен кезектесіп отырады. Мойынқұм−Шу мен Сарысу өзендерінің төменгі ағысында жатқан құмды жазық. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс жатыр. Биіктігі оңтүстікте 500-600 м, Орталықалық бөлігі - 400 м, солтүстігі - 300 м. Аллювийлі, эолды құмдардан құралған. Ал Сарысу өзені мен Балқаш көлінің аралығындағы үстіртті шөл Бетпақдала деп аталады. Орталықаша биіктігі 300 м. Көтеріңкі келген оңтүстік және шығыс бөліктерінде биіктігі 700 м, ең биік жері – Желтау жотасы 974 м-ге жетеді.
Жер бедеріне қарай оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс болып екіге бөлінеді. Оңтүстік-батыс бөлігінің беті тілімделген тегіс жазықтық. Ол құмтас, саз және құм араласқан теңіз бен континенттің палеоген шөгінділерінен құралған. Солтүстік-шығыс бөлігі қыратты келеді. Кей жерлерде мүжіліп аласарған, тау қалдықтары (Жамбыл,Байқара және т.б.) кездеседі. Бұл жер палеозой тақтатасынан, құмтас пен магма жыныстарынан, сұрғылт және қызыл граниттен тұрады. Бетпақдаланың бұл бөлігінің Сарыарқаға ұксастықтары бар. Балқаш−Алакөл қазаншұнқыры Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы мен Алакөл көлдері тобын, Жетісу Алатауы мен солтүстік Тянь-Шань жоталарының аралығындағы құмды жазықты қамтиды. Қазаншұңқыр геологиялық құрылысы мен жер бедері жағынан Мойынқұмға ұқсас. Бұл да неоген дәуірінің аллювийлі, эолды құмды шөгінділерінен құралған. Ол өзен аңғарлары бөліп жаткан бірнеше жалды құмды массивтерден тұрады.
2. Тұран жазығында пайдалы қазбалардан мұнай мен газ, құрылыс материалдары, ас тұзы, сода мол өндіріледі. Маңғыстау еліміздің мұнайлы аймағының бірі. Ондағы Өзен, Жетібайкеніштерінде өндірілген мұнай Қазақстаннан тысқары жерлерге де теңіз пОрталықтары арқылы тасымалдануда. Маңғыстауда және баска аймақтарда темір, мыс, фосфорит, марганец кендері ашылған. Торғай мен Іле аймақтарынан да қоңыр көмір табылған.
3. Климаты жағынан Тұран жазығы құрғак континентті өлкеге жатады. Жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың Орталықаша температурасы солтүстікте-18°С, оңтүстікте -5°С. Қыста бұл аймаққа арктикалық ауа массасы мен Сібірдің суық ауасы жиі кіреді. Бұл кезде ауа температурасы -30°- 40°С-қа жетеді, шілденің Орталықаша температурасы солтүстікте 22°С, оңтүстікте 29°С. Аңызақ желдер жиі соғады. Көктем мен күз ылғалдырақ келеді. Жалпы жауын-шашын мөлшері аздау, жылдық мөлшері 80-100 мм. Климаттың қуаңшылығы Тұран ойпатының шөл, шөлейтті табиғатымен тығыз байланысты.
Тұран жазығында өзен жүйесі нашар дамыған. Сырдария өзені басын Қазақстаннан тысқары жерден алады да, жолшыбай суын Орталықа Азия республикаларының шексіз мақта плантацияларына тартып алынып, Арал теңізіне мардымсыз су барады. Сырдария кейінгі жылдары теңізге жетпей қалып жүр.
Шу мен Талас өзендерінің жағдайы да осыған ұқсас. Олар да Қазақстан жеріне талмаусырап жетіп (суының көп мөлшерін Қырғызстан елі бөгеп алады), Мойынқұм мен Бетпақдаланың қажетін өтей алмай отыр. Торғай үстіртінің өзендері Торғай, Ырғыз, Жыланшық жазда Қарасуларға, ұсақ көлдерге бөлініп тартылып қалады. Бұл өлкеде Обаған, Шалқар,Шалқартеңіз, Аққөл, Қопа сиякты көлдер бар. Бірақ олардың көбі тұзды. Жетісу өзендері -Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек қана тұщы. Бірақ олардың да жылдық ағыны жылдан-жылға кемуде. Тұран жазығы өзендері суының азаюы Арал теңізі мен Балқаш көлінің экологиялық жағдайын шиеленістіруде.
Арал теңізі тартыла бастады. Балқаштың деңгейі де төмендеуде. Тұран жазығының су проблемасын шешуде жер асты суларының маңызы үлкен. Мұнда еспе су 20-50 м тереңдікте ғана жатыр. Ал, артезиан суы одан тереңдеу қабаттарда. Шөлді аймақтарда ауыз су да, шаруашылық үшін қажетті су да жер астынан өндіріледі.
4. Тұран жазығы құрамындағы Торғай үстірті ғана құрғақ далалы және шөлейтті зонаға кіреді, ал қалған бөлігі түгелдей шөл зонасына жатады. Олардың топырағы мен өсімдік жамылғысы да осыған сәйкес дамыған. Торғайдың күрең қара қоңыр топырағында боз, бетеге, селеу, бидайық өседі. Оңтүстікке қарай жалғасқан шөлейтті дала ашық түсті қара күрең топырақты болып келеді. Мұнда жусанды, изенді өсімдік жамылғысы калыптасқан.
Тұранның шөлді аймақтары шөлдің солтүстік және оңтүстік типіне жатады. Шөлдің солтүстік типі солтүстік Арал маңында, Бетпақдалада, Мойынқұмда, Балкаш-Алакөл ойысында дамыған. Бұлардың қоңыр және сұрғылт қоңыр топырақтарында жусан мен сораң шөпті өсімдіктер өседі. Оларда Тұран түрлері мен Орталықа Азия және Орталықалық Азия шөлдеріне тән түрлер (қызыл жусан, теріскен, еркекшөп, жүзгін, жыңгыл, шағыр, итсигек, баялыш, сексеуіл, қара сексеуіл, қара жусан араласкан. Өсімдік жамылғысы шөлге карағанда құмды шағылдарда көбірек болады. Саздақты сорлар мен тақырлар көбіне жалаңаш келеді. Өзен атыраптарында аздаған шалғынды шөптер кездеседі.
Шөлдің оңтүстік типіне жататын Маңғыстау мен Сыр бойында cop, сОрталықаңды топырақ дамыған. Оларда эфемерлер мен жусан, сораң шөптер өседі. Сыр бойында суармалы егістіктер мол. Тұранның негізгі аймактары мал шаруашылығын дамытуға қолайлы. Егістік жерлер Торғай өңірінің солтүстігінде ғана кездеседі. Қалған жерлер жайылымдар есебінде пайдаланылады.
Тұранның саздақты шөлдерін ақбөкен, қарақұйрық мекендейді, Үстіртте үстірт қойы (муфлон) кездеседі. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, шағыл мысығы, қарақал мекендейді. Шөлді зонаға тән түрлерден қосаяқ, тышқан, кесіртке, құм тасбақасы, жылан да жиі ұшырасады. Іле өзені бойында ондатр жерсіндірілген. Табиғаты шөлді аймақ болғандықтан Тұран жазығының экологиялық жағдайлары тұрақсыз болып келеді. Мұнда аңызақ желдер көбірек болып, олар жердің шаңын аспанға көтеріп тұрады. Арал теңізінің тартылуы құрғаған теңіз түбінің тұзы мен сОрталықаңы айналасын басып, жарамсыз ясерлердің көлемін ұлғайтуда. Мұндай жағдайлар жан-жануарлардың өміріне де қауіп төндіруде. Ақбөкендер мен қарақұйрықтардың қырылуы жиі кездеседі. Табиғатты осындай апаттардан қорғау мақсатында қорықтар ұйымдастырылған. Олар - Барсакелмес, Үстірт қорықтары.
Тұран ойпатын, оның табиғи байлығын шаруашылық мақсатына пайдаланудың проблемалары көп. Олар ауданда су тапшылығынан туындайды.
№18 дәріс тақырыбы: Қазақстандық Алтай таулы аймағы
Сабақтың жоспары:
1. Жер бедері, геологиялық құрылысы мен кен байлықтары
2. Климаты, өзендері мен көлдері, мұздықтары
3. Табиғат зоналары. Өсімдіктері мен жануарлардүниесі
1. Алтай, Алтай тау жүйесі-Азия құлығының Орталықа тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады.Алтайдың өзіне тән орографиялық ерекшеліктері бар. Оның жоталары мен қыраттарының биіктігі, сондай-ақ олардың бағыттары жер бедеріне ерекше сипат береді.
Алтай таулы жүйесінің картасы
Алтайдың ең биік және қатты тілімденген жоталары Қатын, Оңтүстік және Солтүстік Шуй, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Сайлүгім, Чихачев, т.б. Олардың Орталықаша биіктігі 3000 м-ден асады. Мұнда альпі типтес жер бедері басым, Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңы - Ақтау (Мұзтау) (4056 м). Осы тұстан бастап таулар жан-жаққа қарай біртіндеп аласарады. Орталықаша биіктігі 1500-2000 м таулардың үсті жадағай, тегіс, тек кей жерлері ғана дөңес, ал беткейлері тік келеді (мыс.,Шабанбай таулары, Қоржынтау (Холзун), Тегерек (Тигарец), Үлбі жотасы, Ануй жотасы, т.б.). Орталықалық және Оңтүстік Алтайдың басты жоталары мен тау тізбектері, негізінен, ендік бағытта, ал Батыс және Солтүстік тау жоталары оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай, кейбірі бойлық бағытта созылған. Алтай тауларына үзын, кейде кең дала деп аталатын тектоник. тауаралық ойыстар (Шуй, Құрай, Ойман, Абай даласы, Нарын даласы) мен үстіртті жазықтар тән (Үкөк, Ұлаған, Чулышман, Жайдақ, т.б.). Олар ел қоныстанып, мал жаюға өте қолайлы.
Алтай тауларының қазақстандық бөлігі геол. тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы. Олар Орал - Монғол геосинклинальдық белдеміндегі қайта көтерілген тауларға жатады. Оның оңтүстік бөлігін Сібір платформасы құрайды. Таулы өлкенің іргетасы, негізінен, палеозой дәуірінде пайда болған терригенді, карбонатты және жанартау текті метаморфтанған тау жыныстарынан түзілген. Кейбір тұсында интрузивті жыныстар жер бетіне шығып жатыр. Алтайдан дан палеозой құрылымының іргетасы болып саналатын жоғарғы протерозойдың тақтатастары, кварциттері кейбір антиклинорийлер мен горсттер (Қатын, Теректі жоталары) кұрамынан табылды. Жоғарғы палеозой, юра, палеоген, неоген, антропоген кезеңдерінде пайда болған, құрамында қазба көмірі бар континенттік жыныстар бірен-саран тауаралық ойыстар мен грабендер де (Шыңғыстай, Голубовка а-дары маңында, Құрай даласы, Көкпекті, Кіші Бөкен, Үлбі өзендерінің бойында) кездеседі. Ең көне, ерте каледондық құрылымдар Алтайдың шығысын алып жатыр. Бүл құрылымдық процесс Орталықалық Алтайда ордовик пен силурде, ал оңтүстік-батыс Алтайда төменгі тас көмір кезеңінде аяқталды. Осы кезде (негізінен, блоктық өте қуатты тектоник. козғалыстар нәтижесінде) интрузив жыныстары пайда болған. Ондақорғасын, мырыш, мыс, темір, алтын, күміс, вольфрам, молибден, қалайы, тантал, ниобий, сынап, т.б. металдык кентастар, тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар, асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол. Бұлардың ішінде аса маңыздысы Шығыс Қазақстанның түсті металлургия базасын құрайтын полиметалл кентастары.
2. Алтайдың климаты тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Қаңтар айының Орталықаша температурасы тауаралык ойыстарда 27—30°С, тау етектері мен жазық жерлерінде - 13-16°С. Ең суық Орталықаша температура Марқакөл к-нін маңында (-27,6°С). Алтайдың ең жылы шілде айының Орталықаша температурасы 18-20°С, ал 1000-1500 м биіктікте ол 14—16°С-тан аспайды. Ең жоғары температураЗайсан қазаншұңқырында (40°С-қа дейін). Жер биіктігі артқан сайын, температура инверсиясының нәтижесінде, қысқы температура төмендеп отырады. Сондықтан тауда қыста жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтарда қыста суық, жазда ыстық болып келеді. Ылғалды, желге ашық жатқан Батыс және Солтүстік-шығыс Алтайда жауын-шашын мөлш. 1200 мм-ге жетеді (кей жерлерде 2000 мм). Алтайдың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын мөлш. 200-300 мм (Шуй даласында 100 мм), ал Зайсан қазаншұңқырында 150 мм шамасында. Жауын-шашын, көбінесе, көктем мен күз айларында жауады. Өзен бойы мен тауаралық ойыстарды қуалай соғатын тұрақты жел жазда сирек байқалады. Қыста батыстан суық әрі қарлы-боранды "құбыла желі", оңтүстіктен жылы Алтай желі" соғады. Ауа райы Алтайда "құбыла желінен" кейін ашық, аязды болып келсе, "Алтай желінен" кейін онда бүлтты әрі жылы болып, қар жауады.
Алтайда өзен де, көл де көп. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені -Ертіс. Оған Кендірлік Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Үбі, т.б. өзендер кұяды. Ертіс бойында Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі электр стансалары салынған. Олар бүкілШығыс Қазақстанға жәнe республиканың басқа жерлеріне электр қуатын береді. Шағын өзендер көп. Олардың ішінде Ақ Берел, Тұрғысын, Березовка, Көкпекті, Кіші Үлбі, Қалжыр, Қалғүты, Үлан, Білезікті, Қызылсу, Алқабек, Аққаба, Қайыңды, Бөкен, т.б. өзендерді атауға болады. Олар Ертіске, Бұқтырмаға, Нарын мен Күршімге құяды.Алтай көлге де бай. Бұқтырма, Жайсан, Түранғыкөл, Марқакөл, т.б. көлдердің ауданы 1 км2-ден асады. Көлдердін ең үлкені -Жайсан (ауданы 5510 км2), Марқакөл (ауданы 455 км2). Марқакөл тектоникалық қазаншұңқырда орналаскан. Қазақстандық Алтайдың тауларында 328 мұздық бар. Олардың жалпы ауданы 89,6 км2. Мұздықтар негізінен 2600 м-ден жоғары тау биіктіктерінде жатады. Олар Қатын, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты тау жоталарында көбірек сакталған.
3. Алтай тауларының табиғатына оның алып жатқан географиялық орны үлкен әсер етеді. Оңтүстік-батыстағы аласа тау беткейлерінде ылғал аз түседі. Сол себептен оның батыс бөлігіндегі тауларға ылғал молырақ түседі. Солтүстік батыстың биік белдеулері дала зонасынан (1600-1800 м) басталады да, оңтүстік-батыста Жайсан қазаншұңқырына караған жағы шөлейт зонаға (900-1100 м) кіреді. Ол екеуінің шекарасы Бұқтырма өзенімен жүреді. Далалық тау беткейлерінен жоғары орманды таулар (2100-2300 м), шалғынды альпілік белдеуі (2500-2600 м) жәнө биік шыңдағы мәңгі кар жататын белдеу (2600 м-ден жоғары) өтеді. Орман алқаптарында май қарагай, бал қарагай, шырша, самырсын өседі. Тау жоталарындағы шалғында мал жайылады, омарта шаруашылығы дамыған. Ең жоғарғы белдеу таулы тундрадан, жалаңаш тау басындағы қар мен мұздықтардан тұрады. Тау етегі мен аласа таулар кұнарлы кара топырақты келеді, онда дала зонасының өсімдіктері (боз, бетеге және т.б.), шөлейт зонада сОрталықаң өсімдіктер өседі. Тоғайларда итмұрын, қарақат, жидек, тау аралық аудандарда күлгінді тарғақ шөп, қоңырбас, т.б. шөп тектес өсімдіктер шығады. Алтай өлкесі аңға бай. Орманда бұғы-марал өсіретін шаруашылықтары бар. Тағы аңдардан аю, қабан, бұғы, таутеке, қар барысы тіршілік етеді. Бұлғын, қаракүзен, ақкіс сияқты терісі бағалы аңдар жиі ұшырайды. Су тышқаны, жанат тәріздес ит жерсіндірілген. Құстардан саңырау қүр, шіл, кекілік, тоқылдақ, ұлар кездеседі. Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын, өсімдіктерін қорғау мақсатында 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылған. Қорықта Алтайдың тау алды даласы, бал қарағайлы, шыршалы ормандары, әсем табиғаты қорғауға алынған. Рахман қайнары - Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалык ойпатында Арасан курОрталықыжағасында теңіз деңгейінен 1750 м биіктікте орналасқан. Айналасын биік тау,орман қоршаған табиғаты өте көрікті жер.Шығыс Қазақстан - еліміздегі негізгі ағаш даярлау, ағаш өңдеу шаруашылығының Орталықалығы. Орман оның басты байлығының бірі болып табылады. Бірақ кейінгі жылдары осы байлықты ысыраппен пайдалану, ағашты бақылаусыз кесу және өрттің жиі болуы орман алқаптарын азайтып барады.
№19 дәріс тақырыб: Сауыр – Тарбағатай таулы аймағы
Сабақтың жоспары:
1. Жер бедері, геологиялық құрылысы мен кенбайлықтары
2. Климаты, өзендері мен көлдері, мұздықтары
3.Табиғат зоналары. Өсімдіктері мен жануарлардүниесі
1. Сауыр-Тарбағатай іргелес жатқан жоталармен бірге бір тұтас тау жүйесін құрайды. Ол Сарыарқаның шығыстағы жалғасы болып саналады. Сауыр-Тарбағатайдың солтүстігінде Жайсан қазаншұңқыры, ал оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры жатыр. Жайсан көліне жақынжатқан Сауыр таулары Қытайдан, Улюнгур көлінің батыс жағынан басталып, тереңтілімделген үлкен қазаншұңқырды жағалай шығыстан батысқа қарай созылады. Қазаншұңқырдың оңтүстік беті-Қоңыр тауы Қытай жерінде. Қазаншұңқыр кезінде тектоникалық қозғалыстардан пайда болған. Ол Жайсан көлінің оңтүстік шығысында орналасқан Шілікті қазаншұңқырымен жалғасады. Сауыр жотасының солтүстікетегі Жайсан көлі мен Қара Ертіспен бітеді, оңтүстікбеті Шілікті даласына тіреледі. Сауырсияқты Тарбағатайдың да Қазақстанға батыс бөлігі (Хабарасуасуынан Аягөз өзенінің аңғарына дейін) ғана кіреді. Шығыс бөлігінің оңтүстік беткейі Сауырмен жалғасқан жерінен Хабарасуға дейін Қытай жеріне қарайды. Таудың жалпы ұзындығы 300км, ені 30-50км. Батысында ол Шыңғыстаумен (ұзындығы 250км) жалғасады. Тарбағатай (Барқытбел) бірнеше аласатаулар түрінде Сауырмен іргелес созылып жатыр. Олардың арасын Қандысу, Жоғарғы Еміл (Қытай жерінде) өзендері бөліп жатады. Сауыр жотасы- аталған тау жүйесінің биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі -Мұзтау (3816 м). Жотаның Қазакстан жеріндегі ұзындығы 60-65км. Батысқа қарай ол аласарып, Маңырақ жотасына ұласады. Жайсанның ойпатты даласында Сауыр мен Маңырақ биік көрініп, алыстан көзге түседі. Сауырдың солтүстік беткейі өзінің құрылымы жағынан Алтайды ескетүсіреді. Оңтүстік беткейі құз жартасты, Орталықа Азия тауларына ұқсайды. Мұндағы мәңгі қар жататын белдеу 3300м биіктікте. Мұзтауда мұздықтар (ең үлкені 4 - 5 км2) бар. Қазақстан жеріне Сауырдың тек батыс бөлігінің солтүстік беткейі кіреді.
Сауыр-Тарбағатай – қатпарланған таулы өлке. Оның негізгі құрылымы жоғарғы палеозойда герцин қатпарлануы кезінде қалыптасқан. Ол Альпі тау көтерілу кезінде жаңғырып қайта көтерілген. Бұл ауданның қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ерте замандардағы мұз басу, ағын сулардың эрозиялық әрекеті және кейінгі тектоникалық процестер әсер еткен. Бұл жерде жер сілкіну әлі де болып тұрады. 1990 жылы Жайсандағы жер сілкіну шаруашылыққа бірсыпыра зиян әкелді. Сауыр тауында Кендірлік көмір кені ашылып жанғыш тақтатастың мол коры табылған. Мұнай қабаттарына барлау жасалды.
Тарбағатай (Барқытбел) Сауырға қарағанда аласа, бірақ одан ұзынырақ, 300км-ге созылған. Биік нүктесі Тастау (2992м). Төбелерінде мұздықтар жоқ. Құрылымы жағынан Тарбағатай әртүрлі биіктікке көтерілген ірі үйінді - массивтерсияқты. Бұл үйінділер үш бұрыштанып, құзды шыңдарға айналады. Тау басы жадағай. Оның әржерінен асулары арқылы жол өтеді, тау беткейі де тілімделген.Тарбағатай онша биік емес. Оның Орталықаша биіктігі теңіз бетінен 2000-2100 м ғана.
2.Сауыр-Тарбағатай өңірі климаты жағынан Оңтүстік Алтайға ұқсайды. Климаты континентті. Алтайға қарағанда жауын-шашыны аздау. Табиғи ерекшеліктері мен климаты жағынан ол Оңтүстік Сібір мен Орталықа Азия тауларының аралығындағы өтпелі аймақ тәрізді. Қаңтардағы ауаның Орталықаша температурасы -20°С, шілдеде 22°С. Кейде өзгеріп тұрады. Жауын-шашын мөлшері 350-500 мм, тау іші ылғалды, жазыққа қарай қуаңдау.
Тарбағатай. Климаттың континенттігі ауданның көп жерінде температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып, жауын – шашынның аз жауатындығынан байқалады. Аудан климатының мұндай болу себебі – оның мұхиттар мен теңіздерден өте алыс қашықтықта орналасуына байланысты. Сондай-ақ, климатқа аудан территориясының және көршілес жатқан аймақтардың жер бедеріде әсер етеді. Ауданның жазы ыстық, қысы суық, қаңтардың Орталықа температурасы – 22 С, - 30С, шілдеде + 25 С, + 35 С. Жылдық жауыннын Орталықа мөлшері 200-300 мм. Жауын шашынның көбі қыста түседі.
Таудан басталатын өзендер көп. Жарма, Қайыңдысу, Көкпекті сияқты өзендер кезінде Жайсан көліне құйған. Қазір көлге жетпейді. Сол сиякты Қарабұлақ, Жетіарал, Қарабұға, Базар өзендері тау арасында ғана ағып, қырға шыққан соң тартылып қалады. Тарбағатайдың оңтүстік беткейінде ағатын Ұржар, Қатынсу, Емел өзендері Алакөлге құяды. Аягөз өзені Балқаш көліне жетеді.
Сауыр-Тарбағатай тауларының аймағы табиғи ерекшеліктеріне сәйкес Тарбағатай таулы-далалы ауданы, Сауырдың таулы орманды-шалғынды дала болып бөлінеді. Тарбағатай даласының өсімдіктері бұталы, қарағайлы болып келеді де, таудың солтүстік беткейінде альпі шалғынына ұласады. Оңтүстік беткейде де бұталы өсімдіктер көп. Сайларда жеміс-жидек ағаштары, көк терек, ақ терек шағын ормандар кездеседі. Тарбағатайдың биік шалғыны Алтай тауынан ауысса, алма, түркістан аршасы сияқты түрлер Тянь-Шань аймағынан келген. Оңтүстік беткейдің далалық бөлігінде жусанды өсімдіктер көп, ол жайылым есебінде пайдаланылады. Тау алқабында егістік мол. Таудың батыс беткейінде бақтар бар.Сауыр тауының етегі 700 м-ге дейін шөлейт зонаға жатады, оның сОрталықаңданған қара қоңыр топырағында шөлейт өсімдіктері өседі. Ормандары Сібір ағаштары мен Тянь-Шань шыршасынан тұрады. Бұл аймақтың Сібір мен Орталықа Азия аралығындағы өткінші орын екенін тағы да дәлелдейді. Сауырдың оңтүстігі мен Тарбағатайдың шығыс бөлігі аралығын Шілікті шөлейт даласы алып жатыр. Оның топырағы да сОрталықаңдалған сұр және тасты келеді, өсімдіктері де соған сәйкес селеулі, көделі, жусанды, бетегелі болып өседі. Сауыр тауының етегі егіндікке, шабындыққа, мал жайылымына қолайлы.
3. Оңтүстік Шығыстан Солтүстік батысқа дейінгі Орталықалық бөлігі ашық сарғылтым топырақ қабатымен, тау беткейлері қоңыр топырақты жайылғымен ерекшеленеді. Аудан жерінің көпшілік бөлігі жазық. Зайсан қазан шұңқыры манындағы құмды, құмдақ және қалын, қабатты сұр топырақты жерлерде жусанды – соран өсімдіктер, ал Зайсан көлінің жағасына таяу шалғынды батпақты топырақта тұрақты шалғындар мен жайылымдар бар. Тарбағатай тауының етегінде қиыршық тасты боз қызыл-қоңыр топырақтарда тобылғы аралас әр түрлі шөп өседі. Тарбағатайда бірнеше топырақ пен өсімдіктер белдеулері бар 1400 м биіктікке дейін таулы қызыл-қоңыр, таулы қара топырақтарда бозды бетегелі дала зонасы, одан жоғары /1400-1700 м/ қара топырақ тәрізді шымды-шалғындық топырақтарда суальпілік және альпілік шалғындар өскен таулы зонасы бар. Зайсан қазан шұңқыры – Қазақстанның шығыс бөлігіндегі ойыс. Оңтүстік Алтай, Қалба және Сауыр – Тарбағатай жоталары аралығындағы тектоникалық ойыс. Ұзындығы – 225 км, ені 100 – 125 км. Зайсан қазан шұңқырының үштік дәуіріндегі көл тасқындарының аллювалдық шөгінділерінен түзілген. Қазан шұңқыр таудан ағатын өзендермен, сай – жырлармен тілімделген ойыстан шөл және шөлейт жерлері жайылымға пайдаланады. Ауданда жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, сасық күзен, ақ құлақ борсық, қос аяқ, суыр, елік, тиін, қоңыр аю, арқар, сілеусін бар. Ауданның далалы өңірінде елік, дуадақ, тырна, безгелдек, торғай, қараторғай, сарышұнақ, дала тышқаны, қос мекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың төрт түрі – жасыл бақа, тас бақа және дала сұр жыланы, секіргіш кесіртке кездеседі. Ауданның таулы өнірін қасқыр, түлкі, қарсақ, сасық күзен, борсық, қосаяқ, суыр, қоңыр аю, арқар, сілеусін мекендейді. Аудан жерінде Тарбағатай тауларынан басталып, Зайсан көліне қарай ағатын Боғас, Базар, Қарғыба, Тебіске, Терісайрық, Тайжүзген, Уласты, Қандысу Құсты өзендері бар. Бұлардың көпшілігі жер суғаруға пайдаланылады. Зайсан көлі Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай жоталары арасындағы ойыста жатқан тущы көл. Ұзындығы 100 км-дей, ені 30км-дей, ауданы 1800 шаршы км, жағасы көп жерінде жайпақ. Көлде балықтардың 23 түрі бар, оның 17-сі кәсіптік балықтар. Көлде балықтардың бежіре, ақ балық, таймен, шОрталықан, аққайран, сазан т.б балықтар ауланады. Кеме жүзеді. Көл жағасында бірнеше балықшылар ауылы орналасқан Туғыл кентінде балық аулайтын, аулаған балықты өңдейтін кәсіпорындар жұмыс істейді. Ауданның өсімдіктер әлемі түрлі-түстілігімен және сан алуандылығымен ерекшеленеді. Ауданның оңтүстік бөлігіндегі өсімдіктер аласа көгалды, өзен-бастау жағалаулары құрақты далалы Жер қойнауынан қоңыр көмір, мәрмәр, никель, құрылыс материалдары бар екендігі анықталған. Аудан жерінің батысынан шығысына қарай созылып жатқан Тарбағатай тауының ұзындығы 300 шақырымға жетеді. Ені 30-50 шақырым шамасында. Ең биік шыны «Тастау» 2991 м. Шығысында Алтай тауы мен, батысында Сарыарқа мен ұласады. Арғанаты, Маңырақ, Өкпеті, Түйемойнақ, Жылытау сілемдерінің де шоқтығы биік шындары көп. Осыдан бастау алған Боғас, Базар, Қарғыба, Тебіске, Қарасу, Шорға, Тайжүзген, Қандысу, Құсты Зайсан көліне құяды. Біздің ауданда ойлаған көсемдер, шешендер, әділ билер, жауға қол бастап шыққан батырлар, күйшілер, күміс көмей әншілер, ақындар, көріпкел әулиелігімен аты аңызға айналған емшілер, жауырыны жерге тимеген палуандар өмір сүрген. Ежелден табиғатына бай «Барқытбел» атанған қарт Тарбағатай ерте замандардың көнекөз куәсі. Бұл өңірде біздің жыл санауымызға дейінгі бірнеше мыңжылдықта ерте көшпенділер мекендеген. Бұған дәлел тау төскейіндегі далалардағы үйінді обалар.
№20 дәріс тақырыбы: Жетісу Алатауы таулы аймағы
Сабақтың жоспары:
Жер бедері, геологиялық құрылысы
Климаты, өзендері мен мұздықтары
Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары
1. Жетісу Алатауы – Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Жетісу тау жүйесінің солтүстік және солтүстік-батыс жалғасы. Ол солтүстік - шығысында Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстік батысында Іле өзені аңғары аралығында созыла орналасқан. Ұзындығы 450 өзендері бөліп жатады. Осы екі бөлік Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып, екі үлкен тау жотасын құрайды.
Оңтүстік Жетісу тау жүйесінің Сарышоқы мен Борохоро жоталары түгелдей дерлік Қытай жерінде жатыр.Қазақстан шекарасына таянған жерде Орқашар Барлық тауымен (3300м) жалғаса отырып, Жайыр Майлы атты аласа жотаға ауысады. Осы жоталардың арасында кезінде техтоникалық қозғалыстардан пайда болған үлкен аңғар бар. Ол кей жерлерде батпақты, қамысты кей жерде құрғақ дала боп кетеді.Аңғар бойында үйінді тастар көп. Жергілікті халық оны қорым дейді. Осы аңғар арқылы Ебінұр көлінің қазаншұңқыры (Қытайда) Алакөл қазаншұңқырымен шектеседі. Осы алқап Жетісу (Жоңғар) қақпасы деп аталады. Ерте замандардан бастап осы қақпа арқылы Шығыс Еуропа мен Азияны, Қазақстанды жалғастырған Жібек жолы өткен, онымен Шыңғысхан жаулаушылары, Жоңғар шапқыншылары жүрген.
Жетісу Алатауының Қазақстандық бөлігі осы қақпаның батысынан басталады да, батысқа қарай Боротола өзеніне дейін Қытай-Қазақстан шекарасы бойымен созылады. Осы жерде Жетісу Алатауы ассимметриялық құрылымдағы алып таулы жотаға айналады. Көксу өзенінің екі жағын алып жатқан Жетісу Алатауының солтүстік, оңтүстік жоталарының да өзара ерекшеліктері бар. Солтүстік жотаның ең биік нүктесі – Бесбақан (биіктігі 4622 м), оңтүстік жотаның биік нүктесі – Мұзтау (4370 м). Солтүстік Жетісу жотасы сатылап, солтүстік шығысқа қарай аласарып, кең жазыққа айналады. Оның алғашқы сатысы – Тастау, Ақан жайлау, Қотыртас, Мыңшұңқыр жоталары (2800-3000 м). Бұлардың араларында тау аралық қысқа аңғарлар мен қазаншұңқырлар орналасқан. Оның ең ірісі - Ойжайлау қазаншұңқыры. Екінші саты Ойжайлаудан солтүстікке қараған Күнгей, Ешкіөлмес, Суықтау, Қарашоқы, Желдіқарағай тау жүйелері (2000 м). Үшінші саты Шыбынды, Қарасарық, Қырықкөл (1500-1600 м) тау алды алқаптары,олардың солтүстік шығысына Текелі мен Сайқан таулары (1100 м), Баянжүрек, Қойтас, Малайсары жоталары да кіреді. Оңтүстік Жетісу жотасының жер бедері де сатылы келеді, бірақ солтүстік жотаға қарағанда күшті тілімделген. Оның батысы мен оңтүстік батысында Итшоқы, Қотырқайың, Алтынемел, Суаттау тау алды жоталары орналасқан. Бұлар Іле өзені аңғарына жақындап келеді. Солтүстік беткейдің жер бедері жазық, көлбеу келеді, тау қыраттарының төбесі тегіс. Тау қыраттарын бөліп жататын алаптар тік беткейлі, тілімделген, оңтүстік беткейлер құламалы. Солтүстікке қарағанда тау төбелері жазық емес, көтеріңкі. Жетісу Алатауының құрылымы кембрийге дейінгі жыныстар мен палеозой жыныстарынан тұрады. Оның жоталары кембрийге дейінгі граниттер мен кристалды тақтатастардан түзілген. Каледон қатпарлығында алғаш көтерілген Жетісу Алатауының солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде силур мен девон құмтастары мен сазды тақтатастардан тұратын негізгі жыныстармен бірге палеозой шөгінділері де мол. Таудың оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде жоғарғы палеозойдың жыныстары көп. Олар карбон мен пермьнің құмтастары мен тақтатастарынан, әктас пен конгломераттардан түзілген. Тау аралық аңғарлар мен қазаншұңқырларда, тау етектерінде палеоген мен неоген шөгінділері кездеседі. Жетісу Алатауы каледон мен герциндегі тау түзілуі кезінде қатпарлы тауға айналса, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштің әсерінен мүжіліп, аласарып тегістелсе, кейінгі Альпі қатпарлығының күшті болуына байланысты қатпарлы-жақпарлы биік таулы өлкеге айналған. Жер бедерінің қалыптасуына ертедегі және осы күнгі мұз басулар да ықпал жасаған. Мұз басудың ізі әр жерде-ақ байқалады. Ағысы қатты болғандықтан өзендердің табан эрозиялық әрекеті де күшті, сондықтан өзен аңғарлары шатқалды, құзды болып келеді.
2. Жетісу Алатауы мұхиттардан алыс орналасқан. Оның климатына Арктиканың суық ауасы мен Тұранның ыстық ауасы әсер етеді. Тау етегінде неғұрлым құрғақ , континентті климат болып келеді. Биік тау беткейлерінде климат қоңыржай: қысы суық, жазы қоңыр салқын, ауаның Орталықаша температурасы қаңтарда -10º-11ºС, шілдеде 18º-20ºС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600-800 мм, оңтүстік-шығыста – 400 мм. Қыста қар көп түседі, тау бастарында мұздықтар қалыптасқан. Жетісу қақпасынан Ебі желі соғады. Ол Барлық, Майлы жоталарынан соғатын циклон мен Жетісу қақпасының оңтүстік-шығысы арқылы өтетін антициклонның түйісуінен болады. Ебі желі – жылы жел, жылдамдығы 60-80 м∕сек. Көбіне 1-2, кейде 3-7тәулік бойы соғады. Осы қақпа бойымен Сайқан тауы жағынан сәуір, қыркүйек айларында Сайқан суық желі соғады. Жетісу Алатауында су қоры мол. Оның өзендері сол аймақтағы көлдерге құяды. Солтүстігінде Ырғайты өзені Жалаңашкөлге, Жаманты өзені Алакөлге , Тентек өзені Сасықкөлге құяды. Тау өзендерінің көбі (Лепсі, Сарқан, Биен, Ақсу) Балқашқа бағытталған. Оңтүстік жағының су қоры аздау. Қытаймен шекарадан Қорғас өзені ағып, Ілеге қосылады. Оның батыс жағынан Өсек өзені құяды. Бороходзир өзені Ілеге жетпей тартылып қалады. Жетісу Алатауының Солтүстік және Оңтүстік жоталарының арасынан Қаратал өзені ағып шығады. Ол Көксумен, Быжымен (оның салалары Мақаншы, Қара, Сарыбұлақ, Қусақ) бірге Балқашқа құяды. Жетісу Алатауының үлкен өзендері бастау алатын тау шыңдарда мұздықтар орналасқан. Мұздықтардың көбі Солтүстік жотада орналасқан. Онда жалпы ауданы 996 км² жететін 700 мұздық бар. Ең үлкен мұздықтар Лепсі өзенінің басында. ЖетісуАлатауының мұздықтары Ырғайты, Тентек, Лепсі, Басқан, Сарқант, Ақсу, Биен сияқты жеті топқа бөлінеді.
3. Жетісу Алатауы Сібір мен Орталықа Азия тауларының аралығында жатқандықтан екі арадағы өткел қызметін атқарады. Оның солтүстігінде сібірлік шалғынды орман, оңтүстігінде далаға тән ландшафт қалыптасқан. Таудың биіктік белдеулері шөл, шөлейт зоналарынан (300-600 м-ден 1200-1400 м-ге дейін) басталады. Мұнда егіндік жерлер мен мал жайылымдары алып жатыр. Егістікке көкөніс, бау-бақша, жеміс ағаштары, екпе шөп және дәнді дақылдар өсіріледі. Одан жоғары дала зонасы (1000-1400 м-ден 1800-2000 м-ге дейін) жатады. Онда шырша, самырсын ағаштары өседі. Жануарлардан бұғы, аю, елік, т.б. кездеседі. Шалғындары мал жайылымына қолайлы. Таудың биік белдеуі солтүстікке 2200-2400 м-ден, оңтүстікте 2400-2500 м-ден жоғары басталады. Онда субальпілік шалғындар, омбы қарлар, мұздықтар кездеседі. Биік тау сілемдерін малшылар жайылым есебінде пайдаланады.
Жануарлар дүниесіне Алтайлық және Тянь-Шаньдық түрлер көп. Олар да зоналық заңдылық бойынша тараған.
№21 дәріс тақырыбы: Тянь-Шань таулы аймағы
Сабақтың жоспары:
1. Географиялық орны және орографиялық құрылысы
2. Климаты
3. Өсімдіктері мен қорықтар
1. Тянь-Шаньның Орталықалық бөлігі Қырғызстанға, солтүстік және батыс жоталары Қазақстанға, оңүстік-батыс шеті Өзбекстан мен Тәжікстанға, шығыс бөлігі Қытайға қарайды. Батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге созылып жатыр, ені 400 км. Тянь-Шань солтүстігінде Борохоро жотасы арқылы Жетісу Алатауымен, оңтүстігінде Алай жотасы арқылы Памир тау жүйесімен түйіседі. Солтүстік шекарасы ретінде батыста Қле аңғары, Мойынқұм, шығыста Жоңғар жазығы алынады. Оңтүстік шекарасы шығыста Тарим қазаншұңқырына сәйкес келеді. Ең биік жері – Жеңіс шыңы (7439 м.). Тянь-Шань ендік жоталар мен оларды бір-бірінен бөліп жатқан тауаралық ірі қазаншұңқырлардан тұрады.
Орографиялық құрылысы жөнінен Солтүстік, Орталықалық, Батыс, Шығыс және Оңтүстік бөліктерге бөлінеді. Солтүстік Тянь-Шань Кетпен, Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле тауларынан тұрады. Солтүстік Тянь-Шань жоталары 4,5 мың метрден биік: Теріскей Алатауы (5218 м), Қле Алатауы (4973 м), Қырғыз Алатауы (4875 м). Кейбір жоталар тауаралық қазаншұңқырларда доға тәріздес иіліп орналасқан. Батыс Тянь-Шаньға Ферғана, Талас Алатауы мен одан таралатын өгем, Піскем, Шатқал жоталары және Қаратау жатады. Батыс Тянь-Шань жоталары бірте-бірте солтүстік-батысқа қарай 4,5 мың метрден 2,5 – 2 мың метрге дейін аласарады. Ферғана аңғары Батыс және Оңтүстік Тянь-Шаньды бір-бірінен бөледі. Орталықалық (Ішкі) Тянь-Шаньға солтүстікте Ыстықкөл қазаншұңқырынан оңтүстік-батыста Ферғана қазаншұңқырына, оңтүстік-шығыста Көкшаал-Тоо жотасына дейінгі аралық кіреді. Бұл бүкіл тау жүйесінің ең биік бөлігі. Әсіресе, оның шығыс бөлігі барынша биік (Жеңіс шыңы – 7439 м, Хан Тәңірі – 6995 м). Орталықaлық Тянь-Шаньға сырт деп аталатын беті белесті, 3000 – 4000 метр биіктікте жатқан, жан-жағы биік жоталармен қоршалған тау қыраттары тән. Оңтүстік Тянь-Шань Алай, Түркістан, Зерафшан және Гиссар жоталарынан тұрады. Бұл жоталардың остік бөлігі тұтас және ондаған км-ге созылады. Шығыс Тянь-Шань ендік бойымен созылған аңғарлар, қазаншұңқырлармен бөлінген екі қатар тау жоталары белдеуінен тұрады. Борохоро, Еренқабырға, Богдо-Ола, Қарлытау жоталары құрайтын солтүстік белдеу ұзын – шығыста 95 ш.б-қа дейін жетеді. Оңтүстік белдеу қысқарақ (90 ш.б-қа дейін), басты жоталары: Халықтау, Сарман-Ула, Құрлықтау. Жоталардың басы 4000 – 5000 м биікке көтеріледі. Шығыс Тянь-Шань етегінде құрлықтағы терең қазаншұңқырлардың бірі – Тұрфан ойысы орналасқан. Тянь-Шань Орал-Моңғол геосинклиналдық белдеуінің орнында пайда болған. Солтүстік Тянь-Шань каледон, Орталықалық және Оңтүстік Тянь-Шань герцин таужаралымда қатпарланған.Палеозой қатпарлықтарында түзілген таулар жоғары пермьде пенепленге ұшыраған. Қазіргі жер бедері неоген мен төрттік кезеңдегі жаңа тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Тянь-Шань тау жоталары палеозой мен кембрийге дейінгі дәуірлердің тау жыныстарынан құрылған, ал тауаралық қазаншұңқырлар кайнозой және ішінара мезозой шөгінділерімен толған. Ежелгі тау жыныстарымен сынап, түсті және сирек металл, фосфорит кен орындары байланысты. Тауаралық қазаншұңқырлардағы мезо-кайнозой шөгінділеріне мұнай, қоңыр және тас көмір шоғырланған.
2. Мұхиттардан алыста, құрлықтың түкпірінде жатуына және жан-жағынан шөлдер қоршауына байланысты Тянь-Шаньның климаты тым континенттік, құрғақ. Көпшілік бөлігі қоңыржай белдеуде, ал оңтүстік-батыс жоталарға құрғақ субтропиктердің әсері тиеді. Тау етегінің ыстық, құрғақ климатынан биік тау басының нивальдық климатына дейін орын алады. Шілденің Орталықаша температурасы тауаралық қазаншұңқырлардың төменгі бөлігінде 20 – 25С, Орталықа өңірде 15 – 17С, биік тау басында 0С және одан да төмен. Қаңтардың Орталықаша температурасы тау етегінде –2 – 4С (оңтүстікте), –6 – 8С (солтүстікте). Қыста биік таулы белдеуден басқа бөліктерінде суық ауа райы жылылықтармен алмасып тұрады. Қыс айларында температуралық инверсия кең алқапты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау етегінде 300 мм, тау жоталарының жоғары бөлігінде 800 мм. Жауын-шашынның ең көп түсетін мерзімі Тянь-Шаньның солтүстік бөлігінде жазға, оңтүстігінде көктемге (наурыз – сәуір) тура келеді.
Мұздықтар үлкен биіктікте таралған және кең көлемді қамтиды. Мұз басу ауданы 7300 км2, мұздықтардың саны 7700-ден асады. Мұз басудың ең ірі ауданы Орталықалық Тянь-Шань (Оңтүстік Инелшік мұздығының ауданы 823 км2, ұзындығы 60 км-дей). Ірі мұздықтар Қле, Қырғыз, Теріскей Алатауларында, Ақшырақ, Көкшаал-Тоо, Шығыс Тянь-Шаньдағы Еренқабырға, Халықтау, т.б. жоталарда шоғырланған. Көбінесе аңғарлық, кар және ілінбе мұздықтар сипаттындағы өзендері Орталықалық Азияның ішкі алаптарына (Нарын, Сарыжаз, Сырдария, Іле, Шу, Тарим, т.б.) жатады. Ірі көлдері – Ыстықкөл, Сонкөл, Шатыркөл. Континенттік және құрғақ климатқа сәйкес құрғақшылық ландшафт типтері басым. Тау алды еңіс жазықтарын, көпшілік жоталардың етегі мен кейбір тауаралық қазаншұңқырларды шөлейт, шөл ландшафттары алып жатыр.
3. Оңтүстік-батыс Тянь-Шаньның сұр топырағында көктемдік бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер басым (қоңырбас, құмқияқ, таспа, т.б.). Шығыс Тянь-Шаньда қылша, кей жерлерінде сексеуіл тоғайлары, қалған бөлігінде жусан мен сораң өседі. Тауалды өңірінің жоғары бөлігін солтүстікте 1600 – 2100 м, Шығыс Тянь-Шаньның оңтүстік беткейлерінде 2200 метрге дейін шөлейт алады. Бозғылт сұр топырақта жусанды-селеулі-сораңды өсімдік топтары өседі. Батыс Тянь-Шаньның солтүстік беткейлерін 1000 – 1200 метрден 2500 – 2600 метрге дейін, шығыс Тянь-Шаньның оңтүстік беткейлерін 1800 метрден 3000 м биіктікке дейінгі аралықтағы қызғылт қоңыр және қоңыр топырақта астық тұқымдас түрлі шөптесін дала өсімдіктері өседі (селеу, бетеге, өлең). Орман тұтас белдеу құрамайды, солтүстік беткейлерде дала және шалғын алқаптарымен кезектесіп келеді. Төменгі өңірде орманның сұр топырағында жабайы жеміс ағаштары мен ұсақ жапырақты ағаштар өседі.
Оңтүстік-батыс Тянь-Шаньда шоқ-шоқ болып өскен жаңғақ, жеміс ормандары таралған. 2000 мтерден жоғарыда қылқан жапырақты ормандар (шырша, майқарағай) өседі. Субальпі және альпі шалғындары негізінен 3000 – 3200 метрден жоғары солтүстік беткейлерді қамтиды. Орталықалық Тянь-Шань сырттарын суық шөл алып жатыр. 3600 – 3800 м биіктікте гляциалды-нивальды (мұзды-қарлы) белдеу басталады. Жоғарғы биіктіктегі ішкі тұйық қазаншұңқырларға тастақты шөл, шөлейт және құрғақ дала ландшафты сипатты.
Ақсу-Жабағылы - Тянь-Шань табиғаты мен оның өзіне тән өсімдіктер, жануарлар дүниесін қорғау үшін бірнеше корықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылған. Олардың ішінде Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931) қорықтары үлкен орын алады. 1996 жылы Алматы маңы Іле Алатауының ұлттық паркі кұрылды.
Н.4.07-04
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
География және экология кафедрасы
«5В011600 - География» мамандығының студенттері үшін
«Қазақстанның физикалық географиясы» пәні бойынша
зертханалық жұмыстарға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Оқыту түрі - күндізгі
Көкшетау, 2012 ж.
Студенттерге арналған пән бағдарламасы (силлабус) 5В011600 -география мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты (2009) негізінде құрылды.
Пән бағдарламасын құрастырған география және экология кафедрасының аға оқытушысы, экология магистрі Есенжолов Б.Х.
География және экология кафедрасының отырысында қарастырылған
« 20 » 06 2012 ж. хаттама № 10
Кафедра меңгерушісі __ Заңдыбай А.
Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
« 26 » 06 2012 ж. хаттама № 10
ОӘК төрағасы ___ ___ Сыздыкова Б.Р.
Достарыңызбен бөлісу: |